Жаңалықтар
Алматы облысында тәуелсіздік күніне арналған басты сыйлық 150 сәбидің дүниеге келуі |
Алматы облысында Тәуелсіздік күні туған сәбилерге ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы логотипі жазылған орама көрпе үлестірілді. Ұлық мерекедегі бұрын соңды болмаған ерекше бастаманы облыс әкімдігі жүзеге асырды. Дәл осы айтулы күні облыста барлығы дүниеге 140 сәби келді. Оның 10-ы Талдықорған қаласында. Жаңа туылған нәрестелердің ең көбі - Қарасай және Іле аудандарында тіркеледі деп күтілуде. Жоспар бойынша айы-күні жетіп отырған аналар 30 және 25. Атап өтсек, жыл сайын өңірде бала туу көрсеткіші артып келеді. Жалпы, жылына 50 мыңға жуық сәби дүние есігін ашады ", - дейді "облыстық перинаталдық орталық" басшысы Қанат Жұмашев. Шыр етіп, дүниеге келген нәрестенің үнін есту анаға да, дәрігерге де үлкен бақыт. Міне, осындай бақытты сәтті бастан кешіріп Ескелді ауданында 3, Кербұлақ ауданында -4, Сарқан ауданында-10 әйел тура 16-шы желтоқсан күні ана атанып отыр. Олардың сөзінше, бұл жәй сәйкестік емес. Отбасылар үшін маңызы зор қуаныш. Енді олар қос мерекені қатар тойлай... |
Толығырақ... Оқылды: 1033 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.12.2020 |
Облыс және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар сайлауалды бағдарламасын таныстырды |
Бүгін Алматы облысы мәслихатының депутаттығына үміткер Секенбай Шеңгелбаев пен Көксу ауданы мәслихатының депутаттығына үміткер Әлдибек Досымбеков Зылиха Тамшыбай ауылының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Таңатар Әбдірахмановтың үйіне арнайы барып қайтты. Ақсақалмен кездесудің басты себебі партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, хал-жағдайын білу болатын. Таңатар Әбдірахманов – Зылиха Тамшыбай ауылының Құрметті азаматы, егін шаруашылығының үздік еңбеккері және Зылиха апаның оң қолы болып адал қызмет еткен жан.Ақсақалдың жасы 80-нен асса да елінің болашағы мен халқының қазіргі жағдайына бей-жай қарамайды. Олүміткерлердіңәрбір айтқан сөзі мен жұмыс жоспарына өзінің ұсынысын айтып, қолдауын білдіріп, атқарып жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі! |
Толығырақ... Оқылды: 976 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.12.2020 |
"АДАЛ" ПАРТИЯСЫ АУДАНДА |
Бүгін аудандық кітапханада «Адал» партиясының сенімді өкілі, депутаттыққа үміткер Ләззат Шыңғысбаева Балпық би ауылының тұрғындармен кездесті. Ләззат ханым кездесу барысында тұрғындарды сайлауға үміткер 16 үміткермен жеке-жеке таныстырып, олардың алға қойған мақсаттарын, осы уақытқа дейін тындырған тиянақты шаруаларын түсіндірді. Бұдан бөлек, «Адал» партиясы бес партияның ішіндегі бірден-бір цифрлы жүйеге өткен партия екенін айта келіп, тұрғындарды сайтқа кіріп, цифрлы жүйеде өздері тұрған өңірлердің жалпы тыныс-тіршілігін бақылау керектігін де түсіндіріп өтті. Сонымен қатар партияның жалпы сайлау алды бағдарламаларымен таныстырып, тұрғындардың «Адал» партиясы мүшелігіне өтінштерін қабылдады |
Толығырақ... Оқылды: 1021 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.12.2020 |
Ауылшаруашылығы өкілдерімен кездесті |
Желтоқсанның он төрті күні облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткерлер «Zoom» әлеуметтік желісі арқылы онлайн форматта ауыл шаруашылығы өкілдерімен кездесті. Кездесуге жоғарыда айтып өткеніміздей депутаттыққа үміткер Секенбай Шеңгелбаев пен Қизат Абиров және ауыл шаруашылығы өкілдері қатысты. Аталмыш жиында үміткерлер сайлауға байланысты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Онлайн басқосудың соңында үміткерлерге ауыл шаруашлығы саласының еңбеккерлерінен түрлі сауалдар қойылды. |
Толығырақ... Оқылды: 988 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.12.2020 |
«Есіктен есікке» акциясы аясында |
Аптаның алғашқы күні яғни желтоқсанның жиырма бірінші жұлдызында «Есіктен есікке» акциясы аясында аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер Әлдибек Досымбеков Алғабас ауылдық округінің әлеуметтік жағдайын көріп қайтты. Атап айтар болсақ, үміткер ең алдымен «Көбен» шаруа қожалығына барып ондағы мән-жайды өз көзімен көрді. Сонымен қатар, қожалықтың ұжымы, яғни еңбеккерлерімен және инженер механик Айдос Көбеновпен кездесті. Кездесудің басты мақсаты сайлауалды бағдарламаны түсіндіру болғандықтан, әңгіменің барлығы дәл осы сайлау мәселесінің шеңберінде өрбіді. Келелі кездесудің соңында аталған қожалықтағы ұжымның еңбеккерлері үміткерге сауалдарын қойып, тұшымды әрі нақты жауап ала білді. Содан соң үміткер Әлдибек Рғайбекұлы жеке кәсіпкер Мукаев ЖШС-нің дүкеніне табан тіреді. Мұрат Мукаев Алғабас ауылының тұрғыны әрі жеке кәсіпкер. Ол өз сауда дүкенінің арқасында нәпақасын тауып жүрген азамат. Дегенмен, оның бұл ісі халыққа да өз пайдасын тигізуі керек. Міне, осы себ... |
Толығырақ... Оқылды: 987 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.12.2020 |
Алматы облысындағы көп қабатты үйдің қасбетіне Қазақстанның байрағы орнатылды |
Алматы облысы " Менің туым. Менің Отаным!» атты республикалық челенжді қолдап, Талдықорған қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің қасбетіне Қазақстанның жалауын орналастырды. Шектеу шаралары мен мәдени-көпшілік іс – шараларды өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, жетісулықтар осы айтулы күннің-Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығының маңыздылығын ерекше атап өтуге бел буды. Үй тұрғындарының айтуынша, бұл челлендж азаматтардың, әсіресе өскелең ұрпақтың патриоттық сезімдерін күшейтуге ықпал ете алады. "Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, Мемлекеттік рәміздер-бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті бейнесін білдіреді. Эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, біз бұл күннің маңыздылығын ұмытпауымыз керек", - дейді 16 қабатты тұрғын үйде тұратын Гүлназ Ермұратова . Сонымен қатар, қала тұрғындары да күнтізбедегі ең маңызды күнді мерекелеу үшін жүзеге асырылған шығармашылық істі бағалады. «... |
Толығырақ... Оқылды: 974 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.12.2020 |
Тәуелсіздік мерекесіне орай жетпістен астам жетісулық азамат мемлекеттік нагдараға ие болды |
Талдықорғандағы Б.Римова атындағы драма театрында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті. Осы шарада мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбегі үшін, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін облыстың жетпістен астам азаматына мемлекеттік наградалар тапсырылды. Жиналған қауымды облыс әкімі Амандық Баталов құттықтап, тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізген жетістіктерге тоқталып өтті. - Қымбатты жетісулықтар! Сіздерді ұлық мерекеміз – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздік – бабалардың арманы мен аманаты, халықтың ең киелі құндылығы. 2021 жылы рухы асқақ, тұғыры биік ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Бұл – біздің жас мемлекетіміз үшін үлкен тарихи белес. Осы жылдар ішінде Қазақстан өзін тәуелсіз мемлекет ретінде орнықтырды. Біздің Тәуелсіздік тарихының әр парағында Елбасымыздың ұшан-теңіз еңбегі, жанкешті ерлігі, жасампаз істері жатыр.... |
Толығырақ... Оқылды: 945 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.12.2020 |
Алматы облысында 5 партия саяси додаға түсіп жатыр |
Алматы облыстық мәслихаты депутаттарын сайлау науқаны кезекті рет бастау алды. Депутаттыққа кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылы 10 қараша мен 4 желтоқсан аралығын жүргізілді. Нәтижесінде Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына 5 саяси партиядан 82 партиялық тізімі ұсынылды. Облыс мәслихатына 5 саяси партияның, 115 кандидаттың тізімі өткізілген. Қалалық мәслихаттарға саяси партиялардың 11 тізімі, 98 кандидат ұсынылды Ал аудандық мәслихаттарға 66 тізім, 701 кандидат өтініш білдірген. Заң талаптарына сәйкес, депутаттыққа үміткер азамат:1) Қазақстан республикасының азаматы болуына, 2) жас ерекшелігі 20 жастан кем емес, 3) белсенді сайлау құқығына ие болу қажет. Егер азамат сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған болса, соттылығы бар, бекітілген заңды тәртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған жағдайда, сыбайлас жемқорлыққа қатысты және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда қолданыстағы заң талаптарына сәйкес сотпен танылған кезде ол кандидатура... |
Толығырақ... Оқылды: 968 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.12.2020 |
Облыс бойынша сақтандырылған халықтың саны 5,1% - ға артты |
Алматы облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру іске асқалы бері азаматтар үшін бірқатар қызметтер етгін түрде қолжетімді болды. Сапалы медицинаға жүгіну оңтайланғалы бері қымбат консультативтік-диагностикалық қызметтер және жоғары технологиялық медициналық көмек алушылардың саны өскен. Мәселен, медициналық оңалту бойынша биыл 8 604 пациент қызмет алса, ал жоғары технологиялық медициналық көмек бойынша 2020 жылы 2103 емделушіге қызмет көрсетілген, Консультативті-диагностикалық қызметке биылғы жылы 22177 адам жүгінген. Медициналық қызмет түрлерінің санын арттырып, сапасын арттыру үшін бюджеттен 1336,4 млрд. теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемі (ТМККК) аясында – 95,0 млрд. теңгені (69,7%), МӘМС аясында – 41,3 млрд. теңгені (30,3%) құрады. 2019 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 77,2% - ға өскен. Қазіргі таңда облыс аясында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен 70 медициналық мекемемен келісім шарттар... |
Толығырақ... Оқылды: 962 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.12.2020 |
Алматы облысында МӘМС-ті іске асырудың алғашқы жылының аралық қорытындылары |
15.12.2020г. жұлдызында Алматы облысы бойынша өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қордың жұмысы жайлы брифинг өтті. Қор филиалының басшысы Нұрлан Отарғалиев Алматы облысында МӘМС-ті іске асырудың алғашқы жылының аралық қорытындылары туралы баяндап берді. Өз баяндамасында келесі қызмет түрлері бойынша қаржыландырудың айтарлықтай артқанын атап өтті. Қазіргі таңда облыс бойынша 70 медициналық мекемемен келісім шарттар жасалды, оның ішінде мемлекеттік меншіктегі - 43 (61,4%), жеке меншіктегі - 27 (38,6%) мекеме. Сонымен қатар, Н. Отарғалиев облыс бойынша эпидемияға қарсы іс-шаралар аясында қаржыландыруды атап өтті. «COVID-19 таралуын алдын-алу мақсатында іс-шараларды қаржыландыруға 2020 жылы Алматы облысы бойынша 16,8 млрд. теңге бөлінді. Соның ішінде: - Медициналық қызметкерлерді ынталандыруға - 7,8 млрд. теңге; - Стационарлық көмекке - 5,3 млрд. теңге; - ПТР зерттеуге - 2,7 млрд. теңге; – Мобильді бригадалар жұмысына - 981 млн.теңге».... |
Толығырақ... Оқылды: 933 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.12.2020 |