ҚҰРЫЛТАЙ - 2026

Жетісу облысы Көксу ауданы әкімдігінің «Көксу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 121

Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026
Уақыты: 10.07.2026
Оқылды: 26 Печать страницы

 

Жетісу облысы Көксу ауданы әкімдігінің «Көксу ауданы әкімдігінің            2015 жылғы 17 наурыздағы № 121 «Көксу ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушыларман кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы                               28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының                 28-бабының 4 және 6-тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Көксу ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидатқа сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы» Көксу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы                                   № 121 қаулысына (Алматы облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы                     26 наурызда  № 3110 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Көксу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1. Осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Көксу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Көксу ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

        Аудан әкімі

 

 

Д. Халелов

 

 

 

 

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.