Жаңалықтар
Атадан мал қалғанша, тал қалсын |
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Туған жер әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмірбақи тұратын өлкесі. Оны қай жерде жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жердің экологиясын жақсартуға, елді-мекендерді абаттандыруға, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруге іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі»,- деп атап өткен болатын. Аталған игі бастаманы жүзеге асыру мақсатында Лабасы ауылдық округіне қарасты Талапты ауылының белсенді азаматтарының ұйымдастыруымен атап айтсақ, Б.Нұрғазинов, Ғ.Бейісбеков, Қ.Нұртілеуов, Х.Әмреев, Ғ.Бітібаев тағы да басқа ауыл тұрғындарының ықпалымен және осы ауылдың тумасы, облыс прокурорының орынбасары болған, бүгінде зейнеткер Жұмабек Алмабеков ағамыздың қолдауымен «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген ұлағатты сөзін ұран қылдырып, ауыл ақсақалдары Сейіт Әбділдә... |
Толығырақ... Оқылды: 792 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 16.04.2018 |
Кәсіпкерлер мәселелері қаралды |
Жуырда аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Алматы облыстық кәсіпкерлерінің өңірлік Кеңесі төрайымы Римма Салықованың төрағалық етуімен Көксу ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағдарламаларды орындау барысы және есептері жөнінде дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оған Көксу ауданының кәсіпкерлері, облыстық кәсіпкерлер Палатасының төрағасы Беньямин Файзулин қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Нұрдәулет Кененбаев жиында сөйлеген сөзінде ауданымызда ауыл тұрғындарының жеке бизнесін ашуға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» қоры арқылы бірқатар жұмыстар атқарылып жатқандығынатап өтті. Атап айтқанда, сүтті, етті бағыттағы қосалқы шаруашылықтарды кеңейту, ұлғайту мақсатында 5 кооператив құрылып, 92,4 млн. теңгеге мал сатып алынды, 32,5 млн. теңгеге құрал-жабдықтар сатып алынды. Орта және шағын бизнес өкілдерінің саны 2017 жылы 7,2 пайызға артты. Орта және шағын бизнестің жергілікті бюджет түсімі 8,5 пайызға артып, жалпы үлесі 37,9 пайызды құрады. Заманауи талапқ... |
Толығырақ... Оқылды: 583 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.04.2018 |
Атқарылған жұмыстар айтылды |
Жуырда аудандық мәслихаттың кезекті 29-шы сессиясы өтіп, оған аудан әкімінің орынбасары Нұрдәулет Кененбаев, облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Қайрат Исаев және мекеме, бөлім басшылары, саяси партия өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Күн тәртібінде үш мәселе қаралса, бірінші мәселе бойынша аудандық қаржы бөлімінің басшысы Әлия Қалиева баяндама жасады. Ауданда 2017 жылға арналған бюджеттің атқарылу барысына тоқталған ол жыл бойы бюджетке бекітілген өзгерістер туралы, аудан бюджетінің кіріс бөлігі мен шығындардың орындалуын және бюджеттік кредиттер бөлігі мен оларды өтеу бойынша жұмыстарды жеткізіп, білім беру, әлеуметтік көмек, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мәдениет, спорт және тағы да басқа салаларға бөлінген қаражаттарды баяндады. Күн тәртібінде бекітілген екінші мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Айдын Жүнісов ауданның әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың... |
Толығырақ... Оқылды: 558 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.04.2018 |
Сенбілік жұмыстары жалғасуда |
Алматы облысы 2018 жылы 1 наурызындағы «Облыс елді мекендерін санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру көктемгі-күзгі айлықтарын өткізу туралы» №87 қаулысына сәйкес, Көксу ауданында аудан әкімінің 2018 жылғы 12 наурыздағы №82 өкімімен «Елді мекендерінде көктемгі-күзгі санитарлық тазарту, көркейту, көгалдандыру айлығын өткізу туралы» жарияланып, тазалық айлығын өткізу жөніндегі штаб құрылды және іс-шаралар жоспары бекітілді. Аудан аумағында 34 елді мекен орналасқан. Елді мекендердегі бүгінгі күнге 25 көше күл-қоқыстан тазартылды. Аудан бойынша 8456 аула бар, оның ішінде 1210 ауласы тазаланды. Арық жүйелерінің 25 км; автомобиль жолдары жағаларының 27 км. жері тазаланды. Тазалық жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында бүгінгі таңға дейін 10 ауылдық округтерден 763 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар арнайы күл-қоқыс төгетін полигондарға шығарылды. Сәуір айының 4 күні Ақшатоған ауылына барар жол бойы тазаланды, оған мемлекеттік және бюджеттік мекемелерден шамаме... |
Толығырақ... Оқылды: 648 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.04.2018 |
МАЛЫ ҚОҢДЫ – ӨРІСІ ТӨЛДІ |
«Мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның көл көсір» деп аманат еткен ата-баба кәсібі өңірде жанданып келеді. Сөзіміздің айқын көрінісі, биыл облыс шопандары сақманға 1,5 млн. саулықпен кіріп отыр. Қазірдің өзінде төл саны 300 мың бастан асқан. Бұл мал төлдету науқанының қыза бастаған тұсы. Қазір Көксу ауданының Лабасы ауылдық округіне қарасты «Шаңырақ» серіктестігінде де малшы өмірінің нағыз қарбалас сәті басталды. Биыл аталған серіктестік бес мыңнан астам саулық қойдан төл алуды жоспарлаған. Тұп-тура тоғыз отар өргізген ұжым бұл. Тоқтысы ойнақтап, қозысы туатын осы бір бұйра-бұйра құмның да қасиеті бөлек. Соның арқасында мал да қоңды. Қора төңірегіндегі төбе-төбенің етегінде төлдеп қалған қойдың да саны көбейді. Бірер күнде мұнда жаппай төлдеу басталмақ. Осы орайда биыл қыс жайлы болғанын, малшылардың қыс қырынан қысылмай шыққанын тілге тиек еткен аға шопан Бауыржан Жақыпов: – Нағыз қарбалас шақ енді басталады. Біз төл алып, бағып-күтуден шаршамаймыз. Тек со... |
Толығырақ... Оқылды: 620 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.04.2018 |
Сайлау өтті |
Сәуір айының 10-ы күні Еңбекші ауылдық округі әкімі лауазымына сайлау өтті. Көксу аудандық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен өткен сайлауға аудандағы мәслихат депутаттарының-таңдаушылардың барлығы қатысып, өз таңдауларын жасады. Жиынды аудандық мәслихат хатшысы Әлдибек Досымбеков ашып, дауыс беру барысын түсіндіру үшін сөзді аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ғани Ағыбаевқа берді. Айта кетейік, өткен жұмада Еңбекші ауылдық округінің әкімі лауазымына үміткерлер Асқар Алпысбаев, Төлеген Қожабеков және Санат Шаухаров аудандық мәслихаттың депутаттарымен, яғни таңдаушыларымен кездесу өткізген болатын. Кездесу барысында үміткерлердің әрқайсысы өз сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, округтегі келелі мәселелер және оларды шешу жолдары жөнінде өздерінің пікірлерін білдірген еді. Аудандық мәслихат депутаттары– таңдаушылары мен округ әкімі лауазымына үміткерлер арасындағы әңгіме округке қарасты елді мекендердегі санитарлық тазалық, көше жарығы, ауылішілік жолдар, көгалдандыру-а... |
Толығырақ... Оқылды: 651 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.04.2018 |
Мәулен Мамыровпен болған кездесу |
Наурыз айының отызыншы жұлдызында Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Тәрбие және білім» бағытында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Ел мақтанышы - Мәулен Мамыров» атты кездесу өтті. Аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Арын Алпысбаев жүргізген жиынға мектеп оқушылары және аудандық жас спортшылар қатысты. Алдымен қадірлі мейман, жерлесіміз, палуан, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның 12 дүркін чемпионы, Атланта Олимпиадасының (1996 жыл) қола жүлдегері т.б. атақтардың иегері Мәулен Сатымбайұлының спорт саласында жеткен жетістіктері үлкен мақтанышпен айтылып, содан соң балалар чемпионға сауалдарын қойып, толыққанды жауаптарын алды. Балалардың сауалдарына жауап бере отырып, Мәулен Мамыров өзінің спортқа деген қызығушылығы туған жері Жетіжал ауылында басталғанын әңгі... |
Толығырақ... Оқылды: 1011 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 06.04.2018 |
Жаңа әлемге жол саламыз |
Күні кеше Астанада «Жас Отан» жастар қанатының кезекті IV съезі өз жұмысын бастады. Съездің басты мақсаты - «Жас Отан» жастар қанатының жарғылық құжаттарын реттеу, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасын» талқылау болды. Еліміздегі 1500-ге жуық дарынды жас буынның басын қосқан съезд жұмысына облыстан 70-ке жуық делегат қатысса, ауданнан өзім қатыстым. Жастар ел ертеңі ғана емес, сонымен бірге Елбасы айқындаған мемлекеттік мақсаттарды жұмыла жүзеге асыратын ең сенімді буын.Төртінші өнеркәсіптік революцияға қадам басқан қазіргідей заманда Қазақстан жастары спортпен, өнермен шұғылдануды әдетке айналдырып, бірнеше тілді еркін меңгеруі тиіс. Жаһандық бәсеке алдында мұның өзі аздық етеді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана төрінде екі күнге жалғасқан «Жас Отан» жастар қанатының «Жаңа әлемге жол саламыз» атты IV съезіне арнаған құттықтау хатында тәуелсіз елдің ұрпа... |
Толығырақ... Оқылды: 583 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 06.04.2018 |
Тазалық сенбіліктері өтуде |
Өткен аптада аудан әкімінің 2018 жылғы 12 наурыздағы №82 өкімімен «Елді мекендерінде көктемгі-күзгі санитарлық тазарту, көркейту, көгалдандыру айлығын өткізу туралы» жарияланған аудан әкімдігінің қаулысына сәйкес, тазалық айлығын өткізуге құрылған штаб бекітілген іс-шара жоспарымен сенбілікке шықты. Аудан аумағында 34 елді-мекен орналасқан. Елді-мекендердегі 190 көшенің бүгінгі күнге 23 көшесі немесе 12 пайызы күл-қоқыстан тазартылды. Аудан бойынша 8456 ауланың 1046 ауласы тазаланды. Арық жүйелерінің 23км, автомобиль жолдары жағаларының 25 км тазаланды. Тазалық жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында бүгінгі таңға дейін 10 ауылдық округтерден 751 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар арнайы күл-қоқыс төгетін полигондарға шығарылды. 2018 жылдың наурыз айынан бастап Көксу ауданы бойынша 3 рет сенбілік өтті. Наурыз айының 20-сы күні жалпы аудандық сенбілік өткізілсе, наурыз айының 28-і күні М.Сеңгірбаев атындағы орталық саябақта «Таза сәрсенбі» атты тазалық күні өткізіліп, ағ... |
Толығырақ... Оқылды: 749 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 31.03.2018 |
ҚАЛАУЫН ТАПСА ҚАР ЖАНАР.... |
Биылғы жылғы әз Наурыз мерекесі ұйымдастыру, мәдени, спорттық іс-шаралар мазмұндық тартымдылығы жағынан ізденіске толы жаңаша сипатқа ие болды десті мерекеге қатысушы ел-жұрт. Қазақстан теле- арнасынан Алматы облысы бойынша біздің Лабасы ауылдық округіндегі Жамбыл ауылында өткен ат бәйгесі ерекше ұлықталды. Осы мақалада Лабасы ауылдық округі бойынша жұмыс істеп тұрған «Ер Төстік», «Балбөбек», «Еркем-ай» бөбекжай-балабақша ұжымдарының ортақ іс, игі бастамалары Наурыз мерекесі құрметіне игі тартуларының мәні тереңде: «Әрбір басшы, әрбір маман, әрбір жұмыс иесі өз ісінде жаңаша ойлап, жаңа идеялар ұсынса мен қолдауға әзірмін». Бұл аудан әкімі Алмас Қабдулұлының ел басқару ісіндегі ең басты ұстанымы ғана емес әрбір басшыдан осыны талап етіп келеді. Әсіресе, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудан көлемінде атқарылып жатқан іс-шараларға мониторинг жүргізіп сараптап отыру ішкі саясат бөл... |
Толығырақ... Оқылды: 815 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 30.03.2018 |