Жаңалықтар

Ақсу ауданында қылмыс саны 31,2 пайызға азайған

Қылмыс атаулының алдын алу үшін барлық құқық қорғау органдары барын салуда. Бұл әуел баста мемлекет басшысының алға қойған міндеттерінің ішіндегі негізгі тармағы болған еді. Осы істің төңірегінде Ақсу ауданындағы көрсеткіштер көңіл қуантады. 2019 жылмен салыстырғанда аудан бойынша тіркелген қылмыс саны 31,2 пайызға азайған. Сөйтіп, соңғы сегіз айдың қорытындысы бойынша 227 қылмыс тіркелген. Жалпы қылмыстың ашылу көрсеткіші 2020 жылы 90,6 % құрап отыр. Бүгінгі күні ең көп тіркелетін қылмыс түрі бөтеннің мүлкіне қол сұғу болып табылады. Бұл тұрғысыцнда статистика 73 істің қозғалғанын көрсетуде. Ал, өткен жылы аталған іс бойынша 164 қылмыстың бары анықталған. «Бүгінгі күні аудан жұртшылығын аса алаңдататын қылмыс түрі, бұл мал ұрлығына қатысты қылмыстар болып табылады. Мал ұрлығы қылмысына келетін болсақ, 2019 жылы 58 қылмыс орын алса, 2020 жылы 36 қылмыс тіркеліп, 22 қылмыстық дерекке төмендеген. Ашылу көрсеткіші 2019 жылы 76,9% болса, биылғы жылы 78,6%-ды құрап, 1,7 па...
Толығырақ... Оқылды: 275 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.09.2020

Облыстағы емханаларға тіркелу науқаны басталды

Күні кеше ел аумағында тіркеу науқаны басталды және әрбір азамат еркін таңдау бойынша емханаға тіркеле алады. Бекіту екі ай ішінде – 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін жүзеге асырылады. Науқан кезеңінде Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымына бекітіле отырып, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтар медициналық көмекті ала бастайды. Бұл ретте ол қормен алдағы жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қызметтер көрсетуге шарт жасасуға тиіс. Бекіту науқанының қорытындысы бойынша медициналық ұйымдар бөлінісінде халықтың бөлінуін ескере отырып, 2021 жылға қаржыландыру жоспарланатын болады. Қор Дерекқордың абсолютті дұрыстығына мүдделі, өйткені әрбір тіркелген тұрғын үшін ай сайын медициналық ұйымдарға жан басына қаржыландыру төленеді. Қордың Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев бекіту науқаны тек денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорында тіркелген және ТМККК және М...
Толығырақ... Оқылды: 245 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.09.2020

Өмірбаян

Аудандықмәслихаттыңдепутаттығына кандидатДосымбековӘлдибекРғайбекұлыныңөмірбаяны 1962 жылы Талдықорған облысы, Киров ауданы, Алғабас ауылында дүниеге келгем. Еңбек жолын 1979 жылы Алғабас колхозында жұмысшысы болып бастадым. 1980-1982 жылдары Кеңес Әскері қатарында әскери борышымды өтедім. 1983-1988 жылдары Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институтында «мал дәрігері» мамандығы бойынша жоғарғы білім алып шықтым. 1988-1992 жылдары «Алғабас» өндірістік кооперативінде мал дәрігері болып қызмет атқардым. 1992-1999 жыдары «Алғабас» өндірістік кооперативінде ферма меңгерушісі болып қызмет атқардым. 1999-2002 жылдары «Науатоған» шаруа қожалығының төрағасы болып қызмет атқардым. 2002 -2012 жылдары Алғабас ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқардым. 2012 жылғы қаңтардан бүгінгі күнге дейін, Көксу ауданы мәслихатының хатшысы болып еңбек етеудемін. Көксу аудандық мәслихатының V, VI шақырылым хатшысы болып сайлан...
Толығырақ... Оқылды: 340 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.09.2020

Бақанас елді мекенінде 12 көшенің жөндеу жұмыстары басталды

«Адал Көмек» жобасы аясында Балқаш ауданы әкімінің орынбасары Жанат Жүнісбековпен аймақтағы инфрақұрылымды дамыту мәселелері тақырыбында онлайн-конференция өтті, деп хабарлайды «Jetisy Media». «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» жобасы бойынша 12 көшенің орташа жөндеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта «Балқаш Жолдары» ЖШС және «Ақмарал» ЖШС мердігерлері жөндеу жұмыстарына тартылған. «Бүгінгі күні ауданның 5 көшесіне асфальт төселді. Сондай-ақ, 6 көше жаңартылуда. Тағы бір көшенің жөндеу жұмысы осы айда басталады. Барлық жол жөндеу жұмыстарын қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр », - деді Жанат Жүнісбеков. 12 көшені орташа жөндеу жұмыстарына 96 адам тартылды. Оның 48-і жұмыспен қамту орталығынан қамтылған. Бақанас ауылында «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша өткен жылы «Дене шынықтыру-сауықтыру» кешенінің құрылысы басталғанын айта кеткен жөн. Нысан келесі жылдың қа...
Толығырақ... Оқылды: 260 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.09.2020

Достар, бизнес пен инвестицияларды сыбайлас жемқорлық қысымынан және әкімшілік кедергілерден қорғау – елдің күн тәртібіндегі негізгі басымдықтарының бірі екені сөзсіз

Ағымдағы жылдың 19 тамызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте Мемлекет басшысы осы бағытты күшейтуге баса назар аударды. Бұл мәселе жыл сайынғы Жолдауда да нақты айқындалды. Шағын және орта бизнес COVID-19 пандемиясы жағдайында қиын кезеңді бастан кешуде және бұрынғыдан да зор қолдауды қажет етеді. Осы тұрғыдан алғанда кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу «мемлекетке қарсы ең ауыр қылмыс» ретінде қарастырылуы тиіс. Шағын бизнес бойынша халықаралық кеңестің (ICSB) деректеріне сәйкес, ШОБ әлемдегі барлық кәсіпорындардың 90%-дан астамын құрап, шамамен халықты жалпы 70% жұмыспен қамтуды және ЖІӨ-нің 50%-ын қамтамасыз етеді. Бұл тұрғыда азаматтардың әл-ауқаты жеке сектордағы істердің ахуалына тікелей байланысты екенін нақты түсіну қажет. Бұл – салық түсімдері, жұмыс орындарын құру, жаңа технологиялар және адам капиталын дамыту. Бір сөзбен айтқанда, бизнес мемлекетке халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді о...
Толығырақ... Оқылды: 234 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.09.2020

«e-Salyq» мобильді қосымшасындағы жаңа сервистің қызметі қандай?

«Салық әмияны» арқылы жергілікті салықтар бойынша және көлік құралдар салығы бойынша мәліметтерді түзетудің жаңа сервисі 2020 жылдың 7 қыркүйегінен бастап жүзеге асуда. Комитет «Интеграцияланған деректер базасы» ақпараттық жүйесі арқылы 2019 жылғы салық кезеңі үшін жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтың орталықтандырылған есебін жүргізді. Көлік құралдары салығын есептеуді іске асыру мақсатында «ИДБ» АЖ және «Сервис орталығы» АЖ ақпараттық өзара іс – қимыл шеңберінде алынған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің көлік құралдары дерекқорының мәліметтері пайдаланылды. «Аталған сервис көлік құралының сипаттамаларын өзгертуді қоса алғанда, түзету үшін онлайн режимінде өтініш беруге, көлік құралын иеліктен шығуына байланысты мәліметтер базасынан шығаруға мүмкіндік береді»,- дейді Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқар...
Толығырақ... Оқылды: 161 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.09.2020

Қазақстан мен Моңғолияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволарының басшылары онлайн кездесу өткізді

Шет елдердің жемқорлыққа қарсы ведомстволары басшыларымен кездесулер легін жалғастыра отырып, 2020 жылғы 11 қыркүйекте Алик Шпекбаев өзінің моңғол әріптесі Дашдаваа Зандраамен әңгімелесті. Мұндай іс-шаралардың басты мақсаты – басқа елдер тап болған жемқорлыққа қарсы бастамаларды іске асырудағы тәжірибе мен қиындықтарды зерделеу. Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды (whistleblowing) қорғаудың кешенді жүйесін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары үшін шетелдік юрисдикцияларда активтерді иеленуге тыйым салу жөніндегі шараларды іске асыруға ерекше назар аударылды. Кездесу барысында тараптардың әрқайсысы өз елінің жемқорлыққа қарсы саясатының бағыттарын және оның нәтижелерін таныстыру бейнероликтерін көрсете отырып баяндады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы біздің ымырасыздық әрекетіміз, ең алдымен, ел басшылығының саяси ерік-жігеріне, азаматтық қоғамның, бизнест...
Толығырақ... Оқылды: 147 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.09.2020

ЕҚЫҰ-ның 28-ші экономикалық-экологиялық форумында Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы «цифрлық күрес» мәселесі жария етілді

Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде онлайн форматта ЕҚЫҰ-ның жыл сайынғы экономикалық-экологиялық форумы өтті. Онда Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы электрондық технологияларды қолданудың қазақстандық тәжірибесі туралы айтып берді. Атап айтқанда, ол шетелдік әріптестерін мемлекеттің ашықтығы мен есептілігін арттыруға ықпал ететін мемлекеттік басқару саласындағы соңғы цифрлық жаңалықтармен таныстырды. Сыбайлас жемқорлық көріністерін азайту тұрғысында бірқатар мемлекеттік қызметтерді, лицензиялауды, сот ісін жүргізуді, кедендік және салықтық әкімшілендіруді «электрондық рельске» көшіру маңызды қадам болды. Қазақстанның жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі – қоғамдық қатысу мен бақылау құралдарын дәйекті кеңейту болып табылады. Электрондық үкіметтің дамыған құрылымы әрбір қазақстандыққа үйден шықпай-ақ бюджет шығыстарын бақылауға, нормативтік актілердің жобаларын талқылауғ...
Толығырақ... Оқылды: 194 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.09.2020

«Ашық бюджет»: қоғамдық бақылау мен азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін жаңа серпін

Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында жергілікті бюджеттерді бекіту және оңтайлы жұмсау барысына бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті. Себебі бөлінген қаражат көп жағдайда тұрғындардың шынайы қажеттілігіне жұмсала бермейді. Осылайша, азаматтардың өздерінің белсенді қатысуын қамтамасыз ету арқылы мемлекеттік бақылаудың баламасы ретінде қоғамдық бақылау институтын енгізу міндеті айқындалды. Қасым-Жомарт Тоқаев а.ж. 19 тамыздағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте мәлімдегендей, қоғамдық бақылаудың жаңа нысандары мен басқару шешімдерінің барынша ашықтығы қажет. Осыған байланысты, а.ж. 11 қыркүйегінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «TALAP» қолданбалы зерттеулер орталығымен, Нидерланды Корольдігінің Елшілігімен және Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорымен бірлесіп, бұдан бұрын іске қосылған «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» негізінде «Ашық бюджет» жобасын бастады....
Толығырақ... Оқылды: 151 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.09.2020

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҰЙҒЫР АУДАНЫНДА «СЕРВИСТІК ӘКІМДІК» АШЫЛДЫ

Бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Сағындықұлы Жұмабаев Шонжы ауылына іс-сапармен келді. Ұйғыр ауданының әкімі Ш. Нұрахуновтың қатысуымен өткен кездесудің басты оқиғасы заманауи сервистік әкімдіктің тұсаукесері болды. Аталған Сервистік әкімдік аудан азаматтары үшін қолайлы жағдай жасау арқылы жаңартылған форматта жүмысын бастады. Әкімдікте азаматтар білім, жер қатынастары, сәулет және аудан құрылысы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және басқада салалар бойынша қызметтерін және пайдалы кеңестер алатын болады. Сервистік әкімдік мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерді бір жерде шоғырландыру мен азаматтарға қолайлы жағдай жасауға арналғандығымен құнды. Яғни, бұл жерде атқарушы билік өкілдерінің жергілікті тұрғындармен бетпе-бет отырып жұмыс жасауына еш кедергі жоқ, қажетті қызметі бір ғимаратың ішіне тауып, ісін қиналмай-ақ бітіруіне қол жеткізді. Әкімдіктің...
Толығырақ... Оқылды: 229 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.09.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.