СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА

Кәсіпкерлермен бейресми кездесу

Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА
Уақыты: 04.04.2019
Оқылды: 407 Печать страницы
Кәсіпкерлермен бейресми кездесу

Аудан әкімі Алмас Әділ  «Атамекен» ҚР Ұлттық палатасының өңірлік өкілдерімен кездесті. Бұл кездесу ашық әрі бейресми форматта өтті.

Сәуір айының 2-сі күні аудан орталығына өңірлік палатаның өкілдері келді. Атап айтсақ, кәсіпкерлер палатасының Алматы облысы бойынша кеңес төрайымы Римма Салықова,  кеңес мүшелері Бақыт Шалбаев, Жанатбек Сарғалдақов, Алматы облысы бойынша әкімшілік кедергілерді азайту бойынша кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бөлімінің бастығы Әділет Сұлтанбек және аудандық кәсіркерлер қатысты.
Өңірлік кеңес төрайымы Римма Салықова күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырып, аудан әкімі Алмас Қабдулұлына бизнес өкілдерімен қолжетімді және етене жақын жұмыс істеу форматын қалыптастырғаны үшін алғысын білдірді.
Өз кезегінде аудан басшысы аудандағы жетістіктер бизнестің қарқынды дамуымен тығыз байланысты екендігін және өнеркәсіп бойынша жоспарларымен бөлісті.
«Өнеркәсіп саласы бойынша былтырғы жылы 17 млрд 133 млн теңгенің өнімін алдық. Осының барлығы кәсіпкерлік саласының жемісті еңбегі. Бүгінгі күнге өнеркәсіп саласында 1 ірі, 3 орта және 12 шағын кәсіпорын жұмыс жасайды. Ағымдағы жылы атқаратын істеріміз аз емес. «Эмон» комбикорм шығаратын зауыт, Көксу өзенінің бойынан Гидроэлектр станциясын салу , сүт-тауарлы фермасын тағы 200 басқа көбейту жоспарлануда».

Келесі  кезекте, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлік палатасының Көксу аудандық филиалының директоры Нұрмұхан Шарипов 2018 жыл бойынша атқарылған жұмыстары туралы есеп берді.
Жалпылай алғанда, бұл кездесу – ісімді жаңадан бастаймын деген жас кәсіпкерлер үшін таптырмас мүмкіндік.

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.