Жаңалықтар

Сіздің жеке менеджеріңіз

Қайырлы күн, оқырман! Бүгінгі #oqy&toqy айдарында мемлекеттік қызметтерді ХҚО-ға бармай-ақ алуға көмектесетін жеке менеджер туралы айтамыз. Ең алдымен ХҚО-ға барып жеке менеджермен келісімшартқа отырыңыз Қажетті қызметтер тізімін ұсынып, қызмет құнын төлеңіз Келісім-шартқа отырған сәттен бастап сіз: Уақытыңызды үнемдейсіз; Құжаттарды рәсімдеу машақатынан құтыласыз; Халық көп шоғырланатын жерге бармайсыз; Қызмет нәтижесін сіз айтқан жерге дейін әкеліп береді; Келісім шартты 1 айдан 1 жылға дейінгі мерзімге жасасуға болады. Есіңізде болсын Қызмет құны сізге қажет қызметтер тізімі мен қызметтің күрделілігіне қарай бағалар прейскурантына сәйкес тағайындалады. Егер сіз жеке тұлға болсаңыз, төлемді бірден жүзеге асыруыңыз керек. Егер сіз заңды тұлға болсаңыз, қызмет ақысын атқарылған жұмыс актісіне сәйкес төлейсіз.
Толығырақ... Оқылды: 1226 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.02.2021

QR-төлемдер ХҚО-дағы қызмет көрсету уақытын қысқартуға мүмкіндік береді

«Азаматтарға арналған үкімет» QR-код арқылы баж салығын төлеуге болатын мемлекеттік қызметтер қатарын ұлғайтты. Енді қазақстандықтар смартфондары арқылы елдегі ХҚО-да кез келген мемлекеттік қызметтің төлемін бірнеше секундтың ішінде жолдай алады. QR-код арқылы, мысалы, жер учаскесіне актілерді дайындау және беру, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, банктік қарызға алу шарты бойынша талаптар құқығын беруді, кондоминиум объектісін, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ жер қатынастары, жылжымайтын және жылжымалы мүліктер саласындағы басқа да мемлекеттік қызметтер үшін төлем жасауға болады. «Пандемия кезінде ұзын-сонар кезектің алдын алу керектігін түсінеміз, сондықтан процестерді барынша автоматтандырып, қызметалушыларға ыңғайлы етуге тырысып жатырмыз. Мемлекеттік қызметтер үшін QR-төлем жасау жобасы бірнеше ай бұрын іске қосылды және осы уақыттың ішінде біз тиісті құрылғыны барлық 339 халыққа қызмет көрсету орталығына орнаттық», - деді мемлекеттік корпор...
Толығырақ... Оқылды: 1173 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.02.2021

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СУДЬЯЛАРЫМЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін Алматы облыстық сотында Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығының, сондай-ақ Алматы облыстық сотының судьяларының, аудандық, оларға теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының және азаматтық сектор өкілдерінің қатысуымен сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алуға бағытталған кеңейтілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кездесу аясында Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары судьяларды облыс аумағында қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларымен таныстырды, сондай-ақ соңғы 3 жылда судьялардың қатысуымен республика бойынша сыбайлас жемқорлық істерінің статистикасын келтірді. Жандос Жұмабаев өз сөзінде: «Бүгінгі таңда судьялар корпусы арасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі туралы айтылғанда және жалпы сот жүйесінде жемқорлық фактілердің анықталғаны бұл өте қорқынышты құбылыс. Себебі сот жүйесінде сыбайлас жемқорлық а...
Толығырақ... Оқылды: 1185 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.02.2021

Алматы облысында 105 гидробекет орнатылды

Жетісу жерінде су тасқыны кездеріндегі дайындық жұмыстарын жалғастыруда. Облыстық «Қазгидромет» РММ мәліметіне сәйкес, ағымдағы жылдың ай аралығында жауын-шашын мөлшері 11-55 мм нормаға жуық болады деп күтілуде. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында мәлім болды. Есік, Іле, Қаскелең, Қырғауылды, Тентек,Сарқан, Бурахудзир, Басқан өзендеріндегі су деңгейлері қар еріген және қатты жаңбыр жауған жағдайда көтерілуі ықтимал. Салдарынан жақын маңайдағы елді мекендерді қызыл су басу қаупі жоғары болмақ. Айта кету керек, су тасқыны қаупі бар аймақтарда облыс аумағында 39 мыңнан аса халық орналасқан. 2020 жылғы мәліметтерге сәйкес, былтыр су астына қалуы мүмкін елді мекендер саны 48 болса, бүгінгі күні ол көрсеткіш 6-ға кеміген. «Облыстың су тасқыны қаупі бар өзендерінде гидрометеорологиялық жағдайды тұрақты мониторингілеуді және уақтылы болжауды жүзеге асыру үшін "Қазгидромет" РМК және "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК АҚ-мен гидрометеоро...
Толығырақ... Оқылды: 1386 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.02.2021

Ауған соғысы ардагеріне құрмет

Кез-келген адамның өмірі қуанышпен қатар, сын-қатерлер мен кедергілерге толы. Басына түскен қиындықтарға төтеп бергендер ғана тұлға болып қалыптасып, елінің ертеңгі ұрпағына үлгі бола алады. Аптаның сәрсенбісінде Ауған соғысының ардагері, соғысты көзімен көрген қатардағы солдат Бақыт Шәбденұлымен кездесу өтті. Мұқаншы ауылдық округіне қарасты Жетіжал орта мектебінде ауған соғысы ардагерімен өткен мерекелік шараға мектеп ұжымы мен оқушылар қатысты. - Ауған соғысы өмірімнің өліммен бетпе-бет келген ең ауыр кезеңі болды. Өкінішке орай, соғыста көргендеріңнің бәрі көз алдыңда тұрады екен,- деп күрсінді Бақыт Шәбденұлы. Біраз үнсіздіктен кейін: - Туған жерім Көксу ауданы, Мәмбет ауылы. Ауған соғысына қатысты айтар болсам, 1985 әскер қатарына шақырылдым. Алдымен, әскерге шақырылдым деген ойда болдым. Ауғанстанның Кандагар аймағы Шахджой провинциясына барғанда білдім соғысуға келгенімді. Бұл ауған соғысының оты лаулаған шағы болатын. Небәрі 18 жаста болған қазақ солдаты едім. Мұндағы мінде...
Толығырақ... Оқылды: 1424 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.02.2021

Алматы облысындағы тұңғыш «Мобильді ауыл -Айдарлы»

Алматы облысында «Жетісу Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі өңір басшысының тапсырамасының аясында ашылып, қызмет атқаруда. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, таза қоғамды қалыптастыруды көздеген кеңсе жұмысы ауылдық жерлерде де жүйелі атқарылуда. Оның айшықты дәлелі, «Мобильді ауыл» жобасы. Аталмыш бастама Панфилов ауданы, Айдарлы ауылы және Іле ауданына қарасты Қараой ауылында бастау алып отыр. Аталған жобаның мақсаты, Перзидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың « Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын» іске асыру болып табылады. Заман ағымына тоқтау жоқ. XXI ғасыр өзінің технологиялық өзгерістермен бірге дүниетанымымен таң қалдыруда. Әсіресе, қазіргі уақытта әлеуметтік желіні жоғары сұранысқа ие. Осы ретте, аудан басшылары бүтіндей ауылды вацап желісіне қосып, сол арқылы елді мекенде болып жатқан барлық жағдайды өз бақылауларына алып отыр. Соған сәйкес, интернет жүйесін де дамытып, Билайн 4G желісін іске қосқан. «Мобильді ауыл – Айдарлы...
Толығырақ... Оқылды: 1408 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.02.2021

Жыр алыбының мерейтойын өткізу жоспары таныстырылды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Алматы облысына жұмыс сапарымен келді. Мемлекеттік хатшы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өңірде жүзеге асырылу және жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын мерекелеуге дайындық барысымен танысты. Сапарда Мемлекеттік хатшымен бірге Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет бірге жүріп, Қарасай және Жамбыл аудандарындағы бірқатар әлеуметтік-мәдени нысандарда болды. Атап айтсақ, ресми өкілдер Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығындағы музейлік экспозициялармен танысты. Аталмыш мәдени орталық Шамалған ауданында бой көтерген. 2017 жылы бұқара үшін есігін айқара ашқан еді. Нысанның жалпы ауданы, 3,500 га, ал музейдің орналасқан жері 1249,5 шаршы метірді құрайды. Елбасының «Атамекен»...
Толығырақ... Оқылды: 1372 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.02.2021

ЖЕТІСУ-АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ КЕҢСЕСІ АЯСЫНДА «МОБИЛДІ АУЫЛ 24/7» ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫУН БАСТАДЫ

«Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің негізгі бағыттарының бірі халыққа қолайлы жағдай жасау. Сол мақсатта жобалық кеңсе аясында Алматы облысының Панфилов ауданында және Іле ауданының Айдарлы мен Қараой ауылдық округтерінде «Мобилді ауыл» жобасы жүзеге асырылуда. «Мобилді ауыл» жобасы жергілікті елді мекендерде, WhatsApp, Telegram мессенджерлері аясында, мемлекеттік билікті жүзеге асыратын мекемелер, жергілікті полиция қызметкерлері, салық қызметкерлері, аурухана қызметкерлері, білім беру мекемелерінің басшылары және тағы басқа мекеме қызметкерлері онлайн форматта халықпен тікелей байланыс орнатып, мазалағын сұрақтарын, туындаған мәселелерін тікелей жауап беруге арналған жоба. Сонымен қатар, "Мобилді ауыл" жобасы - 24/7 режимінде "ашық диалог" орнату арқылы халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыратын жобалардың бірі. Бұған қоса, жоба тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың туындау себептерін жоюға мүмкіндік...
Толығырақ... Оқылды: 1223 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.02.2021

Саяси бюро отырысы

Бүгін, «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалында аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы А.Әділдің қатысуымен Саяси Кеңес Бюро отырысы өтті. Күн тәртібінде ауданның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» талқыланып бекітілді. Отырысқа Саяси Кеңес Бюросының мүшелері, аудандық мекеме басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында әзірленген бұл «Жол Картасы» өңір дамуына жаңа серпіліс беріп, ауданымыздың әл-ауқатын көтеру жолында орасан зор септігін тигізбек. Әділет АЙТҚАЗЫ, «NUR OTAN» партиясы Көксу аудандық филиалының эксперті.
Толығырақ... Оқылды: 1167 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.02.2021

«Самұрық-Қазынада» «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды»

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы Алик Шпекбаев пен Қордың төрағасы Ахметжан Есімовтің қатысуымен «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ашылуы өтті. Жобалық кеңсе сыбайлас жемқорлық алғышарттарын жою, парасаттылық идеологиясын ілгерілету және Қор компаниялары тобының корпоративтік басқаруындағы қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында құрылған. Мемлекет басшысы «Samruk Business Forum» отандық кәсіпкерлерді қолдау форумы барысында Қор нысандарын 2025 жылға дейін тиімді және ашық жекешелендірудің міндетті құралы ретінде қоғамдық бақылауды атап өтті. Бірлескен іс-шараларды талқылау барысында А.Есімов Қор мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыруға белсенді қатысып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын барлық бизнес процестерге егжей-тегжейлі талдау жүргізетінін атап өтті. Холдинг осы салада үлкен тәжірибе жинақтады. Қор басшысы атап өткендей, сатып алулар әрқашан ең сыба...
Толығырақ... Оқылды: 1319 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.02.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.