Жаңалықтар
ТҰҒЫРЫ БИІК- АТА ЗАҢ |
Бүкілхалықтық референдумда азаматтардың тікелей еріктерімен қабылданған еліміздің Ата Заңы, қоғамның жедел дамуына жағдай туғызды. Еліміздің негізгі Заңы барлық жетістіктеріміздің бастамасы болып табылып, бүгінде қазақстандықтардың тең құқығы мен мүмкіншілігіне кепілдік беретін маңызды құжатқа айналды. Бұл күн бәрімізге өте маңызды, ал біз секілді яғни заң аясында қызмет ететіндер үшін бұл мерекенің орны айрықша. Біз бұл мерекені кәсіби деңгейде атап өтеміз. Өйткені, Ата Заңымызда көрсетілгендей, сот жүйесі азаматтардың бостандығы мен мызғымас құқығын сақтауды қамтамасыз етеді. Біздің негізгі заң дүниежүзіндегі ең жас Конституциялардың бірі. Мемлекетіміздің қысқа уақыт аралығында өз Конституциясын жасап, қабылдағаны талайларды таң қалдырған. Конституциямыз Қазақстан Республикасын дербес мемлекет ретінде ұлтына қарамастан онда тұратын барлық азаматтардың еркіне сәйкес жасалды. Халық өзі дауыс беріп, қабылдаған заңын әрдайым әділ деп есептейді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-... |
Толығырақ... Оқылды: 302 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 27.08.2020 |
Ғұламалар өсиеті |
Істеймін деп уәде берген ісіңді істе! Сөз берсең, оны орында! Ескерту жасаудан қорықпа! Бірақ оны істегенде нені айтып, нені айтпау керектігін абайла! Кінәліге кінәсінен артық жаза берме! Жазаға лайық адамның жазасын кешіктірме! Әбу-Бәкір Сыдық Адамдар үш топтан тұрады: біріншісі – Раббани ғалымдар, екіншісі – құтқарылу жолына түскен ілім іздеуші, үшінші – әркімге еліктеп, жел қалай тұрса солай кетіп, ілім нұрымен өзін нұрландыра алмаған тобыр. Ілім – дүние-мүліктен қымбат. Іліммен амал етсең, мәртебең арта түседі. Дүние-мүлік қолданған сайын азаяды. *** Қорқыныштың қорқынышы – нәпсіге ие болмау. Нәпсінің жетегінде кету адамды ақиқаттан алыстатып, ақыретті ұмыттырады. Абайлаңдар! Уақыт өтіп барады, ақырет болса жақындап келеді. *** Жалған мақтау адамды өркөкіректікке жетелейді. Адамдардың жақсысы мен жаманын ажыратып, бағала. Бәрін тең көру, жақсыларды ізгіліктен суытып, жамандардың харам пиғылын өсіреді. *** Үш амал қарапайымдылықтың кілті –... |
Толығырақ... Оқылды: 248 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 27.08.2020 |
Алматы облысында 24 501 улы газды анықтау құрылғысы орнатылған Жылыту маусымы басталған шақтан улы газбен улану жағдайы орын алып жатады. Арнайы рейд барысында 613 үйдің өрт қауіпсіздік ережелдерін бұзғаны анықталған. Бұл труалы « Jetisy Media» ақпараттық |
Облыста 386 870 жеке тұрғын үй есепте тұр. 15 024 үй халықтың әлеуметтік осал топтарына тиесілі. Тұрғын үйлердің ішінде 252 416 қатты отынмен жылынса, 130 656 орталық газ жүйесіне, 3 697 – орталық жылу беруге, қосылған. 101-электрмен жылытылады. «15 тамыздан бастап халықтың осал топтарына тиесілі 2807 үйді араладық. Жұмыс барысында 5 мыңнан астам азаматқа нұсқау берілді. 900-ден астам бұзушылық анықталды, оның 319-ы сол сәтте жойылды»,- дейді Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары подполковник Ерлан Ахашов. Негізінде халыққа қауіпсіздік ережелерін жеткізу тікелей байланыс кезінде де жүзеге асырылады. Осы уақытқа дейін: - 26 жиын, 208 азаматқа нұсқау берілді - 298 азаматтың қатысуымен 31 нұсқаулық жүргізілді. 2019 жылы облыс әкімдігімен бөлінген 169 млн. 490 мың теңгеге. халықтың осал топтарының үйлеріне 24 501 улы газды анықтау датчиктері сатып алынды және орнатылған. Төтенше жағдай департаментіндегі мамандардың айтуынша, өрт қауіпсіздігінен бөлек,... |
Толығырақ... Оқылды: 208 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.08.2020 |
Ұйғыр ауданында 17 жеке кәсіпкерге жер телімі берілген |
Ұйғыр аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы тікелей эфирде есеп берді. Негізінде аудан бойынша 875752 га оның ішінде 22861 га суармалы егістік, 3289 га көп жылдық екпе (оның ішінде 2638 га бақ, 651 га жүзімдік) 1063 га тыңайған жер, 21475 га шабындық, 473826 га жайылымдық, 353238 га басқадай жерлер болып бекітілген. Бүгінде жер телімін сұрап келушілердің қарасы көбеймесе азаймақ емес. Жыл басынан аудандық жер учаскелерін беру жөніндегі 19 комиссия отырысы болып 370 құжаттар қаралып, оның ішінде 80 жер учаскелерін беру жөніндегі қаулы шығаруға және шешім қабылдауға аудан әкімдігі мен ауыл әкіміне құжаттар ұсынылған. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 01 тамыздағы №726 қаулысының талаптарына сәйкес, 123 жеке тұлғаға тұрғын үй құрылысын салу үшін жер телімдері берілді, 167 жеке тұлға тұрғын үй мен өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін алаңдарының дайын болмауына байланысты жалпы тізімдегі кезек номеріме... |
Толығырақ... Оқылды: 170 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.08.2020 |
Инвестициялар мен бюджеттердің ашықтығы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Нидерланд елшілігінің ынтымақтастығы |
2020 жылғы 25 тамызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаңында Агенттік төрағасы Алик Шпекбаев Нидерланд Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Андрэ Карстенспен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту және ортақ жобаларды іске асырудағы екіжақты өзара әрекеттесу мәселелерін талқылады. Агенттік төрағасы «Protecting Business and Investments» жобасы аясында кәсіпкерлер мен инвестицияларды қорғау шараларына ерекше назар аудара отырып, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы бастамалардың нәтижелерімен бөлісті. Ведомство басшысы Агенттік инвесторларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау көрсетуді жалғастырады деп сенім білдірді. Карстенс мырза голландиялық инвесторлардың Қазақстанда жұмыс жасауға деген қызығушылығының жоғары екенін атап өтті. Елші Ақтөбе облысындағы ауыл шаруашылығы саласындағы «Green Capital» ЖШС жобасының іске асырылу барысы туралы хабардар етті. Тараптар «Қазақстанда па... |
Толығырақ... Оқылды: 155 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.08.2020 |
Көксу ауданы бойынша көмекке мұқтаж ата-аналарды барынша қамту мақсатында «www |
Көксу ауданында жалпы орта білім беру ұйымдары бойынша көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту Көксу ауданында жалпы орта білім беру ұйымдары бойынша көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында «Атамекенім» қоғамдық қорының қолдауымен «www.atamekenim.kz» порталында көмекке мұқтаж 93 ата-ана өз өтінімдерін тіркеген. Демеушілер мен меценаттар оқушыларға көмектерін көрсетуде. Дәстүрлі «Мектепке жол» жалпыхалықтық акциясы бойынша көпбалалы және аз қамтылған отбасындағы оқушыларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету үшін демеушілерді тарту жұмыстары жүргізілуде. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында «Атамекенім» қоғамдық қорының қолдауымен «www.atamekenim.kz» порталында көмекке мұқтаж 93 ата-ананың өтінішіне сәйкес 13 балаға көмек көрсетілді. Оның ішінде: аз қамтамасыз етілген отбасының -2 баласына 1 планшет (30 000 теңге), 3 балаға оқу құралдары (30 000), 1- ноутбук (45 000 теңге); көпбалалы от... |
Толығырақ... Оқылды: 203 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.08.2020 |
Медициналық сақтандыру жүйесінде болмауыңыздың алты себебі |
Егер сіз Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына үнемі жарналар енгізіп отырсаңыз, бірақ egov-дағы жағдайды тексергенде, телеграмм бот «сақтандырылмаған» деп көрсеткен болса, онда сіз оны анықтап, себебін білуіңіз керек. Біз олардың ең жиі кездесетін себептері туралы айтып береміз. Бірінші себеп. Қазақстандықтардың көпшілігі жеңілдікті кезеңді 1 шілдеге дейін төлемдерді төлеуден босату ретінде қабылдап, төлеуді тоқтатты. Ал жеңілдікті кезең халықтың осы тұста МӘМС жүйесіндегі мәртебесін оңай анықтай алуы үшін арнайы жасалды. Нәтижесінде, алғашқы алты айда төленбеген немесе ішінара төленген болуы мүмкін, ал МӘМС пакетіндегі медициналық көмек осы кезеңде барлығына тегін қол жетімді болды. Не істеу керек? Алдымен айларға бөлінген өз төлемдеріңіздің үзіндісін алу қажет. Егер Сіз жеке кәсіпкер, АҚС шарты бойынша қызметкер, өзін-өзі жұмыспен қамтыған немесе дербес төлеуші болсаңыз, онда сізде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 8 айға жарналар төленуі керек. Егер сіз жалдамалы жұмысшы бол... |
Толығырақ... Оқылды: 156 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.08.2020 |
Антикор 27 млн теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қызметкерлері медициналық ұйымдарға қайырымдылық көмек көрсету үшін шамамен 27 млн.теңге жинады. Агенттік қызметкерлері коронавирустың таралуына қарсы күреске көмек ретінде бір күндік жалақыны аударуға шешім қабылдады. Жиналған қаражатқа 25 оттегі концентраторы сатып алынды, олар өңірлер арасында тең бөлінетін болады. Өнімділігі минутына 10 литрге дейінгі аппараттар тыныс алу жолдарының аса ауыр ауруларын емдеуде қолданылады. «Әрбір ұйым әлеуметтік жауапты болуы тиіс. Қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігіміздің дәрежесін түсіне отырып, біз ауруханаларға оттегі концентраторларын сатып алу үшін бір күндік жалақыларымызды аудару маңызды және қажет деп есептедік. Сол арқылы СOVID-пен қарсы күреске жанашырлық танытамыз», - деді Агенттік төрағасы А. Шпекбаев. Сондай-ақ, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Халықаралық Интеллектті дамыту институтының дир... |
Толығырақ... Оқылды: 145 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.08.2020 |
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ |
Ағымдағы жылдың 19 тамызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте айтылған Мемлекет басшысының тезистерін түсіндіру мақсатында Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті колледж басшыларымен онлайн кездесу өткізді. Кездесу барысында "Sanaly Urpaq" жобасын жандандыру әдістері талқыланып, оқушылар арасында академиялық адалдық қағидалары түсіндірілді. Колледж басшыларымен кері байланыс барысында білім беру жүйесінде карантин жағдайында жобаны онлайн режимде іске асыру қажеттілігі атап өтілді. |
Толығырақ... Оқылды: 184 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.08.2020 |
ҚУАТТЫ ӘЛЕУЕТ, ҚАРҚЫНДЫ ӨСІМ |
Ағымдағы жылдың 12-ші тамыз күні облыс әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев ауданымыздың бірқатар өндіріс орындарын аралап, жұмыс барысымен танысып қайтты. Атап айтсақ, Серік Мелісұлы іссапарын ауданымыздың қант зауытынан бастады. Мекемені аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстарды көрді. Аудан бойынша 28 га жерді алып жатқан кәсіпорын өзінің биылғы жұмысын 1 айдан кейін бастайтын болады. Себебі, зауыт жұмысын бастауға 60 пайыз ғана дайын. Нақтырақ айтар болсақ, өндіріс орнында қазір жеңіл-желпі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Яғни, тәтті түбір турайтын пышақтарды қайрауға арналған қондырғылар орнатылды. Өзгесінің барлығы осыған дейін озық үлгідегі техникаға алмастырылған. Нәтижесінде өткізілген шикізаттан 13 %-ға дейін қант алу мүмкін болып отыр. Бұрындары бұл көрсеткіш 11-12% болатын. Қазір зауытта жиын-терін науқанына дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Облыс әкімінің орынбасары барған тағы бір нысан аудан орталығындағы сүт фермасы. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі негізінде құрылғ... |
Толығырақ... Оқылды: 224 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 20.08.2020 |