Жаңалықтар
КИНО ӨНЕРІНІҢ ЖАУҺАРЫМЕН КЕЗДЕСУ |
Аптаның сәтті күні сәрсенбіде Қадырғали Жалайыри атындағы мектеп-гимназиясында бастауыш сынып оқушылары арасында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында, жас жеткіншектердің бойына отбасының қос шынары – Алатаудай атасы және аналардың анасы – әженің адам өмірінде алатын орнын, оларға құрмет көрсету – халықтық дәстүр екендігін ұғындыру, адамгершілікке, инабаттылыққа және мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында «Тақиялы періште» киносы арқылы таныс Әлімғазы Райымбековпен кездесу өтті. Біртуар режиссер Шәкен Айманов тамаша көңіл-күй сыйлап қана қоймай, қызықты сюжетімен есте қалатын ерекше – қазақ кино өнерінің жауһарына айналған «Тақиялы періште» атты фильмін 1968 жылы жарыққа шығарды. Киноның негізгі мазмұны – ауылдан қалаға келген Тана ана, баласы Тайлақтың бойдақтығына төзбей, «ер бала жалғыз тұра алмайды, оның қасында қолдаушы... |
Толығырақ... Оқылды: 556 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 30.11.2018 |
Алматы облысында мигранттарға құқықтық қолдау көрсету жұмыстары белсенді жүргізілуде |
Алматы облысында «Талдықорған аймақтық әйелдер қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің қолдаумен осал мигранттарды өңірлік және жаһандық қауіп-қатерлер тұрғысынан қорғау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Науқанның осы облыста ауқымды өткізілуі,Қазақстанда статистикалық мәліметтерге сәйкес, шетелдік мигранттарды барынша тартатын 5 өңірге кіруі болып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында белгілі болды. Аталмыш шара, Халықаралық көші-қон ұйымы және Норвегия Корольдігінің Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен жасалған. Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастау алған түсіндіру жұмыстарына - ХКҰ, көші-қон қызметкерлері, Алматы облысының ІІД ұйымдасқан қылмыстық бөлімінің қызметкерлері, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі, Қазақстан халқы Ассамблеясының Өзбек этномәдени бірлестігі және БАҚ өкілдері тартылған. Халықаралық көші-қон ұйымының ұлттық үйлестірушісі Светлана Жасымбекованың айтуын... |
Толығырақ... Оқылды: 476 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.11.2018 |
ОРЫНДАЛҒАН УӘДЕ |
Ағымдағы жылдың тамыз айында Көксу ауданында жерлестер форумы өткен болатын. Кездесуге Көксу өңірінде туып-өсіп, қазіргі уақытта еліміздің әр жерінде еңбек етіп, өз істерін өрге бастырған іскер азаматтар келді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында жалпы саны 11 жобаны құрайтын біршама игі істер қолға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Соның бір бастамасы - «Іскер азамат, ел тірегі» атты Көксу ауданы жерлестерінің кездесуі. Айта кетейік, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ел ішінде шынымен де меценаттық толқын туғызды. Әр ауылда танымал кәсіпкерлер болсын, мектеп бітірген қарапайым түлектер болсын, бас қосып, өрелі тірлік, өнегелі іс атқарып келеді. Айтылған кездесуде жомарт жерлестер ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, мәдениеті мен руханиятына өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін жеткізді. Ақылдаса келе ауданымыздағы елді мекендердегі халықтың тұрмыс-тіршілігін және денсаул... |
Толығырақ... Оқылды: 439 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 23.11.2018 |
ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХПЕН ТАНЫСУ |
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы өткен тарихымыздың жарқын келбеті деп білемін. Себебі, бүгіннің өткенсіз, болашақтың бүгінсіз айнасы бұлыңғыр. Біз жаһандану заманына өзіміздің тарихымызбен енуіміз керек. Ал, сол түпкі тарих тағылымын Елбасы кезек-кезегімен атап өтті. Қазақ халқының танымдық мұрасы, салт-дәстүрі мен өзіндік әдет-ғұрпы, өлең-жырлары, ұлттық ойындары, музыкалық шежіресі – баға жетпес асыл қазына. Сол қазынаны ұмытпау әрі дәріптеу – жастардың үлесінде. Алғашқы «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» тарауында Ұлы дала төсінде пайда болған мәдениет, атқа міну дәстүрі, аң стилі, Алтын адам жайында айтып, біраз бағдарламалар мен жобаларды ұсынды. Сол Ұлы даланың жеті қырының ең алғашқысы ретінде, қазақ халқының жеті қазынасының бірі – жылқыны дәріптегені көп нәрсені аңғартады. қазақ ауыз әдебиетінде жылқы туралы «Құлын – тайға жеткізер, тай – құнанға жеткізер, құнан – атқа жеткізер, ат – м... |
Толығырақ... Оқылды: 595 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.11.2018 |
Алматы облысында Ұлт Көшбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы талқыланды |
Талдықорғанда, мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың су жаңа «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын іске асыруға бағытталған дөңгелек үстел өтті. Елбасы «Егемен Қазақстан» газетінің бетіне жария еткен мақаласын «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде қарастырған. Онда ұлы даланың жеті қырын: «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт», «Атқа міну мәдениеті», «Ұлы даладағы ежелгі металлургия», «Алтын адам», «Түркі әлемінің бесігі», «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны», «Аң стилі» деп бөлінген. Олимпиада чемпионы, Жақсылық Үшкемпіровтің айтуынша, бұл мақала президенттің қазақстандықтардың рухани баюына арналған екінші қадамы. « «Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады». Міне осылай басталатын мақаладан әр қазақтың баласы ерекше шабыт алды де... |
Толығырақ... Оқылды: 557 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 22.11.2018 |
Шымкетте «Zhetysu Travel-2018» атты форум өтті |
Шымкент қаласында, Алматы облысының туристтік мүмкіндіктері паш етілген «Zhetysu Travel-2018» атты форум өтті. Қазіргі таңда Алакөл Қазақстандағы ең танымал туристік орындардың бірі болып табылады. 2014 жылы оған 140 мыңға жуық демалушы келсе, осы маусымында бұл көрсеткіштің саны 10 есеге өсіп, 1 миллион 250 мың адамды құрады. Алайда Алматы облысының туризм басқармаса бұл нәтижеге тақталып қалмай, өңірге 1 миллионан да көп туристтерді тарту жолдарын қарастырып жатыр. Осы мақсатта, облыс басшылығы Түркістан облысы және Шымкент қаласында Жетісу табиғатымен киелі нысандарын таныстыратын В2В форматында кездесу ұйымдастырды. Жиында, бірқатар жергілікті туристік фирмалары мен Жетісу туристтік ұйымдарының өкілдерімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойып, өңіраралық туризмді дамыту бойынша бірнеше бағдарламалар таныстырылды. Сонымен қатар, 2019 жылы Шымкенттен Алакөл жағалауына дейін теміржол қатынасы іске қосылып, екі аймақ арасынан туристтер еш кедергісіз қатынай ала... |
Толығырақ... Оқылды: 697 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 20.11.2018 |
Латын қарпі – қазақ тілінің жаңа белесі |
«Ел – бүгіншіл, Менікі – ертең үшін» А.Байтұрсынов. Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлеммен ықпалдасуға, ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында. «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. Елбасымыздың осындай сарабдал саясатын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі жанынан құрылған «Қазақ әліпбиін – латын қарпіне көшіру» жөніндегі ақпараттық- түсіндіру тобы үстіміздегі жылдың қазан айынан бастап, ауылдық округтердегі елді мекендерді аралап, көшпелі семинар жұмысын жүргізіп ке... |
Толығырақ... Оқылды: 597 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 16.11.2018 |
Бабалар сөзі – даналық көзі |
Өмірден хан да өткен, қара да өткен, Қол бастап, қайрат етер дара да өткен. Сөзін сөйлеп, халқының жоғын жоқтар, Ақылгөйі елінің дана да өткен – дегендей, Атырау мен Алтай, Алатау мен Арқа аралығындағы халқымыздың басына түскен тауқыметтерін бірге тартып, ел үшін еңіреп туған ерлер шоғыры исі қазақ жұртында жеткілікті көп болғанын ешкім де жоққа шығармайды. Небір жақсылар мен жайсаңдар іргелі еліміз бен ұлан-ғайыр жеріміз үшін түн қатып, түстері қашып, мұз төсеніп, қар жамылып жүріп халқымыздың бақытты өмір сүруі үшін небір жанпидалықтарға да барғаны аңыз-әңгіме, әфсана-миф, жыр-дастан, қисса-өлең, шежірелер арқылы бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр. Иә, халықтың зейін-зердесінде ғасырлар бойы сақталған асыл тұлғалар аз емес. Әрине, оларды ешқандай бұйрық, жарлықпен жоя алмайсыз. Өйткені олардың есімдері де, ерлік істері де, ұлағатты сөздері де ұрпақтан ұрпаққа жетіп, жүректерге берік ұялап қалған. Қай халықтың болмасын тарихы бар, тағылымды істері бар. Олардың қол бастаған батырла... |
Толығырақ... Оқылды: 4919 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 09.11.2018 |
ҚЫЗДАР АРАСЫНДАҒЫ ФУТБОЛ |
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында: - «Туризм және спорт министрлігі әкімдермен бірге елде бұқаралық спортты дамыту үшін бірлескен іс-шараларды анықтап, оларды нақты іске айналдыруы тиіс. 30%-ға дейінгі қазақстандықтар бұқаралық спортқа тартылуы керек»,- деп атап көрсеткен болатын. Бүгінгі таңда еліміздің барлық аймақтарында Елбасы Жолдауы жүзеге асырылып, түрлі шаралар атқарылып, жалғасын табуда. Соның бірі – спортты дамыту мақсатында Еңбекшіқазақ орта мектебінде қазан айының 27-і күні ұлағатты ұстаз Сапарбек Байтайұлы Асқаровты еске алуға арналған қыздар арасында кіші футболдан жарыс өтті. Биыл жетінші мәрте ұйымдастырылып отырған еске алу турниріне аудан мектептері арасынан іріктеу кезеңінен өтіп финалдық кезеңге жолдама алған 5 команда өзара мықтыны анықтады. Ұстаздық жолын осы мектепте дене тәрбиесі пәніні... |
Толығырақ... Оқылды: 709 Санат: СПОРТ Уақыты: 09.11.2018 |
КИЕЛІ МЕКЕНГЕ САПАР |
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлері» арнайы жобасы бойынша өңірлік жоспар бекітіліп, соған сәйкес жұмыстар атқарылып жатқаны анық. Осыған орай қараша айының 2-ші жұлдызында аудан әкімшілігінің қолдауымен үш ұрпақтың басын қосып, Шаған тауының етегінде дүниеге келген қазақ әдебиетінің ірі өкілі, жұлдызды жырау - Қабылиса бабамыздың кесенесіне бару бұйырды. Аудан әкімінің орынбасары Ұлан Досымбеков бастаған құрамында бірнеше округтің әкімдері, ардагерлер ұйымының төрағалары мен жастар тарихи орынды аралап, құран бағыштап, жырау өмірінің бір парасын келешек ұрпаққа ұлағаттағандай болды. Байыпты саралап қарар болсақ, арғы тегіміздің тарихы бай да базарлы. Адамзаттық алғашқы өркениеттің алтын бесігінде тұрғандығымызды мақтан тұтамыз. Тұңғыш Президентіміз, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз ұлан-ғайыр байтақ даланы ақ білектің күшімен қорғап қалған батыр бабаларымыздың асқақ аманатына адал болуымыз керек» – деп ат... |
Толығырақ... Оқылды: 694 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 09.11.2018 |