Аэс бойынша қазіргі таңда неше түрлі пікірлер туындауда. Бірақ, жағымсыз пікірлерден қарағанда жақсы пікірлер туындату керек. Себебі, жарқын болашаққа барар жолды көре білуіміз керек.
Қазақстанға АЭС құрылысын жүргізу мақсатында Оңтүстік Корея, Жапония, Франция, Ресей мемлекеттерінің тарапынан ұсыныстар түсті. Президент мұндай өзекті мәселені өз бақылауында ұстап отыр. Өйткені мұнда Семей ядролық сынақ полигонының қасіреті мен салдары халықтың жаны мен тәніндегі қатерлі ісік ретінде оны тұрғындар әлі де болса сезінеді. Мемлекет басшысы сонымен қатар мұқият назар аударуды қажет ететін жобаның құны мен экологияға əсері сияқты басқа да күрделі жайттарды ескере келе, бұл бастаманың мəн-мағынасына терең үңіле отырып, АЭС құрылысына қатысты мəселені жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұйғарды. Бұл жағдайды Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен Əділетті Қазақстан қағидаттарының іс жүзінде орындалуы деп қабылдаған абзал. Өйткені Президент Қ.Тоқаев атап өткендей, «Азаматтар референдумда дауыс берген кезде АЭС салуды жақтаған немесе қарсы болған сарапшылардың дəйекті пікірлерін барынша таразылап, ой елегінен өткізіп барып шешім қабылдауға тиіс. АЭС саламыз ба, салмаймыз ба, мұны халық шешеді».
Саяжан Садыков