Жаңалықтар

МӘМС бойынша ЭКҰ: 6,2 млрд теңгеге 7 мың циклды қаржыландыру жоспарланған

2021 жылы медициналық сақтандыру қоры алдын ала сомасы 6,2 млрд теңгеге 7000 ЭКҰ циклын қаржыландыруды жоспарлап отыр. Жасанды ұрықтандыру рәсімін жүргізуге квота саны 2020 жылмен салыстырғанда 7 есе өсті, өткен жылы 960 млн теңгеге 1105 ЭКҰ қызметі көрсетілді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында тегін ЭКҰ-ға кім өтініш бере алады, қайда жүгіну керек және процедураға арналған көрсеткіштер туралы айтылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2021 жылдан Қазақстанда «Аңсаған сәби» әлеуметтік бағдарламасы басталды, оның мақсаты - қосалқы репродуктивтік технологиялардың (ҚРТ) көмегімен отбасылық-демографиялық проблемаларды шешуге жәрдемдесу. Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ЭКҰ бағдарламасы аясында 2018 жылы ТМККК шеңберінде 902 циклды және 2019 жылы да дәл осы көлемді қаржыландырған. ДДСҰ мәліметтері бойынша, репродуктивті технологияны жүргізу нәтижесі 45-60% жетеді. ЭКҰ жүргізу тиімділігі біздің елімізде орта есеппен...
Толығырақ... Оқылды: 1252 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.02.2021

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ АҒАРТУШЫСЫ ТУРАЛЫ АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағаты» қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі, жазушы, этнограф, фольклоршы ғалым, ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсаринге арналды. Қазақ даласында білімнің шырағын жаққан Ыбырай Алтынсарин бар ғұмырын қазақ балаларын оқыту жолында өткізген. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, ана тілімізде оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын «Қазақ христоматиясының» алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қатар, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім…» деп тұжырымдаған. Қазақ жастары арасында білім беруді дамытудың маңыздылығын Алтынсарин өзінің басқа да көптеген шығармаларында сипаттаған. Олардың қатарына «Өсиет өлеңдер», «Әй, жігіттер» сияқты тағы да басқа туындыларын жатқызуға болады. Бұл өлеңдерінд...
Толығырақ... Оқылды: 1217 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.02.2021

Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру және (немесе) барлау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін талап қою мерзімін айқындауға қатысты

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) 3 тармақ 48 бапқа сәйкес талап қоюдың ескіру мерзімі осы бапта белгіленген ерекшеліктер ескеріліп, салық төлеушілердің мынадай: 1) осы Кодекске сәйкес салықтық мониторингке жататын; 2) қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратындар. Салық кодексінің 1 бабы 2 тармағының 22 тармақшасына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт – Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген құзыретке сәйкес құзыретті орган немесе жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мен жеке және (немесе) заңды тұлға арасындағы пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді, бірлескен барлау мен өндіруді жүргізуге не барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылысжайларын салуға және (немесе) пайдалануға...
Толығырақ... Оқылды: 1091 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.02.2021

Жылжымайтын мүлікті нотариуссыз, ХҚО арқылы тіркеу

Қайырлы күн, оқырман! Бүгінгі #oqy&toqy айдарында сатып алынған жылжымайтын мүлікті нотариуссыз, яғни ХҚО арқылы тіркеп көретін боламыз. Ең алдымен ХҚО-ға кезекті онлайн брондаңыз. Бронды растау үшін ХҚО-ға 20 минутқа ерте келіңіз; ХҚО операторына келесі құжаттарды ұсыну: сатып алу- сату келісімшартының 2 данасын жасасыңыз: Мүліктің техникалық паспорты; Мүлік меншігіне құқық беретін құжаттар (сатушы тарапынан); Некеде болса, екі тараптың да жұбайының нотариус арқылы рәсімделген келісімі; Егер жылжымайтын мүлік құрылыс компаниясынан сатып алынатын болса, қосымша: Сату жөніндегі шешім; Сатып алушы некеде болса, нотариус арқылы жұбайының рәсімделген келісімі; Есіңізде болсын ХҚО-ға дайын келісімшартпен келулеріңіз қажет. Келісім-шартта міндетті түрде жылжымайтын мүліктің барлық сипаттамасы (ауданы, қабаты, пәтер нөмірі, кадастр нөмірі және басқа да техникалық сипаттамалары) көрсетілуі тиіс. Жылжымайтын мүлікті құрылыс компаниясынан алған жағдайда, ХҚО-ға компания өкілі к...
Толығырақ... Оқылды: 1141 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.02.2021

А.Баталов: «NurOtan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асырудағы «Жол картасы» Жетісу өңірінің дамуына үлес қоспақ

Бүгін, Алматы облыстық мәслихатындағы «NurOtan» партиясы депутаттық фракциясының жиналысы өтіп, күн тәртібінде «NurOtan» партиясы Алматы облысының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол картасы қаралды. Отырысқа облыс әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы Амандық Баталов және әкім орынбасарлары, облыстық мәслихат хатшысы Жанболат Жөргенбаевоблыстық партия филиалының басшылығы, облыстық мәслихат депутаттары, департамент, басқарма басшылары қатысты. Жиналысты облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық депутаттық фракция жетекшісі Гүлнәр Тойлыбаева ашып жүргізіп, күн тәртібіндегі мәселелерді атап өтті. «Барлықтарыңызға мәлім, «NurOtan» партиясы республика бойынша әр аудан-қала мен облыстық сайлауалды бағдарламасын әзірлеп, қалың бұқараның талқылауынан өткізген болатын. Ерекешелігі бұл бағдарлама әр өңірді жеке қамтып, аймақтың дамуы жолында өз рөлін а...
Толығырақ... Оқылды: 1174 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.02.2021

МӘМС мүмкіндіктері: жүкті әйелдерді, мигранттарды және БЖТ төлеушілерді не мазалайды?

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өз өзектілігін жоғалтпайтын тұрғындардың сұрақтарына жауап беруді жалғастыруда. Естеріңізге сала кетейік, өтінішті кез келген кері байланыс арнасы - 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Telegram-бот @SaqtandyryBot және ресми сайт арқылы қалдыруға болады fms.kz. - Ай сайын БЖТ төлеймін, сонда да «сақтандырылмаған» деген мәртебе беріледі, неге? - Сірә, өтініш берген сәтте ағымдағы ай үшін БЖТ төленбеген немесе алдыңғы үш ай ішінде олқылықтарға жол берілген. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңына сәйкес, сақтандыру мәртебесін алу үшін БЖТ-ны үш ай қатарынан төлеу қажет. Сонымен бірге, егер ол төртінші айда медициналық көмек алуға ниет білдірсе, онда ол ары қарай БЖТ төлеуі керек. Мүмкін, адам техникалық себептермен жүйеден «шығып қалған» шығар. Ол үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіну қажет. Егер мамандар барлық жарналардың бар екеніне көз жеткізсе, мәр...
Толығырақ... Оқылды: 1233 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.02.2021

Жетісуда 1,1 млрд. теңгеге демалыс базалары салынады

Аламты облысы табиғаты көз тартар көрікті мекен. Жетісу өлкесі туристік нысандарға бай. Сол себепті, бұл аймаққа туристер ағылып келеді. Алайда, пандемияға байланысты былтыр аса жоғары көрсеткіш тіркеле қоймады. Салдарынан, келуші туристер саны 42 пайызға төмендеген. Дегенмен, туризм саласы тұралап қалған жоқ. Соңғы жылдардағы ішкі туризмнің дамуы оң нәтиже көрсетіп отыр. Сәйкесінше, келушілерге қызмет көрсететін нысан саны 803-ке жеткен жайы бар. 2020 жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысында туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар 21,0 млрд.теңгені құрады, бұл республикалық көлемнің 14,5% - ын құрайды. Оның ішінде, 2020 жылы облыс картасында 24 жаңа нысан пайда болып, осы салада еңбек еткен халық саны – 27 мыңға жетті. 2021 жылы инфраструктуралық жобаларды іске асыруға мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен 29,2 млд. теңге бөлінуі көзделген. Сонымен қатар, 171 жұмыс орнын құрумен құны 1,4 млрд.теңгеге 10 инвестициялық жоба пайдалануға беріледі. &laq...
Толығырақ... Оқылды: 1200 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.02.2021

«Жас маман» жобасына өңірден 5 колледж қатысуда

Білім ордаларының материалдық-техникалық базасын жаңарту, сапалы кәсіптік мамандар даярлау мақсатында 2019 жылы «Жас маман» жобасы бекітілген еді. Бұған республика көлемінде 180 колледж іріктеліп алынға. Алматы облысынан 10 колледж осы жобаға енгізілген болатын. «Жас маман» жобасы аясында колледждерде теориялық оқыту кабинеті мен өндірістік оқыту шеберханалары халықаралық «Worldskills» стандарттарына сай замануи құрал-жабдықтармен жабдықталды. Кабинеттер мен шеберханаларда қажетті коммуникациялар мен инфрақұрылымдар жүргізіліп, тиісті жиһаздармен қамтамасыз етілді. Ол үшін облыстық бюджеттен 5% көлемінде қосымша қаржыландыру үшін 80,2 млн.теңге қаражат қарасырылды. Биылғы жылыда аталмыш жоба өз жалғасын таппақ. 2021 жылы «Жас маман» жобасына енген 5 колледжге республикалық бюджеттен 1,3 млрд.теңге қарастырылды. «Жоғарыда аталған колледждердің базасында «Аспаз», «Кондитер», «Нан пісіру,...
Толығырақ... Оқылды: 1319 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.02.2021

Жетісулық 384 жас «Елбасы медалінің» иегері атанды

Таланты мен талабы ұштасқан үздіктердің жалын атуына ықпал ететін облыстық білім басқармасына қарасты «Жетісу дарыны» оқу-әдістемелік орталығы жұмыс жасайды. Орталықтың мақсаты: шығармашыл, белсенді, әлеуметтік жауапты, интеллекті жоғары, кәсіби сауатты жеке тұлғаны қалыптастыру. Аталған орталық, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жас таланттар мен көшбасшыларды қолдау және дамыту жөніндегі «El Umiti» бастамасы аясында бірнеше жобаларды жүзеге асыруда. Атап айтар болсақ, олар: «Елбасы медалі», «Қабілет» жобасы және «Мың бала» ұлттық олимпиадасы. «Елбасы медалі» жобасына 14-29 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады. Жоба спорт, дарын мен дағдылар, кітап оқу, Ұлттық мұра, еріктілік бағыттары бойынша жүргізіледі. Бүгінгі күні, 1121 жас қатысуға өтініш берген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, Алматы облысы «Елбасы медалі» жобасында үздік көрсеткіш көрсетіп, 384 адам жеңімпаз атанған. Жоба жүлдегері атанғ...
Толығырақ... Оқылды: 1342 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.02.2021

Студенттік арманын орындады: жас кәсіпкер Қапшағайда дамытушы кілемшелер шығарады

Алматы облысының тұрғыны Мереке Рамазан Қапшағай қаласында балаларға арналған кілемшелер мен жұмсақ ойыншықтар шығаратын цех ашып, өзінің студенттік арманын орындады. 28 жастағы Мереке Рамазан Балқаш ауданындағы Береке ауылында туған. Оқу орнын it бағыт бойынша сәтті аяқтап, байланыс инженері болып еңбек етті. Алайда, студенттік кезінен бастап жеке кәсібін ашуды армандап келді. Соңғы екі жылда балалар ойыншықтары мен кілемшелерін шығару идеясы туындады, дейді Мереке. Арманын жүзеге асыру үшін 2019 жылы ол «Еңбек» бағдарламасы бойынша «Бастау Бизнес» бір айлық оқыту жобасының курсына жазылды. Кәсіпкерлер палатасында кеңес алып, бизнес-жаттықтырушыдан тәлім үйренді. «Студенттік шағымда өз ісімді ашуды әрқашан ойлайтынмын. Соңғы екі жыл бойы мен балалар ойыншықтары мен кілемшелер шығару ойымен өмір сүрдім. Осы бағытты қарап, нарықты талдап, сұраныс көлемін зерттедім. Еліміз бойынша және біздің облыста мен шығарғым келген бұйымдар болмады. Бағдарламаш...
Толығырақ... Оқылды: 1274 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.02.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.