Жаңалықтар
Қол күрес шеберлері күш сынасты |
Жуырда Алғабас орта мектебінің спорт залында аудандық білім бөлімі мен Алғабас ауылдық округі әкімшілігінің ұйымдастыруымен армрестлингтен аудан оқушылары арасында ауданның ашық біріншілігі өтті. Айтулы жарысқа ауданның 19 мектебінен және Талдықорған қаласынан 120-ға жуық ұлдар мен қыздар қатысып, өз шеберліктерін ортаға салды. Ұлдар 55,60,65,70,75,80+ кг , қыздар 45,50,55,60,65,70+ кг салмақ категориялары бойынша жарысқа қатысты. Жарыстың салтанатты ашылуында Алғабас ауылдық округінің әкімі Дәурен Молдағали, аудандық білім бөлімінің әдіскері Қанат Әбділданов жарысқа келген оқушыларға жылы лебіздерін білдірсе, армрестлингтен Азияның және Халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы, жарыстың бас төрешісі Абдуәли Тастанов жарысқа қатысушыларға жарыстың ережесімен таныстырып өтті. Жарыс ережесіне сай қарсыластар оң қол және сол қолдарымен күресіп, жеңімпаздарын анықтады. Барлық салмақ категорияларының қорытындысы бойынша Алғабас орта мектебінің командасы 97 ұпаймен 1-орынды, 2-орынды... |
Толығырақ... Оқылды: 724 Санат: СПОРТ Уақыты: 01.02.2019 |
Алматы облысында ішкі аудиторлық іс-шаралар қорытындыланып, қаржылық есептілікке аудит жүргізу өзгерістері туралы айтылды |
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Азамат Мұсабек аталған департаменттің 2018 жылдың аудиторлық іс-шараларын қорытындылады. Баспасөз конференциясы барысында 356 аудиторлық іс – шаралар өткізілгенін, оның ішінде 336-ы жоспардан тыс тексеру болса, 20-ы жоспарлы түрде өткен. Азамат Мұсабектің айтуынша, өткен жылы тексеру нәтижесінде орын алған заң бұзушылықтардың жалпы сомасы 70 872 910,4 мың теңгені құраған, оның ішінде 19 713 275,4 мың теңгесі қаржылық бұзушылықтар және 51 159 635,0 мың теңге процедуралық бұзушылықтар болып шыққан. «Бюджетке қайтару, қалпына келтіру, есепке алу, қайтару бойынша анықталған 19 761 916,4 мың теңгенің, 19 666 294,8 мың теңге бюджетке қайтарылды және қалпына келтірілді (бұл 99,5 % құрайды)» -, дейді ол. Аудит жүргізілген мемлекеттік сатып алудың жалпы сомасы 49 913 768,6 мың теңгенің ішінде мемлекеттік сатып алу туралы заң бұзу... |
Толығырақ... Оқылды: 555 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.02.2019 |
АРХЕОЛОГТАР БҰРЫШЫ АШЫЛДЫ |
“Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістік тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады”, - деп Елбасымыз айтып өткендей, тарихты зерттеу – ұлт болашағының ажырамас бір бөлігі. Рухани мол мұра мен төл тарихымызды дәріптеу арқылы жас буынның бойына патриоттық сезімді ұялату – өте қажетті нәрсе. Елбасының “Рухани жаңғыру” бағдарламасының жалғасы болып табылатын бұл мақала Ұлы даланың тарихын еске салады. Соның ішінде, ұлт мақтанышы болған тұлғалар мен тарихи көне ескерткіштерге аса мән беріледі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тарихты жаңғырту мен жастарды ұлттық тәрбиемен сусындатудың әртүрлі жолдарын қарастыру керектігін айтып өткен. Осыған орай, біздің аудан да бағдарламаны қолдау мақсатында түрлі шаралар ұйымдастыруда. Соның ішінде, 2019 жылдың 28 қаңтарында Ж.Егінбаев атындағы орта мектептің тарихи өлкетану мұражайында тарих пәнінің мұғалімінің ұйымдастыруымен жас археологтар бұрышы ашылды. Тарихи са... |
Толығырақ... Оқылды: 504 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 31.01.2019 |
ДҮБІРЛІ КӨКПАР ОЙЫНЫ ӨТТІ |
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында қазақтың кең байтақ даласын мекен еткен ежелгі көшпенді халқының жеті қырын атап көрсетті. Сол жеті қырлы алмастың алғашқысы – гауһардай жарқырап күллі көшпенділер дәуіріне, адамзат дамуына сәуле түсіріп тұрған атқа міну мәдениеті. Себебі, өзін көшпенділердің тікелей ұрпағымыз дейтін қазақ баласы үшін атқа мініп, ысқырып жылқы айдап, көпіршітіп қымыз сапырып, қиялай кесіп қазы жеуден артық бақыт болмас... Осы атқа міну мәдениетінің ішінде жылқымен қатысты ұлттық ойындар, жүрегім қазақ деп соғатын әрбір азаматты тебірентпесі анық. Сондай ойындардың бірі әрі бірегейі – көкпар ойыны. Көкпар – жаужүрек бабаларымыздан қалған асыл мұраларымыздың бірі, ұлттық құндылық. Әрі бұл рухы мықты жігіттердің ойыны десек те болады. Бұл - еліміздің елдігін, көңілдің кеңдігін, адамның ептілігін танытатын ойын. Әсілінде, көкпар десе арқасы қозбайтын қазақ кемде -кем. Ауыздығымен алысқан тұлпа... |
Толығырақ... Оқылды: 732 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 31.01.2019 |
Көксу ауданына қарасты Лабасы ауылдық округінде сүт зауыты іске қосылуда. |
Сүт зауыт 1967 жылдары бой көтерген. Біраз істеп, сүт зауыты жұмысын тоқтатыпты. Қазіргі уақытта 20 жылдан аса тоқтап тұрған зауытты біртіндеп қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап. «Әзірге мұндағылар тек түрік айранын, құрғақ сүт және ысталған шұжық шығаруда. Зауыт толық қуатына көшкеннен кейін сүт өнімдерінің барлық түрін шығару жоспарланып отыр»,- дейді зауыт басшысы Бақыт Арқабаев. Айтуынша, зауыттың қыстыгүні іске қосылуының өзінде үлкен мән жатыр дейді. Себебі, көктем шығып, жаз келгенше өндіріс әбден бір жолға қойылады. Әрі жас мамандар да тәжірибе жинақтап, ауқымды көлемде жұмыс істеуге шыңдалады. Дегенменде зауытқа инженер-технологтар, зертханашылар әлі де жетіспеуде. Айта кетейік, қазір мұнда 20 адам еңбек етіп жүр. Ал, алдағы жылдары тағы 20 шақты адам жұмысқа алынбақ. Зауытқа көршілес жатқан Кербұлақ, Ескелді, Қаратал аудандары да сүт өткізеді екен. Тәулігіне 40 тонна сүт қабылдап а... |
Толығырақ... Оқылды: 498 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 28.01.2019 |
Алматы облысының 3 мыңнан астам кәсіпкерлерлер 2018 жылда «Даму» Қорының қаржыландыруын алды |
Алматы облысы бойынша «Даму» Қорының аймақтық филиалы «Шағын және орта бизнестің дамуын қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру» тақырыбында баспасөз-конференциясына қатысты. Іс-шара барысында ағымдағы жылдың 11 (он бір) айдың қорытындылары талқыланды. Алматы облысында «Даму» Қорының бағдарламалары бойынша қолдау алған жобалардың жалпы сомасы 21,3 млрд. теңгені құрады – бұл 3 023 жоба. Екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдікті қаржыландыру бағдарламасы бойынша 2018 жылда жалпы несиелер сомасы 9,7 млрд теңге құрайтын 2 805 жобаға қолдау көрсетілді. 2018 жылы несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін қаражаттандыруды жалпы сомасы 8,7 млрд. теңге құрайтын 125 жоба пайдаланды. Алматы облысында ең танымал бағдарлама «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және бизнесті дамытудың бағдарламасы болып табылады. 2018 жылы несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін қаражаттандыруды жалпы сомасы 8,7 млрд. теңге болатын 125 жоба пайдаланды. Ке... |
Толығырақ... Оқылды: 406 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.12.2018 |
"Samǵaý-2018": Жетісудың үздік БАҚ өкілдері марапатталды |
Талдықорғанда, «Самғау» - журналисттер жүлдесінің жеңімпаздары анықталды. Жылдың басты сыйлығы саналатын байқауда, 11 наминация бойынша 143 материал қабылданған. Салтанатты шара, мемлекет басшысының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған. Үздік деп танылған БАҚ өкілдерін облыс әкімі Амандық Баталов марапаттар алдында, барша кешке қатысушыларды келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап өтті – Құрметті журналистер! Баршаңызды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жарқын жетістіктер мен толайым табыстар елім деген әрбір азаматтың көңіліне қуаныш сыйлайды. Ал сол жетістіктерге жетісулықтардың да қосқан үлесі зор. Біз мәдениет пен әдебиет, әлеумет, экономика сынды сан сала бойынша толымды көрсеткіш көрсетіп келеміз. Талдықорған шаһары көрсе көз тоймайтын сұлулыққа ие болды. Құрылыс саласы жанданып, зәулім де әсем ғимараттар сап түзеді. Бұл сіздер мен біздің ортақ жеңісіміз... |
Толығырақ... Оқылды: 400 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.12.2018 |
Алматы облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаменті өз жұмысын қорытындылады |
Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Нариман Ботанов мекеменің жылдық жұмыс нәтижесін жария етті– деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. Ағымдағы жылдың 31 қазанына дейін Ішкі мемлекеттік аудит департаменті облыста 268 аудиторлық тексеру өткізген. Оның ішінде 248 жоспардан тыс, 20-сы жоспарланған шаралар. Тексеріс кезінде анықталған қаржылық бұзушылықтар көлемі 18 269 648,2 мың теңгені құраса, ал процедуралық бұзушылықтар 20 397 712,4 мың теңге болған. - Департаменттің мақсаты бюджет қаражатын, мемлекет активтерін және мемлекеттік сектор субъектілерін басқару мен пайдаланудың тиімділігін арттыру. Мұндай тексерулер жыл сайын жүйелі түрде жүргізіледі, - дейді Н.Ботанов. Сондай-ақ, жасалған аудиторлық іс - шаралардың нәтижесінде, аудит объектілерінің 97 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Атап айтқанда, 57 - ескерту, 36 - сөгіс, 2-қатаң сөгіс, 2 қызметкер жұмыстан босатылды. Және де есептік кезеңде мемлекеттік орга... |
Толығырақ... Оқылды: 743 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.12.2018 |
Волейболдан «Жетісу кубогы» Халықаралық турнирі өтуде. |
Бүгін Талдықорғанда волейболдан ардагерлер арасында «Жетісу кубогы» Халықаралық турнирі басталды. Аталмыш, додаға Қазақстан, Монғолия, Өзбекстан, Қырғыстан, Татарстан, Польша, Ресей және тағы да басқа республикаларының командалары қатысуда – деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. Турнирдің салтанатты ашылуында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов халықаралық турнирге келген қонақтарға өзінің жылы лебізін білдірді. — Құрметті, турнирге қатысушылар, жер жаннаты атанған Жетісу өлкесіне қош келдіңіздер! Бүгінгі «Жетісу кубогы» турниріне арнайы келген командалардың ішінде атақты ойыншылар – еңбек сіңірген спорт шеберлері, волейбол ойынының өрісін кеңейтуге көп еңбек сіңірген азаматтар бар. Олар-бірнеше буын спортшылар үшін үлгі болған кәсіби мамандар. Сондықтан бұл турнирді өткізу елімізде, соның ішінде облысымызда волейболды дамытуға жасалған жақсы бір қадам деуге болады. Бәріңізге бұл турнирде жақсы ойын, сәттілік пен жеңіс тілейм... |
Толығырақ... Оқылды: 435 Санат: СПОРТ Уақыты: 04.12.2018 |
Орбұлақтағы орасан зор ерлікке - 375 жыл |
Жаркент қаласында Тұңғыш Президент күніне орай және Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына байланысты «Ұлы жебе» мемориалды кешені ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Амандық Баталов, Парламент Мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов, тарихшы ғалымдар, қаламгерлер, аудан жұртшылығы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Атырауда Халел Досмұхамедовтың 135 жылдығына орай халықаралық ғылыми-конференция өтті Дөнен бидің мөрі немересінің қолында сақталған Ұлттың ұлылығын ұлықтауға ұйыстырады- профессор «Ұлы жебе» мемориалдық кешені негізінен ақ мәрмәр мен граниттен дайындалды. Жобаның құны - 278,6 млн теңге. Құрылысын жүргізген мердігер ұйым - «Kagan Engineering» ЖШС. Мемориалды кешеннің суретшілері - Ғазиз Ешкенов пен Айдар Жамхан, мүсінші архитекторы - Айдын Жайлаубаев. Мемориалды кешенді тұлпарлы батырлар бейнеленген барельеф, жоғарыға тік шаншылған жебе мен қалқан құрап тұр. Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына орай &laqu... |
Толығырақ... Оқылды: 730 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 04.12.2018 |