Жаңалықтар
Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау |
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасын кері қайтарып алу және оны палатаның талқылауына шығармау туралы шешім қабылдады. Заң жобасына депутаттар 2019 жылғы Президент Жолдауынан кейін бастама көтерді. Ол бойынша елдегі отбасылық-тұрмыстық жанжалдар санының өсуі туралы айтылған. Заң жобасы 10 айдан астам уақыт Парламентте талқылануда. Жұмыс топтары тоқтамай заңнама аясында жұмыс істеуді жалғастырды. Көпті алаңдатқан заң жобасына Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Тоқаев та өз пікірін білдірді. Президенттің айтуынша, өзекті мәселелер кеңінен талқылануы тиіс. «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы қоғамда қызу талқыға түсуде. Бұл – орынды. Өзекті мәселелер кеңінен талқылануға тиіс. Оның нормаларын мұқият қарап, барлық пікірлерді ескерген жөн. Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау"-, деп жазды Мемлекет басшысы Тwitter парақшасында.... |
Толығырақ... Оқылды: 1885 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.01.2021 |
ЖШС тіркеуі |
Сәлем достар! Бүгінгі #oqy&toqy айдарында жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктердің (өкілдіктерді) есептік тіркеуі (қайта тіркеу) туралы айтып бермекпіз. |
Толығырақ... Оқылды: 1907 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.01.2021 |
Алматы облысы Дін істері басқармасы ескертеді |
Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату орын алған кезде 453 баптың 1бөліміне сәйкес, жеке тұлғаларға – 20 АЕК (58340 тенге), лауазымды адамдарға – 25АЕК(72925тенге), шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 50 АЕК(145850тенге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК (291700тенге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 200 АЕК (583400тенге)мөлшеріндеайыппұл салуға әкеп соғады. 2 бөліміне сәйкес, жеке тұлғаларға – 20 АЕК(58340 тенге), лауазымды адамдарға – 25 АЕК(72925тенге), шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 50 АЕК(145850тенге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК(291700тенге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 200 АЕК (583400тенге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3 бөліміне сәйкес, жеке тұлғаларға – 100 АЕК(291700тенге), лауазымды адамдарға – 1... |
Толығырақ... Оқылды: 2006 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.01.2021 |
Көксу ауданы әкімінің Мұқаншы ауылдық округінің тұрғындары алдында есеп беру кездесуі өтті |
Көксу ауданының әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы мен Мұқаншы ауылдық округінің әкімі Өмірәлинов Бақытжан Кендірбекұлы 2021 жылдың 21 қаңтарында Мұқаншы ауылдық округі тұрғындарының алдында 2020 жылғы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Жиын «Zoom» бағдарламасы арқылы өткізілді. Есептік жыл табысты болып, округте бірқатар келешегі бар жұмыстар атқарылды. Қазақстанның 50 жылдығы ауылында ауысымына 30 адам қабылдай алатын жаңа дәрігерлік амбулатория салынып, қолданысқа берілді. Көксу бекеті мен Мұқаншы ауылында көшелер жөндеуден өтті. Қазақстанның 50 жылдығы ауылында спорт алаңы салынды. Өрт қауіпсіздігін күшейту мақсатында Көксу бекетінде өрт сөндіру бекеті орнатылып, қолданысқа берілді. Көксу бекетінде балалар ойын алаңқайы орнатылды. Жетіжал ауылындағы Кәкенов көшесінде суағар жүйесі орнатылды. Ауылдың сыртында тұрмыстық қатты қалдықтар жинайтын полигонға қоршау орнатылды. Алдымыздағы жылы ауылдарымыздың көшелерін жөндеу, көше жарықтарын орнату, арықтар жүйесін ағымды жө... |
Толығырақ... Оқылды: 2014 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.01.2021 |
Мұқаншы ауылдық округ әкімінің округ тұрғындары алдында есеп беру кездесуі өтті |
Мұқаншы ауылдық округінің әкімі Бақытжан Өмірәлинов 2021 жылдың 18-19 қаңтар аралығында округке қарасты Қазақстанның 50 жылдығы, Жетіжал, Мұқаншы, Нәдірізбек ауылдарының тұрғындары алдында округтің 2020 жылы атқарылған жұмыстары туралы есеп берді. Жиындар карантин талаптары сақтала отырып өткізілді. Ең алдымен, жиында Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2020 жылғы 1қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы тыңдалды. Жолдаудан кейін округ әкімі тұрғындар алдында округтің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы және 2021 жылда атқарар жұмыстары жайлы баяндамасын оқыды.Әсіресе«COVID-19» пандемиясына қарсы округте атқарылған карантин жұмыстары, аз қамтылған отбасыларға көрсетілген қайырымдылық көмектер, тұрғындарды жұмыспен қамту туралы айтылды. Тұрғындар тарапынан туындаған сұрақтар бақылауға алынып, ауыл азаматтары округ әкіміне оң баға беріп, ауылдарымыздың жылдан - жылға... |
Толығырақ... Оқылды: 1954 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.01.2021 |
Алматы облысында жалпыға бірдей декларациялау басталады |
Салық заңнамасына сәйкес, жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау міндетті. Аталған бағыттағы жұмыс 4 кезеңге жоспарланған. Жалпы алғанда бұл жұмыстар 2021 жылдың 1 қаңтарынан, 2025 жылдың басына дейін жалғасын табатын болады. Бұл туралы «Jetisy Media»ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының басшасы Руслан Ахметжанов баяндады. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғалар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілгендер мен олардың жұбайлары сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы»,... |
Толығырақ... Оқылды: 1946 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.01.2021 |
Жаңа жылдан бастап ротациялау енгізілді! |
Жалпы ротация дегеніміз не? Ротация қандай мақсатта жүргізіледі. Ротация жайлы толық ақпарат алғыңыз келсе, мына мақалаға назар аударыңыз. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру, облыстарды, республикалық маңызы бар қалаларды, астананы, облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалаларды, облыстық маңызы бар қалаларды, облыстардың аудандары мен қалалардағы аудандарды дамыту, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әлеуетін және басқару тәжірибесін тиімді пайдалану, мемлекеттік қызметшілерді кәсіби дамыту және олардың басқару құзыреттерін жетілдіру болып табылады. Ротацияға саяси мемлекеттік қызметшілермен, «А» және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері жатады. 2020 жылы 13 қарашада ҚР Президенттінің Жарлығымен жаңа Ротация қағидалары бекітілді. Ротация қағидалары 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Қағидалармен саяси қызметшілердің ротациясы енгізілді. Бұл ретте, р... |
Толығырақ... Оқылды: 1862 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.01.2021 |
Алматы облысының 16 мыңнан астам кәсіпкеріне мемлекеттің қаржылай емес қолдауы көрсетілді |
2020 жылы Алматы облысында 16 мыңнан астам кәсіпкер сервистік қызметтер мен кеңестер алды. Қаржылай емес қолдау өңірлік кәсіпкерлер палатасы қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. "Бизнестің жол картасы–2025" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары арқылы ақысыз қаржылай емес қолдау көрсетіледі. Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметовтың айтуынша, 2020 жылы өңірдің 16 мыңнан астам кәсіпкеріне 17,5 мың сервистік және консультациялық қызмет көрсетілді. Кәсіпкерлер негізінен жеке кәсіпкерлік ашу, бизнес-жоспарды әзірлеу, бухгалтерлік есепті тапсыру сияқты қызметтерге жүгінген. Кәсіпкерлер палатасы менеджерлерінің қолдауының арқасында 1,3 мың жоба мемлекеттік қолдау құралдары аясында қаржыландырылды. «Кәсіпкерлер үшін барлық қажетті қызметтер ақысыз болып табылады. Қызмет түрлері облыстың барлық қалалары мен аудандарында орналасқан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында қолжетімд... |
Толығырақ... Оқылды: 1820 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.01.2021 |
Алматы облысында кәсіпкерлердің құқықтары 1,2 млрд теңгеге қорғалды |
Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы өткен жылы жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге кәсіпкерлердің құқығын қорғады. Бұл туралы Өңірлік палатаның директоры Әсет Шаяхметов мәлімдеді. Оның айтуынша, бизнестің түйткілді мәселелерінің қатарында мемлекеттік сатып алулар мен жер қатынастары саласы, мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне шағымдар, салық, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мәселелер бар. «2020 жылы палатаға кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау желісі бойынша заңды тұлғалардан 233 өтініш келіп түсті, оның 88-і оң шешімін тапты. Жалпы, біздің қолдауымыздың арқасында бизнес құқығы 1,2 млрд теңгеге қорғалды, бұл 2019 жылмен салыстырғанда екі есе жоғары», - деп атап өтті Әсет Шаяхметов. Мәселен, 2020 жылы Кәсіпкерлер палатасының өкілдері сотта "АЛСАД Қазақстан" ЖШС құқығын қорғап, сотқа үшінші тұлға ретінде қатысты. Компания соттан мемлекеттік органның әрекетін заңсыз деп тануды және 2020 жылғы наурыздан мамырға дейін тағамдық тауық жұмыртқасы өндірісінің құны... |
Толығырақ... Оқылды: 1838 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.01.2021 |
Пәтердегі жөндеу жұмыстары мен құлаққа жасалатын операциялардың арасында қандай ұқсастық бар? |
Пәтерінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп көрген адамның, қабырғаға жасырылған сымдарды абайсызда зақымдап алған кездері болған шығар. Елестетіп көріңізші, сөрені қабырғаға ілуіңіз керек. Әрине, сөрені бекіту үшін қабырға шеге ілетін тесік жасайсыз. Сіз бұрғылап жатқан кезде, кенеттен жарық сөніп қалды: демек сіз сымды үзіп алдыңыз! Кез-келген операция кезінде де дәл осындай жағдайлар орын алуы мүмкін, өйткені барлық жерде жасырын нервтер орналасады, олар оңай зақымдалады. Алайда, құлаққа жасалатын операциялар кезінде бұл аса қауіпті, өйткені беттегі нервтердің зақымдануы – операциядан кейінгі жиі кездесетін асқынулардың бірі: әр адамның нервтері әртүрлі жерлерде орналасады, сондықтан нервті алдын-ала болжау және табу қиын. Өкінішке орай, егер үзілген сымды жалғауға немесе ауыстыруға болатын болса, нервтер зақымдалған кезде, жағдай қиынырақ болады. «Ортаңғы құлақта тез зақымданатын бет нервтері орналасады. Есту қабілетін жақсартуға арналған операцияла... |
Толығырақ... Оқылды: 1707 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.01.2021 |