ЖАҢАЛЫҚТАР

Әйелдер қауымына құрмет көрсетілді

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 06.03.2026
Оқылды: 49 Печать страницы
 Әйелдер қауымына құрмет көрсетілді

 Көксу ауданында 8 наурыз мерекесіне орай әйелдер қауымына құрмет көрсетілді

 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай аудан әкімі Дәулет Кенжеханұлы Халелов арнайы қабылдау өткізді.

Кездесуге еңбек ардагерлері, көпбалалы аналар, ауыл еңбеккерлері, ішкі істер, білім және мәдениет саласының қызметкерлері – еліміздің тәуелсіздігін нығайтуға өз үлесін қосып жүрген ардақты нәзік жандылар қатысты.

 Аудан әкімі Дәулет Кенжеханұлы аяулы аруларға сый-сияпаттар табыстап, мерекелік құттықтауын жеткізді. Сондай-ақ, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Сайлаубай Бәзілұлы мен аудандық мәслихат депутаты Әлдибек Рғайбекұлы да ізгі тілектерін білдірді.

 Мерекелік шара мәдениет саласы қызметкерлерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.