Жаңалықтар

Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы «Antıkor Ortalyǵy» сыбайлас жемқорлыққа қарсы сервистік орталығына барды

Мемлекет басшысы өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында халықпен тиімді кері байланыс орнату үшін мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қоғамға есеп беруін қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. Бұл тәсіл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іске асырылуы мен мемлекеттік аппараттың азаматтардың сұраныстарына ден қоюын арттыру жөніндегі одан әрі жасайтын қадамы. Осыған орай, Президент Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ә. Исекешев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жұмысының сервистік үлгісімен танысып, оның арнайы мониторингтік тобы, ақпараттық – ағарту штабы, ардагерлер кеңесі мен «Астана-Адалдық алаңы», «Protecting Business and Investments», «Ашық бюджет» жобаларының жетекшілерімен және қоғам өкілдерімен кездесті. Қоғам өкілдері қолданыстағы жемқорлыққа қарсы жобаларды жетілдіру, азаматтық қоғамды, сондай-ақ белсенді жастарды тарту жоспарла...
Толығырақ... Оқылды: 211 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.09.2020

Ынталы ауылында ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған

Бүгін «Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жанындағы «Адал көмек» жобасы аясында ұйымдастырылған баспасөз-маслихаты Ынталы ауылдық округінің әкімі Рамазан Мамырбековпен өткізілді, — деп хабарлайды «Jetisy media» ақпараттық алаңы. Ынталы ауылында ауыл шаруашылығы саласы бойынша, 2020 жылы 3485 гектар суармалы жер игерілген. Оның ішінде, мақсары - 45 гектар, арпа-320 гектар, картоп-12 гектар, көкеніс-12 гектар, қант қызылшасы 57 гектар, бақша-19 гектар, (көп жылдық шөп) 370 гектар, алма-бақ-6 гектарға жуықтаған. 2650 гектарға Майбұршақ себіліп, 40 000центнер жоңышқа шабылған. Сонымен қатар, 6400 центнер арпа өнімдері алынған. Ал, мал шаруашылығы бойынша, барлық ірі-қара (бұқа) 2702 бас, сиыр (аналық) 1297 бас, қой-ешкі 6017 бас, аналықтары 3141 бас, жылқы 532 бас, 225 (аналық) бас болған. Құстар саны 5118-ге жеткен, оның ішінде жұмыртқалайтын құстардың саны-3758-ді құраған. Білім беру саласы бойынша мектеп оқушыларының саны 158-ге жетк...
Толығырақ... Оқылды: 215 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.09.2020

РЕНАТ БЕКТҰРОВПЕН «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жаңа форматтағы «Адалдық сағатын» өткізді. Бұл «Адалдық сағаты» қазақстандық жастар үшін жаңа тұлға, замандас және табысты жас көшбасшы Ренат Бектұровты танытқанымен ерекшеленді. Ренат Бектұров 1984 жылы 13 қазанда Алматы облысында дүниеге келген. Astana International Exchange Басқарма мүшесі. Қаржылық қызмет көрсету саласында 10 жылдан аса жұмыс тәжірибесі бар. Ол ТМД аймағындағы сукук (ислам бағалы қағаздары) алғашқы шығарылымы сияқты борыштық капитал нарығындағы бірқатар маңызды мәмілелерге қатысқан. Ренат Лестер университетін үздік бітіріп, банк ісі және қаржы саласында магистр дәрежесін иеленген, сондай-ақ сертификатталған қаржы аналитигі дәрежесіне ие (CFA Charter Holder). Президенттік жастар кадр резервінде бірінші орынға ие болды. Р.Бектұров өз сөзінде ұлы Абайдың тағылымын алға тартып, «Парасаттылық деген талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым сияқты адами қасиеттердің жиынтығы»...
Толығырақ... Оқылды: 186 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.09.2020

Жайпақ ауылдық округінде 2376 гектарға егін егілген

«Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жанындағы «Адал көмек» жобасы аясында ұйымдастырылған баспасөз-мәслихаты Жайпақ ауылдық округінің әкімі Ерік Табеевпен өткізілді, — деп хабарлайды «Jetisy media» ақпараттық алаңы. Өткен жылмен салыстырғанда жеке шаруа қожалықтарының саны 73 болса, биылғы жылы 4 жеке шаруа қожалықтарының саны бірнеше есеге артқан. Жалпы, суармалы жер игеру көлемі 61 гектарға ұлғайып, нәтижесінде 4 адам жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ, егін себілген жер көлемі 2376 гектарды құраған. Оның ішінде: мал азық даққылдары (көпжылдық шөп) 280 гектарға, дәнді дақылы 100 гектарға, майлы дақылы 1896 гектарға, бақша дақылы 63 гектарға, қант қызылшасы 10 гектарға ұлғайған. Ал, мал шаруашылығы бойынша ірі қара 1396 бас, сиыр 498 бас, қой ешкі 5800 бас, аналық 2145 бас, жылқы 1159 бас, бие 295 бас, құс 905 басқа жеткен. Сонымен қатар, білім беру саласы бойынша округте 1 орта мектеп жұмыс істеуде. Барлық оқушылар саны 258. 1-4 сын...
Толығырақ... Оқылды: 213 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.09.2020

АЛИК ШПЕКБАЕВ АЛМАТЫ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН СӨЙЛЕСТІ

Алик Шпекбаев Алматы қаласының үкіметтік емес ұйымдарымен дәстүрлі кездесу өткізді. Онда Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалары мен Агенттік қызметінің негізгі нәтижелері таныстырылды. Достық үйіне жиналған үкіметтік емес және еріктілер ұйымдарының танымал өкілдері, құқық қорғаушылар, журналистер, сарапшылар Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларының үш пакетімен; мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған трансформациялық үдерістермен; бюджет шығыстарын оңтайландыру жөніндегі алдын алу жұмысының нәтижелерімен; елде парасаттылық идеологиясын ілгерілету жөніндегі жаңа тәсілдермен жан-жақты танысты. «Белсенді азаматтық қоғамсыз жемқорлықты барынша азайту мен жою туралы айтудың өзі жөнсіз. Сондықтан біз қоғамдық серіктестерді таңдауда және оның санын арттыруда өзімізді шектемейміз. Бүгінгі таңда Агенттікті 80 мыңға жуық жемқорлыққа қарсы белсенділер мен еріктілер қолдап отыр. Олардың тегін қызметі азаматта...
Толығырақ... Оқылды: 191 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.09.2020

АЛИК ШПЕКБАЕВ ТРАНСПАРЕНСИ ҚАЗАҚСТАН ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

25 қыркүйекте Алматы қаласының сервистік антикор-орталығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы «Транспаренси Қазақстан» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесін және бірқатар халықаралық ұйымдардың өкілдерін еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі новеллаларымен таныстырды. Кездесу барысында Алик Шпекбаев сарапшыларға Мемлекет басшысының сайлауалды тұғырнамасының ажырамас бөлігі болып табылатын жемқорлыққа қарсы реформалардың үш пакеті жөнінде жан-жақты айтып өтті. «Реформалардың бірінші пакеті биылдан бастап табысты іске асырылған бірінші басшылардың қол астындағыларының жемқорлығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылу мен отставкаға кету институттарына, сондай-ақ НҚА жобаларына жемқорлыққа қарсы сараптаманы қалпына келтіруге негізделді. Таяуда ғана Парламент мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне сыйлықтар беруге толық тыйым салуды, сыбайлас жемқорлық қылмыстар субъектілерінің аясын кеңейтуді, квазимемлеке...
Толығырақ... Оқылды: 259 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.09.2020

Қарасай ауданында денешынықтыру-сауықтыру кешені қолданысқа берілді

Тұрғындар үшін көптен күттен баламасы жоқ спорт кешені есігін айқара ашты. Аталмыш ғимарат Қарасай ауданына қарасты Райымбек ауылында орналасқан.Ашылу салтанатына өңір басшысы Амандық Ғаббасұлы арнайы келді. Кешен мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында салынған. Басты мердігер«СК «Элитстрой проект» ЖШС болып табылады. Нысанның аумағы 1,6 гектарды алып жатыр. Ғимараттың бой көтеруіне 1млрд. 782млн. 785мың теңге қаражат бөлінген. Көрсең көзің тоятын, сәулеті келіскен кешен 3 блоктан тұрады. Мұнда спорт сүйер қауымға керектінің бәрі бар. 1-блок күрес және бокс түрлерімен айналысуға, сондай-ақ жаттығу сабақтарына арналған әмбебап залдан құралған. Ал, 2-блок екі қабатты, сонымен бірге жертөлені қамтиды. Жертөледе техникалық, киім ауыстыру бөлмесі мен жуынатын жер орналасқан. Одан бөлек, би және сауықтыру гимнастикасының әртүрлері бойынша сабақтар өткізуге арналған зал да бар. Сондай-ақ, үстел теннисін үйренуге де жағдай жасалған. Кір жууға арналған орын...
Толығырақ... Оқылды: 245 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.09.2020

Жанама ауылында 24 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс ітейді

Бүгін «Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жанындағы «Адал көмек» жобасы аясында ұйымдастырылған баспасөз-мәслихаты Жанама ауылдық округінің әкімі Асқар Балабатыровпен өткізілді, — деп хабарлайды «Jetisy media» ақпараттық алаңы. Ауыл шаруашылығы саласындағы аграрлық секторы бойынша Жанама ауылында биылғы жылы 2999 гектарға егістік алқабы игерілген. Оның ішінде: дәнді дақылдар 40 гектар, майлы дақылдар 2375 гектар, техникалық дақылдар 195 гектар, азықтық дақылдар 250 гектар және картоп, көкөніс, бақша 137 гектарды құраса, мал шаруашылығында ірі қара 3630 бас, жылқы 744 бас, қой-ешкі 9865 бас, құстар 4900-ді құраған. Кәсіпкерліктің де тасы өрге жүзіп отыр. Ауылдағы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 24 бірлікті құрайды. Онда 132 адам жұмыс атқарады. Сонымен қатар, Жанама ауылдық округінде 1 пескоблок шығаратын цех ашылып, 3 адам жұмыспен қамтылған. Қазіргі таңда округ аумағында екі орта мектеп, 1 бастауыш ме...
Толығырақ... Оқылды: 277 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.09.2020

Шамалған станциясындағы көпір құрылысы аяқталды

ҚарасайауданындағыШамалғанстанциясыныңтеміржолөткеліндежаяужүргіншілеркөпірініңқұрылысымәресіне жетті. Естеріңзге саламыз, 2019 жылдың қыркүйек айының 15-ші жұлдызында Қарасай ауданы Жібек-жолы ауылындағы темір жол бекетінде жол-көлік апаты орын алған еді. Оқыс оқиғадан кейін нысанның құрылысы басталған еді. Көпірді қалпына келтіруге жергілікті бюджеттен 364млн.500 мың теңге бөлінді. Тапсырыс беруші Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Ал, жұмысқа жауапты мердігер «РУС-13»ЖШС болып табылады. Көпірдің ұзындығы 61,56 метрді құрайды. Нысан басына байланыс желілерінің инженерлік желілерін ауыстыру, іргетас плитасының астына топырақты тұрақтандыру, тірек іргетасының монолитті плиталары, баспалдақтардың металл бағаналары орнатылып, электр тартылып, жарық жүргізілген. Сондай-ақ, жаңа көпірде сәндік шағылыстырғыш панельдер бар және объектінің аумағы толығымен абаттандырылған. Ендігіде тұрғындар жаңа көпірдің игілігін көрмек. «Бір...
Толығырақ... Оқылды: 233 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.09.2020

Жайлылық пен жылылық қатар сыйлады

Талғардық кәсіпкер мұқтаж отбасына газ қазандығын сыйға тартты. Қайырымдылық жаса – қайырын өзің көресің! Алматы облысында мұқтаж жандарға көмек қолын созып, жәрдемдесушілер қатары күн санап артып келеді. Бірі - «Лидер НСК» ЖШС-нің директоры Нұрболат Кәрімов. Кәсіпкер бұл жолы Талғар қаласындағы тағы бір отбасын қуантты. Бакытгуль Масильбаеваның жанұясына көгілдір отынға тұтынатын басты қондырғына сатып алып берді. Бакытгуль Масильбаева – үш бала тәрбиелеп отыр. Біреуі - мүгедек. Бүгінге дейін үйін газға қосу үшін жалғыз басты ана күн – түн деп бір өзі қаржы жинап келді. Енді міне қайырымды жандардың арқасында көмір тасу от жағу машақанына құтылып отыр. - Менің қуанышымда шек жоқ, енді үйімізде газ болады. Балаларды жалғыз тәрбиелеп отырғандықтан, маған бәрін бір өзім жасау қиын болғаны рас. Әсіресе қыс кезінде. Кейде отын, көмір таусылып қалғанда қатты қиналатынмын. Газ тіпті жақсы болды. Көмірге тонналап алғанда қаржы көп кететін. Енді газда ақшаңда...
Толығырақ... Оқылды: 301 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.09.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.