Жаңалықтар
АЗАТТЫҚ ТАҢЫН АҢСАҒАН АЛАШ АРЫСЫ |
Мемлекет және қоғам қайраткері, алаш көсемі, халқымыздың біртуар перзенті – Әлихан Бөкейхановтың туғанына биыл 155 жыл. Халқының жарқын болашағына, елінің азаттығы жолында аянбай қызмет еткен ұлы тұлғаның тарихтағы алар орны ерекше. ХХ ғасырдың басында ұлт тәуелсіздігі үшін күрескен Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханов 1866 жылы 5 наурызда қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Молдадан әліпби үйреніп, одан кейін 3 жылдық мектепте оқыған ол Омбының техникалық училищесін, Санкт - Петербургтегі Орман шаруашылығы институтыныңэкономика факультетінде оқыды. Ә.Бөкейханов – қазақтың басын біріктіріп, ерікті ел болуын көксеп, сол мақсатқа жету жолына өз бойындағы бар қасиетін: ақыл-ойын, өнер-білімін, арнаған адам. Ұлы тұлғаның: «Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана», – деген сөзінен қазақ халқын бостандыққа апа-ратын бір жол ынтымақ еді, биыл еліміздің өз тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлап жатқан бүгінгі азат заманда да ын... |
Толығырақ... Оқылды: 1680 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.05.2021 |
Көп болғанда ғана Көсегеміз Көгереді |
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша өткен жылы 26 мыңнан астам адам Қазақстаннан шетелге кеткен екен. Олардың көпшілігі – білімді жастар мен білікті ма-мандар. Тағы бір деректерде 2015 – 2019 жылдар аралығында елімізден шамамен 200 мыңнан астам адам шетелдерге тұрақты тұру мақсатында қоныс аударғаны жайлы жазылған. Бұл – барлық мемлекеттерде болып жататын үрдіс. Қытай, Ресей және Америка сияқты алып мемлекеттер үшін бұл ұсақ-түйек, әңгімеге өзек болатын да нәрсе емес. Ал әлемде жер көлемі бойынша тоғызыншы орын алатын ат төбеліндей халқы бар Қазақстан үшін үлкен олқылық әрі өкініш.Осындайда халқымыздың: «Туған жердей жер бол-мас, Туған елдей ел болмас», «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген мақалдары ойға орала береді. Тоғыз жасында құлдыққа сатылып, кейін Мысыр елін 30 жыл билеген, бақ пен тақты тастап, туған жеріне оралған Бейбарыс бабамыз көз алдыңа елестейді. Туған халқының Тәуелсіздігі жолында Алаш арыстары... |
Толығырақ... Оқылды: 1635 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 21.05.2021 |
Декларациялау жалпыға міндет |
Қолыңыздағы мүліктің бағасы турасында мемлекет алдында есеп беру азаматтардың заң алдындағы міндеті. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI ҚРЗ Заңының 45-1-бабы негізінде Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау 4 кезеңге бөліп қарастырылған. 1 кезең – 2021 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Мұнда, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикас... |
Толығырақ... Оқылды: 1599 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.05.2021 |
Үш буынды модельдеу: «бақылау және тепе-теңдік жүйесі» |
Қылмыстық процестің үш буынды моделі барлық дамыған елдерде қолданысқа енген құқық қорғау саласындағы жүйе. Аталған үш буынды құрушы – полиция, прокуратура және сот. Бұл құрам қылмыстық процеске жауап береді. Үш буынды жүйенің әр кезеңі іс сотқа жолданбас бұрын өтуі қажет сүзгі ретінде қызмет етеді. «Үш буынды модельге көшу сотқа дейінгі тергеп-тексеру тәсілдері мен прокурорлардың да, тергеушілердің де ұйымдастырушылық тұрғыдан дағдыларын өзгертуді талап етеді. Осыған байланысты Бас прокуратура барлық сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарымен бірлесіп қылмыстық процестің үш буынды моделіне кезең-кезеңімен «жеңіл» ауысуды бастап кетті»,- Қылмыстық қудалау басқармасы бастығының орынбасары Жандос Ысқақов. Үш буынды модельдеу прокурордың қылмыстық істі тергеп-тексерудегі жауапкершілік жүгін екі есе арттыра отырып, оның шешімі қылмыстық процестегі басты шешімнің бірі болатынын айқындап берген. Енді күдікті деп тану, күдіктінің іс-әрекетін саралауды бел... |
Толығырақ... Оқылды: 1617 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.05.2021 |
4 мың тоннадан астам заңсыз ауланған балық тәркіленді |
Балық ресурстарына 1 млн. 211 мың теңге көлемінде залал келтірілген. Балқаш-Алакөл су айдынын бассейнін тексеру нәтижесінде, 530 кг балық және 197 км-ге жуық балық аулау құралдары тәркіленді. Бұл туралы «JETISÝ MEDIA» ақпараттық алаңында мәлім болды. Жыл басынан бері 500-ден астам жедел-рейдтік іс-шаралар өткізіп, нәтижесінде балық қорғау заңнамасын бұзудың 246 фактісі анықталған.Сәйкесінше, 214 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Балық аулау ережелерін өрескел бұзуға жол бергені үшін құқық қорғау органдарына қылмыстық іс қозғау үшін 14 жеке тұлғаға қатысты 14 материал жолданып, бүгінгі күні сот органдарымен 2 адамға қастысты істер қаралып қылмыстық жауапкершілікке тартылды»,-дейді ҚР ЭГТРМ балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Аян Бахиянов. Сондай-ақ, заңбұзушылардан 6 жүзу құралы және 84 тыйым салынған балық аулау құралы, 4,195 тонна заңсыз ауланған және тасымалдананған балық тәркіленіп, 4,9 млн.теңге айыппұл... |
Толығырақ... Оқылды: 1569 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.05.2021 |
Тәрбие кілтін қашаған ұстаз-Мұхтар Арын |
Ұлттық руханияттың бес асылын белгілеп берген қоғам қайраткері, білім мен тәрбие жүйесіне бар ғұмырын сарп еткен ойшыл ұстаз, профессор, ғалым -Мұхтар Арын Ғалиұлының туғанына 85 жыл толды. Жетісудың төл перзентінің пешенесіне елінің ағартушысы болу бақыты бұйырған. Тіл мен дінді, тарих пен дәстүрді, туған жерді қазақтың тірегі, «Бес анық» деп топтастырған ғұлама, сан ұрпаққа азық болған еңбегінде, текті халықтың қасиеті мен дара болмысы турасында жақұтқа бергісіз ізгі пайымдарын қалдырған. Бұл бір ғана «әке аманаты» деп тар ұғымның ішінде қарастыратын дүние емес. Мұнда қазаққа тән психология жатыр. Мұхтар Арынның терең тағылымы, осы бір ұлттық менталитеттің күре тамырына байланған ерекше ойларынан көрініс тапса керекті. «Бес анықтың» төңірегінде сананы оятып, тәрбие кілтін қашаған ұстазды ұлықтамайтын қазақ кемде-кем. Соның айқын көрінісі, Алматы облысының орталығындағы, дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Мұхтар Арын атындағы №24... |
Толығырақ... Оқылды: 1599 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.05.2021 |
Алматы облысында 90 мың адам МӘМС-ке жарна төлемеген |
2021 жылға арналған бюджет жоспарына сәйкес облыс тұрғындарына медициналық көмек көрсетуге 149,1 млрд.теңге қарастырылған, оның ішінде тегін медициналық кепілдендірілген көмек көрсету пакеті аясында – 93,3 млрд. теңге және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде – 55,8 млрд. теңге. Өткен жылмен салыстырғанда бюджет 25,6% - ға ұлғайды. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында мәлім болды. Қазіргі таңда амбулаториялық-емханалық деңгейде медициналық қызметтерге қолжетімділікті кеңейту, күндізгі стационарларды қаржыландыруды ұлғайту көзделген. Сонымен қатар, профилактикалық медицинаға, балалар денсаулығын сақтауға, мектеп медицинасына, онкогематологияға ерекше назар аударылатын болады. «Қор тарапынан ЭКҰ-ға квоталарды ұлғайту бойынша "Аңсаған сәби" және ерекше қажеттіліктері бар балаларды медициналық оңалтуға - "Қамқорлық" бағдарламаласы іске асырылуда. "Аңсаған сәби" бағдарламасы аясында экстра... |
Толығырақ... Оқылды: 1472 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.05.2021 |
Жарқ еткен жасын ғұмыр |
Кез-келген пенде мойындайтын даусыз ақиқат: туу рас, өлім хақ. Алла берген ғұмырда жарқын із қалдыру бойында ізгілік толы адамның мұраты болса керек. Бейсен Құранбек Тал-Бесіктен Жер-Бесікке дейінгі тірлігінде күш жігерін, білімін туған еліне аянбай жұмсады, Тәуелсіз мемлекетіміздің еңсесін тіктеуде мемлекеттік тілімізді, тағылымы зор ұлттық салт- дәстүрімізді, достық пен бірлікті ұлықтау жолында айтарлықтай үлес қосты. Бейсен Құранбек 1971 жылдың 9 желтоқсанында Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауы- лында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын республикалық «Спорт» газетінде тілші, жауап- ты хатшы қызметінен бастаған. Ал қалған ғұмырын қазақ телевизия- сымен байланыстырып, «Рахат», «31-арна», «Хабар» арналарында, Президент телерадиокешенінде қызмет атқарған. 2007-2012 жыл- дары Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры бол- ды. 2013-17 жылдары «Қазақстан&raqu... |
Толығырақ... Оқылды: 1470 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.05.2021 |
Айнала тазалығы-ауыртпалық емес |
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің 2019Ж 26 Желтоқсан да Тұрғын үй комуналдық шаруашылығындағы мәселелері жөніндегі заңнамалық тәртібіне өзгертумен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойғаны белгілі. Осы өзгертулерге сәйкес 2022Ж 1шілдесіне дейін, жеке пәтер иеленушілері коперативтері жойылып, орнына басқарудың жаңа түрлері жәй серіктес(ЖС) немесе мүлік иелерінің бірлестіктері (МИБ) таңдалуы керек болғандықтан, бұл жұмыс барлық жерде жүргізіліп, басқарудың жаңа заңдарына көшу мәселесі мемлекеттік бақылауға алынған болатын. Сондықтан Алматы облысы тұрғын үй комуналдық шаруашылығы және құрлыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы жұмыс жасауда. Комиссия мүшелерінің жергілікті жердегі жағдайлармен танысу мақсатында, бүгін аудан әкімдігінде тиісті мемлекеттік органдардың жауаптылары, мәслихат депуттарының қатысуымен пәтер иеленушілері өкілдерінің кездесуі өтті. Жиында қаралған мәселелер бойынша, Көксу ауданы тұрғын үй комуналдық шаруашылығының және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің... |
Толығырақ... Оқылды: 1466 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.05.2021 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте азаматтық қоғамның рөлі |
Бүгінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асырудың маңызды бағыты болып табылады. Бұл аспектіде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің айрықша құзыреті ретінде ғана қарауға болмайды, бұл жұмысқа барлық мемлекеттік органдар, сондай-ақ азаматтық қоғам тартылуы тиіс. Өйткені, бүгінде азаматтардың белсенді қатысуынсыз сыбайлас жемқорлықты барынша азайту, жою мүмкін емес. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартушылықта тек белгілі бір адамдар тобымен шектелуге болмайды. Мұнда белсенді азаматтар, студенттер, БАҚ өкілдері, мәдениет қайраткерлері, блогерлер, оқытушылар тартылуы тиіс кешенді жұмыс жүргізілуі тиіс. Сонда олардың әрқайсысы өз саласында осы құбылыстың зияны туралы айтып, оны болдырмау үшін өз үлестерін қосатын болады. Алдымен жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға қатысуы қоғамдық бастамалардан шығатынын бірден атап өту қажет. Сондықтан, бұл жерде санға емес, сапаға көңіл ауда... |
Толығырақ... Оқылды: 1507 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.05.2021 |