Жаңалықтар

АБАЕВ БЕЙБІТ ЖИНАЛЫСТАР ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫНЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕ АЙТЫП БЕРДІ

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Алматыда өткен азаматтық қоғаммен кездесуде «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» заңы туралы айтты, деп хабарлайды « Jetisu Media» ақпараттық алаңы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап. «Мен бірінші кезекте бұл жерге сіздерді тыңдау үшін келдім. Сосын сұрақтарыңызға жауап беріп, пікірлеріңізді тыңдағым келді. Екі сөзбен айтқанда, 1995 жылы қабылданған заңға өзгеріс енгізсек пе деп ойладық. Бірақ, талқылау мен талдау кезінде өзгеріс енгізгенше жаңа заң қабылдаған дұрыс екендігі анықталды. Нақты өзгеріс енгізу мүмкін болмай шықты. Жаңа концептуалды заң қабылдау керек», - деді Дәурен Абаев «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» заңын талқылау кезінде. Министр жаңа заңның күшті тұстарын да тіл...
Толығырақ... Оқылды: 291 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.02.2020

Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхенге жұмыс сапарымен барды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мюнхенге жұмыс сапарының бірінші күні жемісті өтті, деп хабарлайды « Jetisu Media» ақпараттық алаңы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап. "Мемлекет басшысы бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп, Қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясының ресми ашылу рәсіміне қатысты", - деп мәлім етті Берік Уәли. Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Мюнхен қаласына жұмыс сапарымен келді. Сапар бағдарламасы аясында Президент Мюнхен қауіпсіздік конференциясының панельдік пікірталасына қатысады. Айта кетейік, Қазақстан Президенті бірнеше мемлекеттің басшыларымен, халықаралық ұйымдардың, Германияның ірі компанияларының жетекшілерімен, сондай-ақ академиялық топтардың өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланған. Мемлекет басшысы германиялық компанияларға Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы айтты. Сонымен қатар, ҚР Президенті Мюнхенде Германияның үздік компанияларының...
Толығырақ... Оқылды: 325 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.02.2020

Қордайдағы қақтығыс: айыптылар анықталуда, жағдай бақылауда

Жұма күні кешқұрым Жамбыл облысының Қордай ауданы Масаншы ауылы тұрғындарының арасында топтық төбелес орын алды. Полицияның күшімен ауылдағы төбелес тоқтатылып, жағдай бақылауға алынды. Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, облыстық Тергеу басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 293-бабы, яғни бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды « Jetisu Media» ақпараттық алаңы egemen.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айрықша назар аударып, өзінің Twitter-дегі парақшасында «Жамбыл облысы Қордай ауданында бұзақылық сипаттағы жаппай төбелес болды. Оны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болған. Полиция жағдайды реттеп, өз бақылауына алды. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар жауапкершілікке тартылады», деп жазған болатын. Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. Мемлекет басшысы қақтығыс кезінде қаза болған азаматтард...
Толығырақ... Оқылды: 324 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.02.2020

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туркфильм» фестевалі өтеді

Ұлттық саясат ұлттың рухани жаңғыруына негізгі басымдылықты беріп отыр. Еліміздің эволюциялық дамуын қамтамасыз ету жолында қоғамдық сананы жаңғырту үшін жалпыұлттық құндылықтарды тереңдетуге мән бере отырып, рухани саланы түпкілікті түрлендіру «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының ел перзенттерінің алдына қойған тапсырмасы деуге толықтай негіз бар. Мемлекеттің жүктеген міндеттерін айрықша екпінмен орындау ұлттың ұландарына парыз. Туған топырағынның қадірін түйсіне білетін азамат үшін рухани құндылықтарды дәріптеп, жаңғыру жолындағы жаңа қадамдарға аяқ басу бұл еліне деген өлшеусіз құрметі болып табылмақ. Бүгінгі таңда тұтас елдің болашағын бағдарлауға арналған, бағытын айқындаған Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы біз сөз басында айтып өткен ұлттық сипаттағы саяси сарынды саралау мен сапалы қызмет атқаруға шақырады. Осы тұста Алматы облысыда қалыс қалмақ емес. Мәселен, 2019 жылы «Рухани ж...
Толығырақ... Оқылды: 314 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.02.2020

Есіңізде болсын!

Егер сіз шетелге жол жүретін болсаңыз, міндетті түрде паспорт жасатуыңыз керек! Қазақстан Республикасы азаматының паспортын қалаған уақытта рәсімдеуге болады. Бұл құжатты алу үшін ХҚО-дағы миграция қызметінің мамандарына келесі құжаттардың бірін ұсынасыз: ✅ туу туралы куәлiк (16 жасқа толған соң жеке куәлiк); ✅ҚР азаматының паспорты (паспорт ауыстыратын кезде); ✅ жеке куәлiк ✅ iшкi iстер органдары беретiн белгiленген нысандағы ҚР азаматтығына қабылданғаны туралы анықтама; ✅ Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерi берген қайтып оралу куәлiгi; ✅ еркін түрдегі жазбаша өтініш (азаматтың хал актісіне туу туралы, туған жері, ұлты туралы өзгерістерді енгізе отырып айқындамалық деректерді өзгерткен, жоғалған жеке куәлік және (немесе) паспортты қалпына келтіру мәселесі бойынша жүгінген кезде). Егер балаға паспорт рәсімдейтін болсаңыз:
Толығырақ... Оқылды: 303 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.02.2020

Облыстық жоғары спорт мектебі республикада топ жарды

Алматы облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі "Үздік спорттық ұйым 2019" Республикалық байқауының жеңімпазы атанды. Бұл туралы «Jetisy media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Нүркен Қанатұлы мәлімдеді. Негізінде спорт мектебінде жалпы саны 67 жаттықтырушы 56 топпен, контингенті 378 спортшымен жұмыс атқарды. Мектепте спорттың 19 түрімен шұғылдануға болады, соның ішінде 13 олимпиадалық спорт түрлері, 4 олимпиадалық емес және 2 ұлттық спорт түрі бар. Өткен жыл аталған ұйым үшін жемісті болды. Үміт артқан спортшы ұл-қыздар бірталай атақ-дәрежелерге қол жеткізді. Енді «Жоғары спорт мектебінің» шәкірттерінің қатарында «ҚР еңбек сіңірген спорт шебері», 4 бірдей «ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 18 «ҚР спорт шеберлері» тәлім алады. Мұнымен жетістіктер таусылмақ емес, бұл мекетептің баптаған сайып қырандары Қазақстан республикасының құрама к...
Толығырақ... Оқылды: 339 Санат: СПОРТ Уақыты: 14.02.2020

Алматы облысында туристік сала қарқынды дамуда

Сұлулығымен тамсандырған, ақындардың жырына арқау болып, талайларға ән салдырған киелі Жетісуды сөзбен суреттеп жеткізу мүмкін емес. Табиғаттың барлық сұлулығын өз бойына жинап алған Жетісудың өзен-көлдері, тау-тастары мен жазық даласы сан мыңдаған тарихтан сыр шертеді. Облыста 7 ірі өзеннен бөлек, ыстық шөлдалалар, мыңдаған шағын және үлкен сарқырамалар, көлдер мен өзендерді, ормандар мен Алатаудың қарлы шыңдарын кездестіруге болады. Жетісу өңірі Сиверс алмасының отаны болып есептелінеді. Бұл өлкенің көркем табиғаты туристердің көз жанарын жаулайтыны анық. Осы себепті Жетісу өлкесі саяхатшылардың аялдайтын мекені болуға әбден лайықты. Туристерді тұрақты түрде қабылдайтын аймақтың дамуы мен келешегіне қатысты туристік жобалардың бірқатарын Алматы облысының туризм басқармасының басшысы Жанар Алчимбаева айтып берді. Бәрімізге айқын, жеті өзені тоғысқан ұлы өлке шығыста Қытай Халық Республикасымен шектесіп, Солтүстік Тянь-Шань жоталарының арасында орналасқан. Теңдесі жоқ қазақ жерін...
Толығырақ... Оқылды: 123 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 14.02.2020

ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ: КІМ КІНӘЛІ...

«Бала тәрбиесі – өнер,жекебірғылымиесіболудытілейтінөнер», - дегенекенМ.Жұмабаев. Қандайтауып айтылғанданалы сөз. Тәрбие арқылыадам тағдырышешілетінін,оныңбілімді тұлға болып қалыптасатынын, елдіңберіктірегіболатынын көрсетеді. Тәрбие – қашан да отбасынан басталады.Әр халықтың тәлім-тәрбиелік мұрасы - ұлттық мәдениетінің маңызды белгісі болып табылады. Ұлт тәрбиесінің сезімдік әсері зор. Сондықтан халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар.Қазақ табиғатында отбасы иелері ең әуелі өз ұлы мен қызының алдында тәрбиелі, өнегелі, көргенді, үлгілі болуға тырысқан. Оның ең басты себебі, «ұлдың ұяты - әкеде, қыздың ұяты - шешеде» деп бағалағандықтан. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ерекше назар аударып, «Беске келгенше балаңды хандай ұста, он беске дейін құлдай жұмса, он бестен кейін досыңдай көр» деп, баланың ой-өрісі даму кезеңін ерекше бағалаған. Қазаққа тән игілік пен ұлтт...
Толығырақ... Оқылды: 2574 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 13.02.2020

Хабарландыру!!!

Балпық ауылдық округі бойынша газ тарту жұмыстарын «BSP GROUP LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Округ бойынша 2020 жылдың басынан бастап тұрғын үйді газға қосылу құны 320 мың теңгеден 250 мың теңгеге түсіп, жеңілдіктер жасалуда. Бұл жеңілдіктер ағымдағы жылдың 1-ші наурыз айына дейін жалғасын табатын болады. Сонымен қатар бұл жеңілдіктің ішінен тағы бес санат бойынша жеңілдіктер қарастырылған. Олар, 1. Ұлы Отан соғыс ардагерлері және оған теңестірілген адамдар-100 % 2. Атаулы әлеуметтік көмек алатындарға-20% 3. Ауған соғысының ардагерлері және чернобыльға қатысқандарға-20% 4. 1-топ мүгедектерге-20% 5. 2-топ мүгедектерге-15% Бұл санаттағы адамдардың тұрып жытқан тұрғын үйлері өз жекеменшігінде болуы шарт.
Толығырақ... Оқылды: 368 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 13.02.2020

Қазақ күресінің атауы өзгеретін болды

Қазақ күресінің атауын өзгертуге қатысты бірнеше ұсыныс түсті, олардың арасында "балуан күресі", "күрес", белдесу", "тік күрес", "бас күрес", "бәс күрес" деген атаулар бар Жыл соңына дейін қазақ күресінің атауы өзгереді. Осыған орай арнайы ғылыми топ құрылды. Негізгі мақсат – ұлттық спортымызды халықаралық дәрежеге көтеріп, Олимпиада бағдарламасына қосу. Ол үшін қазақ күресінің бейтарап бір атауы болуы қажет. Профессордың ұсынысы Қазақ күресі киімінің авторы, профессор Елемес Әлімханұлы қазақ күресінің халықаралық атауына атүсті қарауға болмайды деп отыр. Оның мағынасына терең үңіліп, ғылыми тұрғыда таңдаған жөн. Әйтпесе, бүгінде негізсіз ұсыныстар жоқ емес. "Енді, кез келген ұсыныстың нақты бір негізі болуы керек деп ойлаймын. Дәлелі де салмақты болған жөн. Мысалы, өткенде біреу "тік күрес" болсын депті. Ал сондай атау бола ма екен? Ондай ұсыныстарға дәлел келтіру керек", - дейді Әлімхан...
Толығырақ... Оқылды: 338 Санат: СПОРТ Уақыты: 13.02.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.