ЖАҢАЛЫҚТАР

Болашаққа қадам жасалды

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 05.03.2026
Оқылды: 26 Печать страницы

Бүгін Көксу ауданының Лабасы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың негізгі бағыттары түсіндіріліп, олардың өңір дамуына тигізер ықпалы жөнінде кеңінен талқыланды.

Қазіргі таңда жаңа Конституция жобасы аясында ұсынылып отырған өзгерістер қоғамда кеңінен талқылануда. Оның басты мақсаты – әділеттілік қағидаттарын нығайту, заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру. Бұл реформалар өңірлердің дамуына серпін беріп, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған маңызды қадам екені сөзсіз.

Кездесу барысында аталған өзгерістердің мән-маңызы түсіндіріліп, олардың ауыл-аймақтың дамуына тигізер оң әсері атап өтілді.

Халықпен тұрақты байланыс орнату – басты міндеттердің бірі. Тұрғындардың әрбір пікірі мен ұсынысы ауданның дамуына негіз болады.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.