Жаңалықтар

«ҚОЛЫ АШЫҚТЫҢ – ЖОЛЫ АШЫҚ»

Қайырымдылық жасау адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Көмекке зәру жандарға мейірім шуағын төгіп, жақсылық нұрына бөлейтіндер бүгінгі заманда онша көп емес десек те, олардың барына шүкіршілік етеріміз рас. Біреудің ауыр хәлін өзінікіндей көріп, қол ұшын созудан бейтарап қалмайтын азаматтарды ел-жұртқа көрсетіп, насихаттап отырудың еш артықтығы жоқ деп есептеймін. Өйткені ізгі істер қашанда ізгілікке үндейді. Сауапты молайтады. Әрқашанда көмек қолын созуға дайын ауданымыздың жомарт қолды азаматтары бүгінде елімізде болып жатқан қазіргі жағдайдан да шет қалмай, коронавирус инфекциясымен күресіп, бұл сынақты еңсеруге үлес қосуда. Мәселен, жеке кәсіпкер, жас меценат Айым Жандосова аудандық ауруханаға оттегі концентраты мен пульсоксиметр сыйлады. Осы орайда, жағдайдың анық-қанығын білу мақсатында бас дәрігердің орынбасары Мира Қанаевадан бірер мәліметтер сұраған болатынбыз. – Мира Тоқтамысқызы, жалпы, оттегі концентраторы тапшы дүние ме? – «Мұны негізінен Қытай...
Толығырақ... Оқылды: 224 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 23.07.2020

Медициналық сақтандыру қоры Алматы облысы бойынша филиалы COVID-19 қарсы күреске қатысқан 3455 медицина қызметкерлеріне үстеме ақы төледі

Алматы облысы медициналық сақтандыру қорынан COVID-19 қарсы күреске қатысқан 3 455 медицина қызметкеріне маусым айы үшін үстеме ақы төледі. Үстеме ақы төлеу үшін республикалық бюджеттен Алматы облысынын Медициналық сақтандыру қорына 2,89 млрд теңге бөлінді. Қор қаржы операторы ретінде медицина қызметкерлерінің наурыздан маусым айы аралығында жалақысына қосымша 1,74 млрд астам теңге төледі. Медициналық сақтандыру қоры қауіпті жағдайда жұмыс істейтін дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің саны ай сайын артып келе жатқанын хабарлады. Егер наурыз айында үстеме ақыны 1447 астам қызметкер алса, маусым айында олардың саны 3 455 адамға дейін өсті. Коронавирус бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерін ынталандыру және көтермелеу үшін жалақыға үстеме ақы қарастырылған. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен тәуекел топтар, алушылардың тізімін қалыптастыру тәртібі және төлемдер мөлшері анықталды. Тәуекел тобына байланысты медицина қызметкерлеріне 212 м...
Толығырақ... Оқылды: 159 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.07.2020

Медициналық сақтандыру қоры Алматы облысы бойынша филиалы COVID-19 қарсы 17,9 мың ПТР-зерттеулерді қаржыландырды

Алматы облысы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры наурыз-маусым аралығында коронавирус инфекциясын диагностикалау үшін 17,9 мың ПЦР-зерттеу жасалынған, 9 мың тест стационарларда және МСАК дәрігерлерінің жолдамасы бойынша 8,9 мың тест жүргізілді. ПЦР-тестілеу облысымыздың адамдарына қолжетімді болу үшін Қор зертханасы бар 43 мекемемен келісім жасады. Облыста медициналық алғашқы көмек ұйымдары жанындағы шілде айынан бастап 321 мобильді бригада полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдісімен тестілеу жүргізу үшін СOVID-19 күдікті пациенттерден биологиялық материалдардың үлгілерін алады. Мамандардың пікірінше, бұл тұрғындардын қызмет көрсету мәселесін уақытылы шешуге және олардың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Медициналық сақтандыру қоры халықтың қай топтарында ТМККК және МӘМС қаражаты есебінен ПЦР-тестілеуден тегін өтуге мүмкіндігі бар екенін еске салады. Бірінші кезекте - инфекциялық стационарларда жатқан пациенттер. Диагнозды растап, емдеу алгоритмін қолдану ү...
Толығырақ... Оқылды: 135 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.07.2020

«ҚОЛЫ АШЫҚТЫҢ – ЖОЛЫ АШЫҚ»

Қайырымдылық жасау адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Көмекке зәру жандарға мейірім шуағын төгіп, жақсылық шуағына бөлейтіндер бүгінгі заманда онша көп емес десек те, олардың барына шүкіршілік етеріміз рас. Біреудің ауыр хәлін өзіні­кін­дей көріп, қол ұшын созудан бейтарап қалмайтын азаматтарды ел-жұртқа көрсетіп, насихаттап отырудың еш артықтығы жоқ қой деп есеп­теймін. Өйткені ізгі істер қа­шанда ізгілікке үндейді. Сауап­ты молайтады. Әрқашанда көмек қолын созуға дайын ауданымыздың жомарт қолды азаматтары бүгінде елімізде болып жатқан қазіргі жағдайдан да шет қалмай, коронавирус инфекциясымен күресіп, бұл сынақты еңсеруге үлес қосуда. Мәселен,жеке кәсіпкер, жас меценат Айым Жандосова аудандық ауруханаға оттегі концентраты мен пульсоксиметр сыйлады. Осы орайда, жағдайдың анық-қанығын білу мақсатында бас дәрігердің орынбасары Мира Қанаевадан бірер мәліметтер сұраған болатынбыз. – Мира Тоқтамысқызы, жалпы, оттегі концентраторы тапшы дүние ме? &...
Толығырақ... Оқылды: 190 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 23.07.2020

ҚҰРҒАҚ ШӨПТІҢ ЖАНУЫН ҚАЛАЙ БОЛДЫРМАУ КЕРЕК

Көксу ауданының аумағында ауа-райының жылынуына байланысты, өрт сөндірушілер күн сайын ашық аумақтағы және саяжай қоғамдарындағы құрғақ шөптің жануын сөндіруге 3 рет шығуда, ал демалыс күндері бұл сан екі есеге артуда. Өкінішке орай, осындай жағдайлар жиі кездеседі: ауа-райы құрғақ әрі желді кезде кез келген сөндірілмеген темекі тұқылы табиғи апат көлеміне дейін тарауы мүмкін. Сондай-ақ осы кезеңде саяжай өрттері нағыз қайғыға айналады. Бағбандар мен саяжайлар өз мүліктерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жеткілікті көңіл бөлмейді, сонымен қатар, көбінесе, бөтен мүлікке, айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына, атап айтқанда, көршілеріне зиян келтіруге тәуекел етеді. Құрғақ шөптің жануы – басқарылмайтын процесс. Қатты жанып жатқан өртті тоқтату оңай емес. Көбінесе, шөп өрттерінен үйлер немесе тіпті тұтас қоныстар жанып кетеді. Шөптің өртенуінен өте қатты түтінденеді. Қоқыстың және басқа қалдықтардың жануы кезінде атмосфераға қор...
Толығырақ... Оқылды: 177 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.07.2020

Уақыт

Кез-келген адам уақыт өте келе босқа өткізген уақыты үшін өз ұжданы алдында ұялары сөзсіз. Баға жетпес қымбат уақытымызды немқұрайлылықпен жасайтын түкке тұрғысыз дүниелер үшін жұмсап жатқанымызды жақсы түсінеміз. Бірақ, өкінішке орай, ұзақ сонар уақытты «өлтірудің» ақыры бізді бұл дүниеде болсын, мәңгі дүниеде болсын не нәрсеге әкеліп соғатыны жөнінде бас қатырып жатқанымыз шамалы. Уақытты қалай бағалаймыз? Оны үнемдеуді қалай үйренеміз? Уақыттың қадірін қайтсек біле аламыз? Уақыт қайтып келмейді Әрбір шыққан деміміз арқылы өміріміз қысқара түсуде. Бос өткізіп алған уақытымызды, қайтара алмаймыз. Уақыт – Алла Тағаланың бізге берген шексіз нығметі, оны өз игілігімізге жаратамыз не болмаса зая кетіріп, өзімізге масыл етеміз, сол үшін де Алла алдында жауапқа тартыламыз. Алланың жаратқан пендесінің ең құнды байлығы — оның осы дүниедегі өлшеулі ғұмыры. Алланың кімге қанша уақыт ғұмыр бергенін ешкім де білмейді, дей тұрғанмен, осы өмірдің өзі Алла Тағаланың бізге...
Толығырақ... Оқылды: 269 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 16.07.2020

«Жасыл елдіктер» алғашқы еңбек маусымын аяқтады

Көксу ауданы бойынша «Жасыл ел» еңбек жасақтарының сарбаздары алғашқы еңбек маусымын аяқтады. Маусым айының 1-нен бастап аудан орталығын абаттандыру, санитарлық тазарту және көгалдандыру жұмыстарын атқару ісіне жұмылдырылған «Жасыл ел» еңбек жасақтарының құрамындағы 67 жас бір ай бойына аянбай еңбек етті. Жазғы демалыстарын тиімді өткізіп, пайдалы іспен айналысуға құлшыныс танытқан ынталы студенттер мен жоғары сынып оқушылары «Жасыл ел» құрамында еңбек етіп, бір жағынан өз туған өлкесінің көркеюіне атсалысса, екінші жағынан жұмыс істеп, табыс табу мүмкіндігіне ие болды. Әр ауылдық округте жігерлі жастар саябақтағы тал-теректерді суарып, ағаштардың түбін қопсытып, арам шөптерден тазартып, санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізді. - «Жасыл ел» еңбек жасағына келгеніме өте қуаныштымын. Себебі мұнда мен алғашқы рет еңбекке араласып, өзімді сынап көрдім. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» демекші, жұмыс істеп, табыс тауып,...
Толығырақ... Оқылды: 185 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 16.07.2020

Қарттарым – асыл қазынам

Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Кәріліктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ ол шақтың да өзінің сәні мен мәні бар. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ, ол – ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты. Округімізде көптеген еліне, жеріне еңбектерін сіңірген қарт ата-әжелеріміз бар. Осы ретті өткеннен үлгі ала отырып, осындай кезеңде жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, Көксу ауданы Лабасы ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысының, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақшыларының ұйымдастыруымен «Ардагерді ардақтайық» жобасы аясында «Қарттарым-асыл қазынам» атты акциясы ұйымдастырылып және Мәмбет ауылындағы Нартбай Датқа мешітіне көмектер көрсетілді. Көмек көрсету барысында Мәмбет ауылы Нартбай батыр көшесінің тұрғындары мүмкіндігі шектеулі жан Ертай Сапарғалиев және жалғыз басты ардагер ұс...
Толығырақ... Оқылды: 228 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 16.07.2020

Ауырмайын десеңіз, емін біліңіз!

Тарихқа үңілсек, ата-бабаларымыз жұқпалы аурулардың алдын алудың да, емдеудің де жолдарын жақсы білген екен. Өйткені, бүгінгі коронавирус індетінің симптомдары кәдімгі тұмаумен бірдей. Асқынса ушығады, дұрыс ем қолданылса жазылады, алдын алса мүлдем ауырмайды. Міне, бұл туралы тарихты зерттеуші Мұхамбеткәрім Қожырбайұлының жазбасына тоқталсақ болады. Сонымен, қауіпті дерттен құтылудың бірнеше жолдарын қаперлеріңізге ұсынамыз: 1. Еліміз індеттен түгел арылғанша ауырған адамдармен жақын қарым-қатынаста (контакт) болмай, оқшаулану. Бетперде (маска) кию. Ғимараттарда, көшелерде 1,5 — 2 метр арақашықтық ұстау. 2. «Жан алып, жан берісетіндей» аса бір қажет болмаса, адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарға бармау. Жақын, таныстармен қол бермей амандасу. Мұның еш сөкеттігі жоқ. Жалпы, қазақтың ата салтында алыстан амандасқан, қос қолын беріп, құшақтасып көрісу жылына бір-ақ рет Наурыз мерекесі кезінде болған. Қандай даналық десеңізші! Аталарымыздың бұл әрекеттерінің қанш...
Толығырақ... Оқылды: 198 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.07.2020

Антикор сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық жаңашылдықтарға бастама жасады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын әзірледі. Тұжырымдама жария талқылау үшін «Ашық НҚА» интернет-порталында» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=4283406) және Агенттіктің сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/documents/details/47919?lang=kk) орналастырылды. Ұсынылған түзетулерді үш блокқа бөлуге болады. Біріншісі сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған. Судьялар, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін қатаң жауапкершілік пен санкциялар енгізу ұсынылады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық жағдайын модельдеу арқылы парасаттылықты тексеру институты (Integrity Check) құқық қорғаушылар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда тиімді тежеуші тетік болады. Егер тексерілуші ұсын...
Толығырақ... Оқылды: 183 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.07.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.