Жаңалықтар
Қайырымдылық қайыры |
«Айнабұлақ» мешітінде сауапты іс жасалып, жағдайы төмен, көп балалы және табысы аз отбасыларға қайырымыдылық көрсетілді. Бұл игі шараны ауыл азаматтары ағайынды Қанағат пен Мақсат Рамазановтар ұйымдастырды. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген еді ата – бабаларымыз. Халқымызда өзгеге қол ұшын беру, өзінде бармен бөлісу ежелден келе жатқан дәстүр. Қайырымдылық, адамгершілік іс – ізгіліктің бастауы. Көмекке мұқтаждарға жүрек жылуын ұсынып, сауабын алу – әрбір кісінің азаматтық парызы екен. Әбу Һурайра риуаят еткен хадисте: «Бір кісі шөл далада кетіп бара жатып, бұлт арасынан: «пәленшенің бақшасына құйыңдар!» - деген дауысты естіді. Әлгі бұлт тасты жерге бойындағы суын төгіп салады. Сол жердегі бір арық барлық жаңбыр суын бойына тартып алды да, аға жөнелді. Ал бақшасында тұрған кісі су арнасын кетпенімен керек жеріне бұра бастады. Сонда оған таңырқаған жолаушы: «Әй, Алланың құлы! Сенің есімің кім?»-... |
Толығырақ... Оқылды: 1548 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 02.04.2021 |
Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда |
Сенбе жұртқа, тұрсада да қанша мақтап, Әуре етеді ішіне қулық сақтап. Өзіңе сен, өзіңді алып шығар Еңбегің мен ақылың екі жақтап, - деп дана Абай атамыздың ғибрат аларлық осы бір өлең жолдарын оқушының түпкі ой-санасына сіңірте отырып, алдағы уақытта түрлі байқауларда жоғары нәтижеге қол жеткізуге болатындығын түсіндірсек, яғни, талмай еңбек ету, білім алу, ізденіп ойға түю, оны шыңдау арқылы еңбек пен ақылдың үндесіп, бір арнаға тоғысуы айдан анық. Міне, осы тұрғыда ұлы ойшылдың сөзін басты назарда ұстап, әрбір байқауға, жарысқа қатысатын оқушыларымды Абай салған сара жолмен жүргізіп, тәлім беріп, үйретер болсақ, онда биік белестерді бағындырарымыз сөзсіз. «Ұстаз – ұлы есім» - деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Аудан мектептерінің әрбір тіл маманы өзіне сеніп тапсырылған істі жауапкершілікпен атқарып, әрқашан жоғары көрсеткіш көрсетуге ұмтылады. Осы тұста айтпағым, жылда дәстүрге айналған аудандық, облыстық байқауларымыз, оқуларымыз былтырғы оқу жылынан ба... |
Толығырақ... Оқылды: 1735 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 01.04.2021 |
Алматы облысында кәсіпкер заманауи күртешелер мен пәлте шығарады |
Алматы облысында тігінші Кәмилә Байматова мемлекеттік бағдарлама бойынша ұлттық және заманауи стильде сыртқы киім мен интерьер бұйымдарын тігетін жеке тігін цехын ашты. 58 жастағы Кәмилә Байматова Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында тұрады. Кәсіпкерлікті үш жыл бұрын бастаған. Мамандығы бойынша байланысшы, алайда тігін ісінде он бір жылдық тәжірибесі бар. Ательде тігінші болып қызмет атқарған. Сол орында жұмыс істеп жүріп, ұлттық нақышта киім мен үй бұйымдарын тігетін жеке ісін ашуды мақсат етті. «Мен тігін цехында сегіз жылға жуық жұмыс істедім. Мол тәжірибе мен білім жинадым. Тұрақты клиенттерім болды. Сатып алушылар менің жасаған дүниелерімді әрдайым жоғары бағалайтын. Дәл осы қолдау мені бизнесті бастауға итермеледі. Барлық кемшіліктер мен артықшылықтарды есептеп, өз ісімді ашамын деп шештім. Осылайша, мемлекеттік қолдаудың арқасында ойлағанымды жүзеге асырдым, қажетті жабдықтарды сатып алып, бірнеше адамды жұмысқа қабылдадым», - дейді кәсіпкер. 2018 жылы Кәмилә... |
Толығырақ... Оқылды: 1645 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.04.2021 |
Алматы облысында 47 мыңнан астам бала 1 сыныпқа қабылданады |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылғы сәуір айынан бастап білім беру ұйымдары 1 сыныпқа балаларды қабылдайды. 1 сыныпқа алты жастағы балалар қабылданатын болады. Оқушылардың ата-аналары өтініштерін сәуір және тамыз айларында бере алады. Қажетті құжаттарды egov.kz порталы арқылы және қағаз жүзінде тапсыруға рұқсат. 2020-2021 оқу жылында 1 сыныпқа 47 007 бала қабылданса, ағымдағы жылға 1 сыныпқа 47 700 баланы қабылдау жоспарланып отыр. «IV тоқсанда Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №6 Қаулысына сәйкес санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде балалар саны 15 адамға дейін дәстүрлі форматта оқытуға, 1-5 сыныптарды қоса алғанда кезекшілік сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін, мектеп бітіруші 9,11 сыныптар аралас форматта (сыныпта 15 адамнан артық емес) оқыту жоспарланып отыр&raqu... |
Толығырақ... Оқылды: 1630 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.04.2021 |
Жаңа көлік сатып алдыңыз ба? |
Оны автоХҚО-ға бармай, kaspi.kz қосымшасы арқылы рәсімдеп көріңіз. Ол үшін сатушы қосымшаға кіріп, Мемлекеттік қызметтер бөлімінен «Автокөлікті қайта рәсімдеу» қызметін таңдауы тиіс. Әрі қарай көлікті тіркеуден шығару батырмасын басып, айыппұл мен салық берешегі барын тексеруге болады. Бұдан кейін көлікті сатып алушының ЖСН нөмірі мен көліктің сатылымға қойылған бағасы толтырылады. Егер көлікті сатушы нөмір белгісін сақтап қаламын десе, тиісті жерге белгі қоюы тиіс. Соңында сатушы электронды қолтаңбасы арқылы көлікті тіркеуден шығарады. Бұдан кейін сатып алушы тарап қосымшада «Автокөлікті тіркеуге қою» батырмасын басып, көлік жайлы мәліметтерді растайды. Көлікті сатып алу құнын төлеп, мемлекеттік тіркеу нөмірін қай автоХҚО-дан алатынын көрсетеді. Бұдан кейін нөмір бегісі мен техпаспорт, тіркеу үшін мемлекеттік баж салығын төлеу қажет. Көліктің тіркелгендігі жайлы хабар Kaspi қосымшасына 3 сағат ішінде келеді. Қызмет құны: Техпаспорт - 3646,25 тг, Кө... |
Толығырақ... Оқылды: 1596 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.04.2021 |
Алматы облысында 25 мыңнан астам адам салықтан босатылған |
Жыл сайынғы жеке тұлғалар үшін бюджетке салық төлеу мерзімі 1 сәуірге ауыстырылды. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында мәлім болды. «Алматы облысы бойынша 593434 көлік тіркелген. Аталмыш тұлғалардан түсетін салық мөлшері 8,8 млрд. теңгені құрауы тиіс. 2020 жыл қорытындысы бойынша салық төлеушілерден қажетті мөлшердің тек 1,2 млрд. теңгесі төленген. Төленбеген салық 6 млрд-тан астам берешекті қамтып отыр»,-деді Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Ләззат Айтахунова Жеке тұлға көлік салығын мүлдем төлемеген немесе толық төлемеген жағдайларда уәкілетті орган қарызды өнідіріп алу бұйрығын іске қосады. Ескере кететін жайт, азаматтардың салығы тұрғылықты орнымен белгіленеді. Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «eSalyq Азамат» мобильдік қосымшасын іске қосқан болатын. Мобильді қосымша салық төлеушілерге үйден шықпай-ақ қызметтерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жоғарыда айтылған қосы... |
Толығырақ... Оқылды: 1707 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.03.2021 |
Вопросы межконфессиального согласия обсудили на международной конференции |
После обретения независимости наша страна, расположенная на стыке западной и восточной цивилизаций, стала Родиной для представителей более 130-ти национальностей и 18 конфессий. Благодаря Елбасы Нурсултану Назарбаеву наша модель межэтнического и межрелигиозного согласия – это реальный вклад Казахстана во весь мировой процесс взаимодействия различных конфессий. А Касым-Жомарт Токаев, в статье «Независимость превыше всего», подчеркнул, что межрелигиозное согласие в Казахстане- великая ценность, которую мы должны сохранить и развивать. В честь 30- летия Независисмости Республики, в Египетском университете исламской культуры Нур-Мубарак, состоялась онлайн- конференция, посвященная межконфессиональному и межэтническому согласию в Казахстане. В ней приняли участие более 10 спикеров из разных стран, среди которых ученные, профессоры, представители институтов религии, такие как председатель ДУМК, муфтий Наурызбай Кажы Таганулы, междуродный имам Шовосил Зиядов, ректор универ... |
Толығырақ... Оқылды: 1700 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.03.2021 |
Конфессияаралық келісім мәселелері талқыланды |
Тәуелсіздік алғаннан кейін батыс және шығыс өркениеттерінің тоғысында орналасқан біздің еліміз 130-дан астам ұлт пен 18 конфессия өкілдері үшін алтын ұя Отанына айналды. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы «біздің этносаралық және дінаралық келісімнің моделі дегеніміз – ол әртүрлі конфессиялардың өзара әрекеттесуі бүкіл әлемдік процессіне Қазақ Елінің қосқан шынайы үлесі»,-деп санайды. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Қазақстандағы дінаралық келісім - біз сақтауға және дамытуға тиіс ұлы құндылық екенін атап өткен болатын. Республикамыздың Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде Қазақстандағы конфессияаралық және этносаралық келісімге арналған онлайн-конференция өтті. Оған әр елден 10-нан астам спикерлер қатысты, олардың ішінде ҚМДБ төрағасы, мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, дін институттарының өкілдері,ғалымдар, профессорлар, дінаралық имам Шовосил Зиядов, РФ Ислам... |
Толығырақ... Оқылды: 1711 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.03.2021 |
Алматы облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-сі жаңа логотипті таныстырды |
Кез келген ұйым бірлестігі үшін логотиптің маңызы ерекше. Ұйымның атауын мақсат мүддесінен хабар беретін бұл дүниенің символикалық астары тереңде жатыр. Халықтар достастығының жаршысы саналған «Қоғамдық келісім» үшін жаңа леп қажет болды. Сол себептен, арнайы конкурс ұйымдастырылды. Бұл туралы баспасөз-мәслихатында Алматы облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры Сандуғаш Дүйсенова хабарлады. Қазан айынан бастау алған байқауға 15 адам қатысып, әртүрлі нұсқадағы үлгілер ұсынылған. Соның ішінде «Q Print» агенттігінің өкілі Шалқар Сембековтің туындысы ерекше деп танылып, жүлделі марапатқа ие болды. 10 жылдан бері осы салада жүрседе, ол логотип жасау бойынша алғашқы рет жобаға қатысқан. Ал логотиптің сәтті шығуына дәл осы мекеменің өзі шабыт сыйлаған көрінеді. Дизайнердің сөзінше, логотиптің ортасында бейнеленген шаңырақ ортақ мекенді, отбасылық үлкен жылулықты дәріптесе, жан жағындағы өрнек пен түстер жиынтығы этникалық топтарды көрсетеді. Қол... |
Толығырақ... Оқылды: 1720 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.03.2021 |
Мамандар су басу қаупі жоғары аймақты айқындады |
Жер аяғы кеңігенімен көктемгі күні ауа райының мың құбылатыны тағы бар. Жауын-шашынның көбейгені бөгеттердегі су деңгейінің шамадан тыс көтерілуіне әкеп соғады. Төтеншеліктер, метеостанциялардағы көпжылдық бақылаулардың деректері бойынша наурыз айының соңында, сәуір айларында жауын-шашынның айлық нормасы түсуі мүмкін, бұл қауіпті стихиялық гидрометеорологиялық құбылыстардың, яғни су тасқынының туындауына әкеп соғуы мүмкін екендігін айтып дабыл қағуда. Алматы облысында су басу қаупі бар 42 учаске бар. Қауіпті учаскелер саны өткен жылдармен салыстырғанда төмендеген. 2020 жылы бұл көрсеткіш 48-ді құраса, 2019 жылдары 134 су тасқыны қауіпті учаске тіркелген болатын. Мамандар, Жамбыл, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары су басу қаупі жоғары аймақ деп айқындап отыр. Ал, Панфилов, Балқаш, Іле аудандары және Талдықорған қаласының қызыл судың астында қалу қауіпі, жоғарыда аталған өңірлерге қарағанда анағұрлым төмен. Облыс бойынша, табиғи апаттың алдын алу мақсатында 13,... |
Толығырақ... Оқылды: 1725 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.03.2021 |