Жаңалықтар
Зайырлы мемелекет және дін |
Қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтардың үшіншісі – зайырлы қоғам мен жоғары руханият. (Н.Ә. Назарбаев) Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабы, 1-тармағында «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары»-делінген. Мемлекетіміздің басты қазынасы – адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары болғандықтан азаматтарымыздың өзі қалаған дінге сенуі конституциялық құқықтарының қатарынан табылады. Ата заңымызға сәйкес азаматтарымызды тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты, сондай-ақ басқа да жағдаяттар бойынша кемсiтуге тыйым салынған. Ата Заңымыздағы осы айтылған қағидалар мемлекетіміздің зайырлы сипатта екендігінің басты нышандары.... |
Толығырақ... Оқылды: 1702 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 30.03.2021 |
Сөздік қорды қалай байытуға болады? |
Сөздік қорды байыту және көпшілік алдында еркін сөйлеу үшін кітап оқыған пайдалы. Бұған қоса қосымша көмегі тиер әдістерді де қолданған жөн. Тіл байлығын дамытып, сөз қорын байытудың ең дұрыс жолы – кітап оқу. Бұл орайда көрінген кітап емес, қазақ әдебиетінің классикалық шығармаларын көбірек оқуға кеңес берер едім. Жай судыратып оқып шықпай, әр сөзін ұғынуға тырысқан жөн. Түсінбеген сөздер болса, түсіндірме сөздіктердің көмегіне жүгінсеңіз болады, - дейді маман. Жаңа сөзді немесе сөз тіркесін есте сақтаудың түрлі әдістері бар. Біреу кітап оқығанда ұнаған тұстарын түрлі түсті қаламмен сызып кетсе, енді біреулер арнайы қойын дәптеріне жазып алып жүреді. Журналист Анар Мыңбаева да кейінгі айтқан әдісті қолдануды құп көреді. Ұнаған сөз тіркестерін, әдемі цитаталарды жазып отыратын арнайы дәптер арнаңыз да, соған түртіп алып жүріңіз. Бірақ жаңа сөздер сол дәптер беттерінде қалып қоймауы тиіс. Оқыған кітаптарымыз – пассив сөз қорына қосылады. Санамызда жатталып, белсенд... |
Толығырақ... Оқылды: 1595 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 30.03.2021 |
Жер сатылмайтын болды |
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге ауыл шаруашылық жерлерді сатуға және жалға беруге заң түрінде тыйым салуды тапсырған болатын. Тоқаев бұл мәлімдемені жер сатуға қойылған мораторий мерзімі аяқталар тұста, қоғамда жер сатпау туралы мәселе жиі көтеріліп жатқан кезде жасады. Ол: - Жер мәселесі маңызды. Қазақтың жері шетелдіктерге сатылмайды. Бұған қатысты қауесеттерді тоқтату керек. Сондықтан мен нақты мынадай шешім қабылдадым, біріншіден, шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылық жерлерін сатуға, жалға беруге заң жүзінде тыйым салуды тапсырамын. Бұл шетелдіктердің үлесі бар заңды тұлғаларға да қатысты шешім. Мен мұны жедел түрде жүзеге асыру қажет деп шештім. Президент әкімшілігі бұл мәселеге қатысты қажетті заң жобасын әзірлеуі керек. Екіншіден, бір ай ішінде жер реформасы жөніндегі комиссия құрып, 25 наурызда жұмысқа кірісуді тапсырамын, - деді Тоқаев 25 ақпанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында. Қасым-Жомарт Тоқаев көпті толғандырып, жүрген ө... |
Толығырақ... Оқылды: 1499 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 30.03.2021 |
Қызылтоған тарихы |
Ауыл – ата-бабамыздың өмірге келіп, кіндік қаны тамған, маңдай тері төгілген киелі ата мекені.Ананың әлдиі, аяулы алақаны қандай қымбат болса, ауыл соның негізгі ұясы. Ауыл – қазақтың алтын бесігі. Сұлу сөз өрнектеген ақын, ән тербеген сазгер, қызыл тілді шешен, ел қорғаған қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан. Біз үшін, туған ауылдың тарихын білу қымбат қазына. Ауыл – сол жерде өмір сүрген барша халықтың шежіресін жазып беретін мәнгілік кітабы. Өзінің туған жерін жан жүрегімен сүйіп, сырын ұғып өскен ұрпақ ұлттық болмысын сақтай алады деп ойлаймын. Алатаудың мұз балақ ақыны Мұқағали Мақатаев: Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы, Бұдан артық рахат табылмайды, – деп туған жерге деген ыстық сезімін жырға қосқан болатын. Міне осындай туған жерге деген ыстық ықыласымыз ауылымыздың тарихы жайлы қалам тербеуге шабыт берді. Жалпы Қызылтоған ауылы атауының шығу тарихына қатысты айтып өтейін. 1926 жылы советтендіруге байланысты қыстау-қыстаудағы ха... |
Толығырақ... Оқылды: 1650 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 30.03.2021 |
Ел болам десең, бесігіңді түзе |
Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық, Арам, айла, зорлықсыз мал табалық. Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік Бір білімді данышпан жан табалық! – деп Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жастарға» атты өлеңінде айтылғандай, қай заманда болмасын халқымыз жастардың болашағына аса үлкен мән берген. Текті ұрпақ, саналы жастар барда, еліміздің іргетасы берік әрі мықты боларына сенген. Тарихтың алтын парақтарына үңілсек, талай қиындықтың артта қалғанын көреміз. Мал соңында өткен көшпенділік пен үш жүз жылға созылған патша отаршылығы ұлт болып қалыптасуымызға қауіп тудырғаны жасырын емес. Соған қарамастан халқымыз ұрпақ тәрбиесін назардан тыс қалдырмаған. Атейстік ұғым асқақтап тұрған Кеңес Одағының тұсында баласының тәртіпті де тәрбиелі болғанын қалаған ата-аналар ұрпағын оқытуға ұмтылды. Ақсақалды қариялардың ақыл-кеңесін тыңдап, тағылымды тіршілігінен тәлім алған жандар сол кезеңдегі ұлттық тәрбиенің терең болғанын айтады. Халық ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінен қаз... |
Толығырақ... Оқылды: 1625 Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ Уақыты: 30.03.2021 |
Орман ел дәулеті, жер сәулеті |
«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жанын ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі үшін еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа» -деп Тұңғыш президентіміз Н. Ә Назарбаев айтқандай, рухани жаңғырудың бір бөлімі «Туған жер» бағдарламасына арналған. Әрбір азамат өз туған жерін, өскен ортасын бірінші орынға қоюы керек. Шама шарқынша өз туған ауылының көркейіп, гүлденуіне ат салысу керектігін және Рухани жаңғыру мақаласын қолдай отырып Жарлыөзек ауылдық округінде ағаш отырғызу акциясы аясында 26 наурыз күні «Орман ел дәулеті, жер сәулеті» атты тақырыбында өтті. Мұқаншы ауылыдағы өзен бойына көптеген жеміс ағаштары мен басқа да ағаш түптері отырғызылды. Игі іс- шара ауыл жастары мен тұрғындарының қатысуымен өтті. Шара барысында 1000 түп ағаш отырғызылды. Жарлыөзек ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы А.Максимова |
Толығырақ... Оқылды: 1544 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.03.2021 |
|
Толығырақ... Оқылды: 1544 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.03.2021 |
"INTEGRITY – сыбайлас жемқорлық қақарсы пікір таласалаңы |
Бүгінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган бола отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және осы жағымсыз құбылысқа төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі мақсатты саясатты іске асырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды элементі азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл болып табылады. Себебі тек азаматтық қоғамның және барлық бей-жайқарамайтын азаматтардың белсенді қатысуымен сыбайлас жемқорлықты жоюға және оң нәтижелерге қолжеткізуге болады. Бұлбағытта Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "INTEGRITY – сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікір таласалаңы " жобасын іске қосуда. Жоба аясында жастар, мемлекеттік қызметшілер, азаматтық сектор, ҮЕҰ, бизнес-қоғамдастық, журналистер, құқық қорғау органдарының өкілдері, тәжірибелі психологтар, заңгерлер, адвокаттар, судьялар, оқу орындарының оқытушылары жәнет.б.түрлі фокус-топтар қамтылатын ANTIKOR ORTALYGY алаңын да сараптама алаңын ұйымдастыруды к... |
Толығырақ... Оқылды: 1585 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.03.2021 |
«АШЫҚ БЮДЖЕТТЕРДІҢ ИНТЕРАКТИВТІ КАРТАСЫ» |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бюджет қаражатының шығысы бойынша ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдету, азаматтардың мемлекетке деген сенім деңгейін арттыру, сондай-ақ тиімді диалог платформасын құру мақсатында "Ашық бюджеттердің интерактивті картасы" (publicbudget.kz) жобасын жүргізуде. Бүгінгі күні карта қоғамдық бақылау мен Мемлекет басшысының "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын құру жөніндегі тапсырмасын іске асырудың пәрменді тетігіне айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша кеңесте аталмыш ақпараттық жүйенің тиімділігі жоғары екенін атап, "Ашық бюджеттердің интерактивті картасы 7 триллион теңгеден астам бюджет қаражатының жұмсалуы бойынша ақпараттың қол жетімділігін қамтамасыз етті" деген болатын. Бұл бастама сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасы бойынша жүзеге асырылатын ТМД кеңістігіндегі бірегей жоба екендігін айта кету керек. Картада нақ... |
Толығырақ... Оқылды: 1586 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.03.2021 |
75 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды |
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында 2020 жылғы атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 20-65-7.45 тапсырмасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне тексеру комиссияларымен бірлесіп, бюджеттің барлық деңгейлерінде дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға бағытталатын қаражаттың жұмсалуына жүйелі және кешенді мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды. Аталған тапсырманы орындау мақсатында Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясымен 2020 жылдың наурыз айынан бүгінгі күнге дейін дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға бағытталатын қаражаттың жұмсалуына жүйелі және кешенді мониторинг жүргізілуде. Облысымызға дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға 2020 жылы жалпы сомасы 158 166,9 млн. теңге қаражат қарастырылған, оның ішінде: 77 086,2 млн. теңгесі республикалық бюджеттен, 14 904,8 млн. теңгесі жергілікті бюджет есебінен, 66... |
Толығырақ... Оқылды: 1731 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.03.2021 |