Қор медицина ұйымдарының медициналық қызметтерінің бірыңғай стратегиялық сатып алушысы болып табылады. Сатып алу конкурстық негізде жүзеге асырылғандықтан, бұл қорға тиісті ресурстармен қамтамасыз етілген және білікті көмек көрсететін тәжірибелі мамандарға ие ең жақсы мемлекеттік және жеке клиникаларды таңдауға мүмкіндік береді.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Қарлығаш Құрманәлиеваның айтуынша облыстағы медициналық ұйымдарды қаржыландыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 «Денсаулық сақтау қызметтерін төлеу ережесі» бекітілген бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облыстық филиалы 2019 жылы медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерді көрсету үшін облыстың 84 медициналық ұйымымен келісім-шартқа отырды. Олардың 50 мемлекеттік және 34 жекеменшік медициналық ұйым.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында келісімшарттың жылдық сомасының 20% мөлшерінде алдын-ала - 13 222 986,6 мың теңге төленген.
Медициналық қызметтер сапасының мониторинг бөлімі ай сайын шарттық міндеттемелерді бақылайды. Облыстың медициналық ұйымдарына жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен» келісім бойынша жұмыс жүргізілді, экономикалық ықпал ету шаралары қабылданды.
Осылайша, 2018 жылдың қорытындысы бойынша мониторинг бөлімі қызметкерлері денсаулық сақтау субъектілерін аралап, мониторинг жүргізді. 11 ай ішіндегі экономикалық ықпал ету шаралары 346 498,7 мың теңгені құрады, соның ішінде мамандандырылған медициналық көмек - 175 092,0 мың теңге, амбулаториялық-емханалық көмек - 144,688,8 мың теңге, консультациялық-диагностикалық қызметтер - 3 578,9 мың теңге.
Денсаулық сақтаудың жаңа жүйесі мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдар арасында бәсекеге қабілетті нарық құруға мүмкіндік береді, бұл медициналық көмектің сапасын жақсартады, деп атап өтті Қарлығаш Құрманәлиева
Ж. Қ. Қасымбекова – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облыстық филиалы қоғамдық ақпарат және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы
