Көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Көксу аудандық кітапханасында «Шаңырақтың шырағы, тіршіліктің жыр әні» атты мерекелік демалыс сағаты ұйымдастырылды. Тағылымы мол шараның мақсаты – әйел-аналардың қоғамдағы рөлі мен еңбегін дәріптеп, олардың отбасы мен өмірдегі ерекше орнын насихаттау.
Іс-шара барысында қатысушылар назарына «Ана – өмірдің нұры, көңілдің гүлі» атты кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеде ана мен әйелдің өмірдегі орны, мейірімі мен даналығы туралы жазылған көркем және танымдық әдебиеттер қойылып, оқырмандарға рухани әсер сыйлады.
Мерекелік кешке Көксу аудандық Мәдениет үйінің директоры Алишер Асқарұлы, «Koksu Jastary» филиалының жетекшісі Абылай Мақсұтұлы және аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісіГүлназ Төлегенқызы арнайы қатысып, жиналған қауымды Халықаралық әйелдер күнімен шынжүректен құттықтады. Олар өз сөздерінде әйел-аналардың қоғамдағы маңызды рөлін атап өтіп, мереке иелеріне ақжарма тілектерін жеткізді.
Шара барысында арнайы дайындалған бейнеқұттықтау көрсетіліп, ол қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Сонымен қатар кітапханақызметкерлері мерекелік кештің көркін қыздырып, қатысушылар арасында қызықты викториналық сұрақтар ұйымдастырды. Танымдық сипатта өткен бұл бөлім қатысушылардың белсенділігінарттырып, кештің мазмұнын байыта түсті.
Мазмұнды әрі әсерлі өткен мерекелік шара көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлап, әйел-аналарға деген құрмет пен ризашылықты тағы бірмәрте айқындай түсті. Осындай тағылымды іс-шаралар арқылы кітапхана ұжымы оқырмандардың рухани дүниесін байытып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге өз үлесін қосып келеді.
