СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА

ЖЫЛУ ДА, УЛЫ ГАЗ ДА ПЕШТЕН ШЫҒАДЫ

Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА
Уақыты: 20.03.2019
Оқылды: 374 Печать страницы
ЖЫЛУ ДА, УЛЫ ГАЗ ДА ПЕШТЕН ШЫҒАДЫ

Жұма күні аудандық «Төтенше жағдайлар бөлімінің» ұйымдастыруымен аудандық «Нұр Отан» партиясының ғимаратында  «Жылыту маусымы кезеңінде өрттердің және көмірқышқыл газымен уланудың алдын алу» тақырыбында брифинг өтті.
Жиын барысында «Төтенше жағдайлар бөлімінің» бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Қуаныш Абдураимов сөз алып, баяндама жасады:
-    Сіздерді бүгінгі брифингке аудан аумағында өрттердің жағдайы туралы және жылыту маусымы кезеңінде өрттердің және көмірқышқыл газымен уланудың алдын алу бойынша өткізіліп жатқан үгіт-насихат жұмыстарын ақпараттандыру үшін шақырып отырмыз.
Брифингті өткізудің мақсаты: жылыту маусымы кезеңінде   көмірқышқыл газымен уланудың алдын-алу, сұйық және қатты отынмен жанатын пештерді қолдану кезінде өрт қауіпсіздік талаптарын тұрғындарға жеткізу.
Көксу ауданының «Төтенше жағдайлар бөлімімен» аудан аумағында болып жатқан өрттермен байланысты жағдай жете талданды. Бөлім қызметкерлерімен өрттің алдын-алу шараларын жүргізу үшін, «Өрт қауіпсіздік ережелері» туралы нұсқаулықтар, жадынамалар, буклеттер мен ақпараттық парақтар әзірленіп, адамдар жаппай жиналатын орындарда, мекемелер мен көпқабатты тұрғын үйлерде тарату ұйымдастырылды. Тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін күшейту тұрғындар арасында өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын белсендіру мақсатында, жыл сайын ауданның «Тұрғын-үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығы» өткізіліп тұрады.
Төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекет және ауданның тұрғын секторларында өрттің алдын-алу, адам қазасын болдырмау, жылыту маусымында жылыту пештерін, газ, электр құралдарын пайдалану кезінде улы иісті газбен улану және өрт өсімін азайту, балалардың шалалығынан болатын өртті болдырмау мақсатында, ӨҚЕ түсіндіруге бағытталған үгіт-насихат жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Атап айтқанда, Көксу ауданының аумағында аула аралау барысында тұрғындардың 7847 тұрғын үйлері мен пәтерлері және барақты тұрғын үйлер араланды. Білім беру мекемелерінде интерактивті тақталарды қолданумен өрт қауіпсіздігі тақырыптарында әлеуметтік роликтерді көрсетумен 1263 адамды қамтыған 76 дәріс, бастауыш сынып оқушыларымен 38 рет суреттер конкурсы және 3 рет ашық есік күні өткізілді. Өрт қауіпсіздігі тақырыптарында дайындалған 8500 дана ұсыныс парақтары мен жадынамалар таратылды.
Жергілікті полиция қызметкерлері және аудандық әкімдік  мамандарымен бірлесе отырып, белгілі тұрғылықты жерлері жоқ адамдарды анықтау үшін және көпбалалы, зейнеткерлер, әлеуметтік тәуекел топтағы тұлғалардың тұрғылықты мекен-жайларына (тізім бойынша) 33 рейд жүргізіліп, тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдар анықталған жоқ.
Алматы облысы ТЖД интернет-ресурсына өткізілген іс-шараларды  халыққа жеткізу мақсатында 5 ақпараттық материал, және әлеуметтік желілерде тұрғылықты түрде хабарламалар шығып тұрады, - дей келе аудан тұрғындарына тұрғын үйлерде пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын орындауын, жылу беру маусымы басталар алдында пештер тексеріліп, түтіндіктері тазалау жұмыстарына ерекше қарауды сұрады.
Қашан да жар құлағы жастыққа тимей, қауіпсіздікті басты назарда ұстаған аталмыш мекеме алдағы уақытта да биіктен көрінетіне сенім мол.

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.