Жаңалықтар
Қапшағайда алғаш рет Дене шынықтыру сауықтыру кешені бой көтермек |
| Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағдарламасы негізінде Қапшағайда алғаш рет Дене шынықтыру сауықтыру кешені салынады. Медігер компания - «BI Urban Construction». Бүгінгі күнде жобалау – сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтіп, құрылыс жұмыстарын жүргізуге әзір. Аталмыш нысан қаланың орталық саябағына қарасты «Демалыс» аумағында тұрғызылады. Жалпы алатын жер көлемі 1,8556 га. Екі қабаттан тұратын ғимаратта халықтың емін-еркін спорттың кез келген түрімен шұғылдануына барлық мүмкіндіктер қарастырылмақ. Нақты атап айтар болсақ, мысалы бірінші қабатында келушілердің киім ілу орыны, ер және әйел адамдарына жекелеген жуыну бөлмелері, көпшіліктің төлем жүргізуі, медициналық бөлімше, боксқа, күресуге арналған жаттығу жерлері мен волейбол,баскетбол,теннис, футбол ойнауға қажетті залдарда ойластырылған. Ал, екінші бөлігінде әкімшілік бөлмелері, конференц және жиналыс залдары, 32 орынға арналған тамақтану мен шахмат ойын алаңы, қол шаю сынды қа... |
| Толығырақ... Оқылды: 391 Санат: СПОРТ Уақыты: 29.04.2019 |
2019 жылы Қадір түні қашан болады? |
| 2019 жылы 6 мамырда басталатын және 4 маусымда аяқталатын мұсылмандардың қасиетті Рамазан айының соңғы күндерінде ерекше түн болады. Ежелгі заманнан бері бұл кезең барлық мұсылмандар үшін ең маңызды болып саналады. Мұсылмандардың осы уақытта жасаған амалдары мыңдаған айлар бойы жасаған әрекеттеріне қарағанда маңызды. Сондай-ақ, адамдар осы түнде Жаратушыға сыйынған мұсылмандарға періштелер амандасады деп сенеді. Бұл қасиетті тағдыр түні Рамазан айының соңғы 10 күніне, яғни 27-ші күнге түседі. Ал 2019 жылы Қадір түні 1 маусымға келіп тұр. Дегенмен, оның нақты қай түн екенін тек Жаратушы ғана біледі. Мүмкін, ол адамдар тек бір түн ғана дұға етіп, сол түнде ғана күнәһар ойлар мен әрекеттерден аулақ болып және жақсылық істеуге тырыспасын деп, жасырылған шығар. Сондай-ақ, кейбір белгілі ғалымдардың да: «Адам әр жылдың түнінде Ләйләт-ул-Қадір түнін іздеуі керек» деуі тегін емес. Бұл түн ерекше. Оны кейбір белгілерімен ерекшелендіріп, айыруға болады. Бұл тыныш түнде жауын-шашы... |
| Толығырақ... Оқылды: 612 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 26.04.2019 |
Мінездегі аурулардан құтылу (Шәкәрім ілімінен) |
| 1. Ауру тек денеде ғана болмайды, мінезде де бар. Егер біреуден жаман мінез көрсең, оған шипа сұрап дұға қыл. Оған жабысқан кеселден сені сау қылған Аллаға мақтау айт. [ШҮКІРЛІК] 2. Сырды сақтау шеберлігі жан дүниенің байлығын көрсетеді. Ішінде су тұрмайтын ыдыстың зияны секілді, сырды сақтай алмайтын адамның пайдасы кем. [АМАНАТШЫЛДЫҚ] 3. Егер əр адам қасындағы кісінің жүрегіндегін көре алса, оған жаны қатты ашитын еді. Ішкі таразының əділдігіне көзі жетер еді. Сыртқы өлшемдердің алдамшы екенін терең түсінер еді. Іштарлық, қызғаныш, көрсеқызарлыққа ұрынбас еді (Мұстафа Махмуд). [ТЕРЕҢ ТҮСІНІК] 4. Құдыққа тас тастаған адам ол түбіне жетіп даусы естілгенше қарап тұрады. Сол секілді сені сөккен адамның көбісі жауабыңды күтеді. Ұстамдылықпен көркем мінез таныт. Өткізіп жібер. Құдық түпсіз екен деп ойласын. [ТЕРЕҢ ТҮСІНІК] 5. Бəрін дұрыс жасауға қанша тырыссаң да сені қате түсінетін адамдардың табылары хақ. Əркімге бір жауап қайтарып өзіңді құр шаршатпағаның дұрыс. Дана ғұламал... |
| Толығырақ... Оқылды: 497 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 26.04.2019 |
Кербұлақ ауданының кәсіпкерлері екі айда 8 бірдей көп балалы отбасыға үй сыйлаған |
| Бүгін Алматы облысы Кербұлақ ауданының кәсіпкерлері тағы да екі отбасыға баспана сыйлады. Жаңа шаңырақ иелерінің екеуіде жалғыз басты аналар. Бірі 3 кішкентайды, екіншісі 7 бірдей баланы бағып отыр. Сарыбұлақ ауылының тұрғыны, 7 баланың анасы Мейрамгүл Бәйсеитоваға, осы ауылда орналасқан "Сарыбұлақ" шаруа қожалығының басшылары 4 бөлмелі үйді сатып әперген. «Осы күнге дейін 7 баламен баспанасыз, жалдамалы пәтерде тұрдым. Екі балам оқу оқиды, 5 балам мектепте. Жалғыз өзімнің қолымнан келгенінше тырмысып, балаларымды жеткізіп келемін. Ендігі өзіміздің үйіміз бар. Бұл біз үшін үлкен көмек болды. Қожалық басшылығына алғысым шексіз »,- дейді көп баланы батыр ана көзіне жас алып. Сонымен қатар, Алтынемел ұлттық мемлекеттік табиғи паркінің бас директоры Халық Оңғарұлы, Сембай Гүлсанат есімді жалғыз басты ананы үш бөлмелі кең үйге кіргізді. « 6 жылдан астам уақыт жалдамалы пәтерде тұрдым. Кіші балам енді ғана 3-ке толды, екі балам мектепте... |
| Толығырақ... Оқылды: 405 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 26.04.2019 |
Һәкім Абайдан қалған өсиет |
| 1. Иман сақтауға – қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек. 2. Құдайшылық- жүректе. Қалпыңды таза сақта. 3. Құдайдан- қорық, пендеден – ұял: балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма! 4. Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады. 5. Көрсеқызарлықпен, жеңілтектікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. 6. Ауруды жаратқан құдай, бірақ ауыртқан құдай емес. 7. Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң – Алланың сүйген құлының бірі боласың. 8. Жылуы жоқ бойының, жылмиғаны неткені?.. 9. Бұрынғы ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: ел басы, топ басыларына тоқтай білетіндігі мен намысқойлығы. 10. Егер менің ішімді жарып өрсең, жылауыңды тоқтатып, шошыр едің. 11. Қайғысыздың бәрі асау. 12. Өлейін деп өлмейді өлерік жан. 13. Распенен таласпа. 14 Қайғы келсе қарсы тұр,... |
| Толығырақ... Оқылды: 499 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 26.04.2019 |
ҚҰРМАНЫҢ ПАЙДАСЫ ҚАНДАЙ? |
| Бірқатар халықтар үшін құрма қасиетті тағам болып саналады. Бұл жемістің екі-үш данасының өзі ағзаға өте пайдалы. Күніне 3 құрма жеп қана ағзаны қажетті микроэлементтермен қамтамасыз етуге болады.Дәрігерлер, тіпті, тәтті әрі зиянды кәмпиттерді құрмамен алмастыруға кеңес береді. Сонымен құрма несімен пайдалы? Қалыпты жүрек жұмысы Құрма құрамында калий мөлшері өте көп. Ол жүректің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде жүрек аурулары мен талмасының алдын алады. Сау бауыр Құрмалар бауырды токсиндерден тазалауға көмектеседі. Сондай-ақ цирроздың пайда болу қатерін төмендетеді. Бауыр фиброзы симптомдарын жеңілдетеді. Көру қабілеті жақсарады Құрмалар көз жанарының көру қабілетін жақсартуға қабілетті (тіпті сәбізден де пайдалы). Себебі, құрамында А дәруменінің мөлшері көп. Сергектік Егер өзіңізді сергек әрі қуатты сезінгіңіз келсе құрма жеп тұрыңыз. Бар болғаны 3 құрма жесеңіз бір күнге жетерлік энергия аласыз. Ас қорыту Құрма — бұл асқазан функцияс... |
| Толығырақ... Оқылды: 486 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 26.04.2019 |
Әйелдің жаратылысы |
| Құдай әйелді жаратқанда оның болмысын тек алтыншы күннің кешінде бітіріпті. Қасынан өтіп бара жатқан періште:– Сен неге бұл үшін ұзақ жұмыс жасадың? – деп сұрайды. Алла:– Ал сен бұл жаратылыстың бүкіл болмысын көрдің бе?Ол 200 ден астам қимыл әрекетін білуі керек, кез келген тағамның дәмі мен исін ажырата білу, бір мезетте бірнеше баланы құшағына басу, өзінің ыстық құшағымен жарылған тізеден, жараланған жүрекке дейін емдеп жаза алатындай болуы керек және осының бәрін тек екі қолымен ғана жасай алады. Періште таңқалды: – Бар болғаны екі қолымен бе?! Мүмкін емес! Бір күнге тым көп жұмыс екен? Қоя сал, ертеңгі күні бітіресің. – Жоқ – деді Аллах – Мен өзімнің ең сүйікті жаратылысымды бітіруге аз қалдым. Егер ауыра қалса, бұл өз өзін емдеп жазып, 18 сағаттан жұмыс жасай алатын болады. Періште әйелге жақындап келіп, оны саусағымен түртіп көреді. – Бірақ, Аллах, сен мұны сонша нәзік етіп жаратқансың? – Иә, ол өте нәзік, – деді... |
| Толығырақ... Оқылды: 400 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 26.04.2019 |
Орындалуы оңай 10 сүннет |
| Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.а.у.) әр сүннеті біз үшін өте маңызды. Сүннет – бұл барлығымыз үшін өмірді пайдалы әрі жақсы өткізуде керемет нұсқаулық болмақ. Алла елшісінің (с.а.у.) өзі:«Кімде-кім менің сүннетімді жаңғыртса, сол мені жақсы көреді. Ал, мені жақсы көрген жан Жұмақта менімен бірге болады», –деген. Осы мақалада біз Алла елшсінің (с.а.у.) күнделікті өмірге қажетті 10 сүннетіне тоқталмақпыз. 1. ЕРТЕ ЖАТЫП, ЕРТЕ ТҰРУ Біздің ұйқы режиміміз күндізгі жұмыстағы белсенділігімізге тікелей әсер етеді. Таң намазынан кейінгі таңғы уақыт берекелі уақыт болып табылады. Жаңа күнді құлшылықтан бастасаңыз, кү ұзаққа көңіліңіз көтеріңкі болып, көп нәрсеге үлгересіз. Бірақ ерте тұру үшін ерте жату қажет. Сонда ағза тиісінше демалады. Айша анамыз Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ұйықтау режимі туралы:«Ол әдетте ұйықтауға ерте жатып, түннің соңғы бөлігінде тәһәжжуд намазын оқу үшін оянатын, содан кейін (таң намазына дейін) ұйықтайтын», –деген. 2.ЖИ... |
| Толығырақ... Оқылды: 432 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 26.04.2019 |
Ақша шақыратын ырымдарды білесіз бе? |
| Қай ұлттың ырым-жоралғылырын алсаң да ақшаға деген ерекше қатынасты байқайсыз. Барлығында да бір мақсат - ақша тапшылығын көрмеу, оны керісінше - көбейту. Ақшаның сиқырлы күші немесе энергетикалық қасиеті бар екендігі жайында соңғы кездері көп айтылып жүр. Қолыңызда миллион теңге тұрып, одан ешқандай пайда көре алмауыңыз да мүмкін, керісінше он мың теңге бүкіл байлықтың негізі болып жататын әсерлері де аз емес. Ақшаға байланысты ырымдарды сіз де жасап көріңіз, бәлкім сіздің де қалтаңыз қалыңдар... Ақшаны ешқашанда үстел үстіне қоюға болмайды. Сонымен қатар, кілтті, машинаның кілтін үстелдің үстіне қоюға болмайды. Бұл ырымның жоралғысы - машинаның кілтін қойсаңыз, айдап кетеді, үйдің кілтін қойсаңыз ұрлап кетеді. Дастарханның үстін қолмен сыпыруға болмайды, міндетті түрде шүберекпен, әрі қиқымды қолға емес, ыдысқа салу қажет. Ұдайы жасап көріңіз, әрі қаржылық жағдайыңыздағы өзгерісті де бақылауды ұмытпаңыз. Күн батқаннан кейін ақша санамауға тырысыңыз. Егер санауға тура келсе біреуг... |
| Толығырақ... Оқылды: 386 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 26.04.2019 |
Алматы облысының тұрғындарының 95 пайызға жуығы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған |
| Cу шаруашылығын дамыту мен су ресурстарын тиімді пайдалану өте маңызды. Өйткені қазір су тапшылығының артуы, жер асты және жер үсті суларының ластануы, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету күрделі мәселеге айналып отыр. Елбасы тапсырмасымен 2020 жылы ауылдық елді мекендердің 80 пайызын орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосу міндеті қойылған. Осыған сәйкес аталған мәселелердің шешімін табу үшін Алматы облысының қоғамдық денсаулық сақтау Департаменті арнайы тексеріс жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде 85 елді мекен орталықтандырылмаған су жүйесімен қамтылған. 3 мыңнан аса су құбырына және 2 мыңнан аса орталықтандырылмаған су көздеріне бақылау орнатылса, 24 мыңнан аса су көзіне түрлі сынамалар жасалынған. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды. «Бүкіл жер шарын алаңдатқан су мәселесі біздің елімізде де өзекті. Әсіресе, халықты сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары жіті бақылауда. Ел тұрғындарын таза әрі... |
| Толығырақ... Оқылды: 422 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 26.04.2019 |

