Жаңалықтар
Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекітілді |
Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен облыстық мәслихаттың VII шақырылымының бірінші сессиясы өтіп, онда өңірдің 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді. Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруға 3,5 трлн. теңге қарастырылып отыр. Ең бастысы, бұл құжат әкімдердің есеп беру жиындарында, жеке қабылдауларда, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында айтылған, әкімнің жеке блогына келіп түскен өтініш-тілектерді ескере отырып дайындалған, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Сессияны ашқан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Тимур Дәуітов мәслихат депутаттығына сайланған депутаттарды құттықтап, биылғы жылдың 10 қаңтарында өткен Парламенті Мәжілісінің және жергілікті өкілді органдары депутаттары сайлауының қорытындысымен таныстырды. Осы жиында сессияның төрағасы болып Әсет Қыдырманов сайланып, облыстық мәслихаттың хатшылығына ұсынылған Жанболат Жөргенбаевтың кандидатурасын депутаттар бірауыздан қолда... |
Толығырақ... Оқылды: 1529 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.01.2021 |
Алдағы бес жылда Алматы облысында 5 млн. 400 мың шаршы метр тұрғын үй салынады |
Алматы облысында 2021-2025 жылдары облыста шамамен 5 млн. 400 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда, соның 1,1 млн. шаршы метрі «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында іске асырылады. Баспанамен үш мыңнан астам әлеуметтік осал және 5500-ден астам көп балалы отбасы қамтамасыз етілмек. Бұл туралы бүгін облыстық мәслихаттың VII шақырылымының I-ші сессиясында облыстың 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасының жобасын депутаттарға таныстырған облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Баяндамашының айтуынша, аталған Бағдарламада облысты жайлы және қауіпсіз өңір ретінде дамыту негізгі басымдықтардың бірі болып белгіленген. Мұнда халықтың тұрғын үймен қамтуға ерекше көңіл бөлінеді. Облыста бес жылда 5 млн. 400 мыңдай шаршы метр тұрғын үй салу көзделсе, соның 1,1 млн. шаршы метрі «Нұрлы Жер» бағдарламасы арқылы шешілмек. Сондай-ақ, 58 мың пәтерлік бір мыңнан астам коммерциялық үй салынады, оның 5 мыңы... |
Толығырақ... Оқылды: 1496 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.01.2021 |
Алматы облысында жалпы өңірлік өнімді 2025 жылға қарай 5 трлн. теңгеге жеткізу межеленіп отыр |
Алматы облысында экономиканың тұрақты дамуын жыл сайын орта есеппен 4%-ке қамтамасыз ету шаралары көзделіп отыр. Сөйтіп жалпы өңірлік өнімді 2025 жылға қарай 5 трлн. теңгеге жетпек. Облыстық мәслихаттың жаңадан сайланған депутаттары бүгін 1-ші сессияда осы және өзге де мақсат-міндеттер белгіленген өңірдің 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын бірауыздан қолдады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Сессия барысында аймақтың бес жылға арналған даму бағдарламасы жайлы облыс әкімінің орынбасары Ж. Тұяқов баяндады. Оның айтуынша, өңір экономикасын көтеру – Бағдарламаның бірінші және негізгі бағыты. Ол үшін өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсаты алға қойылған. Бүгінгі таңда облыстың инвестициялық портфеліне 5,4 трлн. теңгеге 546 жоба енгізілді. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 2021-2025 жылдары төрт жарым мың жұмыс орнын құра отырып, инвестициялар көлемі 690 млрд.теңге болатын 37 жоба іске асырылады. Олардың арасында Трансұлттық ком... |
Толығырақ... Оқылды: 1505 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.01.2021 |
Еліміздің өркендеуіне қажетті реформалар |
Парламент Мәжілісінің 1-ші сессиясына қатысқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің өркендеуіне қажетті көптеген міндеттер мен реформалар жөнінде мәлімдеді. Оның айтуынша, ел мен жердің тұрақты дамуын қалыптастыру үшін ең алдымен саяси реформаларды дұрыс жүргізіп, әлем жұртшылығының назарында тұрған мәселелерді тиімді шешу керек. Әсіресе, атқарушы органдардың дербестігін арттырудың маңыздылығын, аудандық, облыстық, республикалық маңызы бар күре жолдардың 100 пайыз жөнделетінін, жастардың даму индексін енгізудің және сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етудің қажеттігін ерекше атап өткен Мемлекет басшысы: – Алтыншы – азаматтық қоғам өкілдерінің белсенділігін арттыру, жастар саясатын жетілдіру және қайырымдылық қызметін қолдау, – деп азаматтық белсенділікті арттыру жолында тағы бір маңызды қадам жасалатындығына тоқталды. – Өздеріңіз білесіздер, жыл басында мен кейбір заңнамалық актілерге қоғамдық кеңестер қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырула... |
Толығырақ... Оқылды: 1756 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.01.2021 |
2020 жылдың желтоқсан айында медициналық сақтандыру қорына түскен жарналар 1,78 млрд. теңгені құрады |
2020 жылдың желтоқсан айында Алматы облысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің аударымдары мен жарналарының жалпы сомасы 1,78 млрд.теңгені құрады. Республика бойынша желтоқсан айында түскен жарналар сомасы (2020 жылғы 01-31желтоқсан аралығында) 30,2 млрд.теңгені құрады. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев атап өткендей, желтоқсан айында Алматы облысы бойынша 1,06 млрд.теңге жұмыс берушілердің аударымдары және 725,2 млн. теңге азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен тұлғалардың жарнасы болып саналады. МӘМС-ке келіп түскен барлық қаражат, сенімгерлік басқару шарты бойынша Ұлттық банкте сақталады және кейіннен МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді төлеуге жіберіледі. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы |
Толығырақ... Оқылды: 1850 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.01.2021 |
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СОҢҒЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ БАЯНДАДЫ |
ANTIKOR ORTALYGY алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ернар Әбсейітұлы Мақажановтың қатысуымен "Пара бергені, парақорлыққа делдал болғаны және бизнеске заңсыз араласқаны үшін жауапкершілікті күшейту" тақырыбында онлайн-брифинг өткізілді. Брифингте Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша соңғы заңнамалық өзгерістерді жеткізді. Брифинг аясында Ернар Мақажанов пара беру мен парақорлыққа делдал болу, сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу дерегі үшін жауапкершілікті күшейту мақсатында қабылданған нормаларға назар аударды. Ернар Мақажанов өз сөзінде, соңғы 2 жыл ішінде Алматы облысы аумағында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен, пара берудің - 135, парақорлықта делдал болудың - 4, әр түрлі құқыққа қайшы бизнес жұмысына араласудың - 37 дерегі анықталғанын атап өтті. Өткен жылдың... |
Толығырақ... Оқылды: 1909 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.01.2021 |
2021 жылы МӘМС-ке кім және қанша төлейді? |
:mag_right: Сақтандырылғаныңыз туралы өзіңізге қолайлы әдіспен тексеріңіз: • Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының сайты fms.kz (оң жақ төмен бұрыштағы терезе) • Электронды үкіметтің egov.kz сайты (Жеке кабинетте және «Денсаулық сақтау» бөлімі) • Saqtandyru-bot Telegram боты (Басты мәзірдегі «Сақтандырылғаныңыз туралы анықтау» бөлімі) • Qoldau 24/7 ұялы қосымшасы (Басты мәзірдегі «Сақтандырылғаныңыз туралы анықтау» бөлімі) МӘМС-ке қанша төлейміз? Егер сіз сақтандырылмаған болсаңыз, ай сайынғы МӘМС төлемін төлеушілер санатына қарап, анықтаңыз: • 15 жеңілдік санатындағы азаматтарға жарна мемлекет тарапынан төленеді; • Жалдамалы жұмысшы – жұмыс берушінің бухгалтерия бөлімі жарна аудару объектісінің 2% (2019 жылы – 1%) және еңбекақы төлеу қорының 2% көлемінде аударады; • ЖК, ШҚ иелері, жеке іспен айналысатындар – 2975 теңге (ең төменгі жалақының 1,4 еселенген мөлшерінің 5 пайызы); • Республика... |
Толығырақ... Оқылды: 1822 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.01.2021 |
“КАНДИДАТ- ҚОНАҚТА” |
Сайлаушылар назарына елімізде Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарда өтетінін қайталап сала кетсек, биылғы сайлаудың тағы бір ерекшелігі-бұрынғы өткен сайлауларда қолданыста болмаған саяси терминдердің қалыптасуында. Мәселен, сайлаудың үгіт-насихат жұмыстары аясында «Nur Otan» партиясы «канвассинг» ұғымын негізге алды. Канвассинг – бұл- тұрғындармен бейресми кездесу, партия жақтастарын жекелеп тарту немесе «Кандидат – қонақта» деген ұғымды білдіреді. Үгіт-насихат жұмыстарының басты мақсаты да «Nur Otan» партиясының алдағы 5 жылға бағытталған сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндіріп, осы уақытқа дейін партияның атқарған жүйелі жұмысын таразылау. “Кандидат қонақта” кездесуінің ерекшелігі де ауыл тұрғындарының шаңырағында болып, келелі әңгімелесіп, толғандырған мәселелерін ескеріп, акциясы аясында партияның алға қойған басты міндеттерін жүзеге асырудағы нақты қадамдарымен таныс... |
Толығырақ... Оқылды: 2306 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.01.2021 |
«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» |
«Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі бағытталған сайлауалды бағдарламасын Көксу ауданы тұрғындарына кеңінен насихаттау мақсатында «Есіктен-есікке», «Кандидат қонақта» және экспромт-кездесу секілді үгіт-насихат жұмыстары жүзеге асырылуда. «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарлама аса ауқымды әрі нақты мақсаттарға бағытталғандықтан, халықтың оң көзқарасын қалыптастырып, жүйелі жұмыстарға негіз болып отыр. Осы негізде үміткерлер 2020 жылдың 11 желтоқсанынан бастап Көксу ауданы және оған қарасты елді мекендердің тұрғындарын сайлауалды бағдарламадағы халықтың сапалы өмір сүруіне бағытталған 7 басым бағытымен таныстырып, тұрғындар тарапынан ұсыным тілектерді тыңдауда. Үгіт-насихат шаралары ауданға қарасты елді мекендерді толық қамтумен қатар түсіндірме парақтары таратылып, 8 қаңтарға дейін үгіт жұмыстары жалғасын табатыны жоспарланған. Қаңтардың бесінші жұлдызында аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер... |
Толығырақ... Оқылды: 2171 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.01.2021 |
Тәуелсіздік бәрінен қымбат |
Бағдар мен белес Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл –қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз. Азаттығымыздың айшықты белесіне шыққанда әрбір саналы азаматты «Отыз жылда біз қандай жетістіктерге жеттік?», «Келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз?», «Мемлекеттігімізді нығайта түсу үшін тағы не істейміз?» деген сауалдар толғандырары анық. Осы тұрғыдан алғанда, бұл – арман-мақсаттарымызды тоғыстырып, болашаққа тың серпінмен қадам басу үшін өткенге тағы бір мәрте оралатын, жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізді ой елегінен өткізетін маңызды мезет. Тәуелсіздіктің отыз жылы... |
Толығырақ... Оқылды: 1988 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.01.2021 |