Жаңалықтар
Алматы облысының ауыл шаруашылық сласының мамандары Жолдаудың маңыздылығын атап өтті |
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдаумен тікелей эфирге шықты. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы жолдауда ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін еместігін айтты. «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың қазіргі мемлекеттік бағдарламасы келесі жылы аяқталады. Үкіметке бизнеспен бірге бесжылдыққа агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың сапалы жаңа ұлттық жобасын әзірлеуді бастауды тапсырамын» - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Миллиондаған ауыл тұрғындарының кірістерінің тұрақты өсуі, еңбек өнімділігінің екі жарым есеге артуы, ауыл шаруашылығы өнімі экспортын екі есеге арттыру алдыда тұрған басты міндет болып табылады. Мұны да мемлекет басшысы қадап көрсетті. Кәсіби мамандардың тапшылығы, сондай-ақ аграрлық ғылымның ойдағыдай дамымауы – бұл саладағы қордаланған мәселелер. Осы бағытта атқарушы билік тарапынан нақты шаралар қабылдануы керек. Ауылшаруашылығы саласының құрылымдарына жағдай жасап, алдымен ауылдардың инфрақұрылымы... |
Толығырақ... Оқылды: 179 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.09.2020 |
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ «ӘДІЛДІККЕ ҮНДЕГЕН ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ» ТАҚЫРЫБЫНДА АДАЛДЫҚ САҒАТЫМЕН БАСТАЛДЫ |
Бүгін Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен Білім күніне орай еліміздің барлық оқу орындарында бірыңғай онлайн жалпы республикалық «Адалдық сағаты» өтуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық, әділдік, парасаттылық және сенім сынды маңызды адамгершілік құндылықтарды сіңіру. Онлайн-дәріс Тұран даласының ХІІ ғасырдағы ұлы ойшылы Қожа Ахмет Ясауидың адалдық қағидаларын түсіндіруге арналған. Түркі әлемінің дамуындағы Ясауи рөлі сөзсіз, оның мұрасы түркі мемлекеттері арасындағы достық қарым-қатынастардың қалыптасуында үлкен рөл атқарды. Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев «Қожа Ахмет Ясауи Орталық Азиядағы оның ішінде Қазақстанда да, барлық түркі халықтарының ұлттық рухани ілім жүйесін өрнектеп берді» деп тап өткен. Бейне-дәрістерде оқушылар мен студенттер «ақыл кітабы» – «Диуани-Хикме... |
Толығырақ... Оқылды: 166 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.09.2020 |
2020 жылдың шілде айында медициналық сақтандыру қорына түскен жарналар 948,0 млн. теңгені құрады |
2020 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 31 шілдеге дейінгі кезеңде Алматы облысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің аударымдары мен жарналарының жалпы сомасы 948,0 млн.теңгені құрады. Республика бойынша шілде айында түскен жарналар сомасы (2020 жылғы 01-31 шілде аралығында) 19,7 млрд.теңгені құрады. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев атап өткендей, шілде айында Алматы облысы бойынша 559,8 млн.теңге жұмыс берушілердің аударымдары және 388,2 млн. теңге азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен тұлғалардың жарнасы болып саналады. МӘМС-ке келіп түскен барлық қаражат, сенімгерлік басқару шарты бойынша Ұлттық банкте сақталады және кейіннен МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді төлеуге жіберіледі. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиал |
Толығырақ... Оқылды: 146 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.09.2020 |
МӘМС мәртебесін алу үшін ШОБ қарамағындағы қызметкерлердің тізімін жаңартып отыруы тиіс |
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2020 жылдың 1 қазанына дейін МӘМС жарна мен аударым төлеуден босатылған шағын және орта бизнес субъектілеріне қызметкерлер сақтандырылған мәртебесін сақтап қалу үшін әр айдың 25-не дейін жұмысшылар туралы мәліметті жаңарту қажеттігін еске салады. Жұмыс берушілердің өз қызметкерлері үшін жауапкершілікті сезінуі маңызды. Сондықтан кәсіпорындардағы қызметкерлер сақтандырылып, МӘМС жүйесінде барлық қажетті медициналық көмек алуы үшін тізімдерді үнемі жаңартып отыруды сұраймыз. Біз кәсіпкерлермен, оның ішінде «Атамекен» ҰКП, Мемлекеттік кіріс комитеті және олардың аймақтардағы ұйымдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. 2020 жылғы 20 тамыздағы жағдай бойынша жарналар мен аударымдарды төлеуден босатылған кәсіпорындардағы жұмыскерлерінің тағы 61% бойынша ақпарат өзектендірілмеген күйінде қалып отыр. Егер деректерді жұмыс беруші енгізбесе, қыркүйекте ШОБ қызметкерлерінің бір бөлігі жүйеде сақтандырылмаған болуы мүмкін деген қауіп бар.... |
Толығырақ... Оқылды: 143 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.09.2020 |
Аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлының 1 қыркүйек білім күнімен құттықтауы! |
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Сіздерді «1 қыркүйек – білім күні» Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Сіздерді «1 қыркүйек – білім күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке әр адамның жүрегінде жақсы естелік қалдыратын жарық та, жылы сезімдерге толы ерекше күн. Әр адам үшін 1 қыркүйек жаңа білім, жаңа табыс, жаңа жетістіктерге жету бастамасы. Себебі білім жүйесі жыл санап өзгеріске ұшырап, жаңа жүйеге сай жаңа белестерді бағындырып келеді. Биыл еліміздегі барлық мектептер қашықтан оқыту форматымен оқитын болды. Әрине бұл өте күрделі шешім. Кеңінен белең алған пандемия бүкіл әлемнің білім беру жүйесі үшін ауыр сынаққа айналды. Балалардың мектеп қабырғасында дәстүрлі форматта білім алуы мүмкін болмай қалды. Адамзат мұндай жаһандық проблемамен алғаш рет бетпе-бет кездесіп отыр. Қашықтықтан оқу ұстазға да оқушыға да оңай соқпайтыны анық. Дегенмен ұл-қыздарымыз көштен қалмай, бар күш-жігерлерін салып оқиды деген сенімдемін. Қай салада болсын бірлік қажет. Жаңа... |
Толығырақ... Оқылды: 615 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 01.09.2020 |
Алматы облысындағы техникалық және кәсіптік білім беру орындары жаңартылған жүйеге көшеді. |
Облыстағы жалпы орта білім беретін ұйымдармен қатар, техникалық және кәсіптік білім беру жүйелерінде де қашықтықтан оқыту барысында нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. 2020 жылғы 27 мамырдағы Ұлттың қоғамдық сенім кеңесі отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмаларын орындау мақсатында,техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде академиялық дербестікке көшу және кредиттік технологияларды енгізу қажет. « Биылғы жалдан бастап, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары жаңартылған білім беру мазмұнына көшіп, жалпы білім беретін пәндердің оқу бағдарламаларын игереді. Осыған байланысты, колледждерге облыстық бюджеттен 136 млн.теңге көлеміндегі қаражат 10 сыныптың оқулықтары мен оқулық кешендерін сатып алу үшін бөлінді », - дейді Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли. Облыстағы 5 колледжде «Жас маман» жобасы аясында «Графикалық дизайн», «Веб дизайн және әзірлеу», «3-D мод... |
Толығырақ... Оқылды: 157 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.08.2020 |
Алакөл ауданында «Сервистік әкімдік» ғимараты ашылды |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде облыс аумағында Сервистік әкімдіктер ашу қолға алынуда. Бүгін Алакөл ауданында «Сервистік әкімдік» жобасы ғимаратының ашылу салтанаты Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаевтың қатысуымен өтті. «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында Алакөл ауданы әкімдігінде «Сервистік әкімдік» ғимараты ашылды. Жобасының басты қағидалары мемлекеттік қызметтерді көрсететін мекемелерді бір жерде шоғырландыру мен азаматтарға ыңғайлы жағдайлар жасау»,–дейді ол. Ауданда ашылған жаңа Сервистік әкімдік - ашықтық пен қолжетімдік өлшемдеріне сәйкес келеді және жергілікті атқарушы органдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайтуға ықпал етеді.... |
Толығырақ... Оқылды: 176 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.08.2020 |
Алматы облысы бойынша 483 375,8 мың теңге негізгі берешек сомасы өтелген Өңірдегі қарызы бар азаматтар салықтық рақымшылықты пайдалана алмаған. Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды. |
2019 жылғы 31 желтоқсанда жеке тұлғалар үшін олар негізгі қарыз сомасын төлеген жағдайда өсімпұлды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық жасау аяқталды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген тәртіппен салықтық рақымшылық жасау жөніндегі іс-шараларды қабылдауы туралы тапсырма берді. Осыған орай, барлық Аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларында салықтық рақымшылыққа жататын жеке тұлғалардың тізімін ақпараттық жүйелерден алып есептен шығару бойынша комисиялар құру жөнінде дайындық жұмыстары жүргізілуде. Комиссия шарттарға сәйкес салық төлеушілерді іріктеу үшін жеке шоттарды түгендеу бойынша жұмыстар жүргізеді. Түгендеу жұмыстары 2021 жылдың 5 қаңтарына дейін жүргізілген. «2020 жылғы 1 қаңтарға дейін салық кезеңіндегі мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша туындаған бересі сомасын толық көлемде төлеген, салық төлеушілер, 2019 жылға мүлік салығы мен жер салығын төлеу бойынша міндеттемелерді қоспағанд... |
Толығырақ... Оқылды: 199 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.08.2020 |
Жаңа әлеуметтік нысан ашылды |
Көксу ауданы Көксу ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды. Жаңа әлеуметтік нысан ауыл тұрғындары үшін ҚР Конституциясының 25 жылдық мерекесікүніне орай тамаша сыйлық болды. Қазір пандемия кезінде денсаулық сақтау саласын дамыту өте маңызды. Ал облыста осы мәселеге қатты көңіл бөлінуде. Мердігер "Строй Индустрия" ЖШС мемлекет қазынасынан бөлінген 341 млн теңгеге су жаңа ғимарат тұрғызып отыр. Жалпы аумағы 823 кв.м құрайды. Ескі ғимарат шамамен 1954 жылы салынған. Ауыл халқына тарлық етіп, ескіріп те кеткен. Міне, бүгін мереке қарсаңында әр аусымына 30 адам қабылдайтын амбулатория ауыл игілігіне берілді. Салтанатты жиынға аудан әкімі Алмас ӘДІЛ, аудандық аурухананың бас дәрігері Марат Сәбетайұлы және басқа да қонақтар қатысты. Жаңа ғимарат заманға сай толықтай медициналық жарақтармен толықтырылған. Амбулаторияның басшысы ретінде 7 жылдық еңбек өтілі бар дәрігер Арзыгүл Қуан жұмысын бастайды. |
Толығырақ... Оқылды: 183 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.08.2020 |
Ата Заң – азат елдің ар-намысы |
«Конституция – біздің барша табыстарымыздың бастауы. Елдігіміздің киелі кітабына айналған қасиетті құжат – тұрақтылық пен татулықтың тұғыры». Н.Ә.Назарбаев Тәуелсіз республикамыз санаулы жылдарда өзара татулық, ынтымақ пен бірліктің арқасында орасан табыстарға қол жеткізіп, демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет орнатып қана қоймай, әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысында достастық елдердің арасында көш бастады. Оны бүкіл өркениетті елдер мойындап отыр. Еліміздің осындай өркендеу жолына түсуіне қазіргі қолданыстағы Конституция жасаған ықпал өте зор. Барлық заңдардың бастауы, қайнар көзі болып саналатын Ата Заңымыздың әлеуеті әлі де мол. Алғашқы қазақ хандығы құрылғанда ата-бабалар дәстүрімен қатар 1511 жылы 19-баптан тұратын негізгі заң қабылданған. Оны қазақ «Қасым ханның қасқа жолы» деп атаған. «Жеті жарғы» 1690 жылдары Тәуке хан тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. 17-ғасырда қазақ х... |
Толығырақ... Оқылды: 295 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 27.08.2020 |