СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА

Пневмония мен коронавирус екі бөлек нәрсе

Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА
Уақыты: 16.07.2020
Оқылды: 63 Печать страницы
Пневмония мен коронавирус екі бөлек нәрсе

Пневмония мен коронавирус - екі бөлек нәрсе. Осы жолғы пневмонияның негізгі себебі – адамдар иммунитетінің төмендеп кетуі. Оған қоса, 1-2 ай халық даладағы ауаны жатырқап қалды, үй жағдайына үйреніп алды. Кейбір қалада ауаның дымқылдығы артып кеткен. Бұл - табиғаттың өзгерісі. Өкпе дымқыл ауаны көп қабылдаса, тез суықтайды. Оған ауадағы микроб қосылады, - дейді дәрігерлер. Сыртқа шықсақ, «қашан вирус келе қалады», «мен ауырып қалсам, не болады?» деген үйреймен жүреміз. Үрейленген адамдарда улы гормон бөлінеді. Ол гормон көп бөлінсе, иммунитет төмендейді. Үрейлене берсе, обырға шалдығады. Дәстүрлі медицина, ұлттық медицинаның негізгі теориясы дұрыс. Тән, жан және өкпені емдеу. Мұны толық пайдаланбай жатырмыз. Сол себепті осы ауру көбейіп кетті.
Бұл вирус кәдімгі тұмаудың симптомына ұқсас келеді. Тек бұлардың аяқ-қолы мұздап жатқан жоқ. Өкпесі шаншиды. Жаңа пневмонияның ерекшелігі адамдарды тез әкетіп жатыр. Оған медицина мамандары емес, мекемелер емес, халықтың өзі дайын болуы тиіс. Алдын ала қамдану керек, тексеріліп жүру керек. Карантинді қойғанмен де, шаруа бітпейді. Онымен біз жеңе алмаймыз. Біз оның амалын өзіміз табуымыз керек. Өзімізді қалай қуаттандыра аламыз?
Жаз кезінде қымыз, шұбат ішіп, күтіну керек деп ойлаймын.
Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда адамдардың үрейі артты.  
-    Бұрындары қыркүйек, қазан айларында ауа райы өзгергенде пневмония басталатын. Қазір ерте басталды. Себебі, күн де ерте салқындап кетті. Екі ай бойы үйде қамалған адамдардың өкпесі баланыкі сияқты әлсіреп қалған. Далаға шыққанда, маскасыз шығады. Қозғалыс аз болған соң, организм де әлсіз болады. Осының салдарынан адамдар арасында пневмония өршіп тұр. Сондай-ақ, жағымсыз химиялық заттар өкпені тітіркендіріп жатыр деген болжам бар. Оны жан-жақты зерттеу керек. Адамдар өздігінен дәріханадан антибиотик алып, ауырмаса да ішіп жатыр. Оның барлығы қате әрекет. Медицина мамандарымен кеңесу керек. Сынама тапсырып тексерілу керек. Дәрі-дәрмекті өз еркінен іше берсе, бүйректі отырғызып алады, - дейді.
Сондықтан бұл бірінші Алланың құзырында. «Сақтансаң, сақтаймын» дейді. Өзінің денсаулығына жауапкершілікпен қарау керек. Ауырмау үшін, ауырмаудың жолын іздеу керек. ГМО-сы бар өнімдерді қолданғанша, табиғи, қайнатпа үйдің тамақтарын ішкен абзал. Қазір жеміс-жидек арзан. Иммунитетті арттыру үшін оларды тұтыну керек. Вирусты өлтіретін сода суы, тұз, спирт вирусты өлтіреді деген қате түсінік. Оны тек қолды сүрту үшін ғана пайдалану керек. Халық саналы түрде бұл індеттен өтуге жұмылып, жұмыс істеу керек. Сол кезде ғана барлығымыз бүтін шыға аламыз.

Алия ЖАКЕШОВА,
Талапты ауылы

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.