Жаңалықтар
Жаңа жағдайдағы білім беру⠀ |
Назарбаев Зияткерлік мектептері Ыбырай Алтынсариннің мерейтойына арналған жобаны бастауда.⠀ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Жаңа жағдайдағы білім беру» жобасын жүзеге асыруды қолға алды.⠀ Мерейтойлық бағдарламаның басты жаңалығы белгілі ұстаздар тәжірибелерімен бөлісетін Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық шеберлік онлайн алаңының ашылуы болып отыр. Алғашқы болып Білім және ғылым министрлігінің «Ы. Алтынсарин» төсбелгілерінің иегерлері шақырылады. Назарбаев Зияткерлік мектептері жүйесінде 80-нен астам адам жоғары педагогикалық марапат иегерлері. Олар елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің математика пәні мұғалімі Гүлнар Апеева, Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тарих пәні мұғалімі Сәуле Ахметова, Өскемендегі NIS-тің биология пәні мұғалімі Татьяна Джежеря, Шымкенттегі химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектептің ағылшы... |
Толығырақ... Оқылды: 1693 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.12.2020 |
Алматы облысы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыруда көш бастап тұр |
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің штаттан тыс кеңесшісі Айжани Нұрланова Алматы облысына кезекті іс-сапарымен келді. Министрдің сенімді уәкілі аймақта «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының іске асырылуын көзімен көріп қайтты. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлім болды. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының ел аумағында іске қосылғанына аттай үш жыл болды. Бастапқыда аталған бағдарламаның желкенін көтеруге 16 млрд. теңге қаржы бөлінген еді. Берілген қаражат желге ұшпады. Пайдасын ел көрді. «Еңбектің» бірінші бағытына сәйкес, облыс бойынша 15 білім мекемесімен 14 оқу орталықтарында 45 мамандық бойынша 2536 адам бизнеске бағыт алған. Оның 2046-сы тұрақты жұмыс орнына орналасып үлгерген. Екінші тармағы арқылы оқыған адамдардың ішінен 1094-і 4791,3... |
Толығырақ... Оқылды: 1476 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.12.2020 |
ҮМІТКЕРЛЕР ШАРУАЛАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ |
Бүгін аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткерлер Жарлыөзек ауылдық округіне арнайы барып, «Балпық» ЖШС-і ұжымының қызметкерлерімен кездесіп сайлауалды бағдарламаны түсіндірді. Кездесу барысында еңбек ұжымының да ұсыныстары тыңдалды. Мәселен, олар техника мен қызметшілер санын көбейту жайында айтып өтті. Үміткерлер айтылған әрбір ұсыныстар мен қойылған сауалдарға жауап беріп, мәселенің міндетті түрде өз шешімін табатынын айтып жеткізді. Сонымен қатар, партияның сайлауалды бағдарламасында ауыл шаруашылығы бойынша көптеген оңтайлы шаруалардың күрмеуі шешіліп, өрісінің кеңейетіні жайлы да тілге тиек етілді. Сол себепті де партияның сенімді тұлғалары ауыл шаруашылығы саласында қызмет істеп жатқан азаматтарға «Nur Otan» партиясына дауыс берулерін сұрады. «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Көксу ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді. |
Толығырақ... Оқылды: 1463 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.12.2020 |
«Есіктен – есікке» акциясы Мұсабекте |
«Nur Otan» партиясының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Есіктен – есікке» акциясы Мұсабек ауылдық округінде тағы бір мәрте жалғасын тапты. Сайлауалды үгіт-насихат жұмысы аясында партия атынан облыс пен аудан мәслихаты депутаттығына үміткерлер тұрғын үйлерді аралап, сайлаушылармен кездесті. «Есіктен – есікке» акциясы үміткерлердің сайлаушылармен еркін форматта жүздесіп, партия бағдарламасын кеңінен түсіндіруге мүмкіндік береді. Кездесуде пандемияның орын алғанына қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін бар күшін салатыны жайында айтылды. Бағдарламада алдағы 5 жылда Көксу ауданында атқарылуы қажет жұмыстар толық көрініс тапқан. Оның ішінде өзгерістер жолында әр азаматқа лайықты өмір салтын қалыптастырудағы басымдықтарға айрықша мән берілді. Білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау салаларын дамыту да алға қойылып отыр. Бұ... |
Толығырақ... Оқылды: 1470 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.12.2020 |
АЛДАҒЫ ЖЫЛҒА АРТАР СЕНІМ МОЛ |
Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылдың жиырма төртінде яғни бүгін Алматы облысы, Көксу аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Жарлыөзек пен Мұсабек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Басқосуда партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, үміткерлер партияның алдағы уақытта атқаратын толымды істерін тілге тиек етті. Нақтырақ айтқанда, партияның сайлауалды бағдарламасында ауданды дамытудың 7 бағытын түсіндірді.Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау. Кездесуде «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов: «Біздің партия аудан тұрғындарының үмітін ақтау, халықтың барлық топтарының мүдделерін білдіру және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады. Біз сіздерді аудандық мәслихат сайлауында «Nur Otan»... |
Толығырақ... Оқылды: 1240 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.12.2020 |
Алматы облысында I республикалық Press Summit өтті. |
Форумға еліміздің Атырау, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан баспасөз хатшылары,журналистер қатысты. Олардың Жетісу жеріне келудегі мақсаты тәжірибе алмасу,сондай-ақ, Алматы облысындағы тарихи-мәдени нысандармен танысу. Басқосу Жамбыл, Қарасай, Талғар, Ұйғыр аудандарында өтті. БАҚ өкілдері іскерлік байланысты,қалыптастыру, аудиториямен жұмыс тақырыптарын талқылады. Жетісу жеріне келген меймандарды облыс әкімінің орынбасары Рустам Али қарсы алды. Өз сөзінде «Бұл саммит ішкі туризмді таныстыру ғана емес, әріптестік байланысты нығайту. Ақпарат алмасуда жаңа механизмдер, алгоритмдерді бөлісу. Мұнымен қоса, өңірде Елбасы, Мемлекет басшысы бастамаларының жүзеге асу барысын таныстыру» деп қосты ол. Press Summit кезінде меймандар Шамалған ауылындағы «Атамекен» музейі, Райымбек ауылдық округіндегі «Батыр бабалар», Үшқоңыр спорт кешені мен Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық мұражайына барды. Мұнымен қоса, "Ой-Қарағай"... |
Толығырақ... Оқылды: 1256 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.12.2020 |
ҚАЗТЕЛЕРАДИО: Таулы, тасты жер болса да радиотелевизиялық станция салынады |
«ЦифрлықҚазақстан» мемлекеттікбағдарламасыніскеасыру - бүгінгікүнніңбасымміндеттерініңбіріболыптабылады. Осы бағдарламааясында «Қазтелерадио» АҚ - телерадиохабартаратусаласындағыұлттықоператордыңтікелейқатысуыменжәнеқолдауыменцифрлықэфирліктелевизияғакөшужобасыбелсендітүрдежүзегеасырылуда. Бұл үрдістегі басты міндет – радиотелевизиялық станцияларын салу. Қазіргі уақытта жобаға енгізілген 827 РТС-тің 543-і салынды. Оның ішінде биыл 68 цифрлық радиотелевизиялық станция іске қосылды: 13 - Солтүстік Қазақстанда, 16 - Қызылордада, 6 - Шығыс Қазақстанда, 5 -. Ақтөбеде, 4 - Ақмола, 16 - Қарағанды және 8 - Атырау облыстарында. Осы жылдың желтоқсан айында ғана Қарағанды облысында тестілеу режимінде 5 радиотелестанциясы іске қосылды, жыл соңына дейін тағы үшеун іске қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар соңғы айда Ақмола облысының Ерейментау қаласында бір радиотелевизиялық станция, Атырау облысында 8 РТС іске қосылды. Келесі жылы 87 РТС-тің құрылысын аяқ... |
Толығырақ... Оқылды: 1197 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.12.2020 |
Алматы облысында «Бұқаралық спорт түрі» федерациялары құрылады |
Бүгінгі қазақстандық қоғамда бұқаралық спортты дамыту – төтенше маңызға ие көкейкесті мәселе. Сондықтан, салауатты өмір салтын мемлекеттік саясаттың бір бағыты ретінде жаппай насихаттау алға қойған стратегиялық мақсаттарымызға жету жолындағы басым бағыттардың бірі саналуы тиіс. 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауының 64-тармағын орындау шеңберінде Алматы облысында спорт және мәдениет саласында ауқымды жастар жобасына көңіл бөлінуде. Бұл мақсатта, облыстың 20 аудан-қаласында «Бұқаралық спорт түрі» (футбол, волейбол, баскетбол және шахмат бойынша) федерациялары құрылмақ. «Алматы облысында 392 855 жас бар. Оның 312 668 ауыл-аймақтардан. Бүгінде облысымызда «бұқаралық спортты» дамытуға ерекше назар аударып отыр. Бұл мақсатта Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлының қолдауымен «Бұқаралық спорт түрінен Жетіс... |
Толығырақ... Оқылды: 1173 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.12.2020 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдісі ретінде парасаттылық мәдениетін дамыту |
Алматы облысында жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты ауыздықтау жұмыстары жылғасын тауып келе жатыр. Құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, зерделеу және талқылау бойынша шараларды жүргізуде қоғамдық бірлестіктерде атсалысуда. Осыған орай, ««Мархабат.KZ Мүгедектер Қоғамы» ҚБ-мен Алматы облысының ішкі саясат басқармасымен бірлесіп мемлекеттік-әлеуметтік тапсырманың аясында онлайн-семинарлар мен кездесулер өткізілген. Іс-шараның мақсаты- жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдісі ретінде құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және парасаттылық мәдениетін дамыту болып табылады. Расында сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқару тиімділігінің, елдің инвестициялық тартымдылығының төмендеуіне алып келеді. Сонымен қатар, әлеуметтік-экономикалық дамуды тежейді. Сондықтан да, келеңсіз құбылыспен күресте тұтас қоғамның күш біріктіргені маңызды. Осы бағытта жұмса жұдырық болып, қызмет ету тіпті еліміздің басты құжаттарының бірінде айқын көрсетілген. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014... |
Толығырақ... Оқылды: 991 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.12.2020 |
Заңды тұлғалар үшін алынатын анықтамалар тез, әрі жылдам ! |
Сіз заңды тұлғасыз ба? Онда бүгін біз заңды тұлғаларға анықтама алудын бірнеше жолын айтып береміз. 1️⃣ Egov.kz порталы арқылы: |
Толығырақ... Оқылды: 991 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.12.2020 |