ЖАҢАЛЫҚТАР

Тарихи сабақтастық және жаңару

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 25.02.2026
Оқылды: 26 Печать страницы

 

Қазақстан қоғамы үшін Конституция күні – жай ғанамерекелік дата емес, елдің саяси-құқықтық дамуынайқындайтын маңызды тарихи кезеңді еске түсіретінайрықша күн. Бұл күн – мемлекеттілігіміздің берік іргесінқалайтын Ата Заңның құндылығын терең сезінетін, өткенгекөз жүгіртіп, болашаққа бағдар жасайтын сәт.

Жаңартылған Конституция елдің демократиялық даму бағытын айқындап, саяси жүйені жетілдіруге жаңа серпінберді. Қоғамдық өзгерістерге сай енгізілген реформалармемлекет пен азамат арасындағы байланысты нығайтып, құқықтық мемлекеттің қағидаттарын күшейтті.

Жаңа конституциялық өзгерістерде адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселесіне ерекше назар аударылды. Конституциялық соттың құрылуы – соныңайқын дәлелі. Енді азаматтар өз құқықтарының бұзылғанынсезсе, тікелей Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндігіне иеболды. Бұл – құқықтық мемлекеттің маңыздыинституттарының бірі әрі азаматтардың құқықтыққорғанысын арттыратын тетік.

Сонымен қатар, өлім жазасын толық жою нормасыныңбекітілуі – адам өмірін ең жоғары құндылық ретіндетанудың нақты көрінісі. Бұл қадам Қазақстанныңхалықаралық құқықтық стандарттарға адалдығынайғақтайды және ізгілік пен гуманизм қағидаттарыннығайтады.

Жаңартылған Конституция партиялық жүйені дамытуғажәне саяси бәсекелестікті арттыруға жағдай жасады. Мәжіліс депутаттарын аралас сайлау жүйесі арқылы сайлаумен бірмандаттық округтердің енгізілуі – халық пен билікарасындағы байланысты күшейтетін маңызды тетіктер. Бұлөзгерістер азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне белсендіқатысуына мүмкіндік береді.

Конституция – тек құқықтық акт емес, қоғам мен мемлекетарасындағы өзара келісімнің негізі. Ол елдің стратегиялықбағытын айқындап, ұлттық бірлікті нығайтады. Реформалардың халықтың тікелей қатысуымен қабылдануыолардың легитимдігін арттырып, қоғамдық сенімдікүшейтті.

Бүгінде Қазақстан демократиялық жаңғыру жолынданық қадам басып келеді. Конституциялық реформалар – ұзақ мерзімді өзгерістердің бастауы. Олардың толықжүзеге асуы азаматтық белсенділікке, құқықтықмәдениеттің өсуіне және мемлекеттік институттардыңтиімді жұмысына байланысты.

Жаңа Конституция күні – өткенге есеп беріп, болашаққабағыт түзейтін маңызды белес. Бұл күн әр азаматқа ел тағдырына жауапкершілікпен қараудың маңызын ескесалады.

Конституцияның күші – оның мәтінінде ғана емес, оны құрметтеу мен талаптарын мүлтіксіз орындауда. СондықтанЖаңа Конституция күні – құқық үстемдігі мен әділеттіқоғам құру жолындағы ортақ мақсаттың айқын символы.

 

Ардагүл ӘСКЕРБЕК

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.