Жаңалықтар
Коммуналдық қызмет көрсету кәсіпорындары Алматы облысының экологиясына қалай әсер етеді?! |
Алматы облысы бойынша қалдықтардың 95% - ы өңірдің коммуналдық қызмет көрсету кәсіпорындарына тиесілі. Кен өндіру өнеркәсібі кәсіпорындарына-3,3%, тамақ өнеркәсібі салаларына-1,5%. Бұл туралы Алматы облысы бойынша экология департаментінің басшысы Орман Аққозиев мәлімдеді. Департаменттің мәліметінше, Алматы облысы бойынша 2020 жылға лимиттер белгіленген. Тасталатын қалдықтар бойынша шектеулер 156,0 мың тоннаны, төгінділер бойынша - 351,0 мың тоннаны құрайды. "1 жартыжылдықта қалдықтар бойынша нақты лимиттер 22,6 мың тоннаны құрады. 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2 мың тоннаға төмендеу байқалады. Ал төгінділер лимиті керісінше артып, 106,9 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 36,4 мың тоннаға артық. Сондай - ақ, өндірістік қалдықтар бойынша лимит - 2020 жылдың 9 айында 302,9 мың тонна, қалдықтар бойынша 22,3 мың тоннаға азаю және қатты тұрмыстық қалдықтар бойынша– 500,0 мың тонна 22,3 мың тоннаға азайды", - деп хабарлады Орман Аққозиев.... |
Толығырақ... Оқылды: 315 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.10.2020 |
«Жанұя» әлеуметтік орталығының елге берері не? |
Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға арналған "Жанұя"әлеуметтік орталығының жұмыс жасағанына 1 жылға жуық уақыт болды. Әлеуеттің әлеуметін арт тыруға қолдау көрсететін ұйым Талдықорған қаласында орналасқан. Орталықтың жұмысы бір терезе қағидаты бойынша жүзеге асырылады. "Жанұя" мамандары әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды әлеуметтік бағдарламалар туралы ақпараттандырады, қажетті құжаттарды дайындауға көмек көрсетеді. Орталық сондай-ақ заңгерлік және психологиялық кеңес, оңалту көмегін және басқа да қызмет түрлерін ұсынады. "Жанұя" аз қамтылған және көп балалы отбасыларға арналған әлеуметтік орталық Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бастамасымен құрылды. Орталықты құрудың мақсаты Талдықорған қаласында тұратын әлеуметтік осал отбасылардың өмір сүру сапасын арттыру, экономикалық дербестікті нығайту және азаматтардың өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін жеке уәждемесін нығайту б... |
Толығырақ... Оқылды: 221 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.10.2020 |
Жастар ел болашағы |
Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Бұл оймен дауласудың өзі артық. Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Сондықтан да мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі - жастар секторы. Жастар секторына Қазақстанда айрықша назар аударылады. Осы ретте 23 қазан күні аудандық жастар саясатының жетекшісі Қуаныш Дүйсенбиновтың ұйымдастыруымен аудандық әкімшіліктің ғимаратында "Жастар ел келешегі" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты – жастардың өз еліне деген патриоттық сезімдерін ояту және отансүйгіштікке, елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Атаулы тақырып төңірегінде жиынға қатысқан жас буын өздерінің ойын ортаға салып, ашық аңгіме жүргізді. |
Толығырақ... Оқылды: 171 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 23.10.2020 |
«Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Алматы облысы көлемінде дәріханаларға мониторинг жүргізуде |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия кезінде негізгі дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдардың азаймайтын қорын қалыптастыруды тапсырған болатын. Денсаулық сақтау министрлігі "СК-Фармациямен" бірлесіп, стационарларда, әсіресе, жұқпалы аурулар ауруханаларында дәрі-дәрмектердің болуына мониторинг жүргізуді тапсырды. Осыған орай, пандемияның екінші толқынына даярлығын «мониторинг жүргізу» аясында Талдықорған қалалық дәріханалардың дәрі-дәрмек қорына, медициналық бетперде мен қолқаптың сатылымда болуына "Жетісу адалдық алаңы" жобалық кеңсе менеджерлері мен Алматы облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлерімен бірлесе мониторинг жүргізілді. Мониторинг барысында "Жетісу адалдық алаңы" жобалық кеңсе менеджерлері және фармацевтикалық қызмет бөлім басшысы - Қадырбайқызы Айымгүл Талдықорған қаласы бойынша дәріханалардың пандемияның екінші толқынына даярлық кезеніңіне мониторинг... |
Толығырақ... Оқылды: 252 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.10.2020 |
КОРОНАВИРУС: КӨКСУДАҒЫ ХАЛ-АХУАЛ |
«Жаман айтпай, жақсы жоқ»,- дейді дана халқымыз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қаққан дабылы бойынша алдағы уақытта пандемияның екінші толқыны болуы мүмкін деген болжам бар. Осыған байланысты аудандық аурухананың мәліметі бойынша өңірде жүйелі дайындық жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта өңірде коронавирус індеті мен пневмонияның жаңа жағдайлары анықталған жоқ. Сырқаттанушылықтың төмендеуіне байланысты провизорлық стационар жабық. Тек жұқпалы аурулар ауруханасы ғана жұмыс істеп тұр. Бұған қоса күзгі толқынға дайындық шаралары жүріп жатыр. Коронавирустық инфекциямен күресу үшін 65 төсектік провизорлық бөлімше дайын. Сондай-ақ, аталмыш инфекцияға ұқсас белгілері бар науқастарды қабылдау үшін екі сүзгі-кабинеті дайындалған. Барлық медицина қызметкерлеріне коронавирустық инфекцияны анықтау және емдеу алгоритмдерінің нұсқаулары мен диагностикалау және емдеу хаттамалары бойынша оқыту жүргізілді. Жеке қорғану құралдарының және дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы... |
Толығырақ... Оқылды: 199 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 22.10.2020 |
ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ БАҚ ӨКІЛДЕРІН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖАҢА ЗАҢНАМА ӨЗГЕРІСТЕРІМЕН ТАНЫСТЫРДЫ |
Бүгін Jetysu медиа орталығында СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЗАҢНАМАЛЫҚ НОВЕЛЛАЛАР тақырыбында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департамент басшысы Ернар Мақажановтың қатысуымен брифинг өткізілді. Брифинг аясында Ернар Мақажанов 6 қазанда Мемлекет басшысы қол қойған, Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі әзірлеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заңға енгізілген ұсыныстар бойынша баяндады. Департамент басшысы Ернар Мақажанов атап өткендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттік қызметінің маңызды және өзекті бағыттарының және сыбайлас жемқорлықты жоюдың негізгі тетіктерінің бірі болып табылады. Бұл жұмыстың нәтижесі 6 қазанда Мемлекет басшысы қол қойған, Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспа... |
Толығырақ... Оқылды: 242 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.10.2020 |
Мемлекеттік қызметте туыстық қатынасқа орын жоқ |
Жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа тосқауыл қоюға бысым назар аударылған. Құзырлы органдар бұл ретте заңнамалық тұрғыдан өзгерістер енгізуде. Құқықтық негіздегі бір қатар қабылданған қатаң шаралар «бармақ басты, көз қыстылықты» жоюдың тетігі болмақ. Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарын орындау мақсатында Агенттік әзірлеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заңға мемлекет басшысы 6 қазан күні қол қойған еді. Бас құжаттағы 3 кодекс пен 10 заңға түзетулер енгізілді. Заң Мемлекет басшысының жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың арандатушылық әрекеттері үшін қатаң жауапкершілік белгілеу туралы тапсырмасын іске асыруға бағытталған. Ең әуелгі заңдағы өзгеріс, мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық беруге және аталған тұлғаларға сыйлық алуға тыйым салынып отыр. Сыйлық алуға тыйым салынған тұлғалар қатарына депутаттар, судьялар, саяси қызметшілер, "А" корпус... |
Толығырақ... Оқылды: 159 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.10.2020 |
АНТИКОР ЖӘНЕ БҰҰДБ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫН НЫҒАЙТАДЫ |
А.ж. 20 қазанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Беришпен кездесті. Кездесудің негізгі күн тәртібі – БҰҰДБ-ның 2021-2025 жылдарға арналған Елдік бағдарламасының аясында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл желісі бойынша ынтымақтастықты талқылау болды. «Қазіргі жағдайда пәрменді қылмыстық-құқықтық құралдармен қатар жүйелі алдын алу жұмысының да маңызы зор. Бұл тұрғыда парасаттылық, ашықтық, есептілік және тұтынушыға бағдарлану арқылы мемлекеттік аппаратты трансформациялау шешуші рөл атқарады», – деп атап өтті Алик Шпекбаев. Өз кезегінде БҰҰДБ Тұрақты өкілі Якуп Бериш ведомствоның қызметіне жоғары баға беріп: «Былтыр Агенттіктің құрылуы – елдің жемқорлықты жеңуге ұмтылысының тікелей көрсеткіші. Біз Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің халықаралық стандарттар мен рейтингтер тұрғысынан жан-жақты, жүйелі жұмысын көріп отырмыз. Орталықта және өңірлерде БҰҰ-ның саясатына сәй... |
Толығырақ... Оқылды: 171 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.10.2020 |
АЛИМЕНТТІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТУЫНДАУЫН БОЛДЫРМАЙТЫН – БАҚЫТТЫ ОТБАСЫН ҚҰРУДЫҢ ЖЕТІ ТӘСІЛІ |
Бүгін Алматы облысының жеке сот орындаушыларының Өңірлік палатасы мен көтеріп отырған, шешімін іздеуді талап ететін мәселе, халықтың әлеуметтік осал топтарының - отбасы мүшелерінің алименттік қатынастарының мүдделерін қозғайды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты - азаматтардың неке-отбасы қатынастары болып табылатыны белгілі. Дамудың қазіргі кезеңінде отбасы-әлеуметтік және рухани институт ретінде өзгерістерге ұшырады, тіпті отбасылық дағдарыс туралы айтуға болады. Заңды түрде бекітілмеген ажырасулар мен заңсыз өмір сүру саны өсуде. Неке заңды күші жоқ және тиісті құқықтық салдарлар туғызбайтын діни жоралар бойынша жасалады. Бір ата-анасы бар отбасылар мен некеден тыс туылған балалар көбейіп жатыр. Соңғы жылдары Қазақстанда, посткеңестік кеңістіктегі басқа республикалардағыдай, неке қию деңгейінің тұрақты төмендеуі және ажырасу санының артуы байқалады. 2019 жылғы бірінші тоқсанның статистикалық деректеріне сәйкес ҚР бойынша жасалған нек... |
Толығырақ... Оқылды: 192 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.10.2020 |
Жүктіліктің жай-күйін қалай анықтауға болады? |
Гинеколог дәрігер тест нәтижелерін растағаннан кейін, әйел үшін дәрігерге тұрақты түрде барып тұру қажет болады. Әр триместрдегі әртүрлі талдаулардан басқа, дәрігер іштің өлшемдерін алып, жүкті әйелдің салмағын өлшейді. Бір қызығы, бірінші триместрде әйел негізінен токсикоздан салмағын жоғалтады. Ал салмақ қосу тек екінші триместрден басталады. Іштің өсуі де төртінші айдан кейін біліне бастайды. Бірінші биохимиялық скрининг жүктіліктің 10-13 апта аралығында жүргізіледі. Екіншісі 16-20 апта аралығында өтеді. Бұдан бөлек, Денсаулық сақтау министрлігінің талабы бойынша, аяғы ауыр әйелдер үш рет ультрадыбыстық скринингтен өтуі керек: 1. алғашқы триместрде, яғни, жүктіліктің 10-12 аптасында; 2. 19-20 апта аралығында; 3. 32-34 апта аралығында. Бұлардың ішіндегі маңыздысы – екінші триместрдегі ультрадыбыстық тексеру. Мұнда іштегі шарананың жағдайы, мүшелерінің қалыптасып дамуы 22 параметр бойынша тексеріледі. Егер баланың дамуында қандай да бір күрделі кемістігі барын тек ультр... |
Толығырақ... Оқылды: 195 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.10.2020 |