ЖАҢАЛЫҚТАР

Roadshow to Koksu: Таңдау уақыты

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 10.03.2026
Оқылды: 24 Печать страницы
Roadshow to Koksu: Таңдау уақыты

Көксу ауданында жастарға арналған «Roadshow to Koksu: Таңдау уақыты» атты көшпелі іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараға сарапшылар, қоғам пікір көшбасшылары және аудан жастары қатысты.

Кездесу барысында жастармен ашық пікір алмасу жүргізіліп, қоғамдағы өзекті мәселелер, жастардың белсенділігі, дұрыс таңдау жасау және жеке даму тақырыптары талқыланды. Сондай-ақ қатысушылар өз ойларын ортаға салып, сарапшылар тарапынан пайдалы кеңестер берілді.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, олардың қоғамдағы рөлін күшейту және саналы таңдау жасауға бағыт беру.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.