Жаңалықтар

Жас келсе – іске!

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» - деп хакім Абай айтқандай осы бір қиын да, жауапкершілігі мол мамандық иелерінің елден алар алғысы да шексіз. Неге дейсіз ғой? Оған біздің кейіпкеріміз жауап болмақ. Нұрғалиев Әділет Қайратұлы 1990 жылдың 18 желтоқсанында Көксу ауданы, Жетіжал ауылында дүнеге келген. Туған жеріне неге тоқталып отыр дерсіздер. Олай дейтініміз, «Туған жерге туыңды тік», - деп бабалар аманатын арқалаған Әділет Қайратұлы бүгінгі таңда сол өзінің кіндік қаны тамған туған жерінде туған елдің игілігі үшін, ертеңі үшін еңбек етуде. Ертеңі?! Иә, ертеңі үшін. Себебі, бүгінгі жас ұрпақ, ертеңгі елдің болашағы. Ал, сол болашақтың жарқын болуына негіз қалайтын ол әрине – ұстаз! Нұрғалиев Әділет Қайратұлы жас та болса, бас болып сол ұстаздар ұжымын басқарып отырған жайы бар. Жай ғана басқарып отыр деу жеткіліксіз болар. Бүгінгідей қиын қыстау мезетте ұжыммен береке-бірлікте, ауызбіршілікте жоғарғы жұмыс сапасын көрсетіп қызмет атқаруда. Ев...
Толығырақ... Оқылды: 167 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 01.10.2020

«Иманды жастар ұлт болашағы»

Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты. Қырандай күшті қанатты, Мен жастарға сенемін!-деп Мағжан Жұмабаев өзінің «Жастар» өленіңде айтып кеткендей, ұрпағына зор үмітпен қараған. Намысы биік, айбынды, рухты жастар бар кезде, елдің іргесі мықты болады. «Қазіргі кезде ел болашағы – жастардың қолында, Қазақстанның келешегін көркейтетін білімді ұрпақ». Жастар – ата-бабаларымыз салып кеткен дара жолдың мұрагері, кешегінің тұяғы, келешегіміздің тұтқалары. Тарихымыз сенім артқан иманды жастар – ұлт келбеті. Еліміздің тұңғыш Президенті ел жастарымен болған кезекті бір кездесуінде «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады,» — деген еді. Иманды жастар ұлт болашағы екені сөзсіз. Осы тұста жастарға тағылымды тәрбие беріп, дұрыс жол сілт...
Толығырақ... Оқылды: 508 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 01.10.2020

СӘРСЕНБІДЕГІ СӘТТІ КЕЛІСІМ

Сәрсенбінің сәтті күні «Рrotecting business and investments» жобасы аясында Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары Көксу қант зауытының басшылығымен келісімге қол қойды. Нақтылап айтсақ, алдағы уақытта агенттік тарапынан инвесторлардың құқықтары қорғалады және бизнеске қолайлы орта қалыптастыруға жағдайлар жасалады. Антикоррупциялық сүйемелдеуге алынған инвестициялық жобалар арасында енді зауыт та бар. Демек, бұл бизнес жоба бұдан әрі қарай тұрақты бақылауда болады. Инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқығын қорғауға бағытталған Рrotecting business and investments инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасы деп атауға әбден болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2018 жылдан бастап «Kazakh Invest «ҰК» АҚ және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, қазіргі уақытта жаңа серпін берген «Protecting business and investments» жобасын іске асыруда. Мақсаты бизнес пен инвесторлардың м...
Толығырақ... Оқылды: 177 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 01.10.2020

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамаларды алу

Парақшамыздың #oqy&toqy айдарында бүгін біз АХАТ бөлімі арқылы алынатын негізгі куәліктердің қайталама баламасын немесе құжат туралы анықтамаларды электронды форматта алу жолы жайлы айтып береміз. Ондай болса:
Толығырақ... Оқылды: 250 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2020

Адалдық пен адамдық қоғам айнасы

Бүгін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасына сәйкес құрылған Текелі қалалық ақпараттық, үгіт-насихат штабының "Адалдық пен адамдық" тақырыбында кезекті тікелей эфирі өтті , деп хабарлайды «Jetisy Media». Сәрсенбілік сұхбатта Текелі қаласы әкімінің орынбасары, қалалық ақпараттық, үгіт-насихат штабының төрағасы Сері Болысбайұлы онлайн эфир арқылы жастармен тілдесіп, жемқорлықсыз қоғам құру, адалдық пен адамдық ұстанымдары жайлы ой тарқатты. Жиынға қатысқан жастар тарапынан да тақырып шеңберінде көкейтесті сұрақтар қойылып, жас буын өкілдері ойларын ортаға салды. Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. “Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық – пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. «Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық...
Толығырақ... Оқылды: 250 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2020

Текелі қаласында 202 нысанға арнайы рейд жүргізілді

Текелі қаласы әкімдігінің жанындағы «Тіл және ономастика» жұмысшы тобымен қаладағы халыққа қызмет көрсететін орындардағы яғни 8 дәмхана, 123 дүкен, 7 шаштараз, 6 дәріхана, 58 мекеме, кәсіпорындарға жалпы саны 202 нысандағы көрнекі ақпарат тілдерін зерделеу үшін 6 рейд жүргізілді, деп хабарлайды «Jetisy Media» . Қалада ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы тұрғындардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК қызметкерлерінің қатысуымен диагностикалық тестілеу өтті. Аталған шараға 50 қызметкер қатысқан. Сонымен қатар, «Ұлт тарихындағы маңызды бетбұрыс», «Қанекей, жаңа әліпбиді үйренейік» тақырыптарында дөңгелек үстел, «Ел ертеңі үшін қажетті қадам» тақырыбында тапқырлар сайысы, «Латын қарпіне көшу: мәселе, пікір, ұсыныс» атты жастармен кездесу, «Жырдың сұлу шебері» тақырыбында латын қарпінде эссе жазу байқауы, «Латын қарпі: бі...
Толығырақ... Оқылды: 190 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2020

Бюджет қаражаты қайда жұмсалады? Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алма

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті бюджет қаражатының шығысы бойынша ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдету, азаматтардың мемлекетке деген сенім деңгейін арттыру, сондай-ақ тиімді диалог платформасые құру мақсатында "Ашық бюджеттердің интерактивті картасы" (publicbudget.kz) жобасын жүргізуде. Бүгінгі күні Карта қоғамдық бақылау мен Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын құру жөніндегі тапсырмасын іске асырудың пәрменді тетігіне айналды. Бұл бастама сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасы бойынша жүзеге асырылатын ТМД кеңістігіндегі бірегей жоба екендігін айта кету керек. Аталған Карта нақты уақыт режимінде бөлінген бюджет қаражаты туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді халыққа қолжетімді нысанда көрсетеді, осылайша мемлекеттік шығыстарды бақылауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Алматы облысының мемлекеттік органдары мен ұйымдары жұмсалған 1 трлн. теңге бюджет қа...
Толығырақ... Оқылды: 230 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.09.2020

Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы «Antıkor Ortalyǵy» сыбайлас жемқорлыққа қарсы сервистік орталығына барды

Мемлекет басшысы өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында халықпен тиімді кері байланыс орнату үшін мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қоғамға есеп беруін қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. Бұл тәсіл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іске асырылуы мен мемлекеттік аппараттың азаматтардың сұраныстарына ден қоюын арттыру жөніндегі одан әрі жасайтын қадамы. Осыған орай, Президент Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ә. Исекешев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жұмысының сервистік үлгісімен танысып, оның арнайы мониторингтік тобы, ақпараттық – ағарту штабы, ардагерлер кеңесі мен «Астана-Адалдық алаңы», «Protecting Business and Investments», «Ашық бюджет» жобаларының жетекшілерімен және қоғам өкілдерімен кездесті. Қоғам өкілдері қолданыстағы жемқорлыққа қарсы жобаларды жетілдіру, азаматтық қоғамды, сондай-ақ белсенді жастарды тарту жоспарла...
Толығырақ... Оқылды: 203 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.09.2020

Ынталы ауылында ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған

Бүгін «Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жанындағы «Адал көмек» жобасы аясында ұйымдастырылған баспасөз-маслихаты Ынталы ауылдық округінің әкімі Рамазан Мамырбековпен өткізілді, — деп хабарлайды «Jetisy media» ақпараттық алаңы. Ынталы ауылында ауыл шаруашылығы саласы бойынша, 2020 жылы 3485 гектар суармалы жер игерілген. Оның ішінде, мақсары - 45 гектар, арпа-320 гектар, картоп-12 гектар, көкеніс-12 гектар, қант қызылшасы 57 гектар, бақша-19 гектар, (көп жылдық шөп) 370 гектар, алма-бақ-6 гектарға жуықтаған. 2650 гектарға Майбұршақ себіліп, 40 000центнер жоңышқа шабылған. Сонымен қатар, 6400 центнер арпа өнімдері алынған. Ал, мал шаруашылығы бойынша, барлық ірі-қара (бұқа) 2702 бас, сиыр (аналық) 1297 бас, қой-ешкі 6017 бас, аналықтары 3141 бас, жылқы 532 бас, 225 (аналық) бас болған. Құстар саны 5118-ге жеткен, оның ішінде жұмыртқалайтын құстардың саны-3758-ді құраған. Білім беру саласы бойынша мектеп оқушыларының саны 158-ге жетк...
Толығырақ... Оқылды: 208 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.09.2020

РЕНАТ БЕКТҰРОВПЕН «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жаңа форматтағы «Адалдық сағатын» өткізді. Бұл «Адалдық сағаты» қазақстандық жастар үшін жаңа тұлға, замандас және табысты жас көшбасшы Ренат Бектұровты танытқанымен ерекшеленді. Ренат Бектұров 1984 жылы 13 қазанда Алматы облысында дүниеге келген. Astana International Exchange Басқарма мүшесі. Қаржылық қызмет көрсету саласында 10 жылдан аса жұмыс тәжірибесі бар. Ол ТМД аймағындағы сукук (ислам бағалы қағаздары) алғашқы шығарылымы сияқты борыштық капитал нарығындағы бірқатар маңызды мәмілелерге қатысқан. Ренат Лестер университетін үздік бітіріп, банк ісі және қаржы саласында магистр дәрежесін иеленген, сондай-ақ сертификатталған қаржы аналитигі дәрежесіне ие (CFA Charter Holder). Президенттік жастар кадр резервінде бірінші орынға ие болды. Р.Бектұров өз сөзінде ұлы Абайдың тағылымын алға тартып, «Парасаттылық деген талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым сияқты адами қасиеттердің жиынтығы»...
Толығырақ... Оқылды: 179 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.09.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.