Жаңалықтар

Алматы облысында оқушыларға 40 мыңға жуық компьютерлік техника таратылмақ

Оқу жылы онлайн форматта басталғаны баршаға аян. Қашықтықтан оқу ісіне керекті ең қажет құралмен қамтамасыз ету жайы бүгінде өзекті. Сымсыз байланысқа жіпсіз байланған кезеңде компьютер мен ғаламтордың көмегіне жүгінкен кез жетті. Осы ретте Алматы облысы білім басқармасы өңірдегі барша ұстаз бен оқушының сауатты білім нәрімен сусындауына бар жағдайды жасап бағуда. Ұрпаққа білім беретін мұғалімдер қауымының жалпы саны облыс көлемінде 41 625-ті құрайды. Барлығы дерлік компьютермен жабдықталған дейді мамандар. Ұстаздар қауымының 49,9%, жеке лимитсіз Интернет желісіне және 3G/4G –45,7%, қосылған. Жарқын болашақтың ертеңгі иелері оқушылардың 57,4%-нің компьютері немесе ноутбугі бар. Дейтұрғанмен аталған құрылғыға қолы жетпей отырғандар да табылады. Олардың саны 95 105. Бұл мәселенің күрмеуі шешілетін күн алыс емес дейді өңірдің бас ұстазы Майгүл Омарова. Осы тектес жұмыстарды ретке келтіру үшін әуелі мектептердегі 23 678 компьютер оқушыларға уақытша пайдалануға берілген...
Толығырақ... Оқылды: 160 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.09.2020

Халық праймеризге қатысты пікірін білдіре алады

Биылғы жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша праймериз - партиялық-саяси даму тарихында тұңғыш рет республикалық партияішілік сайлау ауқымында өткізіліп отыр. Науқан 17 тамыз күні бастау алған еді. Қазіргі таңда сайлаудың екінші кезеңі, үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр. Осы бағдарламаларға арнайы primaries.kz сайты арқылы қазақстандықтарды өздерінің сындарлы ұсыныстарын енгізуге және талқылауға шақырады. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» ұстанымын ұстанған билік бұл жолы да елдің айтар уәжіне бір сәт тоқталмақ. Сол себепті азаматтарға өз өтініш тілектерін айтуға қолайлы жағдай жасау мақсатында Республика бойынша қолдау орталығы жұмыс атқарады. Аталған орталыққа 8 800 080 4441 телефоны арқылы тегін қоңырау шалуға болады. «Бұл жобаның ресми атауы «Халыққа көмек» деп аталады. Осы арқылы көптің пікірін біліп, партияныың жұмысын ілгерлете аламыз. Белсенді азаматтар өз ой-пікірін «Instagram», «Facebook» (Халыққа...
Толығырақ... Оқылды: 151 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.09.2020

Бала асырап алу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру

Достар, біз, әдеттегідей, мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде алу жолдарымен бөлісуді жалғастырамыз. Бүгін #oqy&toqy айдарында Баланы асырап алғандар үшін тиісті куәлікті қайталап алуға қалай өтініш беру керектігін айтамыз! Ол үшін: - Egov.kz порталына кіріп, авторизациядан өтіңіз - Азаматтарға тарауынан «Отбасы» бөлімін таңдаңыз - «Ұлды/қызды асырап алу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру» қызметін тауып, онлайн сұрау салыңыз - Әрі қарай асыраушы туралы мәліметтерді толтырып, төлем жүргізіңіз (қызмет құны – 1 АЕК) Дайын құжат электронды форматта 1 жұмыс күні ішінде дайын болуы тиіс!
Толығырақ... Оқылды: 181 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.09.2020

Алакөлдегі өнеркәсіптің индексі 100,9 пайызды құрайды

"Жетісу адалдық алаңы" жобалық кеңсесі жанындағы "Адал көмек" жобасы аясында онлайн баспасөз маслихаты бүгін Алакөл аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімшесінің міндетін уақытша атқарушы Серік Абылхановпен өткізілді, — деп хабарлайды "Jetisy media" ақпараттық алаңы. 2020 жылдың 7 айында Алакөл ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық салаларында оң нәтиже байқалуда. Аграрлық секторда барлық өндірілген ауыл шаруашылық өнімдері 11623,1 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімінен 131 пайызға өсіп, мал бастарының барлық түрлері көбейді. Биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 84867 гектарға игеріліп, оның ішінде қант қызылшасының алаңы 1063 гектарға жеткізілді. Өнеркәсіп саласында 5602,6 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, заттай көлем индексі 100,9 пайызды құрады. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында 117,8 млн.теңгеге 4 жоба қаржыландырылып, туризм саласы...
Толығырақ... Оқылды: 167 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.09.2020

Алакөлде «Еңбек» бағдарламасы арқылы 1321 адам жұмысқа тұрған

"Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы Алакөл ауданында табысты іске асуда. Тиімді бағдарлама негізінен төрт бағытта қызмет атқарады. 1) «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету; 2) жаппай кәсіпкерлікті дамыту; 3) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту; 4) «Жастар – ел тірегі» ұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыру бағыттары бойынша жүзеге асырылуда екенін жеткізді. «Жыл басынан бүгінгі күнге дейін халықты жұмыспен қамту орталығына 1990 адам жүгінген. Азаматтардың 2047-сі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған, оның ішінде жұмысқа орналасқандар 1321 адам, тұрақты жұмысқа орналасқандар 447 адам — 33,8%-ды құрады»,-дейді Ляззат Қосантаева. Сондай-ақ, «...
Толығырақ... Оқылды: 161 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.09.2020

Алматы облысының еріктілері 16 мың адамға көмектескен

Қайырымдылықтың қайыры бар. Аталған қағиданы ұстанған Алматы облысының еріктілері облыс тұрғындарына қол ұшын созуға білек сыбана кіріскен. Игі бастаманы өңірдегі өзге аймақтағы жомарт жандарда қолдай кеткен. Осылайша еріктілер жылы аясында мәрт азаматтардың қолдауымен ізгі істер атқарылды. «Алматы облысының еріктілеріқазіргі таңда қарттарымызға , аз қамтылған отбасыларға көмектесудеміз. Біз еріктілер өз қамқорлығымызға 3 отбасыны алдық оларға әр апта көмек көрсетудеміз. Болашакта неғұрлым ауқымды істерді қолға аламыз. Бұл біздің азаматтық борышымыз»,-дейді ерікті Елбосын Абай. Президент 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялап, адамдарға шын ниетімен көмектесіп, оны науқанға айналдырмау қажетін айтқан болатын. Қайырымдылық қанында бар елдің ұрпағы мұны бірден белсенді алып кетті. Біз оны мына індет жайлаған кезеңде анық байқап отырмыз. Қайтарымсыз қайырымдылық жасаудан қол үзбеген халқымыз биылғы «Еріктілер жылында» атқарылып жатқан жұмыста...
Толығырақ... Оқылды: 186 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.09.2020

ТҮРКИЯДА ТҰРАТЫН ҚАЗАҚ АҚСАҚАЛ 75 БИЕ БАЙЛАП ОТЫР

Дана халқымызда: «Адам айдаса барма, дәм айдаса қалма» деген қанатты сөз бар. Сол айтқандай, ойламаған жерден өңіміз түгілі түсімізге кірмеген Түркия мемлекетінің дәмі тартып,«Қайдасың, Түркия?» деп ұшаққа мініп, Измир қаласынан бір-ақ шықтық. Сөйтіп, бір айдай уақыт көптеген қаласында болдық. ТүріктердіңСельжук мемлекеті болған кездегі тарихи орнына бардық, мешітіне кіріп, намаз оқыдық. Жергілікті халықтармен дәмдес-тұздас болып, жап-жақсы араластық.«Бауырында күнде көріп жүргеннен соң, таудың да биіктігі байқалмайды» демекші, өз Отанымызда жүргенде туған жеріміздің, ұлтымыздың қадірін біле бермейді екенбіз. Шетке шыққан аз уақыт ішінде кәдімгідей елімізді, жерімізді, тілімізді сағындық. Бір күні тұрғылықты адамдардан: «Осында тұрғылықты қазақтар бар ма?»– деп сұрап едік, олар шамасы 100 шақырым жерде тұратынын айтты. Ести сала сонда тарттық. Ал іздегенімізді тапқанда қуанғанымыз соншалық, ет жүрегіміз елжіреді. Әсіресе, алыстан...
Толығырақ... Оқылды: 227 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 04.09.2020

Ақсу ауданында 519 адам тұрғын үй кезегінде тұр

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері туралы ақпарат қашанда маңызды. Бүгінгі күні халықты қажетті мәліметпен құлақдандыру үшін мекеме басшылары тікелей эфирде ақпараттық-түсіндіру шараларын өткізуде. Кезекті тікелей байланыс Ақсу ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен өтті. Аталған мекеменің құзіретіне: Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы; "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру" "Жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтарға анықтама беру" "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмсету жатады. Қызметтер көрсету электронды, қағаз жүзінде және тегін көрсетіледі. Негізі бөлімде ең көп көрсетілетін қызмет...
Толығырақ... Оқылды: 143 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.09.2020

Балқаш ауданында жаппай кәсіпкерлікті дамыту жолға қойылған

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының» І бағыты бойынша ағымдағы жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 20 адамға жолдама беріліп, оның 20-сы оқуды аяқтады. Бұл туралы «Алматы облысы Балқаш ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің директоры тікелей эфир де өткен баспасөз-мәслихатында баяндады. Бағдарламаның 2 бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша21 азаматқа жолдама беріліп олар 91,5млн.теңге көлемінде шағын несие алған.Сонымен қатар, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант 27 адамға берілген. «Әлеуметтік жұмыс орындарын құруға 29 адамға, жастар практикасына 22 адамға, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 702 адамға жолдама берілген»,-деп түйіндеді Сағи Алмазұлы. Осы тектес жұмыстар алдағы уақытта Балқаш ауданында жалғасын таппақ.
Толығырақ... Оқылды: 170 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.09.2020

Халыққа тегін құқықтық кеңес беру

"Жетісу адалдық алаңы" жобалық кеңсесі жанындағы "Адал көмек" жобасы аясында бүгін Алакөл ауданы әкімі аппаратының Заң және мемлекеттік құқықтың бөлімшесінің басшысы Равза Омарбековамен тікелей эфирде баспасөз-мәслихаты өткізілді, — деп хабарлайды "Jetisy media" ақпараттық алаңы. Жалпы аудан бойынша «Жетысу Адалдық алаңы» жобасы аясында Халыққа тегін құқықтық кеңес беру жөнінде еліміздің барлық өңірлерінде азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында аудандағы «НұрОтан» партиясының ғимаратында, барлық мемлекеттік басшыларымен, адвокаттармен нотариустар, жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, «Халық заңгері» атты акциясы өткізілген. Аудан әкімі аппаратының заң және мемлекеттік құқықтық бөлімшесі Нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігі мәніне тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Қолданыста 19 Нормативттік құқықтық акті бар. Осы кезеңге дей...
Толығырақ... Оқылды: 150 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.09.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.