Жаңалықтар

Алматы облысындағы инвестициялық жобалар құны 5 трлн.теңгені құрайды

Биылғы жыл күрделі болғаны баршаға мәлім. Дүниені дүрбелеңге салған пандемия барлық салаға әсерін тигізбей қоймады. Экономикадағы тұрақтылықты сақтау екінің бірінің қолынан келе бермейтіні анық. Дегенмен, Алматы облысы бұл үдеден шықты. Мәселен, соңғы 9 айдағы қорытындыға келетін болсақ, өңірдегі өнеркәсіпте өсім 3,1% көрсетіп, түсім 846,7 млрд.теңгеге жетсе, ауыл шаруашылығындағы өнімділік үлесі 2,4% артқан. Сәйкесінше, қазынаға түскен қаржы 634,6 млрд.теңгеге жеткен, құрылыс саласында өсім 1,6%-ға жетіп, нәтижесінде 208,2 млрд.теңге пайда түскен.Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Президент жанындағы ОКҚ алаңында өткен баспасөз-мәслихатында баяндадыд - 2020 жыл коронавирус індетіне байланысты оңай болған жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес Үкімет дер кезінде халықты әлеуметтік қорғау және бизнесті қолдау шараларын қабылдады. Осының арқасында экономиканың негізгі салаларында өсім қарқынын сақтай алдық, - деді өңір басшысы Амандық Бата...
Толығырақ... Оқылды: 242 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.11.2020

Тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару

Өз баспанаңыздың тіркеу есебінен, баспана қожайыны ретінде, кез-келген адамды тіркеуден шығара алатыныңызды білесіз бе? Бүгін біз парақшамыздың #oqy&toqy айдарында оның екі жолын көрсететін боламыз.
Толығырақ... Оқылды: 271 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.11.2020

Жиын барысында Жәрдем БПҰ өз атқарылуы тиіс жұмыстарды бюро мүшелеріне өткізіп берді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кезекті онлайн «Адалдық сағатын» аралас жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы, кәсіби спортшы Ардақ Назаровпен өткізді. Бейне-дәрістің кейіпкері спорттағы өмірін 1991 жылы грек-рим күресі секциясына келгеннен бастаған. А.Назаров спорт жолында грек-рим күресі, джиу-джитсу және панкратион бойынша аудандық, облыстық және республикалық жарыстарда жеңімпаз болып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, көптеген спорттық жарыстардың тұғырында Қазақстанның туын көтеріп жүлдегер атанған. Сұхбат барысында атақты спортшы отбасы құндылығы, бірлік және өзара құрмет тақырыбында ойларымен бөлісіп, жастарды патриотизм мен парасаттылыққа шақырды. Өз сөзінде «Парасатты адам деп кемеліне жеткен, ақылы толысқан, дұрыс шешім қабылдай білетін, рухани түрде дамыған даналықтың өнегесіне жеткен адамды айтамыз», – деп атап өтті. А. Назаров жастардың кітап оқуға және өзін-өзі дамытуға деген қызығушылығын арттыру қажеттігіне ере...
Толығырақ... Оқылды: 241 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.11.2020

Жыл соңына дейін облыс халқының 90%-ын сақтандыру жоспарлануда

Азаматтарды медициналық тұрғыда сақтандыру бойынша 2 айда атқарылған жұмыс нәтижесі 4,5 %-ға өскендігін көрсетіп отыр. Алайда, әрбір төртінші тұрғын, яғни 488 мың адам әлі де болса медициналық сақтандырудан өтпеген. Осыған байланысты Алматы облыстық медициналық сақтандыру қоры әкімшілікпен және денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып жетісулықтарды сақтандыруға қатысты ауқымды жұмыс жүргізуде. 2020 жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 90 пайызға жеткізу көзделген. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев хабарлады. «Жыл басынан бері 9 ай ішінде 381 өтінім келіп түскен. «Өтініштердің негізгі Саны медициналық көмектің сапасына байланысты. Соңғы айларда облыс бойынша пациенттер Шарттың жоқтығына сілтеме жасай отырып, қызмет көрсетуден бас тартқаны туралы шағымдар жиілеп кетті. Алайда, бірлесіп орындау шарттары болмаған жағдайда, дәрігер пациентті кез келген медициналық ұйымға, оның і...
Толығырақ... Оқылды: 227 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.10.2020

Праймериз үміткерлері денсаулық сақтау қызметкерлерімен кездесті!

Қазіргі таңда "Nur Otan" партиясы көбіне медициналық қамтамасыз ету мәселелеріне алаңдаушылық білдіруде. Себебі, халықтың барлық топтары үшін сапалы медициналық көмектің қолжетімділігі – партия мүшелерінің үміткерлерге қоятын негізгі талабы. Аудандық партия мүшелері медициналық қызмет көрсету саласындағы ең заманауи технологияларды енгізуді, медицина қызметкерлерінің кәсіби дайындығын жетілдіру үшін жағдай жасауды және мемлекеттік медициналық мекемелерде жоғары білікті дәрігерлердің тиімді қызмет етуі үшін ынталандыруды талап етеді. Осы мақсатта бүгін аудандық орталық емхана ғимаратында Праймериз үміткерлері денсаулық сақтау қызметкерлерімен кездесті. Жиынға аудандық емхананың білікті дәрігерлері мен ауыл дәрігерлері, жаңашыл мейірбикелер, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету фармация мамандары қатысты. Кездесу барысында денсаулық сақтау саласына, соның ішінде алғашқы медициналық көмек көрсетуге, өңірлік ғылыми мамандандырылған медициналық ұйымдар мен ауылдық медициналық мекеме...
Толығырақ... Оқылды: 245 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.10.2020

Алматы облысында СOVID-19 екінші толқынына дайындық күшейтілді

Алматы облысында коронавирус инфекциясының мүмкін ықтимал 2-толқынына дайындық қарқынды жүргізілуде. Облыс әкімі Амандық Ғаббасұлының тікелей тапсырмасымен пандемиямен күреске жергілікті бюджеттен 13,7 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде екінші толқынға дайындық үшін 8,8 млрд. теңге қарастырылған. Бұл туралы «Jetisý media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз маслихатында белгілі болды. Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұмановтың айтуынша, аталған қаражатқа 3 компьютерлік томограф, 18 рентген аппараты, 150 өкпені жасанды желдету аппараты, және аудандар үшін 135 жедел жәрдем көлігі мен 12 жылжымалы медициналық кешен сатып алынған. Нәтижесінде жедел жәрдем бригадаларының саны 165-тен 205-ке дейін көбейтілетін болады. «Бүгінгі таңда облыстың 13 ауруханасы оттегі станцияларымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, 1070 оттегі концентраторы сатып алынды. Жақында ашылған 200 төсектік жаңа инфекциялық аурухана қысқа мерзімде пайдалануға берілді. Одан бөлек...
Толығырақ... Оқылды: 224 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.10.2020

Алматы облысы "Open Space" кеңселерінің саны бойынша көш бастап тұр

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыс қорытындыларымен бөлісті. «ANTIKOR LIVE» жобасы аясында өткізілген есепті жиынға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов та қатысты. Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ANTIKOR LIVE» жобасын іске асырып жатқаны баршаға мәлім. Жоба шеңберінде нақты уақыт режимінде облыс тұрғындарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысы туралы соңғы жаңалықтар жеткізіледі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаларды іске асыру барысы туралы айтылады. Сонымен қатар, " ANTIKOR.LIVE " баспасөз-мәслихаттарын облыстың мемлекеттік органдарының өкілдерімен ұйымдастырылады, олар да өз қызметтері туралы әңгімелейді және өңір азаматтарын толғандыратын сұрақтарға жауап береді. "ANTIKOR LIVE " жобасының негізгі мақсаты мен міндеті"- тікелей эфирлер арқылы азаматтар мен мемлекеттік органдар үшін диалог алаңын құру, сондай &...
Толығырақ... Оқылды: 257 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.10.2020

Мұқаншы ауылдық округінде COVID-19 инфекциясының алдын алу және күресу бойынша атқарылған жұмыстар

Қазақстан Республикасының Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» №285 жарлығы жарияланған уақыттан бастап, Мұқаншы ауылдық округінде «коронавирустық инфекцияның» алдын алу және күресу бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Ең алдымен санитарлық және профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп, көпшілік қоғамдық орындарда (мекемелер мен дүкендерде) азаматтардың қауіпсіздігін сақтау тәртібі орнады. Ауылдың аз қамтылған отбасыларына 850 бет перде тігіліп, тегін таратылды. «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясы аясында, округтің волонтерлерінің көмегімен аз қамтылған 120 отбасыға 3 000 000 тенге көлемінде азық-түлік берілді. 2020 жылдың 16 наурыздан бастап оқушыларға білім беру қашықтықтан немесе шектелген білім беру режиміне көшті және аз қамтылған оқушыларға теледидар мен интернет арқылы кедергісіз сабақ оқуға жағдайлар жасалды. Пандемияға байланысты жұмыс орнынан қысқарған және бұрыннан жұмыссыз а...
Толығырақ... Оқылды: 389 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.10.2020

Алматы облысында үздік зияткерлер анықталды

Алматы облысы бойынша "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесі "IQ DODA" зияткерлік ойынын ұйымдастырды, доданың ақтық кезеңі жуырда "Журналистер үйінде" өтті. Жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Ойынның форматы қарапайым және сонымен бірге қызықты болды - қатысушылар логика, тапқырлық және білімді қолдана отырып, командалық ойлау арқылы әр түрлі санаттағы қызықты сұрақтарға жауап берді. "Зияткерлік ойын қазақ және орыс тілдерінде өткізілді. "IQ ДОДА" ойынындағы барлық сұрақтар дүниетанымға, логикаға, тез тапқырлыққа қатысты алынды. Ойын жеті кезеңнен тұрды.Сұрақтар үлкен экранда 30-60 секундта көрсетіліп, жетекші оқыды. Содан кейін, сайыстың барлық жеті сұрағын жариялағаннан кейін, олар тез қатарынан және кідіріссіз қайта оқылады, артынша кері санақ 100 секундты бастайды. 100 секунд өткеннен кейін жауап берілген парақшалар тапсырылады", - деп бөлісті жоба ұйымдастырушысы Ерасыл Толымбекұлы....
Толығырақ... Оқылды: 279 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.10.2020

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің халықпен өзара іс-қимылы жөніндегі 2020 жылғы 9 айдағы қызметі туралы ақпарат

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде, халықпен өзара іс-қимылды Агенттік ашықтық, сондай-ақ азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді ден қою қағидаттарына негіздеумен қамтамасыз етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте азаматтардың сенімі қызметтің тиімділігін бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Ағымдағы жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 21 740 өтініш келіп түсті, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі (18 733) көрсеткішпен салыстырғанда, 14%-ға көп. Бұл сан жыл сайын артуда (2017 жылы – 20 352 өтініш, 2018 жылы – 22 097, 2019 жылы – 26 866). Өтініштер санының өсуі халықтың құқықтық сауаттылығының арттырумен, сондай-ақ азаматтармен кері байланыстың тұрақты түрде жетілдірілуімен байланысты деп санаймыз (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің БАҚ-та сөз сөйлеуі, брифингтер, жобалық кеңселердің жұмысы және басқа да алаңдарды пайдалану). Орталық аппаратқа келіп түскен өтінішт...
Толығырақ... Оқылды: 277 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.10.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.