Жаңалықтар

ДІН – БІРЛІКТІҢ РУХАНИ ТІРЕГІ

Дін – ерте замандардан бері-ақ адамзат баласымен бірге жасасып келеді. Түрлі ерекшеліктерге байланысты адамдар арасында түрлі наным-сенім формаларының туындауы және олардың әр жерде әртүрлі деңгейде пісіп-жетіле отырып, дін ретінде қалыптасуы да өмір заңдылығы немесе рухани қажеттілігі еді. Адамзат тарихында бастан кешкен түрлі формациялар мен кезеңдерде діннің де формалары өзгеріп, халыққа қызмет етудегі рөлін жоғалтпай сақтап отырды. Адамзат баласы – ақыл-парасаттың, ғұлама ойдың және өзге де игіліктердің иесі. Ал, осы игіліктерге ие етіп тұрған – Жаратушы күштің барын адам ешқашан есінен шығарған емес. Осылайша, діннің қоғам өмірімен байланыстылығы өзгермей тұрмайтын құбылыс болғанымен, адам санасына әсер ететін, наным-сенім қалыптастыратын ерекше күш екендігі мойындалды. Негізінен, әлемдегі адамзат мойындаған дәстүрлі діндер мен конфессиялар адамгершілік пен руханият құндылықтарына жетелейді. Адамдардың бойына, жүрегіне жылылық пен сүйіспеншілік ұялатады. Бұл рет...
Толығырақ... Оқылды: 313 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 24.09.2020

«Үміт» үміт сыйлауда

Қоғамға жат адамдай өмір сүру, әсіресе жас жеткіншектерге қиын. Бүгінде сондай балалардың құқығын шектемеу үшін түрлі бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Олардың мүмкіндігі шектеулі болғанмен, арман-мұраттары шектеусіз. Лайықты білім алу, көшеде жүріп-тұру, өз бетінше қалаған жеріне барып - келу деген мұндай балалар үшін тек арман ғана секілді. Расында, көшеге шыға қалса, көпшіліктің назарын өзіне аудару, сондай-ақ көшедегі көздердің өзіне мүсіркей қарауы кемтар балалардың қоғамдық ортаға бейімделіп кету ынтасына бөгет жасайтыны сөзсіз. Арнайы балалар арбасымен кедергісіз қатынап, білім алып, өздері сынды жеткіншектермен қатар мектепке барып, қоғамда ешқандай алалау көрмейтін күн туар ма екен, соларға? Бұл кейбір балалар үшін мүмкін емес нәрсе болып көрінгенімен, біздің елде осындай армандарды жалғап, үміттерді оятатын орталықтар ашылуда. Мүмкіндігі шектеулі баланы аяққа тұрғызу бірінші, ата-анасының парызы болса, екіншіден, әлеуметтік жағдай жасау – мемлекет саясатының басым б...
Толығырақ... Оқылды: 287 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.09.2020

Полицейлер кәсібі аса қиын және қауіпті

Адамдарға алаңсыз жұмыс істеуде, бейбіт өмір сүруде, тұрмыс сапасын жақсартуға қажетті қауіпсіздік пен тыныштықты қамтамасыз етіп, заңсыз әрекеттерден қорғауда алдымен қол ұшын беретін құрылым – полиция. Сала қызметкерлері халықтың басына қиын жағдайлар туғанда олардың қасынан табылып, көмегін көрсетеді. Полиция жұмысы сырттай салмақты, жайбарақат көрінгенімен, ішкі иірімдері шытырманға толы болады. Құқық қорғаушылардың жұмысы таңғы сағат тоғыз бен кешкі сағат алтының аралығында шектелмейді. Тәртіп сақшылары халықтың тыныштығын күні-түні күзетіп, әлеуметтік тәртіпті бақылайды. Қауіп-қатердің алдын алады, төнген қауіпті ауыздықтауда басын бәйгеге тігетін кездері де аз емес. Елдің қалай болмағы ел басқарғандардан дейтін пәлсапаға салар болсақ, ауданымыздың бүгінгі тыныштығы, полиция қызметкерлерінің іс-қимылына, шешім, қарекетіне байланысты екені анық. Жалпы, полиция туралы әңгімені бекер бастап отырғанымыз жоқ. Бүгін аудандық полиция бөлімінің ел тыныштығын сақтаудағы халыққа жаса...
Толығырақ... Оқылды: 358 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.09.2020

АКТИВ ЖИЫНЫ

Ағымдағы жылдың 24-ші қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған міндеттерді орындау жоспарын түсіндіру мақсатында аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ләззат Мұқатайқызы және онлайн режимде ҚР бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасының аға прокуроры Талғат Молдахановтың қатысуымен актив жиыны өтті. Жиынға аудан әкімі Алмас Әділ, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық бөлімдердің басшылары, ауылдық округ әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Аудан басшысы Алмас Қабдулұлы төрағалық еткен жиында күн тәртібіне қойылған мәселе төңірегінде Ләззат Мұқатайқызы мен Талғат Мұратұлы баяндама жасады. Ең алдымен кездесуге қатысушылар онлайн режимдегі Талғат Молдахановтың баяндамасын тыңдады. Содан кейін Ләззат Мұқатайқызы баяндама жасады. Ол өз баяндамасында: мемлекеттік қызмет &nda...
Толығырақ... Оқылды: 174 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 24.09.2020

ПРАЙМЕРИЗ ҮМІТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Қазақстанның саяси тарихында бірінші рет көшбасшы партия тізімі ашық іріктеуден өткен адамдардан құралатын болады. Елбасының бастамасымен «Nur Otan» партиясының праймериз өткізуі – отандық партиялық жүйедегі демократияландырудың жаңа кезеңі бастау алғанын куәландырады. Аз күндерден соң, аталмыш партияның ішкі сайлауы да басталмақ. Осыған орай, сәрсенбінің сәтті күні аудандық Мәдениет үйінде праймеризге байланысты пікірсайыс өтті. Кездесуге аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалының төрағасы Алмас Әділ, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Аманбайұлы,аудандық мәслихат хатшысы Әлдибек Рғайбекұлы, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, кандидаттар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Бұл праймериз нағыз мықтыларды анықтайтын дода. Тұңғыш Президент, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев праймеризді әділ, әрі жоғары деңгейде өткізуді тапсырды. Праймеризге қатысушылардың барлығы елдің ертеңіне сеніммен қар...
Толығырақ... Оқылды: 195 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 24.09.2020

Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 75-сессиясында өткен жалпысаяси дебаттарында бейнебайланыс форматында сөз сөйледі. Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының 75-жылдығы аумалы-төкпелі әрі күрделі сын-қатерлерге толы кезеңде өтіп жатқанын атап өтті. Президенттің пікірінше, қазіргі кезеңдегі ең басты проблема – жаһандық экономикаға орасан зор зиянын тигізген COVID-19 пандемиясы. Бұл індеттің ауыртпалығынан әлем халқы зардап шегуде. – Адамзат тарихындағы осындай нәубетке қарсы тұрып, бізді ауыр індеттен қорғау үшін алғы шепте болған дәрігерлерге барша отандастарымның атынан шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті сауда протекционизмі мен саяси ұлтшылдықтың белең алуы халықаралық ынтымақтастыққа кері әсер етіп, «жаһандық тоқыраудың» күшейе түсуіне алып келді деп санайды. Бұл жағдай орнықты дамудың келешегіне нұқсан келтіріп, миллиардтаған адамның жарқын әлемге деген үмітін үзді. Қасым-Жомарт То...
Толығырақ... Оқылды: 155 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.09.2020

Улы газды анықтау үшін 1621 құрылғы қойылған

«Қатер аяқ астынан» демекші тілсіз жаудың құрсауында қалу әп сәтте. Ал, аталған келеңсіз жағдайдың алдын алу үшін Төтенше жағдайлар басқармасы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында айтылды. Жылыту кезеңінде өткізілген арнайы іс-шаралардың арқасында тұрғын үй секторындағы өрттердің санын едәуір азайтуға және улы газбен улану жағдайларына жол бермейді. Оған дәдел, өткен жылыту кезеңімен салыстырғанда өрт саны 47% - ға азайған. Биылғы жылы 21 мың 200 үй (2018-2019ж. – 20 483) көлемінде жеке тұрғын үйлер тексерілген, жұмыс барысында 36 мың 536 азаматқа нұсқамалар берілген. Бұдан басқа, қала бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарына тиесілі барлық үйлерде назардан тыс қалмаған. Осы ретте 15 мың 106 азаматқа нұсқаулықтар таратылған. Өрттің және улы газбен уланудың негізгі себептері халықтың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы болып табылады, бұған улы газбен...
Толығырақ... Оқылды: 160 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.09.2020

«Adal kómek» - шексіз құқықтық көмек

Ағымдағы жылғы 19 тамыздағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңес барысында Мемлекет басшысы мемлекеттік аппарат пен азаматтар арасындағы диалог сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын проблемалық салаларды және қоғамның наразылық көңіл-күйін анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Күнделікті мәселелерді шешу және сындарлы диалог құру үшін халықтың өз құқықтарын ең аз білуі және экономикалық немесе техникалық салада білімді болуы қажет. Осыған байланысты, Агенттік адам құқықтары жөніндегі сарапшы, Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айман Умаровамен бірлесіп, "Еріктілер жылы" шеңберінде жыл басынан бері "Adal kómek" волонтерлік жобасын іске қосты. Жобаның негізгі мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына өмірлік маңызды мәселелерді шешуде заң көмегін көрсету болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей, сапалы қызмет көрсету үшін қажетті қызметтердің бо...
Толығырақ... Оқылды: 214 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.09.2020

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН КЕҢСЕ ТЕХНИКАСЫНА ЖҮРГІЗІЛГЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОНИТОРИНГІСІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

Агенттік жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алу саласының жемқорлыққа қарсы мониторингі жемқорлық көріністеріне жол бермеуге және бюджет қаражатын тиімді жұмсауға бағытталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен тікелей жұмыс істеуі арқылы мемлекеттің 7,7 млрд теңгеге жуық тиімсіз шығындарының алдын алып, жоспарлау сатысында 1,5 мың тапсырыс берушінің бюджеттері оңтайландырылды. Білім және ғылым министрлігінің жергілікті атқарушы органдардың оқушыларды қашықтықтан оқытуға арналған компьютерлер, ноутбуктер мен планшеттер сатып алуын сүйемелдеу туралы өтініші – жүргізіліп жатқан жұмыс тиімділігінің көрсеткіші. Техника әлеуметтік осал санаттағы оқушылардың уақытша пайдалануына арналған. Бұл мақсатқа Үкімет қорынан 70 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Қоғамдық бақылау аясында бөлінген қаражатты бөлу жөніндегі комиссиялардың жұмысына «Адалдық алаңы» өңірлік жобалық кеңселерінің, арнайы мониторингтік топтарының және Агент...
Толығырақ... Оқылды: 177 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.09.2020

Алакөл ауданында инженерлік инфрақұрылым объектілері қалыпқа келтірілуде

Алакөл ауданы, Бескөл ауылдық округінде «Жұмыспен қамту жол қартасы -2020» бағдарламасының бірінші бағыты «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша ауыл округінде 3 жоба және 1 сметалық жұмыстар іске асырылуда. Игіліктің істің аясында ауылдағы көп қабатты үлердің ауласына 3 балалар ойын алаңы, 3 ересектерге арналған спорттық және тұрмыста қажетті құрылғылар орнатылған. Одан өзге «Ауыл Ел Бесігі» инвестициялық жобасы да жандануда. Мәселен, инженерлік инфрақұрылым объектілері қалыпқа келтірілуде. Оған дәлел, Заготзерно поселкесінде орналасқан орталықтандырылған су жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу болып табылады. Көлік инфрақұрылымы да назардан тыс қалмаған. Округте орналасқан елді мекендердегі он көшеге орта жөндеу жұмыстарын жүргізу және Бұлақты ауылының көшелеріне түнгі жарық бағаналарын орнату және ауыстыру жоспарлануда. Ауылдың әлеуетін арттырудан бөлек, тұрғындардың цифрлық сауттылығын арттыруда жолға...
Толығырақ... Оқылды: 180 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.09.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.