СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА

ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА
Уақыты: 18.02.2021
Оқылды: 758 Печать страницы
ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында Көксу ауданын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарымен үйлестірілген жол картасы әзірленді.
Шара  аясында 16 – ақпан күні, сағат 15:00-де  яғни бүгін «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық маслихатындағы депутаттық       фракция отырысы болып өтті. Бұл фракцияның басты қарастырған мақсаттары:  Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жол картасын»  талқылау болды. Сонымен қатар,  Көксу аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясы мүшелерінің жеке жұмыс жоспарын бекітті.
Экономикалық тұрғыдан орнықты өңір құру мақсатында жаңа жұмыс орындарын құру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі міндеттер қарастырылды.
Жалпы өңір бағытында жолдардың сапасын жақсарту, тұрғын үймен қамтамасыз ету және газбен жабдықтау мәселелері шешілетін болады.
Әлеуметтік бағытталған аудан - бұл медициналық қызмет көрсету, білім беру сапасын арттыру, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құру және бұқаралық спорт үшін жағдай жасау. Жастарға арналған ауданның  негізгі міндеттері жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, оқыту және тұрғын үй проблемасын шешу болып табылады.
Өткәзілген шараға Көксу аудандық мәслихатындағы «Nur Otan»  партиясы  депутаттық   фракциясының отырысына аудандық мәслихат депутаттары, аудандық партия филиалының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  қатысты.
Осы ретте, баяндамашыларға баяндама оқуға 10 минут уақыт беріліп, сөйлеушілерге 5 минут уақыт беріліп барлық регламенттер толығымен қарастырылды.
Бұдан бөлек, өздеріңізге белгілі қараша айында өткен «Nur Otan»  партиясың съезінде «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты партияның сайлауалды бағдарламасы бекітілді. Осындай бағдарлама біздің аудан көлемінде де әзірленіп, бекітілді. Соның аясында сайлауалды бағдарламаны талқыланып, Саяси кеңес Бюросында бекіту үшін ұсыныс еңгізілді.
Сайлауалды бағдарлама негізгі 7 басымдықтан тұрады. Олар:
-    Экономикалық тұрақты аудан;
-    Өмір сүру үшін қолайлы аудан;
-    Әлеуметтік бағдарланған аудан;
-    Жастарға арналған аудан;
-    Тарихы мен мәдениеті дамыған аудан;
-    Ашық және есеп беретін жергілікті органдар;
-    Қауіпсіз аудан;
Жол картада  жоспарланған  іс-шаралар кезең- кезеңмен жүзеге асырылатын болады және де  атқарылған жұмыстарға тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі. Жоспарланған  жұмыстарды қадағалау мақсатында әр аудандық мәслихат депутаты жауапты болып бекітілді. Яғни, Жол картада жоспарланған әрбір іс-шара аудандық фракция мүшелерінің тұрақты бақылауында болады. Сондықтан, әрбір депутат өзіне жүктелген міндеттемелер бойынша  тоқсан сайын  депутаттық фракцияның алдында  есеп береді. Өткізілген жиналыс аясында барлық негізделген міндетті өз ретінше жоспарланып, алдағы уақытта сол аталған міндеттер жөнінде жұмыстар жүргізіліп, нәтижесі толығымен қарастырылатын болды.
 
өз тілшіміз

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.