Жаңалықтар

Ауылшаруашылығы өкілдерімен кездесті

Желтоқсанның он төрті күні облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткерлер «Zoom» әлеуметтік желісі арқылы онлайн форматта ауыл шаруашылығы өкілдерімен кездесті. Кездесуге жоғарыда айтып өткеніміздей депутаттыққа үміткер Секенбай Шеңгелбаев пен Қизат Абиров және ауыл шаруашылығы өкілдері қатысты. Аталмыш жиында үміткерлер сайлауға байланысты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Онлайн басқосудың соңында үміткерлерге ауыл шаруашлығы саласының еңбеккерлерінен түрлі сауалдар қойылды.
Толығырақ... Оқылды: 977 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.12.2020

«Есіктен есікке» акциясы аясында

Аптаның алғашқы күні яғни желтоқсанның жиырма бірінші жұлдызында «Есіктен есікке» акциясы аясында аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер Әлдибек Досымбеков Алғабас ауылдық округінің әлеуметтік жағдайын көріп қайтты. Атап айтар болсақ, үміткер ең алдымен «Көбен» шаруа қожалығына барып ондағы мән-жайды өз көзімен көрді. Сонымен қатар, қожалықтың ұжымы, яғни еңбеккерлерімен және инженер механик Айдос Көбеновпен кездесті. Кездесудің басты мақсаты сайлауалды бағдарламаны түсіндіру болғандықтан, әңгіменің барлығы дәл осы сайлау мәселесінің шеңберінде өрбіді. Келелі кездесудің соңында аталған қожалықтағы ұжымның еңбеккерлері үміткерге сауалдарын қойып, тұшымды әрі нақты жауап ала білді. Содан соң үміткер Әлдибек Рғайбекұлы жеке кәсіпкер Мукаев ЖШС-нің дүкеніне табан тіреді. Мұрат Мукаев Алғабас ауылының тұрғыны әрі жеке кәсіпкер. Ол өз сауда дүкенінің арқасында нәпақасын тауып жүрген азамат. Дегенмен, оның бұл ісі халыққа да өз пайдасын тигізуі керек. Міне, осы себ...
Толығырақ... Оқылды: 976 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.12.2020

Алматы облысындағы көп қабатты үйдің қасбетіне Қазақстанның байрағы орнатылды

Алматы облысы " Менің туым. Менің Отаным!» атты республикалық челенжді қолдап, Талдықорған қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің қасбетіне Қазақстанның жалауын орналастырды. Шектеу шаралары мен мәдени-көпшілік іс – шараларды өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, жетісулықтар осы айтулы күннің-Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығының маңыздылығын ерекше атап өтуге бел буды. Үй тұрғындарының айтуынша, бұл челлендж азаматтардың, әсіресе өскелең ұрпақтың патриоттық сезімдерін күшейтуге ықпал ете алады. "Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, Мемлекеттік рәміздер-бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті бейнесін білдіреді. Эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, біз бұл күннің маңыздылығын ұмытпауымыз керек", - дейді 16 қабатты тұрғын үйде тұратын Гүлназ Ермұратова . Сонымен қатар, қала тұрғындары да күнтізбедегі ең маңызды күнді мерекелеу үшін жүзеге асырылған шығармашылық істі бағалады. «...
Толығырақ... Оқылды: 955 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.12.2020

Тәуелсіздік мерекесіне орай жетпістен астам жетісулық азамат мемлекеттік нагдараға ие болды

Талдықорғандағы Б.Римова атындағы драма театрында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті. Осы шарада мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбегі үшін, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін облыстың жетпістен астам азаматына мемлекеттік наградалар тапсырылды. Жиналған қауымды облыс әкімі Амандық Баталов құттықтап, тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізген жетістіктерге тоқталып өтті. - Қымбатты жетісулықтар! Сіздерді ұлық мерекеміз – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздік – бабалардың арманы мен аманаты, халықтың ең киелі құндылығы. 2021 жылы рухы асқақ, тұғыры биік ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Бұл – біздің жас мемлекетіміз үшін үлкен тарихи белес. Осы жылдар ішінде Қазақстан өзін тәуелсіз мемлекет ретінде орнықтырды. Біздің Тәуелсіздік тарихының әр парағында Елбасымыздың ұшан-теңіз еңбегі, жанкешті ерлігі, жасампаз істері жатыр....
Толығырақ... Оқылды: 937 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.12.2020

Алматы облысында 5 партия саяси додаға түсіп жатыр

Алматы облыстық мәслихаты депутаттарын сайлау науқаны кезекті рет бастау алды. Депутаттыққа кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылы 10 қараша мен 4 желтоқсан аралығын жүргізілді. Нәтижесінде Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына 5 саяси партиядан 82 партиялық тізімі ұсынылды. Облыс мәслихатына 5 саяси партияның, 115 кандидаттың тізімі өткізілген. Қалалық мәслихаттарға саяси партиялардың 11 тізімі, 98 кандидат ұсынылды Ал аудандық мәслихаттарға 66 тізім, 701 кандидат өтініш білдірген. Заң талаптарына сәйкес, депутаттыққа үміткер азамат:1) Қазақстан республикасының азаматы болуына, 2) жас ерекшелігі 20 жастан кем емес, 3) белсенді сайлау құқығына ие болу қажет. Егер азамат сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған болса, соттылығы бар, бекітілген заңды тәртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған жағдайда, сыбайлас жемқорлыққа қатысты және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда қолданыстағы заң талаптарына сәйкес сотпен танылған кезде ол кандидатура...
Толығырақ... Оқылды: 960 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.12.2020

Облыс бойынша сақтандырылған халықтың саны 5,1% - ға артты

Алматы облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру іске асқалы бері азаматтар үшін бірқатар қызметтер етгін түрде қолжетімді болды. Сапалы медицинаға жүгіну оңтайланғалы бері қымбат консультативтік-диагностикалық қызметтер және жоғары технологиялық медициналық көмек алушылардың саны өскен. Мәселен, медициналық оңалту бойынша биыл 8 604 пациент қызмет алса, ал жоғары технологиялық медициналық көмек бойынша 2020 жылы 2103 емделушіге қызмет көрсетілген, Консультативті-диагностикалық қызметке биылғы жылы 22177 адам жүгінген. Медициналық қызмет түрлерінің санын арттырып, сапасын арттыру үшін бюджеттен 1336,4 млрд. теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемі (ТМККК) аясында – 95,0 млрд. теңгені (69,7%), МӘМС аясында – 41,3 млрд. теңгені (30,3%) құрады. 2019 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 77,2% - ға өскен. Қазіргі таңда облыс аясында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен 70 медициналық мекемемен келісім шарттар...
Толығырақ... Оқылды: 954 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.12.2020

Алматы облысында МӘМС-ті іске асырудың алғашқы жылының аралық қорытындылары

15.12.2020г. жұлдызында Алматы облысы бойынша өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қордың жұмысы жайлы брифинг өтті. Қор филиалының басшысы Нұрлан Отарғалиев Алматы облысында МӘМС-ті іске асырудың алғашқы жылының аралық қорытындылары туралы баяндап берді. Өз баяндамасында келесі қызмет түрлері бойынша қаржыландырудың айтарлықтай артқанын атап өтті. Қазіргі таңда облыс бойынша 70 медициналық мекемемен келісім шарттар жасалды, оның ішінде мемлекеттік меншіктегі - 43 (61,4%), жеке меншіктегі - 27 (38,6%) мекеме. Сонымен қатар, Н. Отарғалиев облыс бойынша эпидемияға қарсы іс-шаралар аясында қаржыландыруды атап өтті. «COVID-19 таралуын алдын-алу мақсатында іс-шараларды қаржыландыруға 2020 жылы Алматы облысы бойынша 16,8 млрд. теңге бөлінді. Соның ішінде: - Медициналық қызметкерлерді ынталандыруға - 7,8 млрд. теңге; - Стационарлық көмекке - 5,3 млрд. теңге; - ПТР зерттеуге - 2,7 млрд. теңге; – Мобильді бригадалар жұмысына - 981 млн.теңге»....
Толығырақ... Оқылды: 926 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.12.2020

Маңызды кездесу

Желтоқсанның18-і күні адандық Мәдениет үйінде облыстық және аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткерлер аудан орталығында орналасқан «Көксу қант зауыты» ұжымының еңбеккерлерімен кездесті. Кездесуге «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Аманбайұлы мен депутаттыққа үміткер азаматтар және зауыт ұжымы қатысты. Жүздесу барысында үміткерлер өздерінің сайлауалды барғдарламаларымен бөлісіп, сауалдарға жауап берді. Ал кездесуге келе алмай қалған, яғни кезекшілікпен жұмыс орнында болған азаматтар үшін үміткерлер зауытқа арнайы барып қайтты.
Толығырақ... Оқылды: 923 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.12.2020

Жас үміткер жастармен жүздесті

Бүгін сайлауға қатысты үгіт-нәсихат пен сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында Мәжілістің депутаттығына үміткер Дамир Дигай жастармен кездесті. Кездесуге ауданның жалпы жастары мен білімгерлері қатысты. Қазіргі пандемия жағдайына байланысты барлық санитарлық талаптары сақталған іс-шарада жас үміткер өзінің осы уақытқа дейін атқарған жұмыстары мен жүріп өткен өмір жолы жайында баяндады. Ол бұл кездесудің өзінен өзге, өзі үшін маңызды екенін атап өтті. Себебі, ол жас буынның белсенділік танытып, жүректері алып ұшып тұрған уақытта пайдалы ақпаратпен, өзінің іс тәжірибесімен бөлісіп, дұрыс бағыт-бағдар беріп жүргеніне дән риза. Өте жоғары деңгейде өткен кездесу соңында жастар үміткерге өздерінің сауалдарын ашық түрде қойып, ұсыныстарын да білдірді. Әрбір жастың көзінен жалын көрген Дамир Дигай қойылған сұрақтарға тиянақты түрде жауап берді.
Толығырақ... Оқылды: 898 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.12.2020

Партия билеттері табысталды

Желтоқсанның он бесінші жұлдызы «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалында 16-шы желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында салтанатты жиын өтті. Салтанатты шараға «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов, партияның белсенді мүшелері және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Аталмыш жиынның басты мақсаты партияға жаңадан қабылданған азаматтар мен азаматшаларға салтанатты түрде партиялық билеттерді табыстау болды. Басқосуда Мәлік Бейсенов партия қатарына қабылданғандарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. — Бүгін Тұңғыш Президент күніне орай жуырда партия құрамына қабылданған бірқатар азаматтарға партиялық билеттерді салтанатты түрде тапсыруға бас қосып отырмыз. Өздеріңіз білесіздер, келер жылы тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Осы уақыт ішінде біздің еліміз әлемге танылып, терезесі тең, әлемдік деңгейдегі Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Атап келгенде, мұның бәрі — Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сар...
Толығырақ... Оқылды: 914 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.12.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.