Жаңалықтар
«САПАЛЫ ЖОЛ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТАЛДЫҚОРҒАН ЖОЛДАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ |
Алматы облысы бойынша департамент а.ж. 8 сәуірінде «Жол активтері сапасының Ұлттық орталығы» РМК филиалы, Полиция департаменті, жергілікті әкімшілік және БАҚ өкілдерімен бірлесіп облыс орталығының автожолдарына мониторинг жүргізді. Қала жолдарына мониторинг жүргізу барысында жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жол төсемінің көптеген ақаулары анықталып, осыған байланысты Полиция департаментінің қызметкерлері уәкілетті қызметшілерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды. Айта кету керек, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады. |
Толығырақ... Оқылды: 2029 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.04.2021 |
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ I ТОҚСАНДАҒЫ БИЗНЕСТІ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СҮЙЕМЕЛДЕУ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫН МӘЛІМДЕДІ |
Бизнес пен инвестицияларды сыбайлас жемқорлық қысымынан және әкімшілік кедергілерден қорғау бүгінгі күні мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Бұл бағытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Protecting business and investments» бизнес пен инвестицияларды қорғау жобасын іске асыруда. Оның негізгі міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге өтініш білдірген инвесторлар мен кәсіпкерлер жұмысында төрешілдік кідірістер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау болып табылады. Бүгінгі күні Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сүйемелдеуімен жалпы сомасы 750 млрд. теңгеден асатын 66 жоба бар. Бұл ретте, ағымдағы жылдың І тоқсанында осы жобаға шамамен 45 млрд. теңге инвестициялық портфелі бар облыстың 9 компаниясы қосылды. Есепті кезеңде Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне қол қойылған келісім шеңберінде 6 компания түрлі проблемалық мәселелер бойынша жүгініп, өздерінің заңды шешімін та... |
Толығырақ... Оқылды: 2110 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.04.2021 |
АНТИКОРДА «САПАЛЫ ЖОЛ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША I ТОҚСАНДАҒЫ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫН МӘЛІМДЕДІ |
Автомобиль жолдарының сапасын сараптау саласында сыбайлас жемқорлықты алдын алуға бағытталған тиімді тетіктер мен рәсімдерді қамтамасыз ету мақсатында «Сапалы жол - Адалдық алаңы» жобасы жұмыс істейді. Жоба Елбасы – Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Жемқорлықтан ада өңірлер» жобасын іске асыру шеңберінде жұмыс істейді, сондай-ақ бүкіл ел бойынша нақты мәселені шешуге - нақты саладағы сыбайлас жемқорлықты жоюға шоғырландырылатын болады. Жобаның негіз қалаушы тұжырымдамасы азаматтық қоғамның және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қатысуымен автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау кезеңінде қолжетімді бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған. Осыған байланысты, Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті облыстың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, а.ж. 7 сәуірінде І тоқсандағы жұмыс қорытындысын мәлімдеді. Есепті кезеңде бірлескен күш-жігер... |
Толығырақ... Оқылды: 2029 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.04.2021 |
"Мобилді азаматтар базасы" (МАБ) дегеніміз не? |
МАБ - барлық қызметтерді eGov.kz, eGov mobile мобильді қосымшасы және телеграм-боттан бірнеше минут ішінде алуға мүмкіндік беретін клиенттердің ұялы телефон нөмірлерінің базасы. МАБ-қа тіркелудің бірнеше жолы бар: 1) eGov.kz порталы арқылы ЭЦҚ-сыз: eGov.kz-ке кіріңіз > төменгі оң жақ бұрышта "виртуалды ассистентке" басыңыз > "қоңырауларды" таңдаңыз > "ХҚО" таңдаңыз > "бейнеқоңырауға" басыңыз > виртуалды ассистентпен қосылғаннан кейін "жеке куәліктерді" көрсетіңіз > телефон нөміріңізді жазыңыз > ассистент жіберген растау кодын айтыңыз > дайын! ЭЦҚ-мен: eGov.kz-ті ашыңыз > "жеке кабинетке" кіріңіз > "телефон" бағанында телефон нөмірін енгізіңіз > ЭЦҚ көмегімен сұрау салуға қол қойыңыз. 2) eGov mobile қосымшасы арқылы EGov mobile-да авторланыңыз > "Жеке кабинетке" кіріңіз > "Телефон" бағанында телефон нөмірін көрсетіңіз > растау кодын енгізі... |
Толығырақ... Оқылды: 2022 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.04.2021 |
Бүгін Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V» вакцинасын салдырды |
Бүгін Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V» вакцинасын салдырды. Президенттің вакцина салдырғаннан кейінгі хал-жағдайы жақсы. Ешқандай жанама әсерлер жоқ. Мемлекет басшысы вакцина салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана Қазақстан азаматтары коронавирусты жеңе алатынына, барлық шектеулердің алынатынына, халықтың қалыпты тұрмыс-тіршілігіне қайта оралатынына сенімді. Қасым-Жомарт Тоқаев барша халықты мейлінше тезірек вакцина салдыруға шақырды. Бұл – өзіңді және жақыныңды қорғаудың жалғыз жолы. Бұған дейін Президент Үкіметке және жергілікті атқарушы органдарға шетелден вакцина жеткізуді қамтамасыз етуді және отандық вакцина өндіруді жолға қоюды, сондай-ақ, екпе салу үдерісін ұйымдастыруды тапсырған болатын. |
Толығырақ... Оқылды: 1989 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.04.2021 |
Шенеуніктер құны 2 АЕК-ге дейін сыйлық алғаны үшін 1,8 миллион теңге айыппұл төлеуі мүмкін |
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж.Жумабаев әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың нақты құрамы туралы егжей-тегжейлі айта келе, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген немесе оған теңестірілген тұлғалардың жауапкершілігі туралы баяндады. Атап айтқанда, өзі немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақыны, сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді ұсынған адамдардың пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) немесе жеңілдіктер беру үшін, егер мұндай әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса көзделген жауапкершілік туралы айтып берді. «Бұл жағдайда жоғарыда аталған лауазымды тұлғаларға 600 айлық есептік көрсеткіш немесе 1,8 млн теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін», – деді Ж.Жумабаев. Ол қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілерінің жоқтығын түсіндіре отырып: «Егер алынған заңсыз сыйақы немесе сы... |
Толығырақ... Оқылды: 2000 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.04.2021 |
Қазақстандықтар құны 2 АЕК-ке дейінгі сыйлықты бергені үшін 4,5 миллион теңгеден астам айыппұл төлейді |
Қазақстандықтар заңсыз материалдық сыйақы бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж.Жумабаев Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгертулерді баяндау барысында айтты. «Сыйақылар, сыйлықтар немесе жеңілдіктер бергені үшін жеке тұлғалар ӘҚБтК–нің 676-бабы бойынша 200 АЕК көлемінде айыппұл төлейді, бұл шамамен 600 мың теңге», - деді Ж.Жумабаев. Бұл ретте, егер мұндай сыйақы немесе сыйлық заңды тұлға тарапынан берілетін болса, онда мұндай әрекет ӘҚБтК-нің 678-бабы бойынша сараланады және мұнда айыппұл 700 АЕК-ке дейін өседі, бұл 2 млн.теңгеден астам. Мұндай құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда заңды тұлға екі есе – 1500 АЕК немесе 4,5 млн.теңге төлейді. «Қазір заңнамада сыйлықтар беруге және алуға толық т... |
Толығырақ... Оқылды: 1924 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.04.2021 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдамағаны үшін лауазымды тұлғалар 300 мың теңге айыппұлмен жазаланады |
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж.Жумабаев жемқорларға ықпал ететін қылмыстық-құқықтық шаралар – сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар арсеналындағы жалғыз қару бола алмайды және болмауы тиіс деді. «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тұрғысынан маңызды саналатын, мемлекеттік орган басшыларының және өзге де лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілігін көздейтін Кодекстің 680-бабы – аталған лауазымды тұлғаларға 100 АЕК көлемінде, бұл шамамен 300 мың теңге айыппұл салуға әкеп соғады» - деді Ж.Жумабаев. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдамау – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда белгіленген бірқатар талаптарды білдіреді. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдау, мүдделер қақтығысын болдырмау, қаржылық бақылау шаралары, басш... |
Толығырақ... Оқылды: 1730 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.04.2021 |
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары О.Бектеовтің брифингте сөйлеген сөзі бойынша жаңалықтар топтамасы |
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы хаттама толтыратын болады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары О.Бектенов Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер туралы айтты. «Кеше Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша құзіретін бекітетін Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер қолданысқа енгізілді» – деді О.Бектенов. Ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 15-бап бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру құқығы берілгенін атап өтті. Олардың ішінде Кодекстің алты сыбайлас жемқорлық бабы (ӘҚБтК-нің 676-681-баптары), кәсіпкерлік қызмет саласындағы екі құрам (ӘҚБтК-нің 154, 173-баптары), мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын және әкімшілік немесе қылмыстық іс жүргізу кезіндегі бұзушылықтарға байланысты жеті құ... |
Толығырақ... Оқылды: 1738 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.04.2021 |
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС ҮШІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТІ ЖАҢАРТУ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ |
Шағын және орта бизнес жұмысшыларының қарызданып, артынша оны жою қажеттігі туындамас үшін, олар туралы деректі «Saqtandyry» ақпараттық жүйесіне енгізу мерзімі 2021 жылдың 1 қазанына дейін ұзартылды. Қазіргі таңда шағын және орта бизнес субъектілерінің жұмысшылары туралы деректер «Saqtandyry» ақпараттық жүйесіне енгізілмесе, бұл қызметкерлер ӘМСҚ-на қарыздар болып, МӘМС арқылы медициналық көмек алу мүмкіндігінен айырылуы мүмкін. Айта кетсек, «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын салық салу мәселелері бойынша iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі №224 қаулысына сәйкес, жеке тәжірибемен айналысып жүрген тұлғалар, сондай-ақ микро, шағын немесе орта кәсіпкерліктер жалдамалы жұмысшылары үшін шегерімдер төлеуден 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін босатылған еді. Бүгінгі күнгі деректерге сүйенсек, «Saqtandy... |
Толығырақ... Оқылды: 1723 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.04.2021 |