Жаңалықтар
2020 жылдың қараша айында медициналық сақтандыру қорына түскен жарналар 1,36 млрд. теңгені құрады |
2020 жылдың қыркүйек айында Алматы облысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің аударымдары мен жарналарының жалпы сомасы 1,36 млрд.теңгені құрады. Республика бойынша қараша айында түскен жарналар сомасы (2020 жылғы 01-31 қазан аралығында) 22,7 млрд.теңгені құрады. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев атап өткендей, қыркүйек айында Алматы облысы бойынша 806,3 млн.теңге жұмыс берушілердің аударымдары және 557,7 млн. теңге азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен тұлғалардың жарнасы болып саналады. МӘМС-ке келіп түскен барлық қаражат, сенімгерлік басқару шарты бойынша Ұлттық банкте сақталады және кейіннен МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді төлеуге жіберіледі. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы |
Толығырақ... Оқылды: 306 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.11.2020 |
Қашықтықтан оқыту шеңберінде оқу платформаларының тиімділігі |
Әлемді дендеген індет еліміздің білім саласына да өзіндік өзгерістер алып келді. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің шұғыл әрекет етуімен оқу мен тәрбие алу процесі қашықтықтан оқытуға көшірілді. Алғашқы кезеңде аталған үрдіс көптеген қиындықтар мен түсініспеушілік туғызғаны рас. Себебі, тез арада шұғыл шешім қабылдап, балалардың денсаулығына қауіп келмеуі үшін әрекет етумен қатар, білім алу үрдісін де тоқтатпау керек болды. Бұл індет бүкіл әлемге тарағандықтан, көптеген мемлекеттер қашықтықтан білім беруге көшті. Қазіргі кезде сандық технологиялар күн сайын қарқынды дамып келеді. Мұны біз дұрыс қабылдап, заман талабынан қалмай қадам басып, мейлінше пайдалы жағын өзімізге қабылдап, мүмкіндіктерді толық пайдалануымыз керек. Біз сан түрлі себептер іздеп тартынғанмен, ғаламдану үрдісінен біз шет қала алмаймыз. Ал, дамып бара жатқан үрдістен шығып қалу - тоқырауға ұшырататындығымен және ол үрдісті қуып жету мүмкін еместігімен қауіпті. Қашықтықтан оқыту – о... |
Толығырақ... Оқылды: 623 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.11.2020 |
''Nur Otan'' кәсіпкерлерді қолдайды! Онлайн форматтағы кездесу |
«Nur Otan» партиясының Көксу аудандық филиалы кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысын өткізді. Кездесу онлайн форматта жүргізілді. Кездесуге аудандық мәслихаттың депуттаттары мен бизнес қауымдастық өкілдері, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған жеке кәсіпкерлер қатысты. Жиында шағын және орта бизнесті дамытуға кедергі болып отырған мәселелер қаралды. Сонымен қатар онлайн басқосу барысында «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов «Nur Otan» партиясының жеке меншікке қол сұқпауды, ашық бәсекелестікті, қолайлы инвестициялық ахуал құруды, өңірлердің үйлестірілген дамуын, инновация мен экспортты ынталандыруды, экономиканы диверсификациялауды, инфрақұрылымды дамытуды жақтайтынын атап өтті. |
Толығырақ... Оқылды: 292 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.11.2020 |
Ауылда алаң ашылды!!! |
Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында Мұқаншы округінде спорт алаңы салынып, халық игілігіне берілді. Жобаның құны 38 млн теңге. Алаңының жалпы ауданы 1362 шаршы метр, ұзындығы 196 метр, қоршауының биіктігі 4 метр. Мұнда шағын футбол, баскетбол, волейбол алаңы, воркаут алаңы, балалар ойын алаңы орналасқан. Кешкі уақытта жарықпен де қамтамасыз етілген. Шараның ашылуына аудан әкімінің қос бірдей орынбасарлары қатысты. Бұдан бөлек округте 11 көшеге жөндеу жасалып, су жаңа дәрігерлік амбулатория қолданысқа берілген. Қазіргі уақытта ауылдың тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигонға қоршау жұмыстары жүргізілуде. Ауыл әкімінің айтуынша келер жылы тағы 7 көшенің жарық жүйелерін, Қазақстанның 50 жылдығы ауылындағы арық жүйелерін жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр екен. |
Толығырақ... Оқылды: 220 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 06.11.2020 |
Алматы облысында COVID-19 өсу қарқыны 0,2% құрады |
Алматы облысы COVID-19 вирусының ықтимал екінші толқынына дайындықты күшейтті. Өңірде соңғы аптада вирустың өсу қарқыны 0,2% құрады. Бұл туралы «JETISÝ MEDIA» ақпараттық алаңында облыстың бас дәрігері Өмірзақ Ниязбеков мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі таңда стационарлық емдеуде барлығы 149 адам бар, оның ішінде 33 адам инфекциялық стационардың 1 деңгейінде, 109 адам инфекциялық стационардың 2 деңгейінде ем қабылдап жатыр. «Облыс бойынша коронавирустың өсу қарқыны тәулігіне де, соңғы аптада да 0,2% құрады. Жалпы COVID-19 вирусын жұқтырған 5204 науқас тіркелді, оның 4872 - і сауығып шықты, 81 -і емделуде», – деді ол. Пандемияның ықтимал екінші толқынына 5280 төсек-орын дайындалды. Індетке қарсы тұру мақсатында облыс орталығында 200 төсек орындық модульдік инфекциялық аурухана пайдалануға берілді. Одан бөлек Талдықорған және Алматы қалаларындағы көпсалалы ауруханалардың базасында ауыр науқастарға шұғыл көмек көрсету үшін заманауи жабдықтармен... |
Толығырақ... Оқылды: 281 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.11.2020 |
Сөз додасы мәресіне жетті |
Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы мен облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Біржан мен Сара» () атты сөз додасына алғаш қадам басқан жас ақындардың онлайн айтысы мәресіне жетті. Үш күнге жоспарланған айтыста аймағымыздан 18 жас айтыс ақыны қатысып, бақтарын сынады. Сөз додасына қатысқан үміткерлердің өнері мен өрлігін Ермек Келемсейіт, Раушан Жәнібекова, Әміре Әрін, Айтақын Бұлғақов, Қаныша Райсова, Серік Әбікенұлы, Жемісбек Толымбеков, Қажет Андас, Сағыныш Намазшамова сияқты әр саланың білгірлері бағалап, артықшылығын алқап, орын алғанк емшіліктерді көрсетті. Ел-жер тарихы, айтыс өнеріндегі ұлы тұлғалардың еңбегін жаңғырту, Тәуелсіздік жетістіктерін өлеңмен өру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында қазақ халық шығармашылығын насихаттау және дамытудағы жастардың рөлін барынша көрсетуді мақсат еткен айтыс іріктеу кезеңі, жартылай финал және ақтық сын сияқты үш кезеңнен тұрды. Айтыстың шарты бойынша сахна... |
Толығырақ... Оқылды: 247 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.11.2020 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сарапшылар саны артады |
Ағымдағы жылы 2 қарашада НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың үйлестірушісі ретінде конкурстық рәсімдердің қорытындылары бойынша айқындалған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті НҚА жобаларын қабылдау бойынша жұмысты бастады. Алғашқы 3 күнде әзірлеуші органдардан 320-дан астам НҚА жобалары келіп түсті. Осыған байланысты, НҚА жобаларына уақтылы және сапалы қорытындыларды дайындау үшін Үйлестіруші мынадай кезеңдерді қамтитын сарапшыларды қайта конкурстық іріктеуді бастады: 1) құжаттарды қабылдау (5 жұмыс күні, ағымдығы жылы 9-13 қараша аралығында); 2) конкурстық іріктеуге қатысушылардың құжаттарын белгіленген критерийлерге сәйкестігін қарау (2 жұмыс күні, 16-18 қараша аралығында); 3) кандидаттарды онлайн-тестілеуді өткізу (1 сағат ішінде - 23 қарашада өткізіледі); 4) сарапшылар тізіліміне енгізу үшін кандидаттармен әңгімелесу (3 жұмыс күні ішінде, ағымдағы жылы 30 қарашаға дейін). Жалпы, іріктеудің барлық кезеңдеріне 16 жұмыс күні бер... |
Толығырақ... Оқылды: 198 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.11.2020 |
Алматы облысындағы инвестициялық жобалар құны 5 трлн.теңгені құрайды |
Биылғы жыл күрделі болғаны баршаға мәлім. Дүниені дүрбелеңге салған пандемия барлық салаға әсерін тигізбей қоймады. Экономикадағы тұрақтылықты сақтау екінің бірінің қолынан келе бермейтіні анық. Дегенмен, Алматы облысы бұл үдеден шықты. Мәселен, соңғы 9 айдағы қорытындыға келетін болсақ, өңірдегі өнеркәсіпте өсім 3,1% көрсетіп, түсім 846,7 млрд.теңгеге жетсе, ауыл шаруашылығындағы өнімділік үлесі 2,4% артқан. Сәйкесінше, қазынаға түскен қаржы 634,6 млрд.теңгеге жеткен, құрылыс саласында өсім 1,6%-ға жетіп, нәтижесінде 208,2 млрд.теңге пайда түскен.Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Президент жанындағы ОКҚ алаңында өткен баспасөз-мәслихатында баяндадыд - 2020 жыл коронавирус індетіне байланысты оңай болған жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес Үкімет дер кезінде халықты әлеуметтік қорғау және бизнесті қолдау шараларын қабылдады. Осының арқасында экономиканың негізгі салаларында өсім қарқынын сақтай алдық, - деді өңір басшысы Амандық Бата... |
Толығырақ... Оқылды: 234 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.11.2020 |
Тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару |
Өз баспанаңыздың тіркеу есебінен, баспана қожайыны ретінде, кез-келген адамды тіркеуден шығара алатыныңызды білесіз бе? Бүгін біз парақшамыздың #oqy&toqy айдарында оның екі жолын көрсететін боламыз. |
Толығырақ... Оқылды: 264 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.11.2020 |
Жиын барысында Жәрдем БПҰ өз атқарылуы тиіс жұмыстарды бюро мүшелеріне өткізіп берді. |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кезекті онлайн «Адалдық сағатын» аралас жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы, кәсіби спортшы Ардақ Назаровпен өткізді. Бейне-дәрістің кейіпкері спорттағы өмірін 1991 жылы грек-рим күресі секциясына келгеннен бастаған. А.Назаров спорт жолында грек-рим күресі, джиу-джитсу және панкратион бойынша аудандық, облыстық және республикалық жарыстарда жеңімпаз болып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, көптеген спорттық жарыстардың тұғырында Қазақстанның туын көтеріп жүлдегер атанған. Сұхбат барысында атақты спортшы отбасы құндылығы, бірлік және өзара құрмет тақырыбында ойларымен бөлісіп, жастарды патриотизм мен парасаттылыққа шақырды. Өз сөзінде «Парасатты адам деп кемеліне жеткен, ақылы толысқан, дұрыс шешім қабылдай білетін, рухани түрде дамыған даналықтың өнегесіне жеткен адамды айтамыз», – деп атап өтті. А. Назаров жастардың кітап оқуға және өзін-өзі дамытуға деген қызығушылығын арттыру қажеттігіне ере... |
Толығырақ... Оқылды: 235 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.11.2020 |