Жаңалықтар

АЛҒАБАС ТӨРІНДЕ – КӨКПАР

Көкпар – қазақтың ұлттық ат спорты ойындарының бірі және бірегейі. Бұл ойын түрінің теңдессіз екендігін әлем халқы мойындап отыр. «Көкпар» ойыны жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Ұлттық ойындарымызды халық арасында кеңінен насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және ойынның техникасы мен шеберлігін игеруге жастарымыздың қызығушылығын ояту мақсатында, өткен аптада Алғабас ауылдық округі аппаратының ұйымдастыруымен жаужүрек бабаларымыздан қалған асыл мұраның бірі – көкпар ойыны өтті. Ер жігіттің ат құлағында ойнайтын шеберлігі, ептілігі мен күш-қайраты сыналатын осынау ұлттық ойын түріне Кербұлақ, Ескелді, Көксу аудандарының шабандоздары мен 70-тен аса жүйрік ат қатысты. Алғашқы салымға 25 мың теңге қаржылай және 1 қой тігілді.Ойын басында Алғабас ауылдық округінің әкімі міндетін атқарушы Дәурен Молдағали спорт- сүйер қауымға тілегін жеткізді : «Қадірменді ауылдастар! Елбасымыз Нұ...
Толығырақ... Оқылды: 782 Санат: СПОРТ Уақыты: 02.11.2018

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ - РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ТАЛАБЫ

Өткен жұмада Алғабас пен Айнабұлақ ауылдық округтерінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында, «Нұр Отан» партиясының «Көкжиек» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен, «Латын қарпіне көшу – өмірдің қажеттілігі» атты жиын өтті. Жиынға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Қаракөз Садықова, округ әкімдері Дәурен Молдағали мен Мәулен Бәзілов, Алғабас ауылдық орта мектебінің директоры Сембек Абдрахманов, Мұсабек орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұлдыз Қасымова және Мұқаншы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сәлима Хасанқызы, Ескелді ауданы М.Мәметова атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Гүлзира Какен, «Алпамыс» балабақшасының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мира Бектемірова, Айнабұлақ ауылдық округі №12 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәніні...
Толығырақ... Оқылды: 623 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 02.11.2018

ҚАЙТА ЖАҢАРҒАН СПОРТ АЛАҢЫ

Қазан айының 26 жұлдызы аудан орталығында заманауи тұрғыда жабдықталған, толығымен күрделі жөндеуден өткен Батыржан Оңғаров атындағы орталық стадионның тұсауы кесілді. Шараға Б. Оңғаров ағамыздың жары Тұрсынхан Оңғарова мен облыстық спорт басқармасының басшысы, Бейжің Олимпиадасының жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев және Атланта Олимпиадасының жүлдегері Мәулен Мамыров, аудан ақсақалдары және тұрғындары арнайы келіп қатысты. Дәл осы бір айтулы күнде мерекелік шараны салтанатты түрде аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы ашып, барша аудан тұрғындарын ортақ қуаныштары – стадионның ашылуымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. - Қадірлі халайық!Құрметті спорт сүйер қауым! Бүгінгі күн аудан өмірінің тарих беттеріне алтын әріппен жазылатын қуанышты сәт. Себебі, біздер үлкен қуаныштың куәсі болғалы отырмыз. Аудан орталығында заманауи тұрғыда жабдықталған, толығымен күрделі жөндеуден өткен Батыржан Оңғаров атындағы орталық стадионның тұсауы кесілуде. Баршаға белгілі, спорт пен дене тәрбиесін дамыту...
Толығырақ... Оқылды: 629 Санат: СПОРТ Уақыты: 02.11.2018

ЛАТЫН ҚАРПІ ЖАСАМПАЗДЫҚҚА ЖОЛ АШАДЫ

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. «Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне әкелері сөзсіз. Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге жетуіне жол ашады. Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру үрдісінің ерекшеліктеріне байланысты» - деген болатын. Ал ғалымдарымыз осы қаріпті қолдану арқылы әлемдегі ең дамыған өркениетті елдермен тереземізді теңестіре аламыз деген пікір айтып, оның тиімді тұстарын дәлелдеп бағуда. Ендігі кезекте Мемлекет басшысы атап өткендей ғалымдардың көмегімен қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасы қабылданып, әді...
Толығырақ... Оқылды: 526 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 26.10.2018

ОЛЖАМЕН ОРАЛҒАН ЖЕРЛЕСІМІЗ

Жүйріктерін орғытқан, Қиялардан қарғытқан, Қызыл болат кім екен? Атта жерде ойнаған, Көздері оттай жайнаған, Бұлар кімнің ұлы екен? Жасасын қызыл болаттар, Біздің темір қанаттар, Еңбегі мәңгі өлмейтін. «Спорт деген бекзада өнері екені анық. Бақ пен баптың сыналар шағында ел намысын жоғары ұстап жеңіс тұғырына көтерілгенде қуанбайтын жан жоқ шығар. Дәл осындай жұлдызды шақта, байра-ғымыз көкке өрлегенде күллі әлем алдында дәрежеміздің көтерілетіні сөзсіз. 17 қазан - Көксу ауданы үшін қуанышқа толы күн болды. Жақында Латвия Республикасының Даугавпилс қаласындағы ардагерлер арасында гір спортынан әлем чемпионаты болып өтті. Әлемнің 31 елінен 700 спортшы қатысқан жарыста жерлесіміз Жұмахан Күзбаев қазақ елінің намысын қорғап, байрағын көкке көтеріп, елге жеңіспен оралды. Жер шарының ең мықты гір көтерушілері жиналған Латвиядағы әлемдік чемпионатта көксулық тарланымыз қалың спортшылардың арасында топ жарды. 60-64 жас аралығында өнер көрсеткен Жұмахан ағамыз бойында рух пен...
Толығырақ... Оқылды: 584 Санат: СПОРТ Уақыты: 18.10.2018

ҚУАНЫШҚА ТОЛЫ КҮН

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру – жүрегі елім деп соққан әрбір азаматтың қасиетті парызы екендігі айтылған. Аталған бағдарлама аясында қазан айының 6-ы күні Жарлыөзек ауылдық округінде екі бірдей нысанның ашылу салтанаты болып өтті. Аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы, Нұр Отан партиясының аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов, аудандық мәслихаттың хатшысы Әлдибек Досымбеков, аудан әкімінің орынбасары Ұлан Досымбеков, аудан әкімі аппаратының басшысы Жамбыл Бейсенбай және округ әкімдері, бөлім басшылары қатысты. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спорт түрлерін дәріптеу мақсатында округте орналасқан спорт алаңы заман талабына сай салынып, халық игілігіне берілді. Салтанатты жиынды аудан әкімі Алмас Әділ ашып, ауыл тұрғындарын көп тілегімен бой көтерген спорт алаңының ашылуымен құттықтады. «Спорт – денсаулық...
Толығырақ... Оқылды: 601 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 12.10.2018

ТАРИХҚА АЙНАЛҒАН ТАС МҮСІН

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында және «Туған жерге туыңды тік» атты рухани қазыналық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Социалистік Еңбек Ері, ел анасы атанған Зылиха Тамшыбай апамыздың ұрпақтары өз қаражаттарымен ескерткіш-бюст орнатты. Осы орайда, қазан айының 5 жұлдызында Еңбекші ауылдық округінде анамыздың Құрметіне қойылған бюсттің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Салтанатты жиынға Астанадан, жан-жақтан облысымыздан мәртебелі қонақтар, ауыл тұрғындары, анамыздың замандастары мен туған-туыстары және де БАҚ өкілдері қатысты. Шара барысында аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы сөз сөйлеп, мерейтой иесінің өмір жолы, ғылым-білім саласына қосқан үлесі жайлы баяндады. - Құрметті жерлестер! Қадірменді қонақтар мен ауыл тұрғындары! Бүгін жетпіс жылдан аса тағылымды тарихы бар кенен өңірімізде айтулы күндердің бірі. Себебі, мемлекетімізге тәлімді еңбегімен танылған тұлға, саналы ғұмырында сан белесті бағындырып, ел анасы атанған Зылиха...
Толығырақ... Оқылды: 849 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 09.10.2018

Жетісуда тұңғыш рет КТА ойынының фестивалі өтпек

Алматы облысында жайдарман ойындарын дамытуға ерекше мән беріліп отыр. Себебі жайдарман ойыны мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға, олардың қоғамдағы орындарын анықтауға, құқық бұзушылыққа жетелейтін жағымсыз әдеттерден арылуға және бос уақытты тиімді пайдалануға үйретеді. Осыған орай, Талдықорғанда ағымдағы жылдың 1-ші қазанында «Жайдарлы Жетісу» фестивалі өткізілмек. Фестивальға республикадан 7 команда, облыстан 3 топ шақырылып отыр. «Жетісу жастары ұйымының Конгресі, Алматы облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасынан мемлекеттік тапсырысты ұтып алған болатын. Осыған дейін біз Алакөл жағалауында КТА ойындарын өткізіп, командалар арасында тәжірибе алмасуды үйымдастырдық. Қазіргі таңда жастар қауымдастығы бірлестігі облыс, аудан, қалаларын аралап КТА ойнының міндеті мен ережелерін түсіндіру мақсатында семинарлар өткізіліп жатыр. 2018 жылы бұрынғыданда ауқымды жоба «Жайдарлы Жетісу» фестивалі өткізбекшіміз. Кеш жүргізушісі әзіл әлемінің майталманы...
Толығырақ... Оқылды: 564 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 01.10.2018

Қолды болған 7,7 млрд теңге мемлекет қазынасына қайтарылды

Қолды болған 7,7 млрд теңге мемлекет қазынасына қайтарылды Ағымдағы жылдың 8 айының қорытынсыды бойынша 1394 пара беру және алу фактілері тіркеліп, мемлекет қазынасына 7,7 млрд теңге қайтарылды. Құқық бұзушылықтың басым бөлігі Қостанай мен Түркістан облыстарында болып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Равиль Тюлебаев баяндады. «Мемлекеттік қызмет институтын жетілдіру, оның ішінде, әрбір мемлекеттік қызметшінің бәсекеге қабілеттігін арттыру және құқықтары мен мүдделерін қорғау тетіктерін нығайту бұл Агенттіктің басты мақсаттарының бірі. Агенттікпен жүйелі түрде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуына бақылау жүзеге асырылып, Әдеп жөніндегі кеңестер мен уәкілдердің қызметін үйлестіру жүргізіліп келеді. 2018 жылдың 8 айында Агенттікпен және оның аумақтық департаменттерімен 728 тексеру жүргізілді. Бұ...
Толығырақ... Оқылды: 486 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2018

«Самғау» сыйлығының жүлде қоры ұлғайды

Алматы облысының журналистеріне арналған облыс әкімінің «Самғау» журналистер сыйлығының көлемі ұлғайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев мәлімдеді. Былтыр Алматы облысының әкімі Амандық Баталов 21 журналиске «Самғау» сыйлығын тапсырған болатын. Биылғы жылы «Самғау» байқауы жаңа жүлде қорымен өткізілмек. «Байқау адамды қанаттандырады. Жүлдеге ие болып, оза шабу қуаныш сыйлайды. Осыған орай, Жетісу журналистерінің ақпарат саласындағы майталмандылығын ұлғайту мақсатында «Самғау» байқауы ұйымдастырылады. Байқау өзгешелігі былтыр операторлар мен бейне-инжинерлерді бір аталым шеңберінде бағаласа. Ал, биыл «Үздік монтаж» деген аталымды жеке қосып отырмыз. Сонымен қатар, өңірдің журналстикасын дамытуға ерен үлес қосқан ардагерлерді де марапаттайтын боламыз. «Үздік желілік басылым» деген де аталым б...
Толығырақ... Оқылды: 552 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 03.09.2018
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.