ЖАҢАЛЫҚТАР

Болашаққа қадамды бүгіннен баста

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 05.03.2026
Оқылды: 28 Печать страницы

Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің ең басты заңы, тәуелсіздігіміздің тірегі әрі құқықтық мемлекетіміздің негізі. 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдум арқылы қабылданған бұл құжат Қазақстанның саяси, құқықтық және әлеуметтік дамуының басты бағыттарын айқындап берді.

Конституцияда Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны нақты жазылған. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Бұл – әрбір азаматтың заң алдында тең екенін, ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалатынын білдіреді.

Ата Заң мемлекеттік биліктің үш тармаққа – заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлінуін бекітті. Бұл қағида биліктің бір қолға шоғырлануына жол бермей, әділдік пен тепе-теңдікті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Конституцияда азаматтардың сайлау құқығы, еңбек ету, білім алу, денсаулығын қорғау сияқты негізгі құқықтары мен міндеттері айқын көрсетілген.

Соңғы жылдары Конституцияға бірқатар өзгерістер енгізіліп, елдегі саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған реформалар жүзеге асырылуда. Бұл өзгерістер халықтың басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, әділетті қоғам құруға жол ашты.

Қорыта айтқанда, Конституция – ел бірлігінің кепілі, тұрақтылықтың негізі. Ата Заңды құрметтеу және оның талаптарын сақтау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы Конституция қағидаларын берік ұстануға байланысты.

Бекет Кеңшілік

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.