СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА

Қызылша

Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА
Уақыты: 27.08.2020
Оқылды: 72 Печать страницы
Қызылша

Көксу ауданы бойынша 2019 жылы   қызылша жұқпасының 3 жағдайы тіркелсе, 2020 жылдың 7 айында 4 жағдайы тіркелді.
Қызылша – ауа тамшыларымен таралатын жұқпалы ауру. Қызылша жұқпасымен балалар жиі ауырады, кейде ересектер арасында кездесіп, ауыр түрде өтеді. Көп адамдар қызылшаның бастапқы кезеңін тұмау, жедел респираторлық вирустық індет деп біліп, өздігінше ем қабылдай бастайды. Ал бөртпе шыққан кезеңде аллергиялық аурулармен жиі шатастырады.
Қызылша ауруын морбилливирус вирусы қоздырады. Адам ағзасына түскен соң ең алдымен шырышты қабатты яғни көз, мұрын, ауыз қуысы мен тамақты зақымдайды. Кейін тері қабатына өтеді.
Қызылша жұқпасы ауру адамнан жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде өзгелерге ауа арқылы жұқтырады.
Негізгі белгілері: Қызылшаның бастапқы кезеңінде науқастың дене қызуы көтеріліп, мұрнынан су ағады. Сонымен қатар көзі іріңдеп (коньюнктивит), қатты жөтел дамуы мүмкін. Ұрттың ішін, қызыл иекті ақ дақ басады. Кішкентай балаларда іштің өтуі мүмкін. Ересек адамдар құсады, мұрыннан қан кету және іші ауруы мүмкін. Ал бөртпе шығу кезеңінде дене қызуы өте жоғары болады. Науқас сандырақтап, есінен адасуы да мүмкін. Мұндайда дереу жедел жәрдем шақырту керек.
Кейбір адамдарда қызылша жеңіл түрде өтеді. Мәселен, денесіндегі бөртпелер бір дегеннен нышан білдірмейді. Кезек-кезек 1-ші күні бетіне, мойнына, 2-ші күні – денесіне, 3-ші күні аяқ – қолдарына шығады. Бөртпелердің кезек бойынша шығуы – қызылшаның маңызды диагностикалық көрінісі болып табылады. 3-4 күннен бастап бөртпелер қоңырланады, сонан соң дақтар қалады, дене қызуы басталады. Дақтар 1-2 апта бойы сақталады. Маңыздысы оны қасымау керек. Дуылдап қышиды. Ал беті аршылған бөртпенің жазылуы да қиын. Өздігінен ем қабылдауға, жуынуға болмайды.
Біле жүріңіз:
Егу жүргізілмеген адамдарда қызылша ауыр өтеді, егер олар уақытында емделмесе асқынулар болуы мүмкін. Бұрын егу алып, иммунитетінің әлсіреуіне байланысты ауырған адамда дерт жеңіл өтеді.
Емделмеген жағдайда  науқаста отит, пневмония, ларинготрахеит, энцефалит, менингит сияқты асқынулар дамуы мүмкін.
Қызылшамен ауырған баланың бөртпесіне бриллиант көгін (зеленка), калий перманганаты (қызыл дәрі) ерітіндісін жағуға болмайды!
Бөртпені өздігіңізден аллергия екен деп ойлап, антигистаминді (аллергияға қарсы) дәрілер бермеңіз!
Қызылша-жұқпалы ауру. Баланы дәрігерге алып бармаңыз. Ауа арқылы өзгелерге жұқтыратындықтан, дәрігерді үйге шақыртыңыз.

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.