Жаңалықтар

«Білім берудің жаңа форматы: шығармашылық, ізденіс және тәжірибе»

Білім берудің жаңа форматы туралы мақаламды Н.Ә.Назарбаевтің сөзімен бастасам: «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт». Қазіргі таңда әр мұғалім жаңаша оқыту тәжірибесін пайдаланса, өз білімін өзара байланыстырып ұйымдастыра білсе жетістікке жететіні сөзсіз. Мұғалім еңбегі жоғары деңгейдегі ұтқырлығымен және жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Бұл оның ұшқыр және ойлы, білікті болуын қажет етеді. Алдымызда отырған балаға саналы да, сапалы білім беруде жаңартылған білім мазмұны аясында әрқайсымыз талмай ізденіс үстінде жүргеніміз аян. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын жүзеге асыру, критериалды бағалау жүйесі аясында оқушылардың білім сапасын көтеру, сабақ беру ерекшеліктері, мектеп пен ата-ана арасындағы серіктестік құру, көптеген мәселелер бойынша басқа мектептермен тәжірибе алмасудың пайдасы зор. Жаңа форматтағы білім беру жүйесінің мақсаты &n...
Толығырақ... Оқылды: 1714 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 02.04.2021

2021 жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 93 мыңнан астам қызмет алды

Ағымдағы жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы (бұданәрі – Портал) арқылы 43,7 мыңнан астам мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын (бұданәрі – ОТҚ), 6,5 мыңы – ымдаутіліқызметін, 30,8 мыңы – жеке көмекшінің қызметін, 12 мыңы – санаторлық-курорттық емдеуді алды және 26,4 мың адам кепілдік берілген әлеуметтік топтама (бұданәрі – әлеуметтік топтама) алуды ресімдеді. Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өзбетінше алып кету арқылы алуға болады. Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды....
Толығырақ... Оқылды: 1776 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.04.2021

«Алаушылар» табысы

Жуырда Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған облыстың 7-8 сынып оқушылары аралығында әскери - спорттық «Алау» ойыны өтті. Оған облысымыздың 16 ауданы мен қалаларының командалары қатысып өздерінің ептіліктерін, жылдамдықтарын, өнерлерін ортаға салды. Байқаудың ережесіне сай командалар сапта тұру - жүру, саптық ән орындау, АК-74 қаруын уақытқа шашып, қайта жинау, командалық эстафеталық жарыс, Ұлы Отан соғысы туралы ән байқауы, ұлдар кермеге тартылу, қыздар денені көтеру, Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы ғылыми жоба қорғау тәрізді номинациялар бойынша мықтыларын анықтады. Біздің ауданның «Құлагер» командасының намысын Жамбыл ом, Ж.Егінбаев аом, Қ.Жалайыри омг, Қызыларық ом, С.Қырықбаева ом, №12 Айнабұлақ ом оқушылары қорғады. Құрамында 7 ұл бала, 2 қыз бала өнер көрсеткен ауданымыздың «Құлагер» командасы барлық номинацияларда тамаша өнер көрсетіп жалпы командалық есеп қорытындысы бойынша...
Толығырақ... Оқылды: 1656 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 02.04.2021

АЖЫРАСУҒА АСЫҚПАҢЫЗ...

Біріміздің бауырымыз, біріміздің досымыз, көршіміз үйленіп қуанышына ортақтасып мәре-сәре болып жатамыз. Ата-анасы «Мәңгілік естелік, балам күнде үйленбейді ғой, сондықтан да қарыздансам да үлкен мейрамханада дүркіретіп өткіземін» деп алдын ала тума-туыстарды хабардар етіп, күнін белгілейді. Сонымен көптен күткен ақсақалдан бастап, ойын баласының тілекті жаудыратын «үйлену тойының» күні де жетеді. Осылайша қызыққа және шығынға толы тойымызда бір сәтте өте шығады. Иә, сол тойда айтылған «Жұптарың жазылмасын!» деген тілектеріміз қаншалықты шындыққа жанасып жатыр?! Біріміздің бауырымыз, біріміздің досымыз, көршіміз үйленіп қуанышына ортақтасып мәре-сәре болып жатамыз. Ата-анасы «мәңгілік естелік, балам күнде үйленбейді ғой, сондықтан да қарыздансам да үлкен мейрамханада дүркіретіп өткіземін» деп алдын ала тума-туыстарды хабардар етіп, күнін белгілейді. Сонымен көптен күткен ақсақалдан бастап, ойын баласының тілекті жаудыратын «үйлен...
Толығырақ... Оқылды: 1770 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.04.2021

Жер саласын цифрландыру

Қазақстанда жерге орналастырушы, геодезия және картография мамандарының кәсіби мерекесі наурыздың екінші сенбісінде атап өтіледі. Осыған орай «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы облысы бойынша филиал директорының орынбасары Кулдашов Абдурасул Максудовичпен арнайы әңгімелесіп, көңілде жүрген сауалдарға жауап алдық. - Жер - мемлекеттің ерекше қорғауындағы негізгі ұлттық байлық. Сондықтан бұл салада еңбек ететін мамандарға жүктелетін жауапкершілік жоғары. Мемлекеттік корпорацияда осы кәсіптің қыр-сырын меңгерген мамандардың атқаратын қызметі қандай? - Көпшілік мемлекеттік корпорацияның жұмысы тек түрлі анықтамалар мен құжаттарды рәсімдеу және дайын құжатты беру, яғни халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтарға қызмет көрсетуден ғана тұрады деп ойлайды. Алайда бұл - қате пікір. Азаматтарға арналған үкімет қызметінің төрт негізгі бағыты бар: азаматтарға фронт-офисте қызмет көрсету, әлеуметтік, жылжымайтын мүлікті тіркеу және жер кадастр блокт...
Толығырақ... Оқылды: 1712 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.04.2021

Тәрбие бастауы – отбасыдан

Қазақ халқы ертеден-ақ тәрбиеге жете көңіл бөліп келеді. Оның айғағы ретінде тәрбиеге байланысты нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, өсиет сөздер, тіпті данышпан бабалардың артындағы ұрпақтары үшін жазып қалдырып кеткен асыл ойлары ғасырдан-ғасырға сақталып бүгінгі жеткіншектерге жетіп келеді. Мысалы «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Аяғын көріп асын іш, шешесін көріп қызын ал» деген сияқты көптеген асыл сөз, салмақты ойлары бүгінгі күні де өз мәні мен қадір-қасиетін жоғалтқан емес. Бір ауыз сөзбен тобықтай түйін түйген, сөз қадірін түсініп, соған тоқтап, бас иген бабаларымыз қандай құдіретті десеңізші. Әсіресе, қыз бала тәрбиесіне келгенде «Қызға қырық үйден тыйым, қала берсе қара күңнен де тыйым» деген сөзінде қаншама мән жатыр. Бұл жердегі халық мақалының мәні – қыз бала тәрбиесінің күрделілігі, ертеңгі елдің тұтқасы боларлық, ел тізгінін ұстар ұрпақты дүниеге әкелер, отбасының ұйытқысы болар қыз тәрбиесінің нәзік те маңыздылығы тура...
Толығырақ... Оқылды: 1694 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 02.04.2021

Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті

Сыбайлас жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Бұл дерттің жаппай жойылу жолын жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастырудан бастауымыз керек. Атап айтқанда, ол үшін, ең алдымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда адам адамгершілікке жат қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарс...
Толығырақ... Оқылды: 1842 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.04.2021

қауіпті індеттің алдын алу

Сыбайлас жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықты болдырмауды барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауаз...
Толығырақ... Оқылды: 1649 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.04.2021

Жемқорлықты болдырмау басты міндет

Қазіргі таңдағы мәселелердің бірі – қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Кез – келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселел...
Толығырақ... Оқылды: 1642 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.04.2021

Коронавирустың екінші түрі пайда болғаны рас па?

Біраздан бері халық арасында «Коронавирустың екінші түрі пайда болыпты, Алматыдан шығыпты, жоқ Нұрсұлтаннан шығыпты, ауру қайта көбейіпті, карантин басталады екен...» деген сияқты қауесеттер желдей есуде. Ендеше коронавирустың екінші түрі пайда болғаны рас па? Оның белгілері қандай? Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандарының зерттеуінше, Ұлыбританияда тез тарап жатқан вирус – коронавирустың мутацияланған түрі. Оған VOC-202 012/01 деген атау берілді. Қазіргі уақытта бұл штамның ерекшелігі – оның жұғу ықтималдығының жоғарылығында. Мамандар коронавирустың жаңа түрі бұрынғыдан 50-70 пайыз жылдам таралатынын айтып отыр. Вирус мутациясы Ұлыбританияда шапшаң жайылғаны салдарынан аталған елде кейінгі күндері бір тәулікте 50 мыңнан астам науқас тіркелуде. Бұл бұрын-соңды тіркелмеген жоғары көрсеткіш. Осының кесірінен билік қайтадан жаппай локдаун енгізуге мәжбүр болған. Коронавирустың «британдық штамм» қазірге дейін әлемнің 40-тан астам елінде аны...
Толығырақ... Оқылды: 1521 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.04.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.