Жаңалықтар

Алматы облысында медұйымдарды қолдауға бағытталған ӘМСҚ-ның дағдарысқа қарсы шаралары қаралды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында (ӘМСҚ) Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы өтті. Іс-шараның өтуіне себепкер болған белгілі қазақстандық журналистер мен блогерлер – Қоғамдық кеңес мүшелері болды. Отырыс барысында Қор басшысы Айбатыр Жұмағұлов қазіргі таңда халықты толғандыратын келесідей сұрақтарға жауап берді: ӘМСҚ қаражатының жұмсалуы; эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын медицина қызметкерлерінің үстеме ақысы; КВИ-ға ПТР-тестілеуден сақтандырылған адамдардың өту мүмкіндігі жайлы тақырыптар қозғалды. «Біз халықты ақпараттандыру және пациенттерден кері байланыс алу бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізудеміз. Осы мақсатта Қорымызда сапалы медициналық қызмет көрсетуді дамыту үшін, өзекті мәселелерді талқылауға арналған Қоғамдық кеңес құрылды. Оның құрамында жұмысты әділ бағалайтын түрлі салалардың тәуелсіз сарапшылары бар. Бүгінгі отырыс осыны растайды», – деп атап өтті Айбатыр Жұмағұлов. Сонымен қатар, отырыста коронавирус індеті жағдайында...
Толығырақ... Оқылды: 273 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.05.2020

Салафилікті ұстанушылардың мемлекет,мәдениет және салт – дәстүрге қатысты ұстанымдары

Салафилер зайырлы немесе кез – келген исламдық емес заңдар аясында өмір сүріп жатқан қоғамнан оқшаулануға үндейді. Яғни, ислам шариғатына қайшы келмесе де шариғат үкімдерін қайтарушы деп зайырлы мемлекет пен оның заңдарын жоққа шығарады. Осылайша, олар қоғамның этно – мәдени және конфессиялық үйлесімін бұза отырып, өздерін ғана шынайы ислам дінінің ұстанушылары деп жариялайды. Сол арқылы зайырлы үкіметке қарсы шығуға, мемлекетті құлатуға бағытталған көзқарастарды қалыптастырады. Салафилердің басты идеологы Мұхаммед ибн Абд әл – Уаһһаб исламға жатпайтын кез – келген заңдар мен құқықтық жүйелерге жүгінуді күпірлік деп, ондай заңдар арқылы үкім ететіндерді «кәпір» деп санаған. Салафилердің түсінігінше шариғат заңдарымен үкім шығармайтын басшылар да, олар басқарып отырған ел де кәпір болып саналады. Мұндай мемлекетті «тағұт» мемлекеті деп атап, оған қарсы жиһад (қарулы соғыс) жариялайды. «Тағут» туралы түсінік уаһабшылдық &ndash...
Толығырақ... Оқылды: 389 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 29.05.2020

Ақсу қант зауытында жаңа маусымға дайындық жүріп жатыр

Ақсу қант зауытында жаңа маусымға дайындық жүріп жатыр. Бұл жұмыстардың барысын Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров көріп қайтты, деп хабарлайды «JETISÝ MEDIA» zhetysu.gov.kz -ке сілтеме жасап. Зауыттағы қалпына келтіру жұмыстары 18 мамырдан басталды. Қазіргі кезде цехтар тазаланып, тозған бөлшектер жаңасына ауыстырылуда. Бұған дейін «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ арқылы жалпы саны 288 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары мен құрал-жабдықтар сатып алынып, «Ақсу Қант» ЖШС-ға лизингіге берілген болатын. Серіктестікке кадр тарту мақсатында «Ақсу Қант» ЖШС мен жергілікті политехникалық колледж арасында 50 қажетті арнайы маман дайындау туралы келісімшарт жасалған. С.Бескемпіровтің айтуынша, қазір кәсіпорында 120 адам жұмыс істейді, жазғы маусымда тағы 100 адам еңбекке тартылады, ал іске қосылғанда зауытқа 600-дей адам еңбек етеді: «Көріп тұрғанымыздай, жалпы жөндеу жұмыстары жоспар бойынша жүріп жатыр. Биылғы...
Толығырақ... Оқылды: 278 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.05.2020

«Halyk» қоры Алматы облысының 2000 отбасына азық-түлік себетін тегін таратты

Халық банкі АҚ «Халық» қайырымдылық қоры және Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен өңірдегі 2000 отбасыға 6000 азық-түлік себеті таратылды. «Халық» қоры Еліміздегі төтенше жағдайда көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын созып, көмек көрсетуде. Азық-түлік жиынтығында күнделікті тұтынатын қажетті тағамдар: күріш, ұн, макарон, май, шай, қант және тәттілер бар. Бүгінде гуманитарлық көмек ауданға жөнелтілді және олар тұрғындарға жергілікті әкімдіктер берген тізімге сәйкес, Halyk Bank қызметкерлері мен еріктілермен таратылады.»,- деді Айдар Жакупов. Жұмыла көтерген жүк жеңіл»-, демекші «Халық» қорына еліміздегі Бейбіт Әлібеков, Анвар Жұмағұлов, Айдар Жақұпов сынды кәсіпкерлер, блогерлер мен қоғам қайраткерлері де қолдау көрсеткен. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ
Толығырақ... Оқылды: 247 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.05.2020

Амандық Баталов халықты сақтық талаптарын орындауға шақырды

«Талдықорған көшелерінде жайбарақат жүргендер көп. Маска тақпайды. Қала әкіміне шаруаны мықтап тапсырдым»,- деп айтты Амандық Ғаббасұлы баспасөз-мәслихатында. Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ел алдына шығып коронавирус төңірегіндегі барша сауалға жауап беріп, атқарылған шаралар мен қазіргі аумақтағы ахуалға тоқталды. Бүгінгі күні облыста коронавирусқа шалдыққан науқастар саны 305-ке жеткен.Оның 181-і дерттен құлан-таза айыққан. Медицина қызметкерлерінің бақылауында 1415 адам бар. Үй карантинінде 1085 адам жатыр.Қазіргі таңдаіндеттің 31аймақтакарантин режимі алынған. Алматы облысында Талдықорған, Кеген, Талғар аудандары кеселдің ошағы болып отыр. Қазіргі кезде коронавирусқа шалдыққандарды анықтау үшін 6 зертхана жұмыс жасап жатыр. Алдағы уақытта тағы бір зертхана өз қызметіне кіріседі. Мемлекет пандемия кезінде халықтың тұрмыстық жағдайында назардан тыс қалдырмады. Мәселен, тек Алматы облысының 545 мың тұрғыны 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік т...
Толығырақ... Оқылды: 274 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.05.2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - баршамызға ортақ іс.

Сыбайласжемқорлыққоғамдықөмірдегіеңқауіптіфакторлардыңбіріболыптабылады,олмемлекеттіңжалпыұлттыққауіпсіздігініңжағдайынағанаемес,соныменбіргеоныңбарлыққұрамдасбөліктерінедезияндыәсеретеді. Мемлекеттіксатыпалу,мемлекетқаржысынталан-таражетіп,ысырапқылу,жертелімінзаңсызберу,дүние-мүлкін,ақшакапиталынсалықдекларациясынан,яғнимемлекеттенжасырыпқалусияқтымемлекетқалтасынақауіптөндіретінжатқылықтарәлідебаршылық. Қәзіргітаңдақоғамымызға,қауіптөндіріп,орасанкеселкелтіретіносынаукелеңсізәлеуметтікқұбылысқақарсышараларқатаңқолғаалыныпжатыр. ЖемқорлықпенқарсыкүресҚазақстандағымемлекеттіксаясаттыңбастыбасымдықтарыныңбіріретіндеанықталған. ОсығанорайҚазақстанРеспубликасыПрезидентінің2015жылғы29желтоқсандағы№154Жарлығын(2019жылғыжемқорлыққақарсыіс-қимылтуралыұлттықбаяндамасыжарияланды). АталғанбаяндамаҚазақстанныңсыбайласжемқорлыққақарсысаясатыніскеасырунәтижелерітуралықоғамдыхабардаретуүшінқалыптастырылады.Ондасыбайласжемқорлыққақарсыіс-қимылсаласындағымемлекеттікоргандар,квази...
Толығырақ... Оқылды: 297 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.05.2020

Алматы облысында COVID – 19 індетінен көз жұмғандар жоқ

Алматы облысында 179 адам коронавирус инфекциясынан айықты. Бұл туралы«JETISÝ MEDIA»ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды. Аты жаман ауруға шалдыққандар саны облыс бойынша 288 адамды құрап отыр. Жұқпалы аурулар ауруханасында 97 адам ем-дом қабылдауда. Олардың 13-і үйдегі карантинге жабылған. «Өңірдегі індет жұқтырғандар санының өсуі халықтың карантиндік сақтық шараларын сақтамауымен тығыз байланысты»,- дейді Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ. Облыста аталған кеселді анықтайтын 6 бірдей зертхана жұмыс жасайды. Тәулігіне 2,5 мың адамнан сынама алынады. Жақын арада 7-ші «Олимп» талдау мекемесі өз жұмысын бастайды. Аталмыш, зертхана іске қосылса онда тәулігіне алынатын талдаудың саны 3 мыңға жетеді деп күтілуде. Бүгінгі күні коронавирус инфекциясына шалдыққандағы өсу көрсеткіші4,6%-дықұрап отыр. Ал, аталған көрсеткіш7%-ға жеткен уақыттаоблыс орталығын карантинге жабу қауіпі туындайды....
Толығырақ... Оқылды: 262 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.05.2020

ОНЛАЙН «СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ»

25 мамыр күні еліміздің барлық мектептерінде оқу жылының аяқталуына орай соңғы қоңырау онлайн режимде соғылады. Бұл шара ҚР Білім және Ғылым вице-министрі Шолпан Каринованың тапсырмасына сәйкес жүргізіледі. Білім саласында осы апта маңызды екендігін ескере отырып, тоқсандық бақылаулардың дұрыс өткізілуін қадағалауда ұстадық. 25 мамырда соңғы қоңырау мерекесі міндетті түрде онлайн режимде өткізілетіндігіне назар аударудамыз. Ал 3-4 маусым күндері барлық 11-сынып түлектеріне аттестат тапсыру шараларын ұйымдасқан және талаптарды сақтай отырып өткізуді ұсынамыз», - деді Шолпан Каринова министрліктің Facebook-тегі парақшасында онлайн режимде өткен аппарат жиналысында. Осы ретте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғарыда аталған ұсыныстар еліміздің Денсаулық сақтау министрлігімен келісілгендігін атап айтқымыз келеді. «25 мамырда онлайн режимінде 1-10 сыныптарға арналған соңғы қоңырау сынып сабақтары өткізіледі. Жыл қорытындысы бойынша әр сынып оны әртүрлі уақытта ұйымдастырад...
Толығырақ... Оқылды: 171 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 24.05.2020

Алматы облысының аудан, қала әкімдерінің баспасөз хатшылары 20 отбасыға көмек көрсетті.

Баспасөз хатшылары жинаған қаражаттарына Еңбекшіқазақ ауданының көп балалы және аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік азық-түлік пакетін таратты. Қазіргі қиын қыстау кезінде біздің ұжым азда болсын жинаған 213 мың теңгеге 20 жанұяны қуанттық. Кәсіпкерлер, қайрымды жандар ел бойынша көптеген жанұяларға көмек көрсетіп жатыр. Бізде өзіміздің қолымыздан келгенді жасауға тырыстық,- дейді Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Динара Төлемісова. Айта кету керек, төтенше жағдай кезінде аудан бойынша 56 млннан астам сомада 6607 отбасыға әлеуметтік азық-түлік пакеті таратылған.
Толығырақ... Оқылды: 248 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.05.2020

Телеграм-ботта ХҚО-ға кезек брондау мүмкіндігі пайда болды

Қазақстандықтарға қолайлы болу үшін ХҚО-ға кезекті брондау әдістерінің түрі көбейтілді. Енді қызмет алушылар ХҚО-ға кезекті тек egov.kz порталында немесе 1414 байланыс орталығы арқылы ғана емес, сондай-ақ eGovKzBot2.0 телеграм-ботының көмегімен де брондай алады. Ол үшін қызмет алушы мобильді азаматтар базасында тіркелуі керек және оның ұялы телефонына телеграм қосымшасы жүктелген болса болғаны. Мобильді азаматтар базасына egov.kz электронды үкімет порталындағы виртуалды ассистенттің көмегімен тіркелуге болады. Сонымен, ХҚО-ға кезекті брондау үшін пайдаланушы мәзірден «ХҚО-ға кезекті брондау» қызметін таңдайды. Ары қарай жүйе мемлекеттік қызметтерді алуға ыңғайлы аймақты, ХҚО мекенжайын, бару мақсатын, ыңғайлы күні мен уақытты таңдауды ұсынады. Барлық қадамдар жасалған соң қызмет алушының ұялы телефонына оның ЖСН, таңдалған ХҚО мекенжайы, күні мен уақыты көрсетілген sms келеді. ХҚО-ға келген кезде осы sms-хабарламаны көрсету арқылы кезекті алдын ала брондағаныңызды растай...
Толығырақ... Оқылды: 260 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.05.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.