СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА

Алматы облысында «Мерейлі отбасы» байқауы өтті

Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА
Уақыты: 28.05.2019
Оқылды: 286 Печать страницы
Алматы облысында «Мерейлі отбасы» байқауы өтті

Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы мәдениет үйінде жаныңды жадыратар тағы бір іс-шара болып өтті. Отбасы құндылықтарын дәріптейтін «Мерейлі отбасы» байқауы өз мәресіне жетіп, жеңімпаздары марапатталды.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы Талдықорғанда осымен алтыншы рет ұйымдастырылып отыр.

Шараның мақсаты - отбасында өзара келісім мен рухани сыйластықты нығайту. Бір шаңырақ астындағы берекелі өмір сүрудің маңыздылығын арттыру. Көп ұлтты еліміз үшін мұндай шараның мәні зор. Биылғы облыстық байқауға барлығы 36 отбасы қатысып, бағын сынады.

Игі шаранының шымылдығын Алматы облысының әкімінің орынбасары Ақан Жылқышыбайұлы ашты.

«Отбасы – дегеніміз, ол -әр адамның жылылық пен мейірімге толы киелі бесігі, қасиетті шаңырағы. Біздің Жетісу жерінде ғасырлар бойы ұрпақ сабақтастығы жарасымды жалғасын тауып келеді. Ел ішінде құрметке бөленген, ардақты, өнегелі отбасылар баршылық. Сондықтан жыл өткен сайын «Мерейлі отбасы» байқауының мәні артып келеді. Бүгінгі байқауға қатысып, дара шыққан отбасыларды – Жетісу жерінің, қазақ елінің мақтанышы деп білемін. Байқау жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймын. Еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы, шаңырағы биік, керегесі кең болсын»,-деген жылы лебізін білдіріп, байқау жеңімпаздарын марапаттады.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінде үшінші орынға үш отбасы ие болды. Олар:

Еңбекшіқазақ ауданынан Әлімбековтер отбасы. Әлімбеков Құлжабай өмірінің соңына дейін мал шаруашылығымен айналысқан. Отанасы Тұрсынбаева Азизхан «Алтын Алқа» иегері, «Ветеран труда» медалі, «Материнская слава» ордені, «Мать героиня» медальдарымен наградтталған. Отбасында 7 ұл, 2 қыз, 31 немере, 21 шөбере бар.

Екінші отбасы Кеген ауданынан келген - Әлдибековтер. Әшірбек ата соғыс кезінде тылда ерен еңбек көрсеткен. Зейнетке шыққан соң ауыл ақсақалдарының төрағасы, облыстық, аудандық, ауылдық шаралардың басы-қасында жүріп келеді. Адал еңбегі үшін 10 рет мерекелік медаль, «Тыл және еңбек ардагері» орденімен, 5 рет аудандық, облыстық «Құрмет» орденімен, сонымен қатар Республикалық ардагер кеңесінің «Құрмет» грамотасымен марапатталды. Жары Әбдіхалықова Жұмагүл апа екеуі 6 ұл, 4 қыз өсіріп,ержеткізген.

Үшінші орынды иеленген үшінші отбасы - Талғардан келген Күшбаевтар әулеті. Марат пен Гүлнәз жас та болса қиындықтан қорықпай, бала санын шектемей, көпке үлгі болып келе жатқан отбасы. Олар 10 бала өсіріп, тәрбиелеуде. Он бірінші бала ағымдағы жылы дүниеге келеді деп күтуде.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аймақтық кезеңінде екінші орынды үш отбасы жеңіп алды.

Бірінші отбасы Жамбыл ауданынан қатысқан Сембиевтер. Отбасында 3 ұл, 7 қыз тату-тәтті өсіп келеді.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.