Жаңалықтар

0,4% – Алматы облысындағы COVID-19 індетінің тәуліктік өсу қарқыны

Алматы облысында коронавирус инфекциясының өсу қарқыны тәулігіне 0,4% құрады. Бұл туралы облыстың бас дәрігері «JETISÝ MEDIA» ақпараттық алаңында мәлімдеді. Қазіргі уақытта инфекциялық стационардың 1-деңгейдегі жүктемесі - 32,3% құрап отыр. 2- деңгейдегі стационардың жүктемесі – 28,5%. Жалпы пандемиямен күреске жергілікті бюджеттен 13,8 млрд.теңге, оның ішінде екінші толқынға дайындыққа 8,9 млрд. теңге бөлінді. «Облыстың ауруханаларда 534 өкпені жасанды желдету аппараты бар. Оның 119-ы республикалық бюджет есебінен, 172 бірлік жергілікті бюджеттен 2,2 млрд.теңгеге сатып алынды. Бүгінгі таңда медициналық ұйымдар мен дәріханаларда дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ»,– деді Өмірзақ Ниязбеков. Айта кетейік, науқастарды емдеу үшін 3455 медицина қызметкері, оның ішінде 851 дәрігер жұмылдырылды. Одан бөлек ЖОО-ның 45 түлегі, 281 медициналық колледждің түлектері мен зейнеткер- дәрігерлер де науқастарға консультативтік көмек көрсететін болады.
Толығырақ... Оқылды: 490 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.11.2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық стандарт Алматы облысында енгізілуде

Бүгінгі таңда әлемдік тәжірибеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді құралдардың бірі ISO 37001:2016 "Парақорлықпен күрес менеджменті жүйесі" халықаралық стандарты болып табылады. Стандарт ұйымдарға халықаралық деңгейде мойындауға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді. ISO 37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын енгізген кез келген ұйым "Парасатты компания" мәртебесін алады. ISO 37001 стандартының өзі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша озық халықаралық практика негізінде әзірленіп, 2016 жылғы 15 қазанда Халықаралық стандарттау ұйымымен (ISO) жарияланған. Стандарт талаптарды белгілейді және ұйым ішінде парақорлықпен күрес жүйесін құру, енгізу, қолдау және жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды қамтиды. Әлемдегі ең ірі компаниялар осы стандарт бойынша халықаралық сертификаттауға ие (Microsoft, Walmart, Sberbank және т.б.). Мемлекеттік сектор ұйымдары да осы стандартты енгізуге тырысады. Мысалы, Украинаның сыбайлас же...
Толығырақ... Оқылды: 529 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.11.2020

"Гаджиев" шаруа қожалығындағы кездесу

Бүгін яғни қарашаның жиырма төртінші жұлдызы «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов Теректі ауылы, "Гаджиев" шаруа қожалығының еңбек ұжымымен кездесіп қайтты. Ондағы басты мақсат қызметкерлердің жалақысын төлеу бойынша әлеуметтік пакет мәселелері жайында білу еді. Аталған шаруа қожалығының иесі өзінің қызметкерлеріне тиісті жалақыларын уақытылы әрі тұрақты түрде төлеп отырғанын айтты. Оның бұл сөзін ұжым мүшелері де растап берді. Бұдан бөлек Мәлік Аманбайұлы шаруашылықтың жұмыс барысымен де танысты.
Толығырақ... Оқылды: 263 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.11.2020

КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

Қарашаның жиырма үші күні партиялық бақылау комиссиясының мүшелері үкіметтік емес ұйымның өкілдерімен кездесті. Жиынға «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов пен партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Мадина Кубиева, үкіметтік емес ұйымның жетекшілері мен ауданның Жастар орталығының жетекшісі Қуаныш Дүйсембаев және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібінде "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруындағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлі" атты тақырып талқыланды. Жиынды Мәлік Аманбайұлы ашып, жүргізіп отырды. Алғаш болып сөз сөйлеген Мадина Кубиева үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы мен еліміздің қоғамдық саяси өмірі жайында баяндады. Ол өз баяндамасында: "Құрметті партиялық бақылау комиссиясына қатысушылар! Бүгінгі менің сіздермен партиялық бақылау комиссиясының отырысы аса маңызды іс-шаралардың бірі деп санаймын. «Nur Otan» партиясы өзінің іс-шара жоспарында үкіметтік емес ұйым басшыларымен кездесіп...
Толығырақ... Оқылды: 255 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.11.2020

Қандас (Оралман) мәртебесін беру немесе ұзарту

Қайырлы күн оқырман! Әдеттегідей, аптаны парақшамыздың #oqy&toqy айдарынан бастаймыз. Бүгін біз Қандас мәртебесін ХҚО арқылы алу жолын айтып береміз. Ондай болса, іске сәт:
Толығырақ... Оқылды: 244 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.11.2020

Аудан тұрғындарымен кездесті

Бүгін «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенов Мәлік Аманбайұлы тікелей эфирде аудан тұрғындарымен кездесті. Онлайн кездесуде ауданда атқарылған ауқымды шаруалар мен алдағы уақытта жүзеге асырылуы тиіс жұмыстың жоспары жайлы айтылды. Мәлік Аманбайұлы өз сөзінде барлық саланы қамтып өтті. Мәселен, ауыз су, газдандыру, жаңадан бой көтеріп жатқан нысандар мен тұрғын үйлер, мемлекеттік бағдарлама аясында беріліп жатқан баспаналар. Тек шешімін тауып, мәселенің күрмеуін тарқататын бір дүние ол егістіктегі суармалы жерлерді суғару жүйесі. Яғни ирригация мәселесі. Бірақ алдағы уақытта міндетті түрде шешіледі делінді. Эфир кезінде Праймериз яғни ішкі іріктеу жөнінде де айтылды. Індетке байланысты пандемияның өршіп тұрған шағында партия тарапынан көрсетілген көмек жайында да тілге тиек етілді.
Толығырақ... Оқылды: 313 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.11.2020

ШАРУАШЫЛЫҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Ағымдағы жылдың 17-ші қарашасында «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов Зылиха Тамшыбай ауылындағы "Еңбекші" ЖШС-нің ұжымымен жүйелік кестеге сәйкес кездесті. "Еңбекші" ЖШС-гі ауыл шаруашылық дақылдарымен айналысады. Бүгінде шаруашылықты Қанат Тоқсанбайұлы басқарып отыр. Тұрғындарды жұмыспен қамтып отырған шаруашылықтың ауылға тигізіп жатқан пайдасы мол. Нақтысын айтсақ, биылғы жиын-теріннің нәтижесі жоспарға сай деуге болады. Мәселен, 1 гектар жерге егілген қант қызылшасынан 35 тонна, жүгеріден 8 тонна, ал майбұршақтан 2,8 тонна өнім алған. Ал егістік жердің жалпы көлемі 400 гектарды құрайды. Кездесу барысында Мәлік Аманбайұлы шаруашылықта жүріп жатқан жұмыстың мән-жайымен танысып қана қоймай, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың да жай-жапсарын біліп қайтты. Шаруашылықтағы қызметкерлердің айтуы бойынша жүйелі жұмыстың жақсы нәтиже көрсетуі тікелей ұжымға байланысты. Ал бұл ұжым өте ұйымшыл әрі еңбекқ...
Толығырақ... Оқылды: 301 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.11.2020

«Тәуелсіздікке тарту»

Алматы облысында "Тәуелсіздікке тарту" акциясының аясында 30 маңызды нысандар іске қосылып, іс-шаралар жүзеге асады. Елбасының тапсырмаларын іске асыру мақсатында Тәуелсіздік жылдары үлкен жұмыс атқарылды. Нұрсұлтан Әбішұлы бейбітшілік пен қоғамдық келісім қамтамасыз етілген, экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи мемлекет құруға үлкен мән берді. Еліміздің басты мерекелерінің қарсаңында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ақыл, ғылым, білім мен еңбектің уақыты келгенін атап өтті. Келесі жылы біздің Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Биылғы жылы экономикалық және саяси реформалар, цифрландыру, адам құқықтарын қорғау, денсаулық сақтау мен білім беруді дамыту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға негізделген шараларға басым назар аударылды. Дүниежүзілік "COVID-19" пандемиясына байланысты ағымдағы жыл оңай болған жоқ. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес Үкімет халықты қорғау және бизнесті қолдау бойынша уақтылы шаралар қабылдады. Ос...
Толығырақ... Оқылды: 303 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.11.2020

Как оформить пособие для многодетной семьи.

Оформлять пособие необходимо через ЦОН, мы подготовили для вас алгоритм действий:
Толығырақ... Оқылды: 371 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.11.2020

Көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау

Көпбалалы отбасы атандыңыз ба? Онда ең алдымен көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны рәсімдеуге асығыңыз. Ал біз, бүгінгі парақшамыздың #oqy&toqy айдарында, жәрдемақыны рәсімдеудің жолын көрсететін боламыз. Аталмыш жәрдемақы тек ХҚО арқылы рәсімделеді☝️
Толығырақ... Оқылды: 326 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.11.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.