Жаңалықтар

1179 алакөлдік ағайын жұмыспен қамтылмақ

1179 алакөлдік ағайын жұмыспен қамтылмақ
Толығырақ... Оқылды: 285 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.06.2020

ПРЕСС-АНОНС!

Құрметті әріптестер! 5 маусым күні, сағат 11:00-де «JETISÝ MEDIA» ақпараттық алаңында «Дағдарыс жағдайындағы мемлекеттік сатып алу тәртібі» тақырыбында баспасөз - мәслихаты өтеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі дағдарыстық жағдайлар (төтенше жағдай) кезеңінде әрекет етеді және өзге де тәртіпті көздейді. Спикер: Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит басшысының орынбасары-Мұсабек Азамат Мұсабекұлы;
Толығырақ... Оқылды: 371 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.06.2020

Алматы облысында 720 карантиндік тәртіп бұзушылық анықталды

Эпидемия басталғаннан бері Алматы облысында да 413 КВИ жағдайы тіркелген. Соңғы аптада аурудың өсімі 4,5% - ды құрап отыр. Карантиндік шаралар босағанға дейін бұл көрсеткіш 2,5% - дан аспағанын еске салған жөн. Облыста карантиннің босаңсуына байланысты санэпид қызмет мамандары әкімдіктермен бірлесіп, сауда нысандарына карантиндік режимдердің сақталуын бақылау бойынша жұмысты күшейтті. Облыс бойынша мониторинг тобымен 3690 нысан тексеріліп, 720 карантиндік тәртіп бұзушылық анықталды. «Қазіргі уақытта біз облыстық Прокуратурамен бірлесе отырып, карантин режимін бақылауды күшейту, және аудандық мониторингтік топтарының жұмыстары тиімділігін тексеру үшін облыстық мониторингтік топ құрдық»,-деді Алматы облысы бойынша бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов. Егер, карантин режимін бұзу жалғаса берсе, облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері карантиндік режимді қайта күшейтуге мәжбүр боламын деуде. Аудандар мен қала арасындағы бекеттердің жұмысын...
Толығырақ... Оқылды: 262 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.06.2020

Бақытжан Бұқарбай Алматы облысындағы мектептерге 250 дана кітапты тарту етті

Саясаттанушы, публицист, баспагер Бақытжан Бұқарбай Алматы облысындағы ауылды жерлерге 250 дана кітапты тегін таратты. Ауылды аймақтарға берілген «Күміс кітап» кітабы былтыр бестселлерге айналған. «Жастарымыздың мықты оқырманға айналып, жылына жүз кітап оқығанын қалаймын»,- дейді автор. Бақытжан Бұқарбай «Күміс кітап», «Күнкөрістен кет, байлыққа жет!», «Prezident» кітаптарының авторы. Баспагер жастар арасында кітап оқуды насихаттаумен белсенді айнлысуда. Былтыр бұл мақсатта 150 кітап орта білім ордаларына тегін таратылған болатын. Бақытжан Бұқарбайдың қайырымдылық және әлеуметтік жауапкершілік жолындағы осы бастамасы бұдан әрі де жалғасын таппақ.
Толығырақ... Оқылды: 267 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.06.2020

Бақытты болуға жетелейтің кеңестер

Адам баласы әртүрлі болғанмен бәрімізге ортақ бір нәрсе бар: бәріміздің де бақытты болғымыз келеді. Бірақ бақыт туралы түсінік әркімде әрқалай. Ал даналар бақытты болу адамның түсінік-пайымына байланысты дейді. Сөйтіп бақытты болуға жетелейтін мынадай кеңестер қалдырыпты: 1. Адамды бақытсыз ететін нәрсе – ерік-жігерінің әлсіздігі мен тәуекелсіздік. Адам өзіне сенімді болуы, тәуекел ете білуі керек. 2. Қолға алған істі тоқтатпаңыз. Бүгін бітіруге болатын шаруаны ешқашан ертеңге қалдыруға болмайды. 3. Кез-келген істі сабырмен, өзіңе деген нық сеніммен істеуге тырысу керек. Жылдам қимылдауды асығыс-үсігіс, атүсті істеу деп түсінуге болмайды. Есіңізде болсын, өз ісіне шынайы берілген, шаруаға салқынқандылықпен қарайтын, әр істі нық сеніммен бастап, шыдамдылықпен аяғына дейін жеткізе алатын адам ғана бақытты бола алады. 4. Бойыңыздан жаманшылыққа орын бермеңіз. Жан мен тән тазалығын сақтаңыз. Өзің ешкімді қорлама, өзіңді ешкімге қорлатпа. Мақтаншақтық пен көпірме көпсөзділік адамн...
Толығырақ... Оқылды: 351 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 05.06.2020

ӘМСҚ денсаулық сақтау ұйымдарын қаржылық қиындықтардан қалай қорғайды

«ӘМСҚ» КЕАҚ Басқарма Төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы барысында ауруханалар мен емханалардың қаржылық көрсеткіштеріне валюта бағамының өзгеруі, іскерлік белсенділіктің құлдырауы, халық пен бизнестің кейбір санаттары үшін медициналық сақтандыру жарна/төлемдері бойынша шегерілулер қарастырылғандықтан және карантин тәртібінде медициналық көмектің кейбір түрлерінің қысқаруы әсер тигізгендігін мәлімдеді. Қор басшысы «Аталған себептердің барлығы Қор қызметіне айтарлықтай салмақ түсірді. Осыған қарамастан, Қор медициналық ұйымдарды тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында және азаматтардың медициналық қызметтерге қол жеткізу үшін дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырады. МӘМС жүйесіне түскен қосымша жүктеме жалпы 134 млрд-тан астам теңгені құрайды», – деп атап өтті. Қор медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығына талдау жасап, барлық медициналық қызмет жеткізушілерін шартты түрде төрт топқа жіктеді: I - топ &nd...
Толығырақ... Оқылды: 76 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 05.06.2020

Соттағы татуластыру

Сіздердің назарларыңызға Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановтың үндеуін жариялаймын. «Жау мен дау – егіз», - дейді халқымыз. Дауласу кез-келген, тіпті дамыған елдерге де тән құбылыс. Бірақ, сол дау-жанжалды ушықтырмай шеше аламыз ба? Сол дауды шешу мәдениетіміз қандай? Бізде кез-келген дауды сот шешеді деген көзқарас қалыптасқан. Дегенмен, мынаны білген жөн. Біріншіден, істі қарау ұзаққа созылуы мүмкін. Ол аяқталғанша, бір емес, біраз сот отырысы өтеді. Аппеляция, тіпті кассация шешімі де көңілден шықпауы мүмкін. Екіншіден, бұл үлкен шығын. Мемлекеттік баж төлейсіз, сот шығынын өтейсіз, заңгер жалдайсыз. Жолға, қонақ үйге шашыласыз. Үшіншіден, ашуға ерік беріп, жүйкеңіз жұқарады. Неге десеңіз, сот – дау алаңы. Онда айтысып, тартысуға мәжбүрсіз. Отбасы, достар, жұмыс, бизнес – бәрі шетте қалады. Бұл бер жағы. Кейде тараптар ашуға беріліп, бір-біріне ауыр сөздер де айтып жатады. Егер дауласушылар бір әулеттен болса, онда сол шаңырақтан береке қашады. Ал, дос,...
Толығырақ... Оқылды: 291 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.06.2020

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ҰЛТТЫҢ АЙШЫҚТЫ ТАҢБАСЫ

Биыл Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздеріне – 28 жыл. Ұлттың рәміздері – мемлекеттің ұлттық белгісі. Осыдан 29 жыл бұрын ел тәуелсіздігін алған тұста алғаш рет еліміздің мемлекеттік рәміздері бекітілді. Атап айтқанда, 1992 жылдың 4 маусымы – тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік ту, елтаңба және гимн – мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Көгілдір түсті туымыз бен ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан елтаңбамыз – бүкіл әлемге Қазақстан елінің мемлекеттік бейнесін паш етті. Шәкен Ниязбеков салған мемлекеттік ту да әр сәт сайын төбемізде желбіреп тұр. «Таласқа түссе жан мен ту, жан емес бізге керегі, көк тудың желбірегені» екені даусыз. Егемен Қазақстанның бүгінгі Елтаңбасы екі танымал суретші Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Уәлихановтың қыруар еңбегінің жемісі. «Менің Қазақстаным» – бұл қазақтың жаны. Қазақтың әнұраны – ұлттың табиғи бол...
Толығырақ... Оқылды: 260 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 05.06.2020

АУДАНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

Ауданымыз құрылыс қарқыны бойынша облыста алдыңғы қатарларда тұр. Аудан орталығын айтпағанда, барлық ауылдарда жаңа нысандар бой көтеріп, ел игілігіне берілуде. «Жас келсе, іске» деп бекер айтылмаса керек. Жас болса да өте талапшыл басшы, жан-жақты, алдына мақсат қоя білген аудан әкімі Алмас Әділ келгелі ауданда бірталай істің басы қайырылды. Оқтаудай түзу көшелер, жарқыраған шамдар, жайнаған орталық, әсем ғимараттар, көпқабатты үйлер, жақсы істерді тізбелеп жалғастыра берсек қуаныштан басың айналып, кеудеңді қуаныш сезімі билейді. Бір сөзбен айтқанда аудан тамырына қан жүгірді. Биыл да Көксу ауданында жұмыспен қамтудың жол картасы аясында ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Аптаның басын аудан әкімі бірнеше ауылдардағы нысандардағы жұмыс қарқынын тексеруден бастады. Аудан әкімі мұқият тексеруін шағын ауыл Айнабұлақтан бастады. Биыл теміржолшылар бекетіндегі «Түрксіб-Сібір» теміржолының алтын қазығы қағылып, түйіскеніне 90 жыл. Мер...
Толығырақ... Оқылды: 358 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 05.06.2020

Бақытжан Бұқарбай Алматы облысындағы мектептерге 250 дана кітапты тарту етті

Саясаттанушы, публицист, баспагер Бақытжан Бұқарбай Алматы облысындағы ауылды жерлерге 250 дана кітапты тегін таратты. Ауылды аймақтарға берілген «Күміс кітап» кітабы былтыр бестселлерге айналған. «Жастарымыздың мықты оқырманға айналып, жылына жүз кітап оқығанын қалаймын»,- дейді автор. Бақытжан Бұқарбай «Күміс кітап», «Күнкөрістен кет, байлыққа жет!», «Prezident» кітаптарының авторы. Баспагер жастар арасында кітап оқуды насихаттаумен белсенді айнлысуда. Былтыр бұл мақсатта 150 кітап орта білім ордаларына тегін таратылған болатын. Бақытжан Бұқарбайдың қайырымдылық және әлеуметтік жауапкершілік жолындағы осы бастамасы бұдан әрі де жалғасын таппақ.
Толығырақ... Оқылды: 248 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.06.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.