СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА

ОНЛАЙН «СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ»

Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА
Уақыты: 24.05.2020
Оқылды: 170 Печать страницы
25 мамыр күні еліміздің барлық мектептерінде оқу жылының аяқталуына орай соңғы қоңырау онлайн режимде соғылады. Бұл шара ҚР Білім және Ғылым вице-министрі Шолпан Каринованың тапсырмасына сәйкес жүргізіледі. Білім саласында осы апта маңызды екендігін ескере отырып, тоқсандық бақылаулардың дұрыс өткізілуін қадағалауда ұстадық. 25 мамырда соңғы қоңырау мерекесі міндетті түрде онлайн режимде өткізілетіндігіне назар аударудамыз. Ал 3-4 маусым күндері барлық 11-сынып түлектеріне аттестат тапсыру шараларын ұйымдасқан және талаптарды сақтай отырып өткізуді ұсынамыз», - деді Шолпан Каринова министрліктің Facebook-тегі парақшасында онлайн режимде өткен аппарат жиналысында. Осы ретте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғарыда аталған ұсыныстар еліміздің Денсаулық сақтау министрлігімен келісілгендігін атап айтқымыз келеді. «25 мамырда онлайн режимінде 1-10 сыныптарға арналған соңғы қоңырау сынып сабақтары өткізіледі. Жыл қорытындысы бойынша әр сынып оны әртүрлі уақытта ұйымдастырады». Көксу ауданы бойынша биыл 319 түлек мектеп бітіреді. Оның 22 «Алтын белгіге», 26 – «Үздік аттестатқа» үміткер. Аудан бойынша 25 мектеп, 15 балабақша нысаны болашақ ұрпақты білім нəрімен сусындатады, 1 музыка мектебі жұмыс жасайды.Ауданымызда 7438 оқушыға 980 ұстаз білім береді. Қорытынды аттестаттауды 9 жəне 11 сыныптардың білім алушылары тапсырмайды. Аттестат ағымдағы оқу жылының жылдық бағалары негізінде берілді. Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) 15 сəуір мен 10 мамыр аралығында өтініш қабылданды. ҰБТ-ге өтінішті Digital ID бағдарламасы бойынша мектеп бітірушілер өздері арнайы қосымшамен телефон арқылы берді. Қазіргі қалыптасқан жағдайға байланысты мектеп бітірушілермен ҰБТ-ге дайындау онлайн түрінде жан- жақты жүргізілуде. Мектеп əкімшілігі тарапынан оқушылардың білім көрсеткіштерімен жəне ҰБТ-ге дайындық жұмыстарды талқылау мақсатында ата-аналармен, пəн мұғалімдерімен бірлескен «ҰБТ-ге дайындық барысы», «ҰБТ-ге өтініш беру» тақырыбында онлайн жиналыстар өткізіліп тұрады. Оқушыларға бағдарламаны толық қайталап, дайындалуға жақсы жағдай жасалғаны, яғни Ұлттық бірыңғай тестілеудің байқау сынағын тегін өтуге жақсы мүмкіндік берілгені түлектерге ескертілді. Пəн мұғалімдері оқушылармен онлайн байланыста қосымша сабақтар өткізіп, ҰБТ-ге дайындалудың тиімді жолдары туралы бағыт-бағдар береді. ҰБТ-ге дайындалу үшін қазіргі уақытта тиімді оқу платформалары бар. Оның ішінде математикалық сауаттылықтан есеп шығару үшін ЮТУБ арнасындағы бейнесабақтарды көріп, қорытындысында мұғаліммен бірлескен есептер шығарады.Ал физика, химия, биология, тарих пəндерінен «Bilimlend» оқыту платформасындағы онлайн зертханалар арқылы сабақтар жүргізілуде. 22 мамыр күні сағат 11:00-де «Балапан» жəне «Еларна» телеарналарынан «Соңғы қоңырау» мерекесіне арналған бірыңғай сабақ өтті. Білім министрлігі биыл 1-10 сынып оқушылары үшін соңғы қоңырауды онлайн режимде өткізуді жоспарлап, сынып жетекшілеріне қашықтан сынып сағатын ұйымдастыруды тапсырды. 25 мамыр күні сағат 11:00-де Білім жəне ғылым министрі А. Аймағанбетовтің жəне облыстық білім басқармасы басшысының құттықтаулары болады. Ал, телеарна арқылы «Сəт сапар, жас түлек!», «Ұстаздарға мың алғыс», «Мектеп білім ордасы», «Көңілді жазғы демалыс» тақырыбында сюжеттік бейнематериалдар көрсетіледі. 11 сыныптар үшін «Соңғы қоңырау» салтанаты 3-4 маусым күндері мектеп бітіру кешімен бірге өткізіледі. Түлектер сол күні салтанатты түрде мектеп бітіру аттестаттарын алып, «Соңғы қоңырау» үнімен қош айтысады. Соңғы қоңырау кезінде түлектерге қандай талаптар қойылады? Мектеп бітіру кеші мектеп аумағында ашық алаңда қонақтарсыз, тек мектеп бітіруші түлектердің қатысуымен санитарлық нормаларды сақтай отырып өтеді. Мектеп бітіретін түлектер аттестат табыстау рəсіміне ата-анасымен бірге келе алады, басқа қонақтарды шақыруға тыйым салынған. Мектеп бітірушінің мектеп формасымен келуі қадағаланады. Білім жəне ғылым министрлігінің аппарат жиналысында вице-министр Шолпан Қаринова «Қазақстандық түлектер соңғы қоңырау жəне аттестат алу рəсімінде бетперде тағып, екі метр ара қашықтықты сақтауы тиіс» деп мəлімдеді. Бұдан бөлек, мектептерде салтанатты шараны өткізуге аниматорларды, мереке агенттіктерін, жеке студияларды тартуға, мерекелік дастархан ұйымдастыруға, автокөлікті жалға алып қалаға экскурсияға шығуға, мейрамхана, дəмхана жəне басқа да ойын- сауық мекемелерінде бас қосуға тыйым салынды. Іс-шараны əр сыныптарда жеке-жеке өткізу керек. Оқушылардың нақты орындары белгіленуі тиіс. Мектеп əкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлық жасауға болмайтындығы атап айтылды. Мектеп бітіру кешінде шараның өткізілуі, қатысушылардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік аудандық білім бөлімі мен мектеп əкімшілігіне жүктеледі. Осындай жауапты кезеңде мұғалімдермен бірге қолдаушы болған ата-аналарға рахмет айтамын. Оқушыларға қашықтықтан білім беруде талмай еңбек еткен ұстаздарға денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін. Қандай жағдайда да жас ұрпақ үшін бала, ата-ана, мұғалім ажырамас біртұтас білім беру мен тəрбиелеу бірлігі деп білеміз. «Соңғы қоңырау» мерекесі құтты болсын! Сейтнязов Тлеумұрат Тұрганбайұлы аудандық білім бөлімінің басшысы
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.