Жаңалықтар

Ұлы тұлғаның ұлы істері

Ағымдағы жылдың 19 наурызы күні елімізді 30 жылға жуық басқарған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мерзімінен бұрын отставкаға кетті. Бұл жағдай Қазақстанда ғана емес бүкіл әлемде үлкен орын алған саяси жағдай болды. Іштей қимаймыз. Рас! Бірақ Елбасының бұл шешімінің өзі айтқандай оңай болмағандығын да жақсы түсінеміз.Ол қазақ халқы үшін Тұңғыш Президент қана емес, ол қазақ мемлекетінің негізін қалаушы. Тұңғыш Президентіміз өкілеттік мерзімінде өте үлкен, сапалы маңызға толы еңбек атқарды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев– әлемнің қазіргі тарихындағы кемеңгер тұлға. Елбасы жер-жаһанға мемлекеттің бейбіт және ядролық қарусыз саясатын паш етіп, Қазақстанды жоғары халықаралық деңгейге шығарды. Бүгінде Қазақстан бірлік пен қоғамдық келісімнің алтын бесігіне айналды. Еліміздегі татулық пен ынтымақтың бірегей үлгісін жаһан жұртшылығы зерделеп, «Қазақстандық жол» және «Назарбаев моделі» деп баға береді. Еліміз егемендігін алып, өз...
Толығырақ... Оқылды: 445 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.03.2019

Елбасының ерен еңбегі

БЕЙСЕНОВ МӘЛІК АМАНБАЙҰЛЫ: «Дүние есігін жаңа ашқан сәби ана сүтінен қуат, ана тілінен нәр алып өссе, біздің мемлекетіміз тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтан қуат алды. Елбасы Отаның тыныш, бейбіт ел болып, берекесі тасып, әлемге үлгі болу үшін жанын сарп қылып, еңбек етті. Қазір қарап тұрсақ, өзге алпауыт мемлекеттермен тереземіз тең. «Бақ тағатты ерге ғана тұрмақ» дегендей, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған тыныш заман, соны тілеп, бірлік үшін ерінбей еңбек еткен, ырыс-ынтымақты қадірлеген елге ғана келмек, сонда ғана тұрақтап қалмақ. Ал, осы ырыс-ынтымақ Елбасының арқасы. Нұрсұлтан На­зарбаевтың бастамасымен бұл күн­де Қазақстан халықаралық саяси үн­қа­тысудың бейбіт отанына, алтын көпіріне айналды. Халқымыздың қанын­дағы көп асыл қасиеттің бірі ақ көңілі­мен дос құшағын айқара аша білуі. Соның арқасында қан­шама ұлт өкіл­дері тату-тәтті тұ­рып жатыр. Елбасы сөзімен айт­сақ, әр республиканың ұлттар дос­тығы...
Толығырақ... Оқылды: 518 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.03.2019

Үндеуге қолдау

Аудандық мәслихаттың хатшысы Әлдибек Досымбеков: "19 наурыз - қазақтың тарихындағы алтын әріптермен жазылған күн болып қалмақ. Мемлекет басшысы 19 жылдың 19 наурызында Астана уақыты сағат 19:00-де лауазымын тоқтатты. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «өкілеттілігімді тоқтатамын» дегені әрине баршамыздың көңілімізге кірбің түсірді. Дегенмен, Елбасының өкілеттігін тоқтату туралы шешімі Елбасына деген құрметті арттыра түскендей. Іштей қимаймыз. Рас! Бірақ Елбасының бұл шешімінің өзі айтқандай оңай болмағандығын да жақсы түсінеміз. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - біздің бірінші тұңғыш Елбасымыз! ҚР Сенат басшысы Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевқа салиқалы сындарлы саяси жол болсын дейміз! Әлі талай сараптама жасалар! Бірақ ең бастысы еліміздің бірлігі, ынтымағы арта берсін! Ең маңызды айта кетерім, әрбір адам бұл талқылауға белсенді қатысып, өзінің пікірін білдірсе, бұл қоғамдағы азаматтық сезімнің артқандығының белгісі".
Толығырақ... Оқылды: 551 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.03.2019

«ҚҰТТЫ МЕКЕН» БОЙЫНША ҚҰТТЫ ЖҰМЫС

Бәрімізге белгілі, Елбасы «Нұр Отан» партиясының кезекті съезінде еліміздің әл-ауқатын одан әрі дамыту мәселесі бойынша бірқатар жобаларды нақтылаған болатын. Соның ішінде, «Құтты мекен» бағдарламасы ауылдарды дамытуға арналған бастамалардың бірі. «Ауыл және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған «Құтты мекен» жаңа жобасын ұсынамын. Жоба жұмысын іске асыруды алдымен партияға тапсырамын. Мұндағы басты мақсат - болашағы бар ауылдарды сақтап қалу. Егер жоба сәтті жүзеге асырылса 7,5 мың елді мекен тұрғындарының жағдайын ілгерілету мүмкіндігі туады», - деп атап өтті Нұрсұлтан Әбішұлы. Елбасының бастамаларын әрдайым орындап жүрген аудандық жолдар бөлімі осы жолы да «Құтты мекен» бағдарламасын қолдап, ауыл дамуына өз үлестерін қосып келеді. Өткен 2018 жылы аудан бойынша бірқатар істер атқарылып, ауданымыздың жолдарына сән кіргендей болды. Нақтылайтын болсақ, ауданның ішкі жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жасалынды, яғни, Балпық б...
Толығырақ... Оқылды: 489 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 20.03.2019

ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ...

«Жастар – біздің болашағымыз. Оларды жаңа заманда өмір сүруге үйрету – біздің міндетіміз» Н.Ә.НАЗАРБАЕВ Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында 2019 жыл – Жастар жылы деп жариялаған болатын. Осы орайда, шаттық пен қуанышқа, ақ бата мен молшылыққа толы мерекеде, яғни, наурыздың 14-і көрісу күнінде Еңбекші ауылдық округіне қарасты Зылиха Тамшыбай атындағы шағын орталығы бар орта мектебінің мәжіліс залында «Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады» атты жастармен кездесу кеші өтті. Аталған кездесуге облыс пен ауданымызға еңбегі сіңген мемлекеттік қызметкерлер, ардагер ұстаздар, талай-талай биік белестерді бағындырған өнер майталмандары мен ауданның Құрметті азаматтары қатысты. Атап айтсақ, қазақ киносының алтын қорынан ойып тұрып орын алған «Тақиялы періште» кинофильміндегі Тайлақтың рөлін сомдаған майталман әртіс, ҚР «Мәдениет қайраткері», Алматы облысының Құрметті азаматы Әлімға...
Толығырақ... Оқылды: 650 Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ Уақыты: 20.03.2019

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жеке тұрғын үйлерді аралауды жалғастыруда

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен және волонтерлермен бірлесіп халықты өрт қауіпсіздігі ережелеріне оқытуға бағытталған жеке секторды аралау жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда. Облыс тұрғындарына пешті орнату және пайдалану жөніндегі негізгі талаптар жеткізіледі. Жылыту кезеңі басталғаннан бері 215 мыңнан астам тұрғын үй тексерілді, 277 мың адамды қамти отырып, пештерді, газ жабдығын, электрмен жылыту аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы жадынамалар таратылады. Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен жыл басынан бері тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардың үйлерінде 249 иісті газ датчигі орнатылды. Жеке сектор тұрғындарын оқыту өрттің пайда болуының алдын алудың маңызды мезеті болып табылады, сондықтан ТЖД қызметкерлері жылыту кезеңінің соңына дейін осы бағыттағы жұмысты жалғастыратын болады. Алматы облысы ТЖД жылыту маусымы кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады: - барлық...
Толығырақ... Оқылды: 362 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 15.03.2019

ҚОҒАМ ТАЛАБЫ – ТӘРТІП

Ауылдың тазалығына, көркейіп гүлденуіне атсалысу, қоғамдық тәртіп пен қоғамдық орындарда этиканы сақтау, жеке тұлғаларды тиіспеу, ортақ пайдалану орындарын, яғни, саябақтарды, скверлерді ластамау және қоғамдық тәртіпті, адамдардың тыныштығын бұзбау мақсатында аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Мұқаншы ауылдық округінде «Қоғам талабы- тәртіп» атты «Жалын» студенттік жасағымен акция өтті. Шараға «Жастар ресурстық орталығының» маманы Берік Юсупбаев, «Жалын» студенттік жасағы, Мұқаншы ауылдық округінің әдіскер-нұсқаушысы Абзал Сатаев қатысты. Акция барысында Мұқаншы ауылдық округіне қарасты Көксу бекетіндегі қоғамдық орындарды, орталық көшелерді, дүкендерді аралап, ауыл келбетіне нұқсан келтіріп, қоғамдық тәртіпті сақтамай, құқық бұзушылықтарға жол бергендерге арнайы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, яғни қоғамдық орындарда этиканы сақтау, тұрғын жайларды қорлау, төңірегіндегіле...
Толығырақ... Оқылды: 554 Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ Уақыты: 14.03.2019

Мемлекеттік жәрдемақы кімдерге берілмек?

Елбасының 27 ақпанда “Нұр Отан” партиясының 18- кезекті съезінде берген тапсырмасы бойынша, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға берілетін жәрдемақының көлемін ұлғайту жөнінде аудан бойынша түсіндіру жұмыстары басталды. Осыған орай, ауылдық округтерде түсіндіру жұмыстарын жүргізуге аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айгүл Шаяхметова мен аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Руслан Байменов Айнабұлақ, Алғабас және Мұқыры ауылдарын аралады. Әлеуметтік көмек алу үшін жалғыз төлқұжат жеткілікті. Тұрғылықты жерінде тіркеліп, арнайы комиссияның тексерісінен өткен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар жәрдемақыға ие бола алады. Алайда отбасылық табыс мұқият есептеледі. Мәселен, жанұяда жұмыс істеп отырған адамдардың табысына ауылдық жерде мал асырап отырған отбасылардың мал саны түгел есептеліп қосылады. Осы аталған табыс көздерінің қосындысын сол жанұядағы адамдардың санына шаққанда белгіленген 20789 теңгеден аспауы керек. Ескере кететін...
Толығырақ... Оқылды: 419 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.03.2019

КЕЛЕШЕГІМІЗДІҢ КІЛТІ – ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен 2019 жыл – Жастар жылы деп жарияланды. Жастар қоғамның қозғаушы күші, ең белсенді бөлігі, яғни жарқын болашақ кепілі, ал, болашақ бүгіннен басталады! Қазақстанды дамыған, алдыңғы қатарлы мемлекеттердің арасына қосу біздің қолымызда және бізге артылған үміт пен сенім. «Жастық шағың – жарқын жаздың бейнесі, құтты жаздың ала алсаң, жоқ бермесі», - деп Сәбит Мұқанов атамыз айтқандай, жастық шақ әрдайым қызғалдақ құлпыратын шақ. Бүгінгі жас ұрпақ, ел ертеңі – біздер. Біз – ертеңгі күні ел тағдырын ойлайтын осы жалындаған жастармыз. Ең алдымен біз білім алып, «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз», - деп қазақтың бас ақыны Абай айтқандай, еліміздің білім деңгейін биік шыңға көтеріп, қазақ елін әлемге одан ары мойындатсақ, бізден асқан бақытты мемлекет, қазақ елінен асқан бақытты халық болмас... Киелі Көксу ауданымызда да білімді әрі жалынды жастар аз емес. Сол жастар түрлі шыңдарды бағын...
Толығырақ... Оқылды: 1492 Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ Уақыты: 14.03.2019

ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ

Ақпан айының 14-17 аралығында оңтүстік астанамыз Алматы қаласында грек-рим күресінен 2002-2003жылы туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Осы жарысқа Алматы облысы атынан Көксу ауданы БЖСМ-нің спортшысы Ерасыл Әбілқайыр қатысты. Жарысқа республикамыздың барлық облыстарынан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының спортшылары қатысты. Жарысқа қатысушылар саны 280-нен асты. Тепсе темір үзетін жас жігіттер боз кілемнің шаңын қақты. Екі күнге созылған жарыс өз мәресіне жетіп, жарыс нәтижесі де анықталды. Осы жарыста 71кг салмақ дәрежесі бойынша белдескен дарынды палуанымыз Ерасыл Әбілқайыр ақтық сынға жолдама алар кезде жеңіліс тапты. Қалған Жуаныш белдесулерінің барлығын жеңіп, жүлделі ІІІ орынды иеленіп, қола жүлдегер атанды. Еркін күрестен Алматы облысының чемпионаты Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылында ақпан айының 12-15 аралығында еркін күрестен 2002-2003 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Алматы облысының чемп...
Толығырақ... Оқылды: 512 Санат: СПОРТ Уақыты: 06.03.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.