Жаңалықтар

Алматы облысында 1205 оқушы тәлім алатын мектеп жөндеуден өтуде

Алматы облысында ірге тасы 1964 жылы салынған мектеп жөндеуден өтілуде. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде білім нысанының екінші тынысы ашылмақ. Қарқынды жүріп жатқан құрылыс жұмыстарын өңір басшысы Амандық Ғаббасұлы өз көзімен көріп қайтты. Аталған мектеп Өтенай ауылында орналасқан. Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №21 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесін жаңартуға 805,9 млн. теңге қаржы бөлінген. Бас мердігер - «Құрылысшы-ТБС» ЖШС. Ғимараттың жалпы ауданы 6392,2 шаршы метр. Жобалау сиымдылығы 900 орынға арналған білім ордасының жөндеу жұмыстарына 88 адам тартылған. Оның 44-і жұмыспен қамту орталығы арқылы келген. Мекеме 2 қабаттан, 3 блоктан тұрады. Ғимарат ішінде 36-оқу кабинеті, 2-спорт зал, 2-мәжіліс залы, медициналық, стоматологиялық кабинет, 60 орындық асхана , кітапхана және 50 орындық шағын орталық бар. Сонымен қатар, мектепте заманауи зертхана орналасқан. Жұмыс барысын бағамдаған Амандық Бата...
Толығырақ... Оқылды: 288 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.10.2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың астық жинау науқанының табысты аяқталуына байланысты құттықтауы

Құрметті ауыл еңбеккерлері! Баршаңызды астық жинау науқанының табысты аяқталуымен құттықтаймын! Биылғы егін егу науқаны коронавирус пандемиясы салдарынан елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты қиын жағдайда жүргізілді. Негізгі астық өсіретін облыстарда жаз маусымы жауын-шашынсыз, құрғақ болды. Күрделі жағдайда жұмыс істеуге тура келді. Соған қарамастан, еліміздің егіншілері ұйымшылдық танытып, ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді уақытылы аяқтады. Нәтижесінде қамбаларымыз астыққа толды. Бүгінде ел өңірлерінде 20 миллион тонна көлемінде астық жиналды. Бұл еліміздің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етеді, сондай-ақ, экспорттық әлеуетімізді арттырып, Қазақстанның астық державасы мәртебесін сақтап қалуына мүмкіндік береді. Егін жинау науқаны бір айға ерте аяқталып, қоймаларға екі есе көп астық жиналды. Биылғы жиналған астықтың сапасы жоғары және барлық талаптарға сай келеді. Құрметті диқандар, сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің, агротехнологияны қатаң сақтағандары...
Толығырақ... Оқылды: 231 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.10.2020

Мұқаншы ауылдық округіндегі Қазақстанның 50 жылдығы ауылында шағын спорт алаңы салынды

Қазақстанның 50 жылдығы ауылындағы Жапсарбаев көшесінде шағын спорт алаңының құрылысы аяқталды. Құрылысқа округтен 8 адам жұмысқа тартылды. Жалпы ауданы 1362 шаршы метр құрайды, ұзындығы 196 метр, биіктігі 4 метр құрайтын сеткамен қоршалған. Алаң 3 бөлікке бөлінген: біріншісі – шағын футбол алаңы, екіншісі – воллейбол мен баскетбол алаңдары, үшіншісі – жаттығу мен ойын алаңдары. Алаңның сыртында көлік тұрағы, тротуар, орындықтар мен урналар орнатылып, ағаштар отырғызылған. Балаларға кешкі уақытта ойнауға жағдай жасалған жарық шамдары орнатылған.
Толығырақ... Оқылды: 246 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.10.2020

Жетіжал ауылында Кәкенов көшесінде суағар жүйесі орнатылды

Жетіжал ауылындағы Кәкенов көшесінде, «Күншуақ» бала бақшасы мен Жетіжал орта мектебінің алдына суағар жүйесі орнатылды. Темірбетонды лотоктардың жалпы ұзындығы 180 метрді құрайды. Лотоктар металл торлармен жабылған. Суағар жүйесі ғимараттарды көшедегі нөсердің, еріген қардың суларынан қорғайды.
Толығырақ... Оқылды: 242 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.10.2020

Көксу бекетінде балалар ойын алаңқайы ашылды

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Көксу бекетіндегі Байтулаков көшесінде ауданы 225 шаршы метр құрайтын балалар ойын алаңқайы салынып, ашылды. Құрылысқа округтен 3 адам жұмысқа тартылды. Алаңқайда балалар сүйіп ойнайтын ойын комплексі, әткеншек, балансир, құммен ойнайтын орын, карусель орнатылған.
Толығырақ... Оқылды: 261 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.10.2020

Мұқаншы ауылдық округінің көшелері жөнделді

Мұқаншы ауылдық округіндегі Қожабергенов, 8 март, Байсеитов, Қазақстан, Чалабаев, Мұқанов, Рысқұлов, Жамбыл Жабаев, Исабаев, Алдабергенов, Желтоқсан көшелеріне жалпы ұзындығы 5500 м құрайтын ағымды жөндеу жүргізілді. Құрылысқа округтен 5 адам жұмысқа тартылды. Келесі жылы осы жолдарға орташа жөндеу жүргізу жоспарланып отыр.
Толығырақ... Оқылды: 222 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.10.2020

Алик Шпекбаев пен Алексей Цой денсаулық сақтау жүйесіндегі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады

Ағымдағы жылдың 2 қазанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңесті аша отырып, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомство жүргізіп жатқан жұмысты таныстырып, жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шараларды атап өтті және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою мәселелерінде сындарлы ынтымақтастыққа дайындығын білдірді. «Пандемия бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің беріктігіне сынақ болды және біздің жоспарларымызға айтарлықтай түзетулер енгізді. Ол жылдар бойы қордаланған мәселелердің бетін ашып, біздің жұмысымыздың кейбір тұстарының жетілмегендігін көрсетті. Сондай-ақ, олардың ішіндегі жемқорлық сипаттағы құрамдас бөліктерін айқындап берді», - деді ол. Денсаулық сақтауды дамыту – мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі басымдықтарының бірі. Біздің азаматтарымыздың әл-ауқатының тірегі ретінде м...
Толығырақ... Оқылды: 194 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.10.2020

Алматы облысында өрт оқиғасы 20,7%-ға төмендеді

Ағымдағы жылы Алматы облысында 799 өрт оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 64 млн. 236 мың теңге материалдық залал келтірілген. Дейтұрғанмен, қызыл отқа орану жағдайы өткен жылдан қарағанда 20,7% -ға азайған. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлім болды. Биылғы жылы тұрғын үй секторында 526 өрт оқиғасы тіркелген. Ал, қатты отынды пайдалану кезінде тағы да өрт шығып, ұзын-саны 126 жағдай анықталған. Жылыту маусымы кезінде оқыс оқиғалардың тіркелуінің басты себебі, азаматтардың жылыту құрылғыларын дұрыс пайдаланбауы, сақтық шараларына немқұрайлы қарауы болып табылады дейді мамандар. Осындай келеңсіздіктің алдын алу үшін облыс аумағында тұрғын үй секторында қазіргі уақытта мүдделі органдармен бірлесіп профилактикалық шаралар өткізілуде. Аталмыш жұмыстар 15 тамыздан бастау алған. Қоғамның осал топтарын құрайтын азаматтарға тиесілі 3315 үйге бақылау жүргізілген. Жұмыс барысында 3 800-ден астам бұзушылық анықталы...
Толығырақ... Оқылды: 251 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.10.2020

ЖК тіркеу бойынша жаңа сервис іске қосылды

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Kaspi.kz ЖК тіркеу бойынша жаңа сервис іске қосылды. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) және Kaspi.kz қазақстандықтарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді онлайн түрінде тез және оңай алуға көмектесетін жаңа сервистер бірлесіп әзірленуде. ЖК тіркеу үшін енді осы қызметті Kaspi.kz қосымшадан таңдап, сауалнаманы толтырып, Kaspi ЭЦҚ көмегімен қол қою жеткілікті. Осындай алғашқы жоба Kaspi.kz мобильді қосымшада ЖК тіркеу сервисі болып табылады. Сервис құжаттарды қашықтықтан тексеруге, кәсіпкерді сәйкестендіруге, тіркеуді растауға арналған бірқатар заманауи техникалық шешімдерді қамтиды. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин: «Бизнес арқылы мемлекеттік қызмет көрсету идеясы Министрлік командасына тиесілі. Одан кейін «ҰАТ» АҚ мен Kaspi...
Толығырақ... Оқылды: 211 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.10.2020

Ұйғыр ауаданында 19 тұрғын үй апатты деп танылған

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің бастамасымен, басталған «QYZMET LIVE» жобасы аясында Ұйғыр ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Серикы Дунгешовпен онлайн баспасөз-мәслихаты өткізілді, деп хабарлайды «Jetisy Media». Ұйғыр аудандық сәулет және қала құрылысы бөліміне жыл басынан бері азаматтардан 22 өтініш тіркеліп, бөлім тарапынан барлығы 198 тұрғын үй мен 10 өндірістік орындарға қабылдау актісі тіркелген. 19 апатты жағдайда тұрған тұрғын үйлерге бұзу актілері беріліп, мемлекеттік қызметтер регламенті бойынша 262 сәулеттік-жобалау тапсырмасы қарастырылған. «Мекен-жай тіркелімі бағдарламасына тіркету үшін аудандық халыққа қызмет көрсету мекемесі арқылы жаңадан алған жер телімін және жаңадан салған үйін тіркетіп анықтама алу үшін 40 өтініш келіп түсіп толығымен қанағаттандырылып бағдарламаға енгізілді»,-дейді Серик Оқасұлы
Толығырақ... Оқылды: 252 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.10.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.